Об утверждении Правил выплаты именной стипендии Национального Банка Республики Казахстан Қолданыста
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң бәсiре стипендиясын төлеу ережесiн бекiту туралы
Қазақстан Республикасының қаржы-кредит жүйесiнiң бiлiктi мамандарының әлеуетiн қалыптастыру, сондай-ақ қаржы рыноктарын дамыту саласында терең ғылыми және қолданбалы зерттеулер ұйымдастыруды ынталандыру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң Басқармасы қаулы етеді:
Тармақ 1
1. Ұсынылып отырған Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң бәсiре стипендиясын төлеу ережесi бекiтiлсiн және Қазақстан Республикасының әдiлет органдарында мемлекеттiк тiркелген күннен бастап күшiне енгiзiлсiн.
Тармақ 2
2. Қызметкерлермен жұмыс жүргiзу басқармасы (Вайнталь Л.М.):
Тармақша 1
1) Заң департаментiмен (Сизова С.И.) бiрлесiп осы қаулыны және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң бәсiре стипендиясын төлеу ережесiн Қазақстан Республикасының әдiлет органдарында тiркесiн;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасының әдiлет органдарында мемлекеттiк
тiркеген күннен бастап екi апта мерзiмде осы қаулыны және Қазақстан
Республикасы Ұлттық Банкiнiң бәсiре стипендиясын төлеу ережесiн
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң бөлiмшелерiне, сондай-ақ
Қазақстан Республикасының мемлекеттiк жоғары оқу орындарына жiберсiн.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ұлттық
Банкi Төрағасының орынбасары С.А. Ахановқа жүктелсiн.
Басқа 6. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің
бәсiре стипендиясын төлеу
Ережесі
Қазақстан Республикасының
Қазақстан Республикасы
Бiлiм, мәдениет және
Ұлттық Банкі Басқармасының
денсаулық сақтау
1998 жылғы 21 қараша
министрлiгiмен N 243
қаулысымен бекітілген
1998 жылғы 07 желтоқсан
келiсiлген N 02-3542
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің
бәсiре стипендиясын төлеу
Ережесі
Осы Ереже Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң (бұдан әрi Ұлттық Банк) Қазақстан Республикасының мемлекеттiк жоғары оқу орындарының студенттерi мен аспиранттарына бәсiре стипендия (бұдан әрi - стипендия) төлеу тәртiбiн айқындайды.
Ұлттық Банк жыл сайын студенттерге кемiнде жетi стипендия, ал аспиранттарға кемiнде үш стипендия тағайындайды.
Стипендиялар бiр оқу жылына белгiленiп, Ұлттық Банктiң бюджетi (шығыстар сметасы) есебiнен төленедi.
Тарау 1. 1. Конкурс өткiзудi ұйымдастыру
1. Конкурс өткiзудi ұйымдастыру
Тармақ 1
1. Ұлттық Банк жыл сайын стипендиаттар таңдау мақсатында конкурс (бұдан әрi - Конкурс) жариялап тұрады. Конкурс жариялау туралы шешiмдi (нұсқауды) Ұлттық Банктiң Төрағасы қабылдайды, ол жайында Ұлттық Банктiң қызметкерлермен жұмыс жүргiзу бөлiмшесi (бұдан әрi - бөлiмше) белгiленген тәртiппен тиiстi бұйрық дайындап, Ұлттық Банк Төрағасының қол қоюына ұсынады.
Тармақ 2
2. Сонымен қатар бөлiмше белгiленген тәртiппен конкурс комиссиясын (бұдан әрi - Комиссия) құру туралы бұйрықтың жобасын дайындап, Ұлттық Банк басшылығының қол қоюына ұсынады, сонан соң (бұйрыққа қол қойылғаннан кейiн) комиссияның атынан ресми баспасөз органдарында ("Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда") Конкурс өткiзу туралы хабарландыру жарияланады.
Тармақ 3
3. Комиссияны Ұлттық Банк Төрағасының орынбасары басқарады. Комиссия құрамына мiндеттi түрде заң, бухгалтерлiк есеп, зерттеу және статистика, монетарлық операциялар, банктiк қадағалау департаменттерiнiң басшылары, сондай-ақ бюджеттi жоспарлау және бақылау, қызметкерлермен жұмыс жүргiзу басқармаларының басшылары, сонымен бiрге бiлiм беру мәселелерi жөнiндегi мемлекеттiк уәкiлеттi органның өкiлi кiредi.
