Қоғамдық тәртіпті қорғауға бекітілген аумақтың қараушысы жөнінде ереже бекіту туралы Күшін жойған
Басқа 0
Қоғамдық тәртіпті қорғауға бекітілген аумақтаң қараушысы жөнінде ереже бекіту туралы
«Халықты жұмыспен қамту туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 149 Қазақстан Республикасы Заңының 7 бабының 5 тармағына , «Қазақстан Республикасындағы жергілікті басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148 Қазақсатан Республикасы Заңының 31 бап 1 тармағының 13 тармақшасына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 қаулысымен бекітілген қоғамдық ұйымдастыру мен қаржыландыру ережелеріне сәйкес қаланың тұрғындар қорындағы заң бұзушылық пен қылмыстардың алдын алуда ішкі істер органдарына көмектесу мақсатында қала әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ;
Тармақ 1
1. Қосымшаға сәйкес қоғамдық тәртіпті қорғауға бекітілген аумақтық қараушысы жөнінде ереже бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы қаулының орындалысына бақылау жасау қала әкімінің орынбасары Г.М. Қалмұратоваға жүктелсін.
Басқа 3
23 желтоқсан 2004 ж.№ 878
Ақтау қаласы әкімиятының
қаулысына 1 қосымша
Е Р Е Ж Е
Қоғамдық тәртіпті қорғауға бекітілген аумақтың қараушылары туралы.
Тарау 1.1. 1.1. Жалпы ереже.
1.1. Жалпы ереже.
Тармақ 1
1. Қараушы—Ақтау қалалық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау бөлімінде тіркеуде тұрған, қаланың тұрғындар қорындағы заң бұзушылық пен қылмыстың алдын алу, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету үшін уақытша қоғамдық жұмысқа тартылған жұмыссыз.
Тармақ 2
2. Қараушы Ақтау қаласы бойынша Ішкі Істер Басқармасымен жасалған еңбек шарты негізінде жұмыс жасайды.
Тармақ 3
3. Қараушы Ақтау қаласы бойынша Ішкі Істер Басқармасымен бекіткен учаскелік полиция инспекторымен тығыз өзара қызмет жасайды.
Тармақ 4
4. Қараушының атқаратын қызметіне, қызмет көрсету аумақтарын белгілеу, жұмыс уақыты табелінің есебін жүргізу, жасалынған жұмыстарына акт жасауды Ақтау қаласы Ішкі Істер Басқармасы жүзеге асырады.
Тармақ 5
5. Ақтау қаласы Ішкі Істер Басқармасы Ақтау қалалық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау бөлімінің жолдамасымен келген қараушыны жұмысқа қабылдап, жұмысқа бекіту туралы және жұмыстан босату туралы бұйрық шығарады жүктелген қызметтерді міндетті түрде орындау керектігі жөнінде шарт жасайды немесе жалпы белгіленген тәртіп бойынша шартты бұзады. Қараушыға мөр басылған куәлік тапсырады.
Тармақ 6
6. Ақтау қаласы Ішкі Істер Басқармасы белгіленген тәртіпті бұзған кез-келген байқаушымен шартын бұзуға құқығы бар.
Тарау 2. 2. Қараушының қызметтері мен міндеттері.
2. Қараушының қызметтері мен міндеттері.
Тармақ 1
1. Қараушы учаскелік полиция инспекторларына заң бұзушылықтың қоғамдық алдын алу, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету, азаматтардың жеке бас және мүліктерінің қауіпсіздігіне, заң бұзушылық пен қылмыстарды болдырмауға көмектесуге міндетті.
Тармақ 2
2. Қараушының негізгі қызметтері:
Тармақша 1
1)үйлер, подъездер, шағын аудандар немесе қызмет көрсету аумақтарында тәртіпке бақылау жасау;
Тармақша 2
2)әлеуметтік — қауіпті азаматтардың топталу орындарын анықтау.
Тарау 3. 3. Қараушының құқықтары мен міндеттері.
3. Қараушының құқықтары мен міндеттері.
Тармақ 1
1. Қараушы өз қызметін заң қағидалары негізінде азаматтарды, құрметтеу құқығы мен еркіндігін сақтау арқылы жүзеге асырады.
Тармақ 2
2. Қараушының құқығы:
Тармақша 1
1)ішкі істер органдарына бақылау қызметтерінен тыс қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге көмектесу;
Тармақша 2
2)заң бұзушылық, маскүнемдік, наркомания және токсикоманияның алдын алу құқықтық және түсінік беру жұмыстарын жүзеге асыру;
Тармақша 3
3)азаматтардан қоғамдық тәртіпті сақтауды талап ету;
Тармақша 4
4) азаматтардың еркіндігі мен конституциялық құқықтарын сақтау;
Тармақша 5
5)Ішкі істер органдарына даиындалып жатқан немесе жасалынған залы ақпарат беру;
Тармақша 6
6)Азаматтардың талабы бойынша қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге заңды екендігін растайтын куәлікті көрсету;
Тармақша 7
7)әкімшілік заң бұзушылық немесе жасалған қылмыстары үшін ұсталған кездеріне қолданылатын көндіру шараларының негізін түсіндіру;
Тармақша 8
8)Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету шараларына қатысудан бұрын құқықтық дайындықтан өту;
Тармақша 9
9)жасалынған жұмыстарға есеп жүргізу.
Тарау 4. 4. Жұмыс уақыты.
4. Жұмыс уақыты.
Тармақ 1
1. Қараушылар толық емес жұмыс күні жағдайында тиімді кесте бойынша жасауына болады.
Тарау 5. 5. Қараушылардың еңбек төлемдері.
5. Қараушылардың еңбек төлемдері.
Тармақ 1
1. Қараушыға еңбекақы жергілікті бюджет қорынан ең аз бір жарым еңбекақы мөлшерінде есептеледі.
Тарау 6. 6. Қаржыландыру және бақылау.
6. Қаржыландыру және бақылау.
Тармақ 1
1. Қоғамдық жұмыстарды қаржыландыру жергілікті бюджет қорынан 258 010 101 бағдарламасының 149-шы «Қоғамдық жұмыстар» спецификасы бойынша жүргізіледі.
Тармақ 2
2. Ақтау қаласы Ішкі Істер Басқармасы әр айдың 25-ші жұлдызына дейін Ақтау қалалық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау бөліміне қараушылардың жұмыс уақыты табелі мен жасалған жұмыстар туралы актілер тапсырады.
Тармақ 3
3. Ақтау қалалық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау бөлімі ағымдағы шотқа қаржының түсуіне қарай үш күн ішінде Халықтық жинақ банкінің филиалдарындағы жұмыссыздардың жеке еңбек ақыларын аударады.
Тармақ 4
4. Ақтay қалалық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау бөлімі әр айдың 10-шы жұлдызына дейін халық жинақ банкімен салыстырылып тексерілген актілер бойынша облыстық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармасына есептелген және пайдаланылған қаржылар туралы есеп береді,
Тармақ 5
5. Қоғамдық жұмыстарға бөлінген қаржыларды дұрыс пайдалануға Ақтау қалалық еңбек , жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау бөлімі, қаржыландыру органдары және қаржыландыруды бақылау органдары бақылау жүргізеді.