Об утверждении требований к содержанию, ведению и информационному наполнению цифровыми данными и цифровыми записями веб-портала «цифрового правительства» Қолданыста

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 01.07.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Цифрлық үкімет» веб-порталының мазмұнына, жүргізілуіне және цифрлық деректермен және цифрлық жазбалармен ақпараттық толықтырылуына қойылатын талаптарды бекіту туралы Қазақстан Республикасының Цифрлық кодексінің 75-бабының 4-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған «Цифрлық үкімет» веб-порталының мазмұнына, жүргізілуіне және цифрлық деректермен және цифрлық жазбалармен ақпараттық толықтырылуына қойылатын талаптар бекітілсін.
Тармақ 2
2. Мыналардың:
Тармақша 1
1) «Электрондық үкіметтің» веб-порталын күтіп-ұстауға, жүргізуге және электрондық ақпараттық ресурстармен ақпараттық толықтыруға қойылатын талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2016 жылғы 26 қаңтардағы № 74 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13193 болып тіркелген);
Тармақша 2
2) «Электрондық үкіметтің» веб-порталын күтіп-ұстауға, жүргізуге және электрондық ақпараттық ресурстармен ақпараттық толықтыруға қойылатын талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2016 жылғы 26 қаңтардағы № 74 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