Об утверждении Правил согласования, формы план-графика посещения строительного объекта на период строительства Қолданыста

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 30.06.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Құрылыс кезеңінде құрылыс объектісіне барудың жоспар-графигін келісу қағидаларын, оның нысанын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Құрылыс кодексінің 117-бабы 1-тармағының 5) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Құрылыс кезеңінде құрылыс объектісіне барудың жоспар-графигін келісу қағидалары, оның нысаны бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық 2026 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс. «КЕЛІСІЛГЕН» Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі «КЕЛІСІЛГЕН» Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі
Басқа 1. Құрылыс кезеңінде құрылыс объектісіне барудың жоспар-графигін келісу қағидалары, оның нысаны
Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2026 жылғы 30 маусымдағы № 340 бұйрығымен бекітілген Құрылыс кезеңінде құрылыс объектісіне барудың жоспар-графигін келісу қағидалары, оның нысаны
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Құрылыс кезеңіне құрылыс объектісіне барудың жоспар-графигінің келісу қағидалары, оның нысаны (бұдан әрі - Қағидалар) Қазақстан Республикасы Құрылыс кодексінің (бұдан әрі-Кодекс) 117-бабы 1-тармағының 5) тармақшасына сәйкес әзірленді және мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау және қадағалау органымен құрылыс кезеңіне құрылыс объектісіне барудың жоспар-графигін келісу тәртібін, нысанын айқындайды.
Тармақ 2
2. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негізгі ұғымдар:
Тармақша 1
1) тапсырыс беруші – қызметін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға. Қызметінің мақсаттарына қарай тапсырыс беруші – жобаның (бағдарламаның) инвесторы, тапсырыс беруші (меншік иесі) не олардың уәкілетті адамдары тапсырыс беруші бола алады;
Тармақша 2
2) мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау және қадағалау органы –мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы мен қадағалауын жүзеге асыратын мемлекеттік орган;
Тармақша 3
3) объектіге барудың график-жоспары – құрылыс-монтаждау жұмыстарының басталғаны туралы хабарламаға қоса берілетін, мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы мен қадағалауын жүзеге асыратын мемлекеттік органның құрылыс кезеңінде құрылыс объектісіне келісілген график бойынша баруына тапсырыс берушінің ерікті келісімін растайтын құжат.
Тарау 2. 2-тарау. Құрылыс кезеңінде құрылыс объектісіне барудың жоспар-графигін келісу тәртібі, оның нысаны
2-тарау. Құрылыс кезеңінде құрылыс объектісіне барудың жоспар-графигін келісу тәртібі, оның нысаны
Тармақ 3
3. Тапсырыс беруші «бір терезе» қағидаты бойынша құрылыс жүргізуді ұйымдастыру үшін портал және цифрлық жүйелер (бұдан әрі-Портал) арқылы құрылыс кезеңінде құрылыс объектісіне барудың Жоспар-графигін (бұдан әрі - Жоспар-графигі) мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауын және қадағалауын жүзеге асыратын мемлекеттік органына (бұдан әрі – бақылау және қадағалау органы) келісу үшін жолдайды.
Тармақ 4
4. Құрылыс кезеңінде құрылыс объектісіне барудың Жоспар-графигі осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша жасалады және құрылыс-монтаждау жұмыстарының басталғаны туралы хабарламаға қоса беріледі. Жоспар-графигі Жоспар-графигінде көрсетілген барлық уақыт кезеңі ішінде әрекет етеді.
Тармақ 5
5. Осы Қағидалардың 11-тармағында көрсетілген жағдайларды қоспағанда, Тапсырыс беруші құрылыс кезеңінде құрылыс объектісіне барудың Жоспар-графигін бақылау және қадағалау органымен құрылыс-монтаждау жұмыстары басталмас бұрын келіседі.
Тармақ 6
6. Бақылау және қадағалау органы Жоспар-графикті алған күннен бастап 8 (сегіз) жұмыс күні ішінде осы Қағидалардың ережелеріне және құрылыс объектісінің құрылымдық, көлемдік-жоспарлау, инженерлік-техникалық және технологиялық көрсеткіштері бойынша Жоспар-графикте қабылданған шешімдерге сәйкестігіне салыстыруды жүзеге асырады.
Тармақ 7
7. Жоспар-графикті оң салыстыру кезінде Бақылау және қадағалау органы порталда электрондық цифрлық қолтаңба арқылы келісімін куәландырады.
Тармақ 8
8. Жоспар-графикті теріс салыстыру кезінде Бақылау және қадағалау органы алдын ала шешімді Порталға анықталған сәйкессіздіктерді толық сипаттай отырып қоса береді. Бақылау және қадағалау органы әкімшілік рәсімге қатысушыға Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 73-бабына сәйкес алдын ала шешімде өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік береді.
Тармақ 9
9. Тапсырыс берушінің шешімі бойынша, дәлелді бас тарту алынғаннан кейін, осы Қағидалардың 5-тармағының шарттары сақталған жағдайда, Жоспар-графикті келісу үшін қайтадан жүгінеді..
Тармақ 10
10. Бақылау және қадағалау органы осы Қағидаларға сәйкес Жоспар-графикті қайта салыстырып тексеруді жүзеге асырады.
