Об установлении публичного сервитута Қолданыста

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 02.07.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қауымдық сервитут белгілеу туралы Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 19-бабы 1-1) тармақшасына, 69-бабы 4-тармағының 2) тармақшасына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабы 1-тармағының 6) тармақшасына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданының Рузаев ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. «КОКШЕТАУ ЭНЕРГО» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне Солтүстік Қазақстан облысы, Ғабит Мүсірепов атындағы ауданы, Рузаев ауылы, Абай көшесі, Трудовая көшесі, Рузаев көшесі, Амангелді көшесі мекенжайында орналасқан 0,4 кВ шығатын әуе желілері бар № 8-15 10/0,4 кВ толық трансформаторлық қосалқы станцияға қызмет көрсету үшін жалпы ауданы 0,0118 гектар жер учаскесіне 49 жыл мерзімге қауымдық сервитут белгіленсін.
Тармақ 2
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
Тармақ 3
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.