Об установлении публичного сервитута Қолданыста

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 01.07.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қауымдық сервитут белгілеу туралы Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 19-бабы 1-1) тармақшасына, 69-бабы 4-тармағының 2) тармақшасына,«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабы 1-тармағының 6) тармақшасына сәйкес ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫМ:
Тармақ 1
1. «КОКШЕТАУ ЭНЕРГО» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне Солтүстік Қазақстан облысы, Ғабит Мүсірепов атындағы аудан, Чистопол ауылдық округі, Чистополье ауылы, Механизаторов, Карла Маркса, Дзержинский көшелерінің бойында орналасқан, жалпы алаңы 0,0086 гектар жер учаскесіне кернеу класы 10/0,4 киловольт № 7-2 кешенді трансформаторлық қосалқы станцияға және кернеу класы 0,4 киловольт кететін әуе электр беру желілеріне қызмет көрсету үшін 49 жыл мерзімге жария сервитут белгіленсін.
Тармақ 2
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
Тармақ 3
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.