О предельных (максимальных) размерах земельных участков, которые могут находиться в частной собственности Мәртебесі расталмаған

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 14.08.2017. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Жеке меншікте болуы мүмкін жер учаскелерінің шекті (ең жоғары) мөлшері туралы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 6 бабының 1 тармағы 13) тармақшасына, Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 50 бабының 3 тармағына сәйкес облыстық мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ және облыс әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Азаматтарға берілетін, жеке меншікте болуы мүмкін жер учаскелерінің шекті (ең жоғары) мөлшері мынадай болып белгіленсін:
Тармақша 1
1) ауылдық жерлерде өзіндік қосалқы шаруашылық (үй маңындағы және егістік телімдерді қоса алғанда) жүргізу үшін - суарылмайтын жерде 0,40 гектарға (оның ішінде тегін 0,25 га) дейін және суарылатын жерде 0,25 гектарға (оның ішінде тегін 0,15 га) дейін;
Тармақша 2
2) жеке тұрғын үй құрылысы үшін 0,20 гектарға (оның ішінде тегін 0,10 га) дейін;
Тармақша 3
3) бағбандық, сондай-ақ саяжай құрылысы үшін 0,20 гектарға (оның ішінде тегін 0,12 га) дейін;
Тармақ 2
2. Аудандар мен Ақтөбе қаласының әкімдері, "Облыстық жер ресурстарын басқару жөніндегі комитет" ММ төрағасы (М. Н. Жекеев) көрсетілген талаптардың орындалуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Ақтөбе облыстық мәслихаты мен Ақтөбе облысы әкімиятының 2001 жылғы 14 желтоқсандағы N 8 "Тауарлы ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін жеке меншікте болуы мүмкін, сондай-ақ ұзақ мерзімді пайдаланудағы жер учаскелерінің шекті (ең жоғары) мөлшері туралы" облыстық әділет басқармасында 2002 жылы 18 қаңтарда N 1404 тіркелген бірлескен шешімінің күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 4
4. Осы шешім Ақтөбе облысының әділет департаментінде тіркелген күннен бастап күшіне енеді және жариялануға тиіс.