О внесении изменений в некоторые приказы Министра внутренних дел Республики Казахстан Қолданыста
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Әкімшілік полиция комитеті заңнамада белгіленген тәртіпте:
Тармақша 1
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
Тармақша 3
3) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң мен нормашығармашылықты үйлестіру департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық 2026 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Жасанды интеллект және
цифрлық даму министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Туризм және спорт министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Экология және табиғи ресурстар министрлігі
Басқа 0. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің
өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтарының
тізбесі
Қазақстан Республикасы
ішкі істер министрі
2026 жылғы 30 маусымдағы
№ 462 Бұйрықпен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің
өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтарының
тізбесі
Тармақ 1
1. «Алып қойылған, ерiктi түрде тапсырылған, тауып алынған қаруды, оқ-дәрiлердi, жарылғыш материалдарды ішкi iстер органдарында қабылдау, есепке алу, сақтау және олардың сақталуын қамтамасыз ету қағидаларын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 24 ақпандағы № 150 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10565 болып тіркелген) бұйрығына мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Алып қойылған, ерікті түрде тапсырылған, тауып алынған қару, оқ-дәрілер және жарылғыш материалдарды ішкі істер органдарында қабылдау, есепке алу, сақтау және олардың сақталуын қамтамсыз ету қағидаларында:
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Келіп түсетін әкімшілік және азаматтық істер бойынша алынған, ерікті түрде тапсырылған, тауып алынған қаруды, оқ-дәрілерді, жарылғыш материалдарды (бұдан әрі – қару-жарақ құралдарын) қабылдауды ұйымдастыру үшін, сондай-ақ оларды қабылдау, есепке алу, сақтау тәртібіне бақылауды жүзеге асыру мақсатында астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және көліктегі полиция департаменттері (бұдан әрі – (К)ПД), қалалардың, аудандардың, қалалардағы аудандардың, көліктегі полиция органдары аумақтық полиция органдары (бұдан әрі – (К)ҚАПО) (К)ПД бастықтарының бұйрықтарымен әкімшілік және азаматтық істер бойынша алынған, ерікті түрде тапсырылған, тауып алынған қаруды, оқ-дәрілерді, жарылғыш материалдарды қабылдау және бақылау жөніндегі тұрақты жұмыс істейтін комиссиялар (бұдан әрі- комиссия) құрылады.».
Тармақ 2
2. «Азаматтық пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды сатып алу, сақтау, есепке алу, пайдалану, тасымалдау, жою, әкелу, әкету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 8 сәуірдегі № 319 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11193 болып тіркелген) бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 22 маусымдағы № 607 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 299) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Азаматтық пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды сатып алу, сақтау, есепке алу, пайдалану, тасымалдау, жою, әкелу, әкету қағидаларында:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы Азаматтық пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды сатып алу, сақтау, есепке алу, пайдалану, тасымалдау, жою, әкелу, әкету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары туралы» және «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес азаматтық пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды (бұдан әрі – пиротехникалық заттар мен бұйымдар) сатып алу, сақтау, есепке алу, пайдалану, тасымалдау, жою, әкелу, әкету тәртібін айқындайды.»;
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Заңды тұлғалар қызмет көрсететін аумағында дайын пиротехникалық өнімдерді сату үшін арнайы жабдықталған үй-жай және (немесе) сақтау қоймасы орналасқан ішкі істер органына пиротехникалық заттар мен бұйымдарды сақтауға рұқсатты алу үшін № 254 бұйрығымен бекітілген 14-қосымшасына сәйкес мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесін ұсынады.»;
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«7. Пиротехникалық заттар мен бұйымдарды сақтауға арналған рұқсат үш жылдық мерзімге беріледі.
Рұқсат беруден уәжді бас тарту рұқсат беру үшін белгіленген мерзімде жүзеге асырылады.
Мынадай:
1) №254 бұйрыққа 14-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін көзделген негіздермен;
2) сақтау орны осы Қағидалардың 10-34-тармақтарының талаптарына сәйкес келмеген жағдайларда рұқсат беруден бас тартылады.»;
20-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«20. Қауіптілігі ІV сыныптық пиротехникалық заттар мен бұйымдар астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және Көліктегі Полиция департаменттерінің (бұдан әрі – ПД, КПД) аумақтылығы бойынша сақтауға рұқсат берген орны бойынша қоймалардан басқа да заңды тұлғаларға сатылады.»;
61-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«61. Ішкі істер министрлігі «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес импортқа (экспортқа) арналған лицензияларды келіседі немесе импортқа (экспортқа) лицензияға келісуден бас тартады.».
Тармақ 3
3. «Азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарының айналымы қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2019 жылғы 1 шілдедегі № 602 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18961 болып тіркелген) бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондары айналымының қағидаларында:
2-тармақтың 9) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«9) азаматтық және қызметтік қаруды сату - ерекше жарғылық міндеттері бар заңды тұлғалардың, қару өндірумен айналысатын заңды тұлғалардың мемлекеттік органдардың, атыс қаруын сақтауға және алып жүруге құқық берілген лауазымды адамдардың, қаруды коллекциялаумен немесе экспонаттаумен айналысатын заңды және жеке тұлғалардың, аңшылық шаруашылығы ұйымдарының, спорттық ұйымдардың, Қазақстан Республикасы азаматтарының, шетел азаматтарының, қаруды, оның ішінде жеткізіп беруші заңды тұлға арқылы немесе осы Қағидаларда белгіленген жағдайларда оларсыз жарақат салатын және газбен әсер ететін патрондары бар қаруды қолдану саласында ғылыми медициналық зерттеулер жүргізуге уәкілеттік берілген заңды тұлғаларға қару немесе патрондарды сатуы;»;
17-тармақтың 10) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«10) шетел азаматтарының;»;
21-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«21. Шетел азаматтары Қазақстан Республикасының Кеден органдарының тексерісінен өткеннен кейін аң аулауға, спорттық іс-шараларға қатысуға не оларды экспонаттау үшін жеткізілген оларға тиесілі қарулар мен патрондарды тиісті іс-шараларға қатысу үшін шақыруды рәсімдген заңды тұлғаларға береді.
Қару мен оның патрондарын беруді қару есепте тұрған ішкі істер органдарын хабарландырғаннан кейін осы Қағидаларда белгіленген тәртіпте жүзеге асырылады.»;
45-тармақтың 9) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«9) шетел азаматтары;»;
63-тармақтың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Ұсынылған құжаттардың дұрыс емес және (немесе) ондағы құжаттардың қолдан жасалғаны белгілері анықталған жағдайда, ұсынылған құжаттарда қажетті мәліметтердің біліктілік талаптары немесе рұқсат талаптарына сәйкестілігін дәлелдеу үшін болмағанда және рұқсат алу мүмкіндігін жоятын Қазақстан Республикасының заңнамасында көрсетілген жағдайлар туындағанда «Жеке және заңды тұлғаларға азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын сатып алуға, сақтауға, сақтау мен алып жүруге, тасымалдауға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет Қағидасына 6, 7, 8, 10, 11 және 12-қосымшаларының 11-тармағына Ішкі істер министрінің 2020 жылғы 27 наурыздағы № 254 бұйрығымен бекітілген «Жеке және заңды тұлғаларға азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын сатып алуға, сақтауға, сақтау мен алып жүруге, тасымалдауға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидасымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20184 болып тіркелген) белгіленген сәйкес рұқсат беруден бас тартылады.»;
67, 68, 69, және 70-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«67. Қазақстан Республикасының аумағында кемінде бір жыл мерзімге тұру үшін белгіленген тәртіпте ішкі істер органдарында тіркелген шетел азаматтары өздері азаматтары болып табылатын мемлекеттердің дипломатиялық өкілдіктерінің қолдаухаттары бойынша жалпы негіздерде газды тапаншалар мен револьверлерді сатып алады.
68. Қазақстан Республикасының аумағында тұру үшін белгіленген тәртіпте ішкі істер органдарында тіркелген шетел азаматтары жеткізіп беруші заңды тұлғалардан механикалық шашыратқыштар, көзден жас ағызатын немесе тітіркендіретін заттар толтырылған аэрозольді және басқа құрылғыларды, үрлемелі қуаты 7,5 Дж-дан аспайтын және калибрі 4,5 мм-ге дейінгілерін қоса алғанда, пневматикалық қаруды, өздері азаматтары болып табылатын мемлекеттердің дипломатиялық өкілдіктерінің қолдаухаттары бойынша рұқсат алмай сатып алады.
