Об утверждении правил осуществления платных видов деятельности по реализации товаров (работ, услуг) государственными учреждениями, деньги от реализации которых остаются в их распоряжении, использования денег от реализации государственными учреждениями товаров (работ, услуг), остающихся в их распоряжении Қолданыста
Басқа 0
Өткізуден түскен ақша өз иелігінде қалатын мемлекеттік мекемелердің тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуі бойынша ақылы қызмет түрлерін жүзеге асыру, мемлекеттік мекемелердің тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуінен түскен, өз иелігінде қалатын ақшаны пайдалану қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 102-бабының 5-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Өткізуден түскен ақша өз иелігінде қалатын мемлекеттік мекемелердің тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуі бойынша ақылы қызмет түрлерін жүзеге асыру, мемлекеттік мекемелердің тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуінен түскен, өз иелігінде қалатын ақшаны пайдалану қағидалары бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінің Білім және ғылым департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықы Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ғылым және жоғары
білім министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Оқу-ағарту министрлігі
Басқа 0. Өткізуден түскен ақша өз иелігінде қалатын мемлекеттік мекемелердің тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуі бойынша ақылы қызмет түрлерін жүзеге асыру, мемлекеттік мекемелердің тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуінен түскен, өз иелігінде қалатын ақшаны пайдалану қағидалары
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары -
Мәдениет және ақпарат министрі
2026 жылғы 23 маусымдағы
№ 299-НҚ бұйрыққа
қосымша
Өткізуден түскен ақша өз иелігінде қалатын мемлекеттік мекемелердің тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуі бойынша ақылы қызмет түрлерін жүзеге асыру, мемлекеттік мекемелердің тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуінен түскен, өз иелігінде қалатын ақшаны пайдалану қағидалары
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы өткізуден түскен ақша өз иелігінде қалатын мемлекеттік мекемелердің тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуі бойынша ақылы қызмет түрлерін жүзеге асыру, мемлекеттік мекемелердің тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуінен түскен, өз иелігінде қалатын ақшаны пайдалану қағидалары Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 102-бабы 5-тармағына сәйкес әзірленді және өткізуден түскен ақша өз иелігінде қалатын мәдениет саласындағы білім беру мемлекеттік мекемелердің тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуі бойынша ақылы қызмет түрлерін жүзеге асыру, мәдениет саласындағы білім беру мемлекеттік мекемелердің тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуінен түскен, өз иелігінде қалатын ақшаны пайдалану тәртібін айқындайды.
Тарау 2. 2-тарау. Өткізуден түскен ақша өз иелігінде қалатын мемлекеттік мекемелердің тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуі бойынша ақылы қызмет түрлерін жүзеге асыру қағидалары
2-тарау. Өткізуден түскен ақша өз иелігінде қалатын мемлекеттік мекемелердің тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуі бойынша ақылы қызмет түрлерін жүзеге асыру қағидалары
Тармақ 2
2. «Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 63-бабына сәйкес мәдениет саласындағы орта білім беру мемлекеттік мекемелері мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарының талаптарынан тыс ақылы қызметтер көрсету туралы шартты жасай отырып, ақылы негізінде тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) ұсынады.
Тармақ 3
3. Мәдениет саласындағы жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру мемлекеттік мекемелері Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне сәйкес жеке және заңды тұлғаларға шарттық негізде тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізу бойынша ақылы қызмет түрлерін жүзеге асырады.
