О внесении изменений в некоторые приказы Қолданыста
Басқа 0
Кейбір бұйрықтарға өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтардың тізбесі бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Еңбек және әлеуметтік әріптестік департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрыққа қол қойылғаннан кейін күнтізбелік бес күн ішінде оны мемлекеттік және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберуді;
Тармақша 2
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық 2026 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Басқа 0. Өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтардың тізбесі
Бұйрықпен бекітілген
Өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтардың тізбесі
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 1042 «Әлеуметтік қамсыздандыру саласының азаматтық қызметшілері лауазымдарының тізілімін бекіту туралы» бұйрығында (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12751 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы азаматтық қызметшілер лауазымдарының тізілімінде:
А1 және А2-жолдары мынадай редакцияда жазылсын:
«
А1
1
Басшы: ЗТМО; ЕҚРҒЗИ; ӘОДҒПО; біліктілікті арттыру курстарының (бұдан әрі – республикалық маңызы бар ММ және МҚК) басшысы
1-1
Республикалық маңызы бар ММ және МҚК басшысының орынбасары
2
Басшы:
Астана, облыстардың, және республикалық маңызы бар қалалардың Еңбек мобильділігі орталығының;
стационарлық үлгідегі ұйымның (психоневрологиялық патологиясы бар мүгедектігі бар балаларға арналған медициналық-әлеуметтік мекемелер; психоневрологиялық аурулары бар мүгедектігі бар адамдарға арналған медициналық-әлеуметтік мекемелер;
тірек-қозғалыс аппаратының қызметі бұзылған балаларға арналған медициналық-әлеуметтік мекемелер; қарттар мен мүгедектігі бар адамдарға арналған медициналық-әлеуметтік мекемелер; тәулік бойы тұру жағдайларында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге арналған ұйымдар);
жартылай стационарлық үлгідегі ұйымның (күндіз болу бөлімшесінің;
аумақтық және оңалту орталықтарының;
қызметтерді алушылардың ұйымда ұзақ немесе уақытша (6 айға дейінгі мерзімге) күндіз болу жағдайларында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге арналған ұйымдар) (бұдан әрі – облыстық маңызы бар (астананың, республикалық маңызы бар қаланың) ММ және МҚК) басшысы
2-1
Облыстық маңызы бар (астананың, республикалық маңызы бар қаланың) ММ және МҚК басшысының орынбасары
3
Астананың, аудандардың, облыстық және республикалық маңызы бар қалалардың Мансап орталығының;
жартылай стационарлық үлгідегі ұйымның (күндіз болу бөлімшелері; аумақтық және оңалту орталықтары; қызметтерді алушылардың ұйымда ұзақ немесе уақытша (6 айға дейінгі мерзімге) күндіз болу жағдайларында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге арналған ұйымдар);
үйде қызмет көрсету ұйымының (үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімшелері;
қызметтерді алушылардың тұрғылықты жері бойынша үйде қызмет көрсету жағдайларында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге арналған ұйымдар);
уақытша болу ұйымының (әлеуметтік бейімдеу орталықтары, қызметтерді алушыларға, оның ішінде адам саудасының құрбандарына, тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған және пробация қызметінде есепте тұрған адамдарға және басқаларға арналған түнде болу үйлері) (бұдан әрі – аудандық маңызы бар (облыстық маңызы бар қаланың) ММ және МҚК) басшысы
3-1
Аудандық маңызы бар (облыстық маңызы бар қаланың) ММ және МҚК басшысының орынбасары
А2
1
Республикалық маңызы бар ММ және МҚК басшысының әкімшілік-шаруашылық мәселелер жөніндегі орынбасары
Республикалық маңызы бар ММ және МҚК бас бухгалтері
ЗТМО облыстық филиалының басшысы
1-1
ЗТМО облыстық филиал басшысының орынбасары
ЕҚРҒЗИ және ӘОДҒПО филиалының басшысы
Республикалық маңызы бар ММ және МҚК бас бухгалтерінің орынбасары
ЗТМО орталық аппарат департаментінің директоры
Ғалым хатшы
2
Облыстық маңызы бар (астананың, республикалық маңызы бар қаланың) стационарлық үлгідегі ұйымның құрылымдық бөлімшесінің басшысы (жартылай стационарлық үлгідегі ұйымның басшысы);
Астана, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың Еңбек мобильділігі орталығының құрылымдық бөлімшесінің басшысы;
Облыстық маңызы бар (астананың, республикалық маңызы бар қаланың) стационарлық, жартылай стационарлық үлгідегі және уақытша болу ұйымы директорының әкімшілік-шаруашылық жұмыс жөніндегі орынбасары
Облыстық маңызы бар (астананың, республикалық маңызы бар қаланың) ММ және МҚК бас бухгалтері
Республикалық маңызы бар ММ және МҚК бас экономисі
ЗТМО облыстық филиалының бас бухгалтері
2-1
Облыстық маңызы бар (астананың, республикалық маңызы бар қаланың) стационарлық үлгідегі ұйымның құрылымдық бөлімше басшысының орынбасары (жартылай стационарлық үлгідегі ұйым басшысының орынбасары)
Облыстық маңызы бар (астананың, республикалық маңызы бар қаланың) стационарлық үлгідегі және жартылай стационарлық үлгідегі ұйымның медициналық бөлімшесінің меңгерушісі
Облыстық маңызы бар (астананың, республикалық маңызы бар қаланың) ұйымның құрылымдық бөлімшесі болып табылатын үйде қызмет көрсету бөлімшесінің меңгерушісі
Облыстық маңызы бар (астананың, республикалық маңызы бар қаланың) ММ және МҚК бас бухгалтерінің орынбасары
Облыстық маңызы бар (астананың, республикалық маңызы бар қаланың) ММ және МҚК бас экономисі
3
Аудандық маңызы бар (облыстық маңызы бар қаланың) ұйымның құрылымдық бөлімшесі болып табылатын жартылай стационарлық үлгідегі ұйымның медициналық бөлімшесінің меңгерушісі
Аудандық маңызы бар (облыстық маңызы бар қаланың) жартылай стационарлық үлгідегі ұйым, уақытша болу ұйымы директорының (басшысының) әлеуметтік жұмыс жөніндегі орынбасары
Аудандық маңызы бар (облыстық маңызы бар қаланың) уақытша болу ұйымы директорының әкімшілік-шаруашылық жұмыс жөніндегі орынбасары
Аудандық маңызы бар (облыстық маңызы бар қаланың) ММ және МҚК бас бухгалтері
3-1
Аудандық маңызы бар (аудандардың, астананың, облыстық маңызы бар және республикалық маңызы бар қалалардың) Мансап орталығының сектор басшысы
Аудандық маңызы бар (облыстық маңызы бар қаланың) ұйымның құрылымдық бөлімшесі болып табылатын жартылай стационарлық үлгідегі ұйым басшысының орынбасары
Аудандық маңызы бар (облыстық маңызы бар қаланың) ММ және МҚК бас бухгалтерінің орынбасары
Аудандық маңызы бар (облыстық маңызы бар қаланың) ММ және МҚК бас экономисі
».
Тармақ 2
2. «Басшылар, мамандар және басқа да қызметшілер лауазымдарының біліктілік анықтамалығын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2020 жылғы 30 желтоқсандағы № 553 бұйрығында (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22003 болып тіркелді):
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Басшылар, мамандар және басқа да қызметшілер лауазымдарының біліктілік анықтамалығында:
8-параграфта:
334-тармақтың жетінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«есту қабілеті бұзылған Қазақстан Республикасының азаматтары жұмыс істейтін ұйымдардың құрылымдық ерекшеліктері және бейіні;»;
9-параграфта:
36-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді:
«34. Білуге тиіс:»;
34-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді:
«35. Біліктілікке қойылатын талаптар:»;
10-параграфта:
35-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді:
«36. Лауазымдық міндеттері:»;
35-тармақтың он жетінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«байқау кеңесінің барлық мүшелеріне келіп түскен ұсыныстар туралы хабарлайды және ұсыныстарда көрсетілген мәселелерді қарау және шешуде мүше ішіндегі әр адамның мүдделігін анықтайды;»;
36-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді:
«37. Білуге тиіс:»;
37-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді:
«38. Біліктілікке қойылатын талаптар:»;
11-параграфта:
38-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді:
«39. Лауазымдық міндеттері:»;
36-параграфта:
114-тармақтың үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«жатақханаға келгендерді қоныстандыруды жүзеге асырады, жатақханаға қоныстанған және шығып кеткен Қазақстан Республикасы азаматтарының уақтылы және дұрыс тіркелуін қадағалайды;»;
41-параграфта:
129-тармақтың сегізінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«сақтау камерасына келіп түскен заттарға, сонымен қатар Қазақстан Республикасы азаматтары (жолаушылары) жоғалтқан заттарға құжаттар ресімдейді, белгіленген мерзім өтісімен олардың қайтарылуын немесе сатуға тапсырылуын қамтамасыз етеді;»;
43-параграфта:
438-тармақтың он бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«зияткерлік меншік объектісінің құнын анықтаған кезде басшылыққа алу қажет Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңдары мен нормативті құқықтық актілері бойынша клиенттерге консультация береді;»;
56-параграфта:
477-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«477. Лауазымдық міндеттері:
халықты кәсіптік бағдарлау және психологиялық қолдау жөніндегі қызметті жүзеге асырады;
Қазақстан Республикасының азаматтарына кәсіптік өзін-өзі билеуде, кәсіби мансаптың қалыптасуына және дамуына, кәсіпті таңдауда немесе ауыстыруына негізді шешім қабылдауына, психологиялық ерекшеліктеріне байланысты кәсіптік білім алуға жіберуге, қажеттілігіне, мүмкіндіктеріне, жасына, денсаулығына, кәсіби қабілетінің даму перспективаларына, соңдай-ақ еңбек нарығында қалыптасқан әлеуметтік-экономикалық жағдайларға байланысты көмек көрсетеді;
кәсіптік бағдарлаудың негізгі мақсаттарына жетуге - қоғамның кәсіби, зияткерлік және шығармашылық әлеуетінің артуына, Қазақстан Республикасы азаматтарының әлеуметтенуі мен кәсіптік орнығуына, үздіксіз кәсіби дамуына, нарықтық экономика жағдайында бәсекеге қабілеттілігін арттыруға және әлеуметтік-психологиялық бейімделуіне ықпал жасайды;
білім алушы жастарды, жұмыссыз және жұмыспен қамтылмаған Қазақстан Республикасы азаматтарын, кәсіпорындардан, ұйымдардан, мекемелерден босатылатын Қазақстан Республикасы азаматтарын, әскери қызметтен босатылған азаматтарды, мүгедектігі бар адамдарды және азаматтардың өзге де санаттарын кәсіптік бағдарлау және психологиялық қолдау саласындағы бағдарламаларды, жұмыстың тиімді әдістерін әзірлеуге және енгізуге қатысады, кәсіптік бағдарлау ақпараттық және әдістемелік материалдарды әзірлейді және таратады;
Қазақстан Республикасының азаматтарын, оның ішінде нақты бір кәсіпорында, ұйымда, мекемеде, еңбек нарығы туралы, оның белгілі бір өңірдегі ерекшелігі туралы, кәсіптердің және лауазымдардың ерекшеліктері, оларда тұлғаға қойылатын талаптар туралы хабардар етеді;
Қазақстан Республикасының азаматтарын кәсіптермен, мамандықтармен, нақты жұмыс орындарымен таныстырады;
ақпараттық және анықтама материалдарын, профессиограмма, психологиялық және кәсіптік диагностика тәсілдерін, кіру бақылау, алғашқы психодиагностика, тану қабілеттілігі диагностикасы (жады, ойлану, назар және өзге де) және тұлғалық ерекшеліктер, кәсіби маңызды ерекшеліктер диагностикасы тәсілдерін қолдану арқылы кәсіптік консультация жүргізеді;
нормативтік қойылатын талаптарға сәйкес адамның нақты бір мамандыққа (жұмыс орнына, лауазымға) кәсіби жарамдылығын айқындайды;
Қазақстан Республикасының азаматтарына еңбек, кәсіби, әлеуметтік өзін-өзі ұсынуында кедергі болатын психологиялық проблемалардың өзектілігін азайту мақсатында психологиялық қолдау көрсетеді, қажет болған жағдайда тұлғалық ерекшеліктерінің диагностикасын жүргізеді және олардың психикалық жай-күйін түзетеді;
еңбек нарығы жағдайында Қазақстан Республикасы азаматтарын психологиялық және әлеуметтік бейімдеу бойынша жұмысты ұйымдастырады, жұмысты тиімді іздеу қабілетіне оқытады;
Қазақстан Республикасы азаматтарының кәсіби өзін-өзі ұсыну бойынша туындайтын проблемалары бойынша социологиялық зерттеулерге, халықтың кәсіптік бағдарлау және психологиялық қолдау қызметіне қажеттілігін айқындау және осы қызметтің тиімділігін бағалау бойынша жұмысқа қатысады, отандық және халықаралық тәжірибені ескере отырып оларды жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізеді;
статистикалық деректердің есебін жүргізеді, мемлекеттік және ведомстволық статистикалық есептілік нысандары бойынша есептер дайындайды;
халыққа еңбек, жұмыспен қамту, кәсіптік бағдарлау және халыққа психологиялық қолдау көрсету саласындағы заңдары мен өзге де нормативтік құқықтық актілерін қолдану бойынша консультация береді.»;
85-параграфта:
262-тармақтың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасындағы шаруашылық жүргізу субъектілерінің шаруашылық қызметін реттейтін заңдар және өзге де нормативтік құқықтық актілері;».
