О признании утратившими силу некоторых актов акимата Актюбинской области Қолданыста

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 29.06.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Ақтөбе облысы әкімдігінің кейбір актілерінің күші жойылды деп тану туралы «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабының 2-тармағына сәйкес Ақтөбе облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Ақтөбе облысы әкімдігінің кейбір актілерінің күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 2
2. «Ақтөбе облысы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы қаулының ресми жарияланғанынан кейін оның Ақтөбе облысының әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақтөбе облысы әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 7. Ақтөбе облысы әкімдігінің күші жойылған кейбір актілерінің тізбесі
Ақтөбе облысы әкімдігінің 2026 жылғы 29 маусымдағы № 121 қаулыға қосымша Ақтөбе облысы әкімдігінің күші жойылған кейбір актілерінің тізбесі
Тармақ 1
1. Ақтөбе облысы әкімдігінің 2022 жылғы 28 наурыздағы № 80 «Мемлекеттік саяси қызметшілеріне қызметтік куәлігін беру қағидаларын және оның сипаттамасын бекіту туралы» қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 27363 болып тіркелген).
Тармақ 2
2. Ақтөбе облысы әкімдігінің 2023 жылғы 16 наурыздағы № 67 «Ақтөбе облысының жергілікті атқарушы органдарының және жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдарының мемлекеттік қызметшілеріне көтермелеулерді қолдану қағидаларын бекіту туралы» қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8316 болып тіркелген).
Тармақ 3
3. Ақтөбе облысы әкімдігінің 2023 жылғы 5 мамырдағы № 119 «Ақтөбе облысының жергілікті атқарушы органдарының және жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдарының мемлекеттік қызметшілеріне көтермелеулерді қолдану қағидаларын бекіту туралы» Ақтөбе облысы әкімдігінің 2023 жылғы 16 наурыздағы № 67 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8344 болып тіркелген).
Тармақ 4
4. Ақтөбе облысы әкімдігінің 2023 жылғы 4 мамырдағы № 118 «Ақтөбе облысында спорттың басым түрлерінің өңірлік тізбесін бекіту туралы» қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8346 болып тіркелген).