69. Туристік мақсатта, жеке және қызметтік істері бойынша Қазақстан Республикасына келген және Қазақстан Республикасының аумағында тұру үшін белгіленген тәртіпте ішкі істер органдарында тіркелген шетел азаматтары азаматтық қаруды, өздері сол елдердің азаматтары болып табылатын мемлекеттердің дипломатиялық өкілдіктерінің өтініштері бойынша, оны сатып алған күннен бастап 7 (жеті) күн ішінде Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерге әкететін жағдайда ішкі істер органдары беретін рұқсаттар бойынша жалпы негіздерде сатып алады.
70. Шетел азаматтарымен өздерi әкелген азаматтық қаруды Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiпте сыйға тарту немесе сату құқығы сақталады.»;
94-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«94. Одан әрі пайдалануға жарамсыз азаматтық, қызметтік немесе спорттық қару және оның патрондары одан әрі жою үшін астанының, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және Көліктегі полиция департаменттерінің (бұдан әрі - ПД, КПД) арттехқару-жарақ қоймаларына ұйымдар тапсырады (осы Қағидалардың 22-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда). Жою қағидаларын қарудың айналымын бақылау саласындағы уәкілетті орган айқындайды.»;
104-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«104. Түгендеуді бастар алдында комиссия мүшелері:
1) Қазақстан Республикасының қару мен патрондар айналымы және оларға түгендеу жүргізу тәртібін реттейтін заңдардың және өзге де нормативтік құқықтық актілерінің талаптарын зерделейді;
2) осы Қағидаларға 21-қосымшаға сәйкес түгендеу тізімдемелерінің, осы Қағидаларға 22-қосымшаға сәйкес нөмірлік есепке алу тізімдемелерінің және осы Қағидаларға 23-қосымшаға сәйкес қару мен патрондарды түгендеу нәтижелерінің салыстыру ведомостерінің бланкілерін дайындайды, оларды белгіленген тәртіппен тіркейді. Бұл ретте қару мен патрондардың қалдықтарын көрсетілген құжаттарға алдын ала енгізуге жол берілмейді;
3) пломба салу құралдарының және пломба салу материалдарының болуы салыстырып тексеріледі, олардың деректемелері қарудың сақталуына жауапты тұлғаларда немесе ұйым басшыларында бар пломба салу құралдарынан ерекшеленеді.»;
135-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) қалалық елді мекендерде (астана, республикалық, облыстық және аудандық маңызы бар қалалар, сондай-ақ оларға әкімшілік бағынысты аумақтағы кенттер) азаматтық қару иесінің тұрақты тұратын жері (пәтер, жеке үй) электр желісіне және қосалқы электрмен қоректендіру көзіне тұрақты (тұрақты және қосалқы қоректендіру көзінің болуы) үй-жайларды күзетудің сертификатталған жүйесімен (дабыл сигналын меншік иесінің немесе оның отбасы мүшелерінің ұялы телефонына немесе күзет ұйымына беру мүмкіндігі бар сигнализация) жабдықталады;»;
143-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Шетел азаматтарына өздеріне тиесілі қаруды аң аулауды жүргізу орындарында, спорттық жарыс немесе оқу-жаттығу атыс өткізу кезінде пайдалануға жол беріледі.»;
190-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«190. Шетелдік заңды тұлғаларға немесе шетел азаматтарына (спорт ұйымдарына немесе спортшыларға) спорттық іс-шараларға қатысу үшін қаруды уақытша әкелуге арналған қорытындыны ресімдеу кезінде аумақтық ішкі істер органдарына (қорытынды алу орны бойынша):
1) халықаралық спорттық жарыстарға немесе оқу-жаттығу жиындарына қатысуға шақыру (ережені);
2) қару мен оның патрондарының нақты түрінің спортшыға бекітілгені туралы ақпарат (тізім);
3) әкелінетін қаруды сақтау үшін жағдайлардың барын растайтын құжаттама (үй-жайды жалға алу шарты, қаруды сақтауға рұқсат, атыс орны мен тирдің жұмыс істеуіне рұқсат) ұсынады.»;
192-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«192. Шетел азаматтарына аңшылыққа қатысу үшін аңшылық атыс қаруының бірлі-жарым даналарын (екі бірліктен артық емес), олардың патрондары мен аңшылық пышақтарды уақытша әкелуге қорытындыны ресімдеу кезінде аңшылық шаруашылығы ұйымдары жүзеге асырады, осы үшін олар:
1) аңшылық шаруашылығы ұйымының шетел азаматымен (аңшымен) аң аулауға шарт жасайды;
2) аңшылық алқаптарды бекітіп беру туралы облыстық атқарушы органның шешімін алады;
3) аңшылық атыс және суық қаруды әкелуге (әкетуге) қорытынды алуға арналған сенімхатты және жеке басын куәландыратын құжаттар (паспорт) шетел азаматтарынан (аңшылардан) алады.
Мүдделі аңшылық шаруашылығы ұйымының өтінішінде әкелінетін патрондар саны, шетел азаматының паспортының немесе жеке куәлігінің сериясы мен нөмірі көрсетіледі.»;
197-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«197. Шетел азаматына марапаттық қаруды әкетуге қорытындыны ресімдеу кезінде әкетілетін қарумен марапаттау туралы Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы немесе Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы болуы қажет.»;
көрсетілген Қағидаларға 27 және 28-қосымшалар осы Тізбеге 1 және 2-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
Тармақ 4
4. «Азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондары айналымы саласында екінші санаттағы рұқсат беру талаптары мен оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2020 жылғы 22 қыркүйектегі № 637 (Нормативтiк құқықтық актiлерді мемлекеттiк тіркеу тізілімінде № 21281 болып тіркелген) бұйрығына мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жеке және заңды тұлғаларға азаматтық және қызметтік қарумен оның патрондарын сатып алуға рұқсатты беру кезіндегі рұқсат талаптары мен оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесінде:
реттік нөмірі 9-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«
9
Мемлекеттердің дипломатиялық өкілдіктерінің қолдау хаттары
Сол елдердің азаматтары болып
табылатын
мемлекеттердің
дипломатиялық
өкілдіктерінің
қолдау хаттары,
сатып алған
күннен бастап 7
(жеті) күн ішінде
Қазақстан
Республикасынан
тыс жерлерге
әкетілген
жағдайда
Туристік мақсатта, жеке және қызметтік істері бойынша Қазақстан Республикасына келген және Қазақстан Республикасының аумағында тұру үшін ішкі істер органдарында тіркелген шетел азаматтары азаматтық қаруды сатып алуға рұқсат алу кезінде сатып алған күннен бастап 7 (жеті) күн ішінде Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге әкететін жағдайда ұсынады, Қазақстан Республикасының аумағында кемінде бір жыл мерзімге тұру үшін ішкі істер органдарында тіркелген шетел азаматтары, Қазақстан Республикасының аумағында тұру үшін немесе ұзын ұңғылы тегіс ұңғылы қоспағанда азаматтық өзін-өзі қорғау қаруын сатып алуға рұқсат алған кезде
».
Басқа 1. Азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын сақтаудың алдын ала жасалған келісімшарты №__________
Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
өзгерістер енгізілетін
кейбір бұйрықтарының
тізбесіне 1-қосымша
Азаматтық және қызметтік
қару мен оның патрондарының
айналымы қағидаларына
27-қосымша
Азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын сақтаудың алдын ала жасалған келісімшарты №__________
__________ қаласы «___» __________ 20___ ж.
Осы азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын сақтаудың алдын ала жасалған келісімшарты бұдан әрі «Қаруды орталықтандырылған сақтау пункті» деп аталатын ________ЖШС директоры ________атынан бір тараптан және бұдан әрі «Қару иесі» деп аталатын _________ екінші тараптан осы Келісімшартты оны аумақтық полиция органдарына «Азаматтық және қызметтік қаруын иемдену құқығына рұқсат алу» үшін жасасты.
Тарау 1. 1. Келісімшарт мәні
1. Келісімшарт мәні
Тармақ 1.1
1.1. Тараптар болашақта осы келісімшарт жасау кезінен бастап 105 (жүз бес) жұмыс күнінен кешіктірілмей сақтау келісімшартын (негізгі келісімшартын) жасауға міндеттенеді.
Тарау 2. 2. Келісімшарт шарттары
2. Келісімшарт шарттары
Тармақ 2.1
2.1. «Қаруды орталықтандырылған сақтау пункті» осы келісімшартқа қол қою күнінен бастап 105 (жүз бес) жұмыс күнінен кешіктірілмей азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын сақтауға арналған орынды (-дарды)_ұсынуға міндеттенеді.
Тармақ 2.2
2.2. «Қаруды орталықтандырылған сақтау пункті» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министірінің 2019 жылғы 1 шілдедегі № 602 бұйрығымен бекітілген Азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарының айналымы қағидаларының 134-тармағымен белгіленген талаптарына сәйкес жабдықталған азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын сақтауға арналған орынды (-дарды)_____ ұсынуға міндеттенеді.
Тармақ 2.3
2.3. «Қару иесі» осы келісімшартқа қол қою күнінен бастап 105 (жүз бес) жұмыс күнінен кешіктірілмей негізгі келісімшартты жасауға міндеттенеді.
Тармақ 2.4
2.4. «Қару иесі» «Қаруды орталықтандырылған сақтау пункті» ұсынған (резервтік) қаруды сақтау орнына бір орынға айына _______теңге есебінен төлеуді міндеттенеді. Мерзімі 3 күнтізбелік айынан кешіктірілмей.
Тармақ 2.5
2.5. «Қару иесімен» Сақтау келісімшартын (негізгі келісімшартын) жасамау жағдайында, төленген сома қайтарылмайды.
Тармақ 2.6
2.6. «Қаруды орталықтандырылған сақтау пунктімен» Сақтау келісімшартын (негізгі келісімшартын) жасамау жағдайында, «Қару иесіне» төленген сома толық көлемде қайтарылады.
Тарау 3. 3. Тараптардың жауапкершілігі
3. Тараптардың жауапкершілігі
Тармақ 3.1
3.1. Осы келісімшарт тараптары жағынан келісімшарт бойынша міндеттерді орындамағаны немесе тиісті үлгіде орындамағаны үшін кінәлары болғанда айтылғандары үшін жауапты болады.
Тармақ 3.2
3.2. Келісімшарт бойынша міндеттерін орындамағны немесе тиісті орындамағаны үшін кінәлары болмағанда, міндеттерді бұзған тарап дәлелдейді.
Тарау 4. 4. Дауларды шешу тәртібі
4. Дауларды шешу тәртібі
Тармақ 4.1
4.1. Осы келісімшарттың шарттарын орындау кезінде туындауы мүмкін дауларды тараптар сотқа дейінгі тергеп-тексеру тәртібінде достық жолмен шешуге тырысады: келіссөздер жүргізу, хат алмасу, келісімшарттың шарттарын айқындау арқылы.
Тармақ 4.2
4.2. Өзара қабылдауға жарамды шешімдерге қол жеткізбеу жағдайында тараптар даулы мәселені Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртіппен шешуге құқылы.
Тарау 5. 5. Келісімшартты өзгерту және/немесе толықтыру
5. Келісімшартты өзгерту және/немесе толықтыру
Тармақ 5.1
5.1. Осы келісімшарт тараптармен олардың өзара келісу негізінде оның іс-әрекеті және тараптардың осындай әрекеттерін шақырған объективті себептердің болуы кезеңінде өзгертілуі және/немесе толықтырылуы мүмкін.
Тармақ 5.2
5.2. Осы келесімшарттың өзгерістер және/немесе толықтыруларының салдарлары тараптардың өзара келісулерімен немесе келісімшарт тараптарының талабы бойынша сотпен анықталады.
Тармақ 5.3
5.3. Осы келесімшарттың шарттарын өзгерту және/немесе толықтыру бойынша тараптардың келісімдерінің егер олар жазбаша түрде ресімделу, келісімшарт тараптары қол қою және тараптардың мөрлерімен басу (болса) жағдайында күші бар.
Тарау 6. 6. Келісімшартты бұзу мүмкіндігі мен тәртібі
6. Келісімшартты бұзу мүмкіндігі мен тәртібі
Тармақ 6.1
6.1. Осы келісімшарт тараптардың келісімі бойынша бұзылуы мүмкін.
Тармақ 7
7. Уақыт бойынша келісімшарттың іс-әрекеті
Тармақ 7.1
7.1. Осы келісімшарт тараптар қол қою күнінен бастап заң күшіне енеді және 105 (жүз бес) жұмыс күн жарамды.