Тармақ 4
4. «Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 63-бабы 2-тармағының 2) тармақшасына және 3-тармағына, «Мәдениет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 33-2) тармақшасына сәйкес Мәдениет саласындағы жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру мемлекеттік мекемелері жүзеге асыратын тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізу бойынша ақылы қызмет түрлеріне мыналар жатады:
Тармақша 1
1) қосымша білім беру бағдарламаларын (балалар және жасөспірімдер шығармашылығын, спорт, мәдениет және өнер саласындағы бейімділіктер мен қызығушылықтарды дамыту, мамандардың біліктілігін арттыру) іске асыру;
Тармақша 2
2) оқу жоспары мен бағдарламалары бойынша бөлінген оқу уақытынан тыс пәндер (сабақтар және сабақтардың циклдері) бойынша жекелеген білім алушылармен қосымша сабақтар ұйымдастыру;
Тармақша 3
3) пәндер (сабақтар және сабақтардың циклдері) бойынша білім алушылармен ғылым негіздерін тереңдетіп оқып үйренуді ұйымдастыру;
Тармақша 4
4) білім алушылар мен тәрбиеленушілер, педагогтер мен ересек жұртшылық арасында әр түрлі: спорт жарыстарын, семинарлар, кеңестер, конференциялар, сондай-ақ оқу-әдістемелік әдебиетті әзірлеу мен өткізу жөніндегі іс-шаралар ұйымдастыру және өткізу;
Тармақша 5
5) музыка аспаптарын пайдалануға беру және интернет-байланыстың қосымша қызметтерін ұсыну;
Тармақша 6
6) жазғы демалысты ұйымдастыру, білім алушылар мен тәрбиеленушілердің, білім беру ұйымында өткізілетін түрлі іс-шараларға қатысушылардың тамақтануын қамтамасыз ету;
Тармақша 7
7) энергия қондырғылары мен қазандықтар беретін жылу энергиясын жіберу;
Тармақша 8
8) кәсіптік білім беруді ұйымдастыру (білікті жұмысшы кадрлар мен орта буын мамандарын қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру);
Тармақша 9
9) оқу-өндірістік шеберханалардың, оқу шаруашылықтарының, оқу-тәжірибе учаскелерінің өнімдерін өндіру мен өткізуді ұйымдастыру;
Тармақша 10
10) ғылыми зерттеулерді жүргізу;
Тармақша 11
11) өнер мамандықтары бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар мамандарды даярлау;
Тармақша 12
12) концерттік залдарды мүліктік жалдауға (жалға) беру.
Тармақ 5
5. Мәдениет саласындағы білім беру мемлекеттік мекемелері тауарларды (жұмыстарды, көрсетілген қызметтерді) өткізу бойынша ақылы қызмет түрлерінің тізбесі көрсетілген ақпаратты мен мемлекеттік мекемелер өткізетін тауарларға (жұмыстарға, көрсетілген қызметтерге) баға прейскуранты мемлекеттік мекемелер ғимараттарының ақпараттық стендінде, сондай-ақ ресми интернет-ресурсінда орналастырады.
Тармақ 6
6. Тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізу жөніндегі ақылы қызмет түрлері «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы № 348 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 29031 болып тіркелген) және «Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2022 жылғы 20 шiлдедегi № 2 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 28916 болып тіркелген) бекітілген білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарының негізінде әзірленген жұмыс оқу жоспарлары (бағдарламалары) бойынша ұсынылады.
Тармақ 7
7. Білім алушыларға және (немесе) тәрбиеленушілерге тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізу бойынша ақылы қызмет түрлері кәмелет жасқа толған білім алушының және (немесе) тәрбиеленушінің және ата-анасының немесе өзге де заңды өкілдерінің еркін нысандағы өтініштерінің негізінде жеке кесте бойынша ұсынылады.
Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексіне сәйкес ақылы қызмет түрлерін ұсыну туралы өтініш егер Қазақстан Республикасының басқа да заңнамаларында өзгеше көзделмесе мәдениет саласындағы білім беру мемлекеттік мекемесіне келiп түскен күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күн iшiнде қаралады және ол бойынша шешiм қабылданады.
Тармақ 8
8. Ақылы негізде қызмет көрсететін мәдениет саласындағы білім беру мемлекеттік мекемесі мен білім алушының (тәрбиеленушінің), оның ата-анасының және өзге де заңды өкілдердің өзара қатынастары Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне сәйкес шартпен реттеледі.
Тармақ 9
9. Мәдениет саласындағы мемлекеттік білім беру мекемелерінің тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізу бойынша ақылы қызмет түрлерін көрсеткені үшін қолма-қол ақша алу кассалық кіріс ордерлерінің негізінде міндетті түрде бақылау-кассалық машиналарды қолдана отырып жүргізіледі.
Тарау 3. 3-тарау. Мемлекеттік мекемелердің тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуінен түскен, өз иелігінде қалатын ақшаны пайдалану тәртібі
3-тарау. Мемлекеттік мекемелердің тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуінен түскен, өз иелігінде қалатын ақшаны пайдалану тәртібі
Тармақ 10
10. Мәдениет саласындағы білім беру мемлекеттік мекемелерінің тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізу бойынша ақылы қызмет түрлерін көрсетуден түсетін ақша мәдениет саласындағы білім беру мемлекеттік мекемесінің тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден түсетін ақша түсімдері мен шығыстарының жоспарларына сәйкес пайдаланылады.