Тармақ 11
11. Тапсырыс беруші құрылыс мерзімдерін өзгерту қажеттілігіне байланысты құрылыс-монтаждау жұмыстарының басталғаны туралы қайта хабарлама берген кезде Тапсырыс беруші Порталға түзетілген Жоспар-графикті енгізеді.
Тармақ 12
12. Бақылау және қадағалау органы Жоспар-графигі негізінде баратын объектілерге мыналар жатады: - Кодекстің 98-бабының 4-тармағында көрсетілген объектілерді қоспағанда, бюджет қаражаты және мемлекеттік инвестициялардың өзге де нысандары есебінен салынып жатқан құрылыс объектілері; - қаржыландыру көздеріне қарамастан көппәтерлі тұрғын үйлер мен әлеуметтік мақсаттағы объектілер.
Басқа 1.2. Құрылыс кезеңінде құрылыс объектісіне барудың жоспар-графигінің нысаны
Құрылыс кезеңінде құрылыс объектісіне барудың жоспар-графигін келісу қағидалары, оның нысанына қосымша Құрылыс кезеңінде құрылыс объектісіне барудың жоспар-графигінің нысаны Құрылыс кезеңінде құрылыс объектісіне барудың жоспар-графигі Толтырылған: ___________________________________________ (ұйымның атауы немесе жеке тұлғаның Т. А. Ә.) _______________________ (Ұйым басшысының Т. А. Ә.) Нысан: _________________________________________________________ (бекітілген жобаға сәйкес объектінің атауы) Жоба сараптамасының оң қорытындысы: 20__жылғы «__» ___________________________________ (қорытындының№ және күні, сараптама ұйымының атауы) Хабарлама: 20__ жылғы «__» _________ (күні) Мердігер: _______________________ (ұйымның атауы немесе жеке тұлғаның Т. А. Ә., лицензияның № және күні) Техникалық қадағалау: _______________________ (ұйымның атауы немесе жеке тұлғаның Т. А. Ә., № және аккредиттеу күні) техникалық қадағалау мамандары: _________________________________ _____________________________________________________________________ (Мамандардың т. а. ә., сертификаттардың № және күні) Авторлық сүйемелдеу: _________________________________________ (ұйымның атауы немесе маманның Т. А. Ә., сертификаттың № және күні) Жоспар-графигі бағытының кезеңі: _____________ р/с № Жұмыс, монтаждау түрлерінің атауы Жұмыстардың, монтаждаудың аяқталу мерзімі Құрылыс объектісіне бару күнінің басталуы Жауапты тұлға 1 2 3 4 5 Ескерту: Тапсырыс беруші осы Қағидалардың ережелерінің сақталуын тексеру мақсатында мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы мен қадағалауды жүзеге асыратын мемлекеттік органның құрылыс объектісіне баруына келісім береді. Бару кезеңі жұмыстарды жүргізу кестесіне сәйкес құрылыс объектісінің жауапты конструкцияларын, іске қосу кешендерін, ғимараттары мен құрылыстарын қабылдау кезеңдерін ескере отырып жасалуға тиіс; Құрылыс объектісіне алғашқы бару хабарлама жіберілген сәттен бастап 30 (отыз) күннен кешіктірілмей белгіленеді; Құрылыс объектісіне бару саны кемінде 3 (үш) ретті (құрылыс мерзімі 150 (жүз елу) күннен кем объектілерді қоспағанда), бірақ тоқсанына кемінде 1 (бір) ретті құрайды. Барулар арасындағы кезең 90 (тоқсан) күнтізбелік күннен аспауға тиіс; Объектіні пайдалануға қабылдау алдында құрылыс объектісіне міндетті түрде бару барудың жалпы санында ескеріледі, бұл ретте қабылдау кезінде бару мен алдыңғы бару арасындағы уақыт 90 күннен аспауы тиіс. Келісілді: Қызметкер __________________________________________________ _______________________________________________________________ (лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)) Ескерту: Құрылыс кезеңінде құрылыс объектісіне барудың Жоспар-графигін толтыру бойынша түсіндірме осы нысанға қосымшада келтірілген.
Басқа 1.3. Құрылыс кезеңінде құрылыс объектісіне барудың жоспар-графигін толтыру бойынша түсіндірме
Құрылыс кезеңінде құрылыс объектісіне барудың жоспар-графигі нысанына қосымша Құрылыс кезеңінде құрылыс объектісіне барудың жоспар-графигін толтыру бойынша түсіндірме
Тармақ 1
1. 1-бағанда реттік нөмірі көрсетіледі.
Тармақ 2
2. 2-бағанда Жоспар-графигіне сәйкес құрылыс объектісіне барған кезде жүзеге асырылатын жұмыстар, монтаждау түрлерінің толық атауы көрсетіледі.
Тармақ 3
3. 3-бағанда жұмыстарды аяқтау және 2-бағанда көрсетілетіндерді монтаждау мерзімі көрсетіледі.
Тармақ 4
4. 4-бағанда баруға кедергінің жоқтығын ескере отырып, құрылыс объектісіне барудың басталу күні көрсетіледі.
Тармақ 5
5. 5-бағанда құрылыс объектісіне бару кезінде Бақылау және қадағалау органына ілесіп жүретін жауапты тұлға (тұлғалар) туралы мәліметтер (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) лауазымы) көрсетіледі.