Тармақ 4
4. Комиссия Конкурсты ұйымдастырады және өткiзедi. Конкурс өткiзу үшiн Комиссия Конкурстың тақырыбын, өткiзу жоспарын, берiлетiн стипендияның мөлшерiн бекiтуге тиiс.
Тармақ 5
5. Комиссия Конкурс ұйымдастыру мәселелерiн шешу және оны өткiзу үшiн мәжiлiстер өткiзедi. Комиссия мәжiлiсiнде Комиссия шешiмi жай көпшiлiк дауыспен қабылданады, дауыстар тең болған жағдайда Комиссия төрағасының дауысы шешушi болып саналады. Комиссияның шешiмi Комиссия мәжiлiсiнiң хаттамасында көрсетiлуi тиiс.
Тарау 2. 2. Конкурсқа қатысушылар
2. Конкурсқа қатысушылар
Тармақ 6
6. Стипендияларды Қазақстан Республикасының азаматтары болып саналатын, Қазақстан Республикасының мемлекеттiк жоғары оқу орындарында экономикалық мамандықтар бойынша күндiзгi бөлiмнiң соңғы екi курсының бiрiнде оқитын студенттер мен аспиранттар (бұдан әрi - Кандидаттар) ала алады.
Тармақ 7
7. Кандидаттар:
Тармақша 1
1) оқуда үздiк көрсеткiштерге жетуi керек;
Тармақша 2
2) ғылыми және зерттеу жұмысында қабiлеттiлiк танытуға тиiс.
Тармақ 8
8. Конкурсқа қатысу үшiн Кандидаттар Ұлттық Банкке мынадай
құжаттарды (бұдан әрi - Ұсыныстар) тапсырады:
Тармақша 1
1) еркiн түрде жазылған Конкурсқа қатысу негiздемесi (қысқаша) және
қатысқысы келетiнi туралы өтiнiшiн;
Тармақша 2
2) оқудағы үздiк көрсеткiштерiн растайтын құжаттардың көшiрмелерiн;
Тармақша 3
3) кандидаттардың өздерi жасаған курс, диплом жұмыстарын, ғылыми
баяндамаларын, тезистерiн, рефераттарын және басқа жұмыстарын;
Тармақша 4
4) мемлекеттiк жоғары оқу орындарының Ғылыми Кеңесiнiң (немесе
басқару органының) стипендия алуға осы Кандидатты ұсыну туралы
(негiздемелерiн көрсете отырып) кепiлдемесiн, шешiмiн ұсынады.
Тармақ 9
9. Осы Ереженiң 8-тармағының 3-тармақшасында көрсетiлген
Кандидаттардың жұмыстары конкурс тақырыбына және мынадай өлшемдерге
сәйкес болуға тиiс:
Тармақша 1
1) маңыздылығы;
Тармақша 2
2) сонылығы (жаңалығы);
Тармақша 3
3) ғылыми мәндiлiгi;
Тармақша 4
4) тәжiрибеге қолдануға жарамдылығы.
Тармақ 10
10. Комиссия Кандидаттарға қосымша талаптар қоюға құқылы.
Қосымша талаптар осы Ереженiң 2-тармағына сәйкес жарияланған Конкурс
өткiзу туралы хабарландыруда көрсетiлуi тиiс.
Тарау 3. 3. Конкурс өткiзу тәртiбi
3. Конкурс өткiзу тәртiбi
Тармақ 11
11. Комиссия Ұсыныстарды Конкурс өткiзу туралы ресми баспасөз
органдарында хабарландыру жарияланған күннен бастап екi ай бойы қабылдайды.
Тармақ 12
12. Егер Кандидаттардың Ұсыныстары осы Ереженiң талаптарына сай келмесе, Комиссия одан бас тартуға құқылы. Комиссия қарауға қабылданған Кандидаттардың Ұсыныстарына рет номерiн қояды.