Тармақ 7.2. ТАРАПТАРДЫҢ МЕКЕНЖАЙЛАРЫ МЕН ДЕРЕКТЕМЕЛЕРІ:
7.2. Осы келісімшарттың іс-әрекетін тоқтату ол бойынша тараптардың міндеттерін тоқтатуға әкеп соғады, бірақ тараптарды егер осы келісімшартты жасау немесе орындау кезінде орын алған бұзушылықтарды жасағаны үшін жауапкершіліктен босатпайды.
ТАРАПТАРДЫҢ МЕКЕНЖАЙЛАРЫ МЕН ДЕРЕКТЕМЕЛЕРІ:
Директоры:
_______________________________
_______________________________
_______________________________
_______________________________
_______________________________
_______________________________
Қару иесі:
(ЖШС, БСН немесе ЖСН, азаматтың аты-жөні,
мекен-жайы, телефоны)__________
_____________________________________
_____________________________________
_____________________________________
_____________________________________
ТАРАПТАРДЫҢ ҚОЛДАРЫ:
Директоры: ________ /__________/ Қару иесі: _______/________/
*Ескертпе: 01.07.2019 жылғы ҚР ІІМ-нің № 602 бұйрығының талаптарына сәйкес, келісімшарттың бірінші данасы қарудың иесіне беріледі, екінші дананы қарудың (патрондардың) иесі қаруды болашақта тіркеу орны бойынша аумақтық ішкі істер органына береді, үшінші дананы қаруды және оның патрондарын орталықтандырылған сақтауды жүзеге асыратын заңды тұлғада сақталады.
Басқа 1.1. Азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын сақтау
келісімшарты № __________
Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
өзгерістер енгізілетін
кейбір бұйрықтарының
тізбесіне 2-қосымша
Азаматтық және қызметтік
қару мен оның патрондарының
айналымы қағидаларына
28-қосымша
Азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын сақтау
келісімшарты № __________
____________ қаласы «___» _________20____жылы
Бұдан әрі «Сақтаушы» деп аталатын ________ЖШС («Қаруды орталықтандырылған сақтау пунктімен») ________атынан Мемлекеттік тіркеу туралы 20__ жылғы «___» ______ БСН № ____________ куәлігі негізінде қолданылатын бір тараптан және бұдан әрі «Сақтауға тапсырушы» деп аталатын ______________________________________________________________________
(азаматтың жеке басын куәландыратын құжат атауы: нөмірі, кім және қашан берді, тұрғылықты мекенжайы)
екінші тараптан осы Келісімшартын (бұдан әрі «Келісімшарт») төмендегілер туралы жасасты.
Тарау 1. 1. Келісімшарт мәні
1. Келісімшарт мәні
Тармақ 1.1
1.1. Сақтауға тапсырушыға (бұдан әрі «Қару») тиесілі және 20___ж. «___» _________ № _____ Қабылдау актісіне сәйкес Сақтаушыға сақтауға берілген азаматтық, қызметтік қару мен/немесе оның патрондарын сақтау бойынша қызметі болып табылады.
Тарау 2. 2. Тараптардың міндеттері
2. Тараптардың міндеттері
Тармақ 2.1
2.1. Сақтаушы оған Сақтауға тапсырушы берген Қаруды сақтауға және көрсетілген Қаруды сақтап, қайтаруға, сондай-ақ Сақтауға тапсырушыға сақтаумен байланысты қосымша қызметтерді (осындай қызметтердің құрамы мен бағасы Келісімшартқа жеке қосымшасымен ресімделеді) көрсетуге міндеттенеді.
Тармақ 2.2
2.2. Сақтаушы Сақтауға тапсырушының талабы бойынша қабылданған Қаруды талап бергеннен кейін бір жұмыс күні ішінде (сағат 09-00-ден сағат 19-00-ге дейін уақыт аралығында), бұл ретте Беру актісін ресімдеп, беруге немесе қайтаруға міндетті.
Тармақ 2.3
2.3. Сақтаушы Сақтауға тапсырушыға сақтауға берілген сол Қаруды беруге немесе қайтаруға міндетті.
Тармақ 2.4
2.4. Сақтаушы оған берілген Қарудың сақтау үшін Қазақстан Республикасы Ішкі істер министірінің 2019 жылғы 1 шілдедегі № 602 бұйрығымен бекітілген «Азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарының айналымы қағидаларының» 134-тармағымен көзделген міндеттерді, шараларды қабылдауға міндеттенеді.
Тармақ 2.5
2.5. Сақтаушы Сақтауға тапсырушының келусінсіз оған беріген Қаруды пайдаланбауға, оны үшінші тұлғаларға пайдалану мүмкіндігін ұсынбауға міндеттенеді.
Тармақ 2.6
2.6. Келісімшартпен негізделген сақтау мерзімі өтуі бойынша Сақтауға тапсырушы бір жұмыс күні ішінде Келісімшартты ұзарту, не болмаса сақтауға берілген Қаруды алып кетуге міндетті. Егер Сақтауға тапсырушы белгінген мерзімде өз Қаруды алып кетпесе, Сақтаушы бір жұмыс күні өтуі бойынша бұл туралы полиция органдарына осы қаруды аумақтық полиция органдарына жауапты сақтауға, полиция органдарының рұқсатымен Қаруды қоймада уақытша сақтауға тапсыру (шешім қабылданға дейін) туралы хабарлайды. Сақтауға тапсырушы Келісімшарттың 3-бөлімінде белгіленген бағаларға сәйкес қосымша сақтау мерзімін толық төлеуге міндетті.
Тармақ 2.7
2.7. Сақтауға тапсырушы қаруды Сақтаушыға таза және майлы күйінде – Қаруды сақтау кезеңінде консервациялау үшін жарамды түрінде ұсынуға міндетті.
Тармақ 2.8
2.8. Сақтауға тапсырушы сақтауға тазаланбаған және майланбаған Қаруды және осы тот өзгерістерінен пайда болған қарудың негізгі және құрамды бөліктерін тапсыру кезінде Сақтаушы жауапты болмайды.
Тармақ 2.9
2.9. Сақтауға тапсырушының талабы бойынша Сақтаушы құрал-саймандарды және шығын материалдарды: бидай шүберек, бейтарап, әмбебап және Сақтаушымен бекітілген баға көрсеткішіне сәйкес ақы үшін ұсынылатын басқа да майлау түрлерін не болмаса Сақтаушымен бекітілген қосымша қызметтерге баға көрсеткішіне сәйкес қаруды тазалау мен майлауды қоспағанда, қаруды тазалау және майлау үшін тегін орын (шеберүстел) ұсынуға міндетті.
Тармақ 2.10
2.10. Сақтауға тапсырушы сақтауға құрғақ және таза күйінде қапталған түрінде (картонды, пластикалық немесе металдық қораптар) Патрондарды ұсынуға міндетті.
Тармақ 2.11
2.11. Сақтауға тапсырушы сақтағаны үшін Сақтаушыға осы Келісімшартпен көзделген шарттардағы көлемінде сыйақыны төлеуге міндетті.
Тарау 3. 3. Келісімшарт сомасы және есеп тәртібі
3. Келісімшарт сомасы және есеп тәртібі
Тармақ 3.1
3.1. Осы келісімшарт бойынша сақтағаны үшін сыйақы Келісімшартқа Қабылдап алу актісі негізінде айқындалады, мұнда сақтауға тиесілі қарудың бірлік саны көрсетіледі және айына бір сақтау орын үшін ________ теңге құрайды. Егер сақтау мерзімі бір айдан аз болса, төлем бүкіл айға алынады. Сақтау орны осы Келісімшарт мақсатында 1 (бір) бірлік қару немесе 60см(ұзындығы) х30см(ені) х50см(биіктігі) өлшемдерімен оқ-дәрілерді сақтау алаңы болып табылады.
Тармақ 3.2
3.2. Сақтағаны үшін сыйақы Сақтаушыға Келісімшарт жасағанда төленеді.
Тармақ 3.3
3.3. Бағаға Сақтауға тапсырушы жеке Сақтаушымен бекітілген қосымша қызметтерге баға көрсеткішіне сәйкес төленетін Қаруын қоймаға/қоймадан жеткізу бойынша қызметтер құны енгізілмеген.
Тармақ 3.4
3.4. Сақтау ____ ай, ____ бірлік қару (патрондар орны) төлеу сумасы ___ (жоғарыда көрсетілген сандарды сөзбен жазу керек).
Тарау 4. 4. Тараптардың жауапкершілігі және форс-мажорлық жағдайлар
4. Тараптардың жауапкершілігі және форс-мажорлық жағдайлар
Тармақ 4.1
4.1. Сақтаушы егер жоғалып кету, жетіспеушілік немесе бүлдіру күштің салдарынан болуын дәлелдемесе, Қарудың жоғалып кетуіне, жетіспеушілігіне немесе бүлдіруіне жауап береді.
Тармақ 4.2
4.2. Қарудың жоғалып кетуімен, Сақтауға тапсырушыға келтірілген залалдарды Сақтаушы Қарудың қалған бағасы көлемінде тараптардың келісу бойынша анықталатын оны тапсыру жай-күйін ескере отыра, өтейді.
Тармақ 4.3
4.3. Егер Қарудың жоғалып кету немесе бүлдіру қаупін қоюға қажетті сақтау жағдайлары өзгерсе, Сақтаушы Сақтауға тапсырушыға хабарламай, сақтау орнын өзгертуге құқылы.
Тармақ 4.4
4.4. Сақтауға тапсырушының өтінші бойынша Келісімшартпен белгіленген мерзімі өтуіне дейін сақтау тоқтатылса, Сақтаушы толық сома көлемінде сыйақыны қалдыруға құқылы.
Тармақ 4.5
4.5. Егер Сақтаушы жауап беретін сақтау мән-жайлар бойынша мерзімінен бұрын тоқтатылса, ол сыйақының сомасын Сақтауға тапсырушыға қайтаруға міндетті.
Тармақ 4.6
4.6. Келісімшарт бойынша оның шарттарын орындау кезінде, егер міндеттерді тиісті орындау күштің салдарынан (форс-мажор) болғанын дәлелдемесе, өзінің міндеттерін орындамаған немесе тиісті үлгіде орындамаған тараптар жауапты болады.
Тарау 5. 5. Келісімшарттың жарамдылық мерзімі
5. Келісімшарттың жарамдылық мерзімі
Тармақ 5.1
5.1. Осы Келісімшарт 20___ж. «___» _____ 20___ж. «___» ______ аралығындағы мерзімге жасалған және Келісімшарт жасау күнінен бастап күшіне енеді.
Тармақ 5.2
5.2. Келісімшарттың жарамдылық мерзімі полиция органдары Сақтауға тапсырушыға берген азаматтық және қызметтік қаруды сақтау, сақтау мен алып жүру рұқсатының жарамдылық мерзімінен аспауы тиіс.
Тарау 6. 6. Өзге де жағдайлар
6. Өзге де жағдайлар
Тармақ 6.1
6.1. Осы Келісімшартпен көзделмеген барлық мәселелер бойынша тараптар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын басшылыққа алады.
Тармақ 6.2. ТАРАПТАРДЫҢ МЕКЕНЖАЙЛАРЫ МЕН ДЕРЕКТЕМЕЛЕРІ:
6.2. Осы Келісімшарт бойынша даулар туындау жағдайында тараптар оларды келіссөз жүргізу арқылы шешуге барлық шаралар қабылдайды. Егер тараптар келісімге келе алмаса, келіссөздер арқылы дауларды шешпесе, осы дау сот органдарында қарауға жатады.
ТАРАПТАРДЫҢ МЕКЕНЖАЙЛАРЫ МЕН ДЕРЕКТЕМЕЛЕРІ:
Сақтаушы:
_______________________________
_______________________________
_______________________________
_______________________________
_______________________________
_______________________________
Сақтауға тапсырушы:
(ЖШС, БСН немесе ЖСН, азаматтың аты-жөні,
мекен-жайы, телефоны)__________
_____________________________________
_____________________________________
_____________________________________
_____________________________________
ТАРАПТАРДЫҢ ҚОЛДАРЫ:
Сақтаушы: ________ /__________/ Сақтауға тапсырушы: _______/________/
*Ескертпе: 01.07.2019 жылғы ҚР ІІМ-нің № 602 бұйрығының талаптарына сәйкес, келісімшарттың бірінші данасы қарудың иесіне беріледі, екінші дананы қарудың (патрондардың) иесі қаруды тіркеу орны бойынша аумақтық ішкі істер органына береді, үшінші дананы қаруды және оның патрондарын орталықтандырылған сақтауды жүзеге асыратын заңды тұлғада сақталады.