Об утверждении Правил выдачи банкам второго уровня согласия на осуществление брокерской, дилерской и кастодиальной деятельности на рынке ценных бумаг Күшін жойған
Басқа 0
Екiншi деңгейдегi банктерге бағалы қағаздар рыногында брокерлiк, дилерлiк және кастодиандық қызметтi жүзеге асыруға келiсiм беру туралы ереженi бекiту жөнiнде
Екiншi деңгейдегi банктер қызметiнiң нормативтiк-құқықтық базасын жетілдіру мақсатында және қолданылып жүрген заңдарға енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды ескере отырып, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Ұсынылған Екінші деңгейдегі банктерге бағалы қағаздар рыногында брокерлік, дилерлік және кастодиандық қызметті жүзеге асыруға келісім беру туралы ереже бекітілсін және Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енгізілсін.
Тармақ 2
2. Заң департаменті (Сизова С.И.) Банктік қадағалау департаментімен бірлесіп осы қаулыны және Екiншi деңгейдегi банктерге бағалы қағаздар рыногында брокерлiк, дилерлiк және кастодиандық қызметтi жүзеге асыруға келiсiм беру туралы ереженi Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде тiркесiн.
Тармақ 3
3. Банктік қадағалау департаменті (Жұмағұлов Б.Қ.) Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелген күннен бастап екi апта мерзімде осы қаулыны және Екiншi деңгейдегі банктерге бағалы қағаздар рыногында брокерлiк, дилерлiк және кастодиандық қызметтi жүзеге асыруға келiсiм беру туралы ереженi Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң облыстық филиалдарына және екiншi деңгейдегi банктерге жiберсiн.
Тармақ 4. Екінші деңгейдегі банктерге бағалы қағаздар рыногында брокерлік, дилерлік және кастодиандық қызметті жүзеге асыруға келісім беру туралы Ереже
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Төрағасының орынбасары М.Т. Құдышевке жүктелсiн.
Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкі Басқармасының
1998 жылғы 26 желтоқсандағы
N 290 қаулысымен бекітілген
Екінші деңгейдегі банктерге бағалы қағаздар рыногында брокерлік, дилерлік және кастодиандық қызметті жүзеге асыруға келісім беру туралы Ереже
Осы Ереже Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметi туралы" Заң күшi бар Жарлығының (бұдан әрi - Жарлық), "Бағалы қағаздар рыногы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының және басқа заң актiлерiнiң талаптарына сәйкес әзiрлендi және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң (бұдан әрi - Ұлттық Банк) екiншi деңгейдегі банктерге (бұдан әрі - банктер) бағалы қағаздар рыногында брокерлік, дилерлік және кастодиандық қызметті жүзеге асыруға келiсiм беру шарттарын белгiлейдi.
Банктерге сеніп тапсырылған мемлекеттік емес жинақтау зейнетақы қорларындағы бағалы қағаздар мен ақшаны сақтауға және есепке алуға байланысты олардың кастодиандық қызметтi жүзеге асыруына Ұлттық Банктiң келiсiм беру тәртiбi мен шарттары Ұлттық Банктiң жеке нормативтiк құқықтық актiсiмен реттеледi.
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Ережеде бағалы қағаздар рыногы мен лицензиялау мәселелерiн реттейтiн арнаулы заңдарда және басқа нормативтiк құқықтық актiлерде анықтамасы берiлген ұғымдар пайдаланылады.
Тармақ 2
2. Банк бағалы қағаздар рыногында кәсiптiк қызметтi жүзеге асыруға Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясының (бұдан әрi - Ұлттық комиссия) Ұлттық Банкпен алдын ала келiсе отырып берген тиiстi лицензиясы болғанда бағалы қағаздар рыногында брокерлiк, дилерлiк және кастодиандық қызметтi (бұдан әрi - бағалы қағаздар рыногындағы кәсiптiк қызмет) жүзеге асыруға құқылы. Банктiң брокерлiк қызметтi жүзеге асыруы мемлекеттiк бағалы қағаздармен операциялар жасаумен ғана шектеледi.
Тармақ 3
3. Қолданылып жүрген заң нормаларын бұзғаны үшiн бағалы қағаздардың рыногында кәсiптiк қызметтi жүзеге асыруға берiлген лицензиясы уәкiлеттi мемлекеттiк органның шешiмi бойынша қайтарылып алынған банк кәсіптік қызметті жүзеге асыруға келісімді алу үшiн уәкiлеттi орган лицензияны қайтарып алу туралы шешiм қабылдағаннан кейiн бiр жыл өткеннен соң Ұлттық Банкке қайта өтiнiшпен баруға құқылы.
Тарау 2. 2-тарау. Бағалы қағаздар рыногында кәсiптiк қызметтi жүзеге асыруға келiсiм беру тәртiбi
2-тарау. Бағалы қағаздар рыногында кәсiптiк қызметтi жүзеге асыруға келiсiм беру тәртiбi
Тармақ 4
4. Банкке бағалы қағаздардың рыногында кәсiптiк қызметтi жүзеге асыруға келiсiмдi Ұлттық Банк бередi, ондай банк:
Тармақша 1
1) банк заңдарында ескерiлген банктiк және өзге операцияларды Қазақстан Республикасы аумағында кем дегенде бір жыл жүзеге асыруға;
Тармақша 2
2) Ұлттық Банк белгiлеген пруденциалдық нормативтердi және басқа да сақталуға мiндеттi нормалар мен лимиттердi келiсiм беру туралы өтініш бергенге дейінгі үш ай бойы орындауға;
Тармақша 3
3) оның Ұлттық Банктің және басқа банктердің алдындағы міндеттемелері бойынша мерзімі өткен қарызы болмауға тиіс;
Тармақша 4
4) бюджет алдында мерзімі өткен қарызы болмауға тиіс;
Тармақша 5
5) қолданылып жүрген заңдардың және Ұлттық Банктiң нормативтiк құқықтық актiлерiнiң талаптарын орындауға тиiс;
Тармақша 6
6) оның өз штатындағы бағалы қағаздар рыногында кәсiптiк қызметтi жүзеге асыру құқығына бiліктiлiк куәлiгі бар кем дегенде үш маманы болуға тиiс.
Жарлықтың 8-бабының 2-тармағында белгiленген жағдайда Ұлттық Банк өзге де бағалы қағаздармен дилерлiк қызметтi жүзеге асыру келiсiмiн 1-6-тармақшаларда көрсетiлген талаптарға сәйкес беруден басқа, 1 млрд. теңге мөлшерiнде өз капиталы бар банкке де беруi мүмкiн.
📌 ЕСКЕРТУ. 4-тармақ өзгертілді - ҚР Ұлттық Банкi Басқармасының 26.02.2000 N 69 қаулысымен .
Тармақ 5
5. Банк бағалы қағаздар рыногында кәсiптiк қызметтi жүзеге асыруға келiсiм алу үшiн Ұлттық Банкке мынадай құжаттарды тапсырады:
Тармақша 1
1) бағалы қағаздар рыногында кәсiптiк қызметтi жүзеге асыруға келiсiм алу үшiн өтiнiш;
Тармақша 2
2) бағалы қағаздар рыногында талап етiлетiн кәсiптiк қызметтiң толық сипаттамасы, оған қоса:
- бағалы қағаздар рыногында кәсiптiк қызметтi жүзеге асыру тәртiбi;
- бағалы қағаздар рыногында кәсiптiк қызметтi жүзеге асыруға iшкi банктiк бақылау жасау тәртiбi;
Тармақша 3
3) бағалы қағаздар рыногында кәсiптiк қызметтi жүзеге асыруға құқық беретiн банк мамандарының бiлiктiлiк куәлiктерiнiң көшiрмелерi.
Тармақ 5-1
5-1. Ұлттық Банк бағалы қағаздар рыногында кәсiптiк қызметтi жүзеге асыруға келiсiм беру туралы өтiнiштi осы Ереженiң 5-тармағында көрсетiлген құжаттарды берген күннен бастап 3 апта iшiнде қарауға тиiс.
📌 ЕСКЕРТУ. 5-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Ұлттық Банкi Басқармасының 26.02.2000 N 69 қаулысымен .
Тармақ 5-2
5-2. Бағалы қағаздар рыногында кәсiптiк қызметтi жүзеге асыруға келiсiм алу үшiн Ереженiң 5-тармағында көзделген құжаттар Ұлттық Банктiң Банктердi қадағалау департаментiне берiледi.
📌 ЕСКЕРТУ. 5-2-тармақпен толықтырылды - ҚР Ұлттық Банкi Басқармасының 26.02.2000 N 69 қаулысымен .
Тармақ 6
6. Ұлттық Банк банкке бағалы қағаздар рыногында кәсiптiк қызметтi жүзеге асыруға келiсiм беруден төмендегi негiздер бойынша бас тартуға құқылы:
Тармақша 1
1) банк осы Ереженiң 4-тармағында көзделген талаптарын сақтамаса;
Тармақша 2
2) тапсырылған құжаттар толық болмаса немесе қолданылып жүрген заңдарда, сонымен бiрге осы Ережеде көзделген талаптарға сәйкес келмесе.
Ерекше жағдайларда, банкке бағалы қағаздар рыногында кәсiптiк қызметтi жүзеге асыруға рұқсат беруден бас тартуға негiз болса, бұл мәселе Ұлттық Банктiң Директорлар кеңесiнiң қарауына ұсынылады.
Тармақ 7
7. Бағалы қағаздар рыногында кәсiптiк қызметтi жүзеге асыру үшiн Ұлттық Банктiң келiсiмiн алған банк 3 ай мерзiм iшiнде Ұлттық комиссияға тиiстi лицензия алу үшiн өтiнішпен баруға құқылы.
Бағалы қағаздар рыногында банк кәсіптік қызметті жүзеге асыру үшін Ұлттық Банктiң берген келiсiмi 3 ай бойы заңды. Банк Ұлттық комиссияға өтінішпен дер кезінде бармаса, аталған келісім өзінің заңды күшін жоғалтады.
📌 ЕСКЕРТУ. 7-тармақ өзгертілді - ҚР Ұлттық Банкi Басқармасының 26.02.2000 N 69 қаулысымен .
Тармақ 8
8. Бағалы қағаздар рыногында кәсiптiк қызметтi жүзеге асыру үшiн Ұлттық комиссия берген лицензияның тиiстi түрде куәландырылған көшiрмесi банктiң клиенттерi көретiндей жерге орналастырылуға тиiс.
Тармақ 9
9. Бағалы қағаздар рыногында кәсiптiк қызметтi жүзеге асыру үшiн берiлген лицензияның тиiстi түрде куәландырылған көшiрмесi берiлген күннен бастап 5 күндiк мерзiм iшiнде Ұлттық Банкке тапсырылуға тиiс.
Тармақ 10
10. Бағалы қағаздар рыногында кәсiптiк қызметтi жүзеге асыру үшiн берiлген келiсiмдi Ұлттық Банк төмендегi негiздер бойынша қайтарып ала алады:
- келiсiмнiң нанымсыз мәлiметтердi негiзге ала отырып берiлгендiгi;
- банктiң бағалы қағаздар рыногында кәсiптiк қызметтi реттейтiн заңдарды бұзуы;
- банктiң Ұлттық Банк белгiлеген пруденциалдық нормативтердi және (немесе) сақталуға мiндеттi басқа нормалар мен лимиттердi бұзуы (екi немесе бiрнеше рет).
Келiсiмдi қайтарып алу туралы хабарламаны Ұлттық Банк Ұлттық комиссияға банкке бағалы қағаздар рыногында кәсiптiк қызметті жүзеге асыру келiсiмін қайтарып алу туралы тиiстi хат жiберген күннен бастап 7 күн iшiнде жiберуге тиiс.
Тарау 3. 3-тарау. Қорытынды ережелер
3-тарау. Қорытынды ережелер
Тармақ 11
11. Ұлттық Банк бағалы қағаздар рыногында кәсiптiк қызметтi жүзеге асыруға банктерге берген өзiнiң келiсiмдерiн тiркеп отырады.
Тармақ 12
12. Осы Ереженiң шарттары бұзылған жағдайда, Ұлттық Банк банктерге банк заңдарында көзделген ықпал ету шараларын және/немесе санкция қолдануға құқылы.
Тармақ 13
13. Осы Ережемен реттелмеген мәселелер қолданылып жүрген заңда белгiленген тәртiппен шешiледi.