Тармақ 13
13. Комиссия Ұсыныстарды қарауды жеңiлдету мақсатында мынадай көрсеткiштер бойынша оларға алдын ала балл белгiлейтiн болады:
Тармақша 1
1) оқудағы үздiк көрсеткiштерi - бес балға дейiн;
Тармақша 2
2) ғылыми және зерттеу жұмысына қабiлеттiлiгi - бес балға дейiн;
Тармақша 3
3) осы Ереженiң 9-тармағының 1-4-тармақшаларында көрсетiлген өлшемдердiң әрқайсысы бойынша - үш балға дейiн.
Тармақ 14
14. Алдын ала кемiнде жиырма балл жинаған Кандидаттардың Ұсыныстарын жан-жақты талдау нәтижесi бойынша Комиссия соңғы рет стипендиаттарды iрiктеп алып, оларды дауысқа салады. Комиссияның соңғы шешiмi белгiленген тәртiппен Ұлттық Банктiң Директорлар кеңесiнiң қарауына ұсынылады.
Тармақ 15
15. Ұлттық Банктiң Директорлар кеңесiнiң қаулысымен бекiтiлген Конкурстың қорытындысы, стипендиаттардың есiмдерi, сондай-ақ ең таңдаулы он жұмыс Комиссияның шешiмi бойынша Ұлттық Банктiң ақпараттық басылымы "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң Хабаршысында" жарияланады.
Тарау 4. 4. Стипендия төлеу және оның күшiн жою тәртiбi
4. Стипендия төлеу және оның күшiн жою тәртiбi
Тармақ 16
16. Бөлiмше Ұлттық Банктiң Директорлар кеңесiнiң қаулысы негiзiнде стипендия тағайындалған соң он күн мерзiмде:
Тармақша 1
1) стипендиаттар оқитын мемлекеттiк жоғары оқу орындарына тиiстi ақпарат жiбередi;
Тармақша 2
2) Ұлттық Банктiң Операция бөлiмшесiне белгiленген тәртiппен бекiтiлген қаулының көшiрмесiн және тиiстi өкiмдi жiбередi.
Тармақ 17
17. Ұлттық Банктiң Операция бөлiмшесi тиiстi құжаттарды алғаннан кейiн оқу жылы iшiнде мемлекеттiк жоғары оқу орындарының шотына стипендияның белгiленген сомасын ай сайын аударып отырады.
Тармақ 18
18. Жоғары оқу орнының ғылыми кеңесi оқу жылы iшiнде Комиссияға стипендиат туралы мынадай ақпарат берiп отырады:
Тармақша 1
1) стипендиат сырттай оқуға ауысқан жағдайда, ол жөнiнде кешiктiрмей тиiстi анықтама;
Тармақша 2
2) студенттiң кезектi емтихан сессиясының нәтижелерiн, оның жетiстiктерiн сипаттайтын басқа да мәлiметтер;
Тармақша 3
3) аспиранттың жетiстiктерiн сипаттайтын мәлiметтер (баяндамаларының, жарияланған мақалаларының рефераттары).
Тармақ 19
19. Ұлттық Банктiң Директорлар кеңесi Комиссияның ұсынысы бойынша мынадай жағдайларда:
Тармақша 1
1) стипендиат сырттай оқуға ауыстырылғанда;
Тармақша 2
2) мемлекеттiк жоғары оқу орнының Ғылыми кеңесi стипендиат туралы
қажеттi ақпаратты бермеген және/немесе уақытылы бермеген жағдайда;
Тармақша 3
3) оқудағы көрсеткiштерi төмендеп кеткен жағдайда;
Тармақша 4
4) стипендиат құқық бұзған жағдайда, бәсiре стипендияны қайтарып алу
туралы шешiм қабылдауға құқылы.
Тармақ 20
20. Директорлар кеңесiнiң қаулысы негiзiнде стипендия қайтарып
алынатын болса, Бөлiмше:
Тармақша 1
1) тиiстi қаулы мен өкiмдi тез арада Ұлттық Банктiң Операция
бөлiмшесiне беруге;
Тармақша 2
2) стипендияны қайтарып алу туралы шешiмдi стипендиаттар оқитын
мемлекеттiк жоғары оқу орындарына жiберуге тиiстi.