Тармақ 3
3. «Кәсіби мерекелердің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 29 маусымдағы № 258 бұйрығында (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32924 болып тіркелді):
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Кәсіби мерекелердің тізбесінде:
реттік нөмірі 25-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«
25.
Қазақстан Республикасының қолөнершілер күні
– 7 шілде
»;
реттік нөмірі 50-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«
50.
Қазақстан Республикасының кәсіптік одақтарының күні
– 10 қазан
»;
реттік нөмірі 60-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«
60.
Қазақстан Республикасының кәсіпкерлері күні
– 29 қазан
».
Тармақ 4
4. «Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығын (1-шығарылым) бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 1 қыркүйектегі № 364 бұйрығына:
Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы (1-шығарылым) мынадай редакцияда жазылсын:
117-тармақтың сегізінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасы азаматтары жол жүруден, ұшудан бас тартқан және өзге де жағдайларда олардан жол жүру және өзге де жағдайларда олардан жол жүру және өзге де құжаттарды қабылдау, олар төлеген ақшаны қайтару;»;
396-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«Білуге тиіс:
киім үлгілерін оның сипатына қарай көрсету тәртібін;
Қазақстан Республикасындағы және одан тыс жерлердегі костюмдердің тарихы мен сән бағыттарын;»
398-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«398.Білуге тиіс:
киім үлгілерін оның сипатына қарай көрсету тәртібін;
Қазақстан Республикасындағы және одан тыс жерлердегі костюмдердің тарихы мен сән бағыттарын;»
сегізінші абзац 411-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«жол жүру ақысы төленбейтін немесе жол жүру ақысын төлеу бойынша жеңілдіктерге құқығы бар жолаушылар санаттарының тізбесі»;
бесінші абзац 1075-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«эскалаторларға кіру және одан түсу кезінде қарт адамдарға, мүгедектігі бар адамдарға және балалары бар жолаушыларға көмек көрсету;»
Тармақ 5
5. «Персоналды басқару қызметтері қызметкерлерінің салааралық уақыт нормативтерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2024 жылғы 26 тамыздағы № 329 бұйрығына:
Персоналды басқару қызметтері қызметкерлерінің салааралық уақыт нормативтеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:
56-параграфта:
алтыншы абзац 40-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде болудың шекті жасына жеткен немесе денсаулық жағдайы бойынша әскери қызметке жарамсыз деп танылған Қазақстан Республикасы азаматтарының жеке карточкаларында (№ Т-2 нысаны) әскери есептен шығарылғаны туралы белгіні қою;».
Тармақ 6
6. «Орыс тілінен мемлекеттік тілге және мемлекеттік тілден орыс тіліне құжаттарды аудару жөніндегі жұмыстарға салааралық уақыт нормаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің міндетін атқарушы 2024 жылғы 26 тамыздағы № 331 бұйрығына:
Орыс тілінен мемлекеттік тілге және мемлекеттік тілден орыс тіліне құжаттарды аудару жөніндегі жұмыстарға арналған салааралық уақыт нормаларына мынадай өзгерістер енгізілсін:
бесінші абзац 2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«уақыт нормаларын әзірлеу негізіне аудармамен, құжаттарды редакциялаумен, оның ішінде Қазақстан Республикасы азаматтары мен ұйымдарының хаттарын аударумен айналысатын қызметкерлердің еңбегін қолданыстағы ұйымдастыру материалдары алынған.».
9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«уақыт нормаларында жазбаша аудару және құжаттарды, оның ішінде Қазақстан Республикасы азаматтары мен ұйымдарының хаттарын редакциялау жөніндегі тапсырмаларды алуға және жұмысты тапсыруға жұмсалатын уақыт ескерілген.».