Об определении видов и порядка поощрений, а также размера денежного вознаграждения граждан, участвующих в профилактике правонарушений в городе Алматы Қолданыста

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 23.06.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Алматы қаласында құқық бұзушылық профилактикасына қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлері мен тәртібін, сондай-ақ ақшалай сыйақының мөлшерін айқындау туралы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» және «Құқық бұзушылық профилактикасы туралы» Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Алматы қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Алматы қаласында құқық бұзушылық профилактикасына қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлері мен тәртібі, сондай-ақ ақшалай сыйақының мөлшері белгіленсін.
Тармақ 2
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы қаласы әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулы ол алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 4. Алматы қаласында құқық бұзушылық профилактикасына қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлері мен тәртібін, сондай-ақ ақшалай сыйақының мөлшері
Алматы қаласы әкімдігінің 2026 жылғы « » _______ №____ қаулысына қосымша Алматы қаласында құқық бұзушылық профилактикасына қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлері мен тәртібін, сондай-ақ ақшалай сыйақының мөлшері
Тарау 1. 1. Көтермелеу тәртібі
1. Көтермелеу тәртібі
Тармақ 1
1. Осы тәртіп Алматы қаласында құқық бұзушылық профилактикасына қатысатын азаматтарды көтермелеуді ұйымдастыру мәселелерін реттейді.
Тармақ 2
2. Құқық бұзушылық профилактикасына қатысатын азаматтарды көтермелеу мәселелерін ішкі істер органдарының ұсынуы бойынша Алматы қаласы аудандарының әкімдері құратын комиссиялар (бұдан әрі – Комиссия) қарайды.
Тармақ 3
3. Құқық бұзушылық профилактикасына белсенді қатысатын азаматтарды көтермелеу туралы ұсынысты комиссияның қарауына Алматы қаласы Полиция департаментінің полиция басқармалары мен бөлімдерінің бастықтары енгізеді.
Тармақ 4
4. Комиссия заңнамада белгіленген тәртіппен, егер олар құқық бұзушылықтардың алдын алуға, жолын кесуге немесе ашуға ықпал еткен болса, жергілікті атқарушы органдарда қоғамдық көмекші ретінде тіркелмеген азаматтарды да көтермелеуге құқылы.
Тармақ 5
5. Комиссия қабылдаған шешімге сәйкес Алматы қаласы Полиция департаменті бастығының бұйрығы құқық бұзушылық профилактикасына қатысатын азаматтарды көтермелеуге негіз болып табылады.
Тармақ 6
6. Құқық бұзушылық профилактикасына елеулі үлес қосқан адамдарды мемлекеттік наградамен және құрметті атақпен марапаттау үшін комиссия шешімінің негізінде Алматы қаласы Полиция департаментінің бастығы Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігіне тиісті ұсыныс жолдайды.
Тарау 2. 2. Көтермелеу түрлері
2. Көтермелеу түрлері
Тармақ 1
1. Құқық бұзушылық профилактикасына қатысатын азаматтарды көтермелеу түрлері:
Тармақша 1
1) алғыс жариялау;
Тармақша 2
2) грамотамен марапаттау;
Тармақша 3
3) ақшалай сыйақы төлеу;
Тармақша 4
4) білім беру және біліктілікті арттыру бағдарламалары бойынша оқуға жіберу;
Тармақша 5
5) ұйымдарға, кәсіпорындарға көтермелеу туралы ұсынымдар жіберу;
Тармақша 6
6) құқық бұзушылық профилактикасына елеулі үлес қосқан тұлғалар үшін мемлекеттік наградамен және құрметті атақпен марапаттау туралы ұсыныстар енгізу.
Тарау 3. 3. Ақшалай сыйақының мөлшері
3. Ақшалай сыйақының мөлшері
Тармақша 1
1) Құқық бұзушылық профилактикасына қатысатын азаматтарды көтермелеуге арналған ақшалай сыйақының мөлшерін комиссия белгілейді және ол 20 есе айлық есептік көрсеткіштен аспайды.
Тармақша 2
2) Ақшалай сыйақыны төлеуді Алматы қаласының Полиция департаменті жергілікті бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады. Келісушілер: Алматы қаласы әкімінің орынбасары А. Нүкенов Алматы қаласы әкімі аппаратының басшысы Е. Исабеков Алматы қаласы әкімі аппараты басшысының орынбасары Д. Тілеуов Алматы қаласы әкімі аппараты заң бөлімінің басшысы Г. Мырзабекова