Об отмене некоторых актов акимата Актюбинской области Қолданыста
Басқа 0
Ақтөбе облысы әкімдігінің кейбір актілерінің күшін жою туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына, «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27, 35-баптарына сәйкес Ақтөбе облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Ақтөбе облысы әкімдігінің кейбір актілерінің күші жойылсын.
Тармақ 2
2. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Басқа 3
Ақтөбе облысы әкімдігінің
2026 жылғы 30 маусымдағы
№ 122 қаулыға қосымша
Ақтөбе облысы әкімдігінің күші жойылған кейбір актілерінің тізбесі
Тармақ 1
1. «Ақтөбе облысының жергілікті атқарушы органдары «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесін бекіту туралы» Ақтөбе облысы әкімдігінің 2018 жылғы 5 наурыздағы № 105 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Ақтөбе облысы әкімдігінің 2023 жылғы 27 наурыздағы № 78 қаулысы.
Тармақ 2
2. «Ақтөбе облысының жергілікті атқарушы органдары «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесін бекіту туралы» Ақтөбе облысы әкімдігінің 2018 жылғы 5 наурыздағы № 105 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Ақтөбе облысы әкімдігінің 2023 жылғы 14 шілдедегі № 178 қаулысы.
Тармақ 3
3. «Мемлекеттік саяси қызметшілеріне, «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшісіне қызметтік куәлігін беру қағидаларын және оның сипаттамасын бекіту туралы» Ақтөбе облысы әкімдігінің 2022 жылғы 28 наурыздағы № 80 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Ақтөбе облысы әкімдігінің 2023 жылғы 14 шілдедегі № 179 қаулысы.
Тармақ 4
4. «Ақтөбе облысының жергілікті атқарушы органдары «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесін бекіту туралы» Ақтөбе облысы әкімдігінің 2018 жылғы 5 наурыздағы № 105 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Ақтөбе облысы әкімдігінің 2025 жылғы 7 қазандағы № 216 қаулысы.