О присвоении наименования безымянной улице в городе Алга Алгинского района Актюбинской области Қолданыста

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 24.06.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Ақтөбе облысы Алға ауданы Алға қаласындағы атауы жоқ көшеге атау беру туралы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6, 31-баптарына, «Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12 бабының 5-1) тармақшасына және Республикалық ономастика комиссиясының 2026 жылғы 12 маусымдағы қорытындысына сәйкес Алға ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Алға аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Алға ауданы Алға қаласындағы атауы жоқ көшеге Жабас Ізбасов есімі берілсін.
Тармақ 2
2. Осы бірлескен Алға ауданы әкімдігінің қаулысы және Алға аудандық мәслихатының шешімінің орындалуын бақылау Ақтөбе облысының Алға ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы бірлескен Алға ауданы әкімдігінің қаулысы және Алға аудандық мәслихатының шешімі оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.