О предоставлении помещений для проведения встреч с избирателями на территории города Алатау Қолданыста
Басқа 0
Алатау қаласы бойынша сайлашылармен кездесулер үшін үй-жайлар беру туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 28-бабының 4 және 6-тармақтарына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына сәйкес, Алатау қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Сайлау алдындағы үгіт кезеңінде кандидаттар мен партиялық тізімдерін ұсынған саяси партиялардың сайлаушылармен кездесулері мен жиналыстарын өткізу үшін осы қаулының қосымшасына сәйкес шарттық негізде үй-жайлар (залдар) берілсін.
Тармақ 2
2. Осы қаулының қосымшасында көрсетілген үй-жайлар барлық кандидаттар мен саяси партияларға тең, бірдей және объективті шарттарда ұсынылатыны белгіленсін.
Тармақ 3
3. Алатау қаласы бойынша лауазымды тұлғаларына және мемлекеттік қызметшілеріне қызметтік міндеттерін атқару кезінде сайлау алдындағы үгіт жүргізуге және кез келген үгіт материалдарын таратуға үзілді-кесілді тиым салынсын.
Тармақ 4
4. Осы қаулының көшірмесі тиісті аумақтық сайлау комиссиясына мәлімет үшін дереу жіберілсін және бұқаралық ақпарат құралдарында жариялансын.
Тармақ 5
5. Осы қаулының орындалуын бақылау Алатау қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына және Алатау қаласы әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.
Тармақ 6
6. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Басқа 7. Алатау қаласы бойынша сайлаушылармен кездесулер мен жиналыстарын өткізу үшін
ұсынылатын үй-жайлардың (залдардың) тізімі
Алатау қаласы әкімдігінің
«___»__________2026 жылғы
№_______қаулысына қосымша
Алатау қаласы бойынша сайлаушылармен кездесулер мен жиналыстарын өткізу үшін
ұсынылатын үй-жайлардың (залдардың) тізімі
№
Объектінің (үй-жайдың) атауы
Нақты мекенжайы (көшесі, ғимарат нөмірі)
Баланс ұстаушы мемлекеттік мекеме / ұйым
1
«№4 орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің акт залы
Алатау қаласы Жетіген ықшам ауданы Абылай хан көшесі, 4
«Алатау қаласының білім бөлімі» ММ-сі
2
«№5 орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің акт залы
Алатау қаласы Жетіген ықшам ауданы Қалибеков көшесі, 5
«Алатау қаласының білім бөлімі» ММ-сі
3
«№6 орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің акт залы
Алатау қаласы Жетіген ықшам ауданы Жігер көшесі, 86
«Алатау қаласының білім бөлімі» ММ-сі
4
«Алатау қаласының мәдениет үйі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының акт залы
Алатау қаласы Арна ықшам ауданы Школьная көшесі, 6/1
«Алатау қаласының білім бөлімі» ММ-сі
5
«№1 орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің акт залы
Алатау қаласы Заречный ықшам ауданы Дзержинский көшесі, 3А
«Алатау қаласының білім бөлімі» ММ-сі
6
«№8 орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің акт залы
Алатау қаласы Құйған ықшам ауданы Мәңгілік ел көшесі, 1А
«Алатау қаласының білім бөлімі» ММ-сі
7
«№7 орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің акт залы
Алатау қаласы Еңбек ықшам ауданы Сарысу көшесі, 41
«Алатау қаласының білім бөлімі» ММ-сі
8
«№9 орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің акт залы
Алатау қаласы Жаңаарна ықшам ауданы Талқанбай көшесі, 7
«Алатау қаласының білім бөлімі» ММ-сі
9
«№3 орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің акт залы
Алатау қаласы Дәулет ықшам ауданы Центральная көшесу, 34
«Алатау қаласының білім бөлімі» ММ-сі
10
«№10 орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің акт залы
Алатау қаласы Жаңаталап ықшам ауданы Қонаев көшесі, 1
«Алатау қаласының білім бөлімі» ММ-сі
11
«№12 орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің акт залы
Алатау қаласы Жаңадәуір ықшам ауданы Мир көшесі, 3
«Алатау қаласының білім бөлімі» ММ-сі
12
«№15 орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің акт залы
Алатау қаласы Ынтымақ ықшам ауданы Әл-Фараби көшесі, 2А
«Алатау қаласының білім бөлімі» ММ-сі
13
«№14 орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің акт залы
Алатау қаласы Қоянқұс ықшам ауданы Абай көшесі, 2Е
«Алатау қаласының білім бөлімі» ММ-сі
14
«№20 орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің акт залы
Алатау қаласы Қоянқұс ықшам ауданы «Gate city» тұрғын үй кешені
«Алатау қаласының білім бөлімі» ММ-сі