Об утверждении правил, определяющие порядок ведения портала и цифровых систем для организации проведения строительства по принципу «одного окна» Қолданыста

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 29.06.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Бір терезе» қағидаты бойынша құрылысты жүргізуді ұйымдастыруға арналған портал мен цифрлық жүйелерді жүргізу тәртібін айқындайтын қағидаларды бекіту туралы Қазақстан Республикасы Құрылыс кодексінің 24-бабының 51) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес «Бір терезе» қағидаты бойынша құрылысты жүргізуді ұйымдастыруға арналған портал мен цифрлық жүйелерді жүргізу тәртібін айқындайтын қағидалары бекітілсін.
Тармақ 2
2. Мыналардың:
Тармақша 1
1) «Бір терезе» қағидаты бойынша құрылыс жүргізуді ұйымдастыру үшін портал мен ақпараттық жүйелерді жүргізу тәртібін айқындайтын қағидаларды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2020 жылғы 11 қыркүйектегі № 465 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілері мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21224 болып тіркелген);
Тармақша 2
2) «Кейбір бұйрықтарға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2022 жылғы 30 желтоқсандағы № 762 бұйрығымен бекітілген өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтары тізбесі 3-тармағының (Нормативтік құқықтық актілері мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 31542 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 5
5. Осы бұйрық 2026 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс. «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі
Басқа 1. «Бір терезе» қағидаты бойынша құрылысты жүргізуді ұйымдастыруға арналған портал мен цифрлық жүйелерді жүргізу тәртібін айқындайтын қағидалары
Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрі 2026 жылғы 29 маусымдағы № 337 бұйрығына қосымша «Бір терезе» қағидаты бойынша құрылысты жүргізуді ұйымдастыруға арналған портал мен цифрлық жүйелерді жүргізу тәртібін айқындайтын қағидалары
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы «Бір терезе» қағидаты бойынша құрылыс жүргізуді ұйымдастыруға арналған портал мен цифрлық жүйелерді жүргізу тәртібін айқындайтын қағидалар (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының Құрлыс кодексінің 24-бабының 51) тармақшасына сәйкес әзірленді және «бір терезе» қағидаты бойынша құрылыс жүргізуді ұйымдастыруға арналған портал мен цифрлық жүйелерді жүргізу тәртібін айқындайды.
Тармақ 2
2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
Тармақша 1
1) «бір терезе» қағидаты бойынша құрылысты жүргізуді ұйымдастыруға арналған портал (бұдан әрі – Портал) – құрылыс қызметі процесінде туындайтын ақпаратты жинауды, сақтауды және өңдеуді қамтамасыз ететін орталықтандырылған цифрлық жүйе;
Тармақша 2
2) «бір терезе» қағидаты бойынша құрылысты жүргізуді ұйымдастыруға арналған цифрлық жүйе (бұдан әрі – ЦЖ) – порталмен интеграцияланған цифрлық жүйе құрылыс құжаттамасын жүргізуге және салынып жатқан объектілерді электрондық нысанда бақылауға байланысты операцияларды автоматтандыруға арналған;
Тармақша 3
3) жеке кабинет – «бір терезе» қағидаты бойынша құрылысты жүргізуді ұйымдастыруға арналған порталдың және (немесе) цифрлық жүйенің құрамдас бөлігі, ол «бір терезе» және (немесе) цифрлық жүйе қағидаты бойынша құрылысты жүргізуді ұйымдастыруға арналған порталды пайдаланушыға ақпаратты жүктеуге, құрылыстың жай-күйі мен статистикалық ақпараты туралы деректерге қол жеткізуге мүмкіндік береді;
Тармақша 4
4) Портал операторы – порталды жүргізуді жүзеге асыратын заңды тұлға;
Тармақша 5
5) Порталды пайдаланушы (бұдан әрі – Пайдаланушы) – Порталда тіркелген, оның ресурстары мен компоненттерін пайдаланатын жеке немесе заңды тұлға;
Тармақша 6
6) цифрлық жүйе операторы (бұдан әрі – ЦЖ операторы) – «бір терезе» қағидаты бойынша құрылысты жүргізуді ұйымдастыру үшін порталмен интеграцияланған «бір терезе» қағидаты бойынша құрылысты жүргізуді ұйымдастыру үшін цифрлық жүйені жүргізуді жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға;
Тармақша 7
7) цифрлық құжат – сұрау салу немесе ұсыну кезінде ұлттық тіркелімдерде қамтылған деректер негізінде цифрлық ортада қалыптастырылатын анық мәліметтерді материалдық емес цифрлық ұсыну;
Тармақша 8
8) электрондық құжат – оған қол қоюға өкілеттігі бар тұлғаның электрондық цифрлық қолтаңбасы арқылы куәландырылған электрондық құжат. Осы Қағидаларда пайдаланылатын өзге де ұғымдар мен терминдер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес айқындалады.
Тарау 2. 2-тарау. «Бір терезе» қағидаты бойынша құрылыс жүргізуді ұйымдастыруға арналғанпорталды жүргізу тәртібі
2-тарау. «Бір терезе» қағидаты бойынша құрылыс жүргізуді ұйымдастыруға арналғанпорталды жүргізу тәртібі
Тармақ 3
3. Құрылыспен байланысты рәсімдер мен операцияларды автоматтандыру мақсатында Портал:
Тармақша 1
1) Пайдаланушыларды тіркеуді;
Тармақша 2
2) электрондық және цифрлық құжаттарды жүктеуді және сақтауды;
Тармақша 3
3) жаңа объектілерді салу, сондай-ақ жұмыс істеп тұрған объектілерді (кәсіпорындарды, ғимараттарды, құрылыстарды және олардың кешендерін) реконструкциялау және жөндеу кезінде құрылыс өндірісін ұйымдастыруға Пайдаланушыларға мәліметтерді, электрондық және цифрлық құжаттарды беруді;
Тармақша 4
4) Пайдаланушыға құрылыс процестері туралы ақпарат беруді, сондай-ақ оларды одан әрі сақтауды;
Тармақша 5
5) интеграцияланған интернет-ресурстармен және ЦЖ ақпарат алмасу.
Тармақ 4
4. Порталда тіркелу үшін Пайдаланушы ішкі электрондық құжат айналымы жүйесі арқылы сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті органның ведомствосына Порталда есептік жазбалар жасау қажеттілігі және қызметкердің функционалдық міндеттеріне сәйкес тиісті рөлдерді тағайындау туралы сұрау салу жібереді. Сұрау салуда Пайдаланушы тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), жеке сәйкестендіру нөмірі, лауазымы, сондай-ақ Порталда талап етілетін рөлі көрсетіле отырып, Порталға кіруге рұқсат беру қажет қызметкерлердің тізбесін көрсетеді.Сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті органның ведомствосы сұрау салу келіп түскен сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде Пайдаланушыға Порталда тіркеуді растайды не бас тартады.5. Порталда тіркеуден бас тарту үшін осы Қағидалардың 4-тармағында көрсетілген мәліметтердің дәйексіздігі, сондай-ақ Порталдың бұрын тіркелген пайдаланушыларының тізімінде өтініш берген Пайдаланушының болуы негіз болып табылады.
Тармақ 6
6. Порталда тіркелуді растау Пайдаланушыларға есептік жазба жасау және қызметкердің функционалдық міндеттеріне сәйкес тиісті рөлді тағайындау болып табылады..
Тармақ 7
7. Қолжетімділікті белсендіру үшін қызметкер электрондық цифрлық қолтаңбаны (ЭЦҚ) пайдалана отырып, Порталға кіруді өз бетінше жүзеге асырады.
Тармақ 8
8. ЭЦҚ арқылы сәтті сәйкестендірілгеннен кейін пайдаланушыға автоматты түрде бұрын тағайындалған рөл беріледі және осы рөлдің өкілеттіктеріне сәйкес жүйенің функционалына қолжетімділік беріледі. .
Тармақ 9
9. Пайдаланушы Порталда тіркелген күннен бастап және объектіні пайдалануға бергенге дейін жеке кабинет арқылы жаңа құрылыс, сондай-ақ жұмыс істеп тұрған объектілерді (кәсіпорындарды, ғимараттарды, құрылыстарды және олардың кешендерін) реконструкциялау және жөндеу туралы цифрлық құжаттарды қалыптастырады және (немесе) электрондық құжаттарды жүктейді.
Тармақ 10
10. Порталға жүктелген электрондық құжаттар және (немесе) қалыптастырылған цифрлық құжаттар осы құжатты куәландыруға өкілеттігі бар тұлғаның ЭЦҚ-сымен куәландырылуға жатады.
Тармақ 11
11. Құрылыс процесінің барысы туралы мәліметтерді, сондай-ақ ЭЦҚ-ны пайдалану арқылы Портал Пайдаланушысы қол қойған электрондық және цифрлық құжаттарды Порталдың бір пайдаланушысы Порталдың басқа пайдаланушысының жеке кабинетіне жібереді.
Тармақ 12
12. Порталда орналастырылған және ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық және цифрлық құжаттар Порталда сақтау мерзімі ішінде жойылуға, өзгертуге немесе ауыстыруға жатпайды.
Тармақ 13
13. Құрылысты жүргізуді ұйымдастыру жөніндегі ақпарат, оның ішінде Порталға немесе оның Пайдаланушылары ЦЖ ұсынған тиісті электрондық және цифрлық құжаттар объектіні пайдаланудың бүкіл мерзімі ішінде сақталады.
Тарау 3. 3-тарау. «Бір терезе» қағидаты бойынша құрылыс жүргізуді ұйымдастыруға арналған цифрлық жүйелерді жүргізу тәртібі
3-тарау. «Бір терезе» қағидаты бойынша құрылыс жүргізуді ұйымдастыруға арналған цифрлық жүйелерді жүргізу тәртібі
Тармақ 14
14. Әзірленген ЦЖ Қазақстан Республикасының Цифрлық кодексінің ережелеріне, сондай-ақ Порталдың техникалық параметрлеріне сәйкес келеді . Цифрлық жүйелерді Порталмен интеграциялау үшін Портал операторымен келісім жасасу қажет. ЦЖ операторы Порталды пайдалану тәртібі туралы келісімдердің талаптарына сәйкес Порталмен интеграциялауға техникалық қолдау бойынша көрсетілетін қызметтер үшін Портал операторына ақы төлейді.
Тармақ 15
15. Бір және одан да көп цифрлық жүйелер:
Тармақша 1
1) электрондық және цифрлық құжаттарды жүктеуді және сақтауды;
Тармақша 2
2) Порталға ЭЦҚ-ны пайдалана отырып, Порталды пайдаланушы қол қойған құрылыс барысы туралы мәліметтерді, атқарушылық-техникалық құжаттарды беруді;
Тармақша 3
3) интеграцияланған интернет-ресурстармен және басқа да ЦЖ ақпарат алмасуды жүзеге асырады.
Тармақ 16
16. «Бір терезе» қағидатын толық іске асыру және функциялардың қайталануын болдырмау мақсатында ЦЖ мен Портал арасындағы технологиялық өзара іс-қимыл мынадай өтпелі процестер негізінде құрылады:
Тармақша 1
1) құрылыс құжаттамасын жүргізу процесінде пайдаланылатын мемлекеттік және ведомстволық анықтамалықтарды, жіктеуіштерді және тізілімдерді автоматты түрде өтпелі синхрондау;
Тармақша 2
2) тіркеу кезінде Порталға берілген объектінің бірыңғай бірегей код (нөмірі) бойынша құрылыс объектілерін өтпелі сәйкестендіру;
Тармақша 3
3) жеткізу уақытын белгілей отырып, нақты уақыт режимінде атқарушылық-техникалық құжаттаманы беру мәртебесін үздіксіз мониторингілеуді және логиялауды қамтамасыз ету.
Тармақ 17
17. Цифрлық жүйелердің операторлары мынадай іс-шараларды орындайды:
Тармақша 1
1) ЦЖ-ның аппараттық кешеніне техникалық қызмет көрсетуді, жүйелі сүйемелдеуді және жоспарлы дамытуды жүзеге асырады;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасының ақпараттандыру туралы заңнамасына және осы Қағидалардың ережелеріне сәйкес ЦЖ-ның үздіксіз жұмыс істеуін және тиісті ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз етеді;
Тармақша 3
3) ЦЖ пайдаланушыларына олармен жасалған шарттардың/келісімдердің шарттарына сәйкес жедел техникалық қолдау көрсетеді;
Тармақша 4
4) бақылау және қадағалау функцияларын жүзеге асыратын мемлекеттік органдарға ЦЖ пайдаланушыларының іс-қимылдарына мониторингті жүзеге асыру мақсатында ЦЖ-ге қолжетімділікті ұсынады.
Тармақ 18
18. ЦЖ-да деректерді сақтау, қорғау және тұтастығын қамтамасыз ету:
Тармақша 1
1) Осы Қағидалардың 15-тармағында көрсетілген электрондық және цифрлық құжаттар, есепке алу журналдарының деректері және құрылыс барысы туралы мәліметтер олардың жоғалуын, бұрмалануын немесе рұқсатсыз өзгертілуін болдырмау үшін деректердің күнделікті резервтік көшірмесін жасауды қамтамасыз ете отырып, ЦЖ-да тұрақты сақталуға тиіс.
Тармақша 2
2) Деректерді ЦЖ-дан Порталдың мемлекеттік платформаларына тасымалдау кезінде ақпаратқа нұқсан келтіру немесе үшінші тұлғалардың рұқсатсыз қол жеткізу мүмкіндігін болдырмайтын қорғалған байланыс арналары (криптографиялық хаттамалар) пайдаланылады.