Об установлении публичного сервитута Қолданыста

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 24.06.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Жер учаскеге жария сервитут белгілеу туралы Қазақстан Республикасының Жер кодексіне, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес, «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының - «Қарағанды магистральдық желі бөлімшесі» филиалының 2026 жылғы 18 маусымдағы №ЗТ-2026-02597065 өтінішін қарастырып, Балқаш қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. «Балқаш-2 станциясы, Қарағанды облысы, Балқаш қаласы, Язев көшесі, 14 мекенжайында орналасқан теміржол вокзалы ғимараты мен жолаушылар платформасын реконструкциялау (жаңғырту)» объектісі бойынша инженерлік желілерді орналастыру үшін ауданы 0,1560 га және 0,1720 га жер учаскелеріне 5 (бес) жыл мерзімге жер учаскелерін алып қоймай, «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының - «Қарағанды магистральдық желі бөлімшесі» филиалына жария сервитут белгіленсін.
Тармақ 2
2. «Балқаш қаласының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Балқаш қаласы әкімінің орынбасары Сыздықов Руслан Косемгалиулына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.