Мәдениет саласындағы білім беру мемлекеттік мекемелерінің тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуінен түсетін, өз иелігінде қалатын ақша түсімдері мен шығыстарының жоспарлары Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 27 маусымдағы № 328 бұйрығымен бекітілген бюджеттің қазынашылық атқарылуы және оларға кассалық қызмет көрсету рәсімдеріне, қазынашылық есепке алу және мониторинг рәсімдеріне сәйкес жасалады.
Тармақ 11
11. Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарының талаптарынан тыс тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді өткізуден түсетін ақша мынадай бағыттар бойынша жұмсалады:
Тармақша 1
1) білім беру мекемелерінiң оқу-материалдық базасын нығайту;
Тармақша 2
2) оқу жабдықтары, мүкәммалдарды (оның iшiнде жұмсақ) және киiм-кешекті, оның iшiнде оқу тәжiрибе учаскесiнде жұмыс iстеу үшiн сатып алу;
Тармақша 3
3) білім алушылардың тамақтануын жақсарту, тұрмыстық және мәдени қызмет көрсету жөнiндегi шығыстарын жабу;
Тармақша 4
4) оқу-өндiрiстiк шеберханалар мен қосалқы шаруашылықтарды кеңейту;
Тармақша 5
5) бiлiм алушыларды көтермелеу және бiлiм алушылардың жекелеген әлеуметтiк жағынан қорғалмаған бөлiгiне материалдық көмек көрсету;
Тармақша 6
6) күнi ұзақ болатын орта білім беру ұйымдарында және орта білім беру ұйымдарында күн ұзақ болатын топтардағы білім алушыларды тамақтандыру;
Тармақша 7
7) асханаларды ұстау (жалақы, тамақ өнiмдерiн сатып алу, жабдықтар мен мүкәммал сатып алу, күрделi жөндеу және басқа шығыстар);
Тармақша 8
8) орта білім беру ұйымдарының білім алушыларының орындаған жұмыстарына ақы төлеу;
Тармақша 9
9) экскурсиялар мен сыныптан тыс кештерді өткiзу;
Тармақша 10
10) орта білім беру ұйымдарын, оқу корпустары мен жатақханаларды ағымдағы жөндеу;
Тармақша 11
11) мектеп жанындағы учаскенi дамыту және мектеп шеберханаларының жабдықтарын жаңарту;
Тармақша 12
12) спорт алаңдарын салу;
Тармақша 13
13) қоғамдық-пайдалы еңбекте көзге түскен білім алушыларға стипендиялар мен сыйлықақылар беру;
Тармақша 14
14) сауықтыру iс-шаралары;
Тармақша 15
15) жарысқа қатысушыларды тамақтандыру, төрешiлердiң (судьялардың) және медицина қызметкерлерiнiң еңбегіне ақы төлеу жөнiндегi шығыстарды жабу;
Тармақша 16
16) қосымша оқу бағдарламалары бойынша оқу процесiн ұйымдастыру;
Тармақша 17
17) үйірмелер мен секциялар жетекшiлерiнiң еңбегіне ақы төлеу;
Тармақша 18
18) үйiрмелердi және секцияларды ұйымдастыруға байланысты iс-шаралар;
Тармақша 19
19) ақылы бiлiм беру қызметтерiн көрсететiн жұмыскерлердің еңбегіне ақы төлеу;
Тармақша 20
20) ынталандыру сипатындағы қосымша ақы, үстемақы, сыйлықақы және басқа да төлемдер белгiлеу;
Тармақша 21
21) көлік құралдарын сатып алу;
Тармақша 22
22) жылу, электр энергиясы, сумен жабдықтау үшiн ақы төлеуге арналған шығыстар және басқа да коммуналдық шығыстар, ағымдағы және шаруашылық мақсаттар үшiн заттар мен материалдарды сатып алу, ғимаратқа қызмет көрсету бойынша ақы төлеу, көлiктiк қызметтерге ақы төлеу және ағымдағы мақсаттар үшiн тауарларды сатып алу;
Тармақша 23
23) ғимараттар мен үй-жайларды реконструкциялау және күрделi жөндеу;
Тармақша 24
24) демалыс лагерьлерi тәрбиешiлерiнiң және көмекші персоналдың еңбегіне ақы төлеу;
Тармақша 25
25) музыкалық аспаптарды жөндеу;
Тармақша 26
26) оқу жабдықтарының, көлік құралдарының және басқа механизмдердің қозғалтқыштарын пайдалануға және жөндеуге байланысты шығыстар;
Тармақша 27
27) оқу-көмекшi, қосалқы шаруашылықтардың және оқу-тәжiрибе учаскелерiнiң өндiрiстiк қызметiне байланысты, оның iшiнде осы қызметпен айналысатын жұсымкерлердің еңбегіне ақы төлеуге жұмсалатын шығындар;
Тармақша 28
28) iссапар шығыстары;
Тармақша 29
29) білім беру ұйымдарын аккредиттеуден өткізу.
Тармақ 12
12. Ғылыми зерттеулерді жүргізуде тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді өткізуден түскен ақша мынадай бағыттарда жұмсалады:
Тармақша 1
1) барлық салықтар мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді есептеуді қоса алғанда, ғылыми зерттеулер жүргізуге қатысушы зерттеу тобы мүшелерінің еңбегіне сыйақы;
Тармақша 2
2) ұжымдық пайдаланылатын ғылыми зертханалар, өзге зертханалар, өзге де ұйымдар көрсететін зерттеулерді орындауға қажетті қызметтер, оның ішінде конференцияларға қатысу үшін ұйымдастыру жарналары;
Тармақша 3
3) талдама материалдарды жариялау, патенттеу және сатып алу, сондай-ақ жобаны сүйемелдеу бойынша өзге қызметтер үшін шығыстар;
Тармақша 4
4) ақылы қызмет түрлерін жүзеге асыру шеңберінде ғылыми зерттеулерді орындаған ғылыми жұмыскерлерге ғылыми дәрежесі мен ғылыми атағы үшін қосымша ақы төлеу;
Тармақша 5
5) мәдениет саласындағы білім беру мемлекеттік мекеменің алқалы басқару органының шешіміне сәйкес жетекші ғалымдардың орташа жалақысы сақтала отырып, бір жылға дейінгі мерзімге шығармашылық демалысына ақы төлеу;
Тармақша 6
6) имидждік іс-шаралар өткізуге (брошюралар, бейнероликтер дайындау) арналған қызметтерге ақы төлеу;
Тармақша 7
7) зерттеулерді (оның ішінде социологиялық, талдамалық және ғылыми зерттеулер) төлеуге арналған шығындар;
Тармақша 8
8) ғалымдарды магистратураға, докторантураға, тағылымдамаларға және ғылыми іссапарларға жіберу арқылы ғылыми кадрларды даярлау, қайта даярлау, біліктілігін арттыру;
Тармақша 9
9) ақылы қызметтер көрсету үшін тартылатын мамандардың еңбегіне ақы төлеу;
Тармақша 10
10) ынталандыру сипатындағы қосымша ақы, үстемақы, сыйлықақы және төлемдер белгілеу;
Тармақша 11
11) қызметтік іссапарларға, оның ішінде шет мемлекеттерге арналған шығыстарды өтеу;
Тармақша 12
12) ғылыми зерттеулерді орындауға арналған шығыс материалдарын сатып алу;
Тармақша 13
13) жабдықтар және (немесе) бағдарламалық қамтылымды сатып алу;
Тармақша 14
14) материалдық-техникалық базаны нығайту;
Тармақша 15
15) үй-жайларды, жабдықтар мен техниканы жалға алу;
Тармақша 16
16) шарт негізінде қызметтер көрсету үшін заңды тұлғаларды тарту;
Тармақша 17
17) ғылыми зерттеулерді іске асыру үшін пайдаланылатын жабдықтар мен техниканың пайдалану шығыстары;
Тармақша 18
18) іс-шараларды (ғылыми-практикалық конференциялар, форумдар, семинарлар, дөңгелек үстелдер) ұйымдастыру және өткізу;
Тармақша 19
19) естелік кәдесый және типографиялық өнімдерді сатып алу.