Об установлении публичного сервитута товариществу с ограниченной ответственностью «Жана Мыс» Қолданыста
Басқа 0
«Жана Мыс» жауапкершілігі шектеулі
серіктестігіне қауымдық сервитут белгілеу
туралы
Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 17- бабының 5- 1) тармақшасына, 69, 71-1-баптарына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін- өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31- бабы 1-тармағының 10) тармақшасына сәйкес, Қарқаралы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес «Жана Мыс» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне қатты пайдалы қазбаларды барлау жөніндегі операцияларды жүргізу үшін 2032 жылғы 12 маусымға дейінгі мерзімге жер учаскелерін алып қоймай, Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданының жерлерінде орналасқан жалпы ауданы – 9353,9419 гектар жер учаскелеріне қаумдық сервитут белгіленсін.
Тармақ 2
2. «Жана Мыс» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі (келісім бойынша) жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушыларға шығындарды толық көлемде өтеуді қамтамасыз етсін, залалдардың мөлшері мен оларды өтеу тәртібі Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес тараптардың келісімдері бойынша белгіленсін.
Тармақ 3
3. Барлау жұмыстарын жүргізу мерзімін, олардың нақты орнын, шығындарды өтеу және жердің нысаналы мақсаты бойынша пайдалануға жарамды күйге келтіру жөніндегі міндеттерді айқындау мақсатында уәкілетті органдармен пайдаланған жер учаскелерін жарамды күйде тапсыруға міндетті.
Тармақ 4
4. «Қарқаралы ауданының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын басқа да шараларды қабылдасын.
Тармақ 5
5. Осы қаулының орындалысына бақылау жасау жетекшілік ететін аудан әкімінің орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 6
6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және қолданысқа енгізіледі.
Басқа 0. «Жана Мыс» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне қауымдық сервитут белгіленетін жер учаскелерінің тізбесі
(2026 жылғы 12 маусымдағы №4496-EL лицензиясы)
Қарқаралы ауданының
әкімдігінің
2026 жылғы «01» шілде
№ 201 қаулысына
қосымша
«Жана Мыс» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне қауымдық сервитут белгіленетін жер учаскелерінің тізбесі
(2026 жылғы 12 маусымдағы №4496-EL лицензиясы)
№
Орналасқан жері
Кадастырлық номері
Жалпы көлемі, га
қауымдық сервитут белгіленуге жататын учаскелердің бөліктерінің ауданы (лицензия шекарасында) га;
1
Сеилканов Сунгат Сеилканович
09:133:064:158
3121,2848
2621,5592
2
Ахметов Бекзат Канафинович
09:133:064:073
0,5700
0,5700
3
Ахметов Бекзат Канафинович
09:133:064:100
3000,0000
402,9103
4
Саганаев Гани Кадырахынович
09:133:064:085
3000,0000
2,42
5
Қарсыбек Қуаныш Жұмабекұлы
09:133:064:107
1497,8500
460,8074
6
Абикеева Бакытжан
09:133:064:101
2000,0000
95,8
7
Умбетбаев Болатбек Зарубаевич
09:133:064:047
2205,0000
1161,1
8
Қарсыбек Қуаныш Жұмабекұлы
09:133:064:106
2,1500
2,1482
9
Ахметов Бекзат Канафинович
09:133:064:148
839,0000
586,2622
10
Сеилканов Сунгат Сеилканович
09:133:064:015
4644,1200
1284,7832
11
Талюкенов Мурат Жанбурбаевич
09:133:064:147
3000,000
6,712
12
Қапбасов Нуртілек Жанатұлы
09:133:064:002
3058,0000
1163,46
13
Бастал ауылының жері
09:133:063
1565,4094
Барлығы
9353,9419