Об утверждении Правил осуществления социальной помощи отдельным категориям нуждающихся граждан Қолданыста

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 22.12.2004. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қажет ететін азаматтардың жекелеген категорияларына әлеуметтік көмекті жүзеге асыру Ережесін бекіту туралы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 6 бабының, 1 бөліміне Есіл аудандық мәслихаты шешті:
Тармақ 1
1. Қажет ететін азаматтардың жекелеген категорияларына әлеуметтік көмекті жүзеге асыру Ережесі бекітілсін (қосымшаға сәйкес).
Тармақ 2
2. Ақмола облыстық әділет департаментінде 08.05.03 ж. №1777 болып тіркелген 2003 жылғы 25 сәуірдегі №26/2 «Азаматтардың жекелеген категорияларына әлеуметтік төлемді жүзеге асыру ережесі туралы» шешім күшін жойды деп танылсын.
Тармақ 3
3. Осы шешім Ақмола облыстық әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді және міндетті түрде мерзімдік басылымда жариялануға жатады.
Басқа 4
Аудандық мәслихаттың 2004 жылғы 22 желтоқсандағы № 13/6 шешіміні қосымша Жеке азаматтар тобына әлеуметтік төлем төлеуді жүзеге асыру Ережелері.
Тарау 1. 1. Жалпы ереже.
1. Жалпы ереже.
Тармақ 1
1. Жеке азаматтар тобына әлеуметтік төлем төлеуінің Негізгі Ережелері /әрі қарай Ережелер/ 451-007-000 «Жергілікті өкілеттік орындардың шешімі бойынша жеке азаматтар тобына әлеуметтік төлем төлеу» бюджеттік бағдарламасы бойынша ұйымдастыру тәртібін реттейді.
Тармақ 2
2. Ережені қабылдау үшін құқықтық негіз болып: Қазақстан Республикасының «Казақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» және «Бюджеттік жүйе туралы» Заңдары болып есептелінеді. Ереже әрекеті Қазақстан Республикасының «Мемлекеттің атаулы әлеуметтік көмек беру туралы» Заңымен реттелугс тиісті таралмайды.
Тарау 2. 2. Төлем алу құқығы.
2. Төлем алу құқығы.
Тармақ 4
4. Табысы аз, ең төменгі күнкөріс деңгейінен табысы төмен отбасылар /азаматтар/, төтенше жағдайларға ұшыраған, әлеуметтік жәрдем қажет ететіндер және мерекелік күндеріне байланысты жеке азаматтар тобы әлеуметтік төлем алуға құқылы. Өмірдің қиын жағдайлары болып: отбасы мүшесінің біреуінің қазаға ұшырауы, өкпе және қатерлі ісікпен ауыратындардың ұзақ емделуі, операция жасауға мұқтаждар Қазақстан Республикасы аумағы бойынша госпитализацияға сапар билетін алу, тағы да басқа комиссия шешімімен белгіленген жағдайлар саналады.
Тармақ 5
5. Аудан көлемінде тұратын орташа табысы ең төменгі күнкөріс табысынан аспайтын отбасылардың азаматтардың, кездейсоқ, оқыс оқиғаларға, апаттарға ұшырау салдарынан денсаулығына нұқсан келсе, төлем алу құқығына ие болады. Әлеуметтік төлем азаматтардың өтініштері бойынша комиссия шешімі бойынша былай бөлінуі мүмкін: Мүгедектерге, мүгедек балаларға санаториялық емделуіне материалдық көмек (курортты-санаториялық жолдамалар беру бойынша) - 15 000 мың теңге; Ұлы Отан соғысының мүгедектеріне, қатысушыларына және соларға тендестерге медициналық мекемелерде қаралуларына және емделулеріне материалдық көмек - 6000 тенге. Мүгедектерге (жолдама бойынша) Көкшетау қаласындағы медициналық мекемелерде қаралуы, емделуі үшін жол ақысына материалдық көмек ретінде 2000 теңге, ертіп апарушыға - 2000 тенге; Жалғызбасты зейнеткерлер мен мүгедектерге қайырымдылық астарын жүргізуіне материалдық көмек ретінде ай сайын 4000 теңге; Ұлы Отан соғысына қатысушыларды газетке жаздыру үшін материалдық көмек ретінде 1000 тенге.
Тарау 3. 3. Төлем төлеу жұмысын ұйымдастыру.
3. Төлем төлеу жұмысын ұйымдастыру.
Тармақ 6
6. Төлем төлеу жұмысын ұйымдастыру мақсатында аудандық маслихат депутаттарынан, аудандық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік корғау бөлім өкілдерінен, аудандық қоғам ұйымдарының мүшелсрінен, жергілікті өз-өзін басқару органдарынан арнаулы өкілдік берілген адамдар тобы құрылады. Арнаулы өкілдік берілген адамдар тобының саны, дербес құрамы аудандық маслихат шешімімен бекітіледі. Аудандық халықты әлеуметтік қорғау басқармасында айына бір рет арнаулы өкілдік берілген адамдар тобының отырысы өткізіледі.
Тармақ 7
7. Арнаулы өкілдік берілген адамдар тобының негізгі міндеттері мыналар болып саналады:
Тармақша 1
1) әлеуметтік көмек беру туралы азаматтар өтініштерін қарау,
Тармақша 2
2) көмек сұраған отбасының /азаматтың/ әлеуметтік-тұрмыстық жағдайы мен қамтамасыз етілу деңгейін тексеру;
Тармақша 3
3) әлеуметтік көмек берілуі не берілмеуі туралы шешім қабылдау.
Тарау 4. 4. Көмек берудің көлемі мен тәртібі.
4. Көмек берудің көлемі мен тәртібі.
Тармақ 8
8. Әлеуметтік төлем отбасының бір мүшесіне /азаматқа/ жылына бір рет ақшалай түрінде беріледі.
Тармақ 9
9. Әлеуметтік төлем алуына үміткер адам, аудандық халықты әлеуметтік қорғау басқармасына арыз береді. Арызға қоса мына құжаттар қосымшалануы керек:
Тармақша 1
1) жеке куәлік;
Тармақша 2
2) СТТН көшірмесі
Тармақша 3
3) отбасын тексеру актісі
Тармақша 4
4) әлеуметтік көмекті қажет етуді растайтын құжат
Тармақша 5
5) әлеуметтік көмек тағайындау туралы комиссия шешімі жанұя құрамы туралы анықтама;
Тармақ 10
10. Төлем төлеу арыз берушінің есеп айырысу есебіне қаражатты аудару арқылы төленеді.
Тармақ 11
11. Мерекелік күндерге орай төлем төлеу, осы төменде көрсетілген азаматтар тобына арыз бермей-ақ, есеп айырысу шотына қаражатты аудару арқылы жүргізіледі: *Соғысқа қатысқандарға «Алтын алқаң, «Күміс алқа», алқаларымен, батыр-ана орденімен марапатталған көп балалы аналарға, І.ІІ. дәрежелі , «Ана даңқы» орденді аналар, кәмелетке толмаған мүгедек балалары бар әйелдерге, тыл еңбеккерлеріне, оралмандарға халықаралық 8 Наурыз Әйелдер күніне байланысты 1000 теңге; Наурыз, мерекесіне байланысты жалғызбасты зейнеткерлерге 500 теңге; Ұлы Отан соғысына қатысқандарға және мүгедектерге 9 Мамыр Жеңіс күніне қарсы 5000 теңге; Қаза тапқан жауынгерлердің жесірлеріне, кәмелетке толмаған фашистік лагерь тұтқындарына, сонымен қатар соғыс жылдарындағы тыл еңбеккерлеріне 2000 теңге; Балаларды қорғау күніне қарсы мүмкіндігі шектеулі кемтар балаларға 1000 теңге; Қарттар Күніне байланысты Ұлы Отан соғысына қатысқандарға, тыл еңбеккерлеріне, қарасты мекемесі жоқ зейнеткерлерге 500 тенге. 1, 2 топтардағы мүгедектерге, бала кезінен болған мүгедектерге, мүгедектер Күніне байланысты 500 тенге.
Тармақ 12
12. Әрбір нақты жағдайда, төлем төлеу көлемі, арнаулы өкілдік берілген адамдар тобымен анықталады. Көмектің ең жоғарғы мөлшері 5000 теңгеден аспауы керек. Қаралған пунктегі 5 ереже жағдайларында, ең жоғарғы мөлшер төлемінің көбеюі мүмкін, бірақ ол 15000 - нан аспауы тиіс.
Тармақ 13
13. Әлеуметтік төлем төлеуді қаржыландыру осы мақсатқа 451-007-000 «Жергілікті өкілдік органдарының шешімі бойынша көмек қажет ететін азаматтардың жеке категориясына әлеуметтік көмек» бюджет бағдарламасы бойынша қарастырылған қаражат аумағында жүзеге асырылады.
Тарау 5. 5. Төлем төлеудің жүргізілу тәртібі
5. Төлем төлеудің жүргізілу тәртібі
Тармақ 14
14. Жиынтық тізілім негізінде мереке, күндеріне байланысты, әлеуметтік көмек беру төлемін Халық банкінде және почталық бөлімдерде алатын азаматтардың жеке шоттарына ақшалай қаражатты аудару жолы арқылы жүзеге асырылады.
Тармақ 15
15. Аудандық халықты әлеуметтік қорғау басқармасы әлеуметтік көмек төлемін төлеу үшін азаматтар тізімін жасайды. Қаражат көлеміндегі аудан бюджеттерінде қарастырылған тізімнің нақтылығына жауап береді.
Тарау 6. 6. Төлем төлеудің жүзеге асырылуын бақылау.
6. Төлем төлеудің жүзеге асырылуын бақылау.
Тармақ 16
16. Әлеуметтік төлем төлеу бақылауы мен есеп беруі Қазақстан Республикасының «Республикалық және жергілікті бюджеттердің орындалуын бақылау туралы» Заңына сәйкес жүзеге асырылады.