Об определении перечня приоритетных направлений расходов бюджета района Биржан сал Қолданыста
Басқа 0
Біржан сал ауданының
бюджет шығыстарының
басым бағыттарының
тізбесін анықтау туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңына, Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 27 маусымдағы № 328 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 211793 болып тіркелген) Бюджетті қазынашылық атқару және оған кассалық қызмет көрсету, қазынашылық есепке алу және мониторинг жүргізу рәсімдерінің 228-тармағына сәйкес, Біржан сал ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Біржан сал ауданының бюджет шығыстарының басым бағыттарының тізбесі осы қаулының қосымшасына сәйкес анықталсын.
Тармақ 2
2. «Біржан сал ауданының бюджет шығыстарының басым бағыттарының тізбесін анықтау туралы» Биржан сал ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 28 наурыздағы № а-3/127 (Нормативтік құқықтық актілерді тіркеудің мемлекеттік тізілімінде № 120587 тіркелген) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Біржан сал ауданы әкімінің орынбасары Е.М. Хасеновке жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы ресми жарияланған күнінен бастап күшіне енеді және қолданысқа енгізіледі..
Басқа 1. Біржан сал ауданының
бюджет шығыстарының басым бағыттарының
ТІЗБЕСІ
Біржан сал ауданы әкімдігінің
2026 жылғы «17» _06_________
№ _а-6/84_______ қаулысына
қосымша
Біржан сал ауданының
бюджет шығыстарының басым бағыттарының
ТІЗБЕСІ
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің борыштық міндеттемелерін өтеу және оларға қызмет көрсету жөніндегі төлемдер;
Тармақ 2
2. Зейнетақылар, жәрдемақылар және басқа да әлеуметтік төлемдер;
Тармақ 3
3. Жалақы және басқа да ақшалай төлемдер, оның ішінде штаттан тыс техникалық персоналдың жалақысы және жалақыдан барлық ұстап қалулар;
Тармақ 4
4. Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген ақшалай өтемақылар;
Тармақ 5
5. Алименттер;
Тармақ 6
6. Міндетті зейнетақы жарналары, жұмыс берушілердің міндетті зейнетақы жарналары, кәсіптік және ерікті зейнетақы жарналары, әлеуметтік аударымдар, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру аударымдар және (немесе) жарналар;
Тармақ 7
7. Тұрғын үй төлемдері;
Тармақ 8
8. Жеке тұлғаларға трансферттер;
Тармақ 9
9. Стипендиялар;
Тармақ 10
10. Банк қызметтеріне ақы төлеу;
Тармақ 11
11. Бюджеттік субвенциялар;
Тармақ 12
12. Салық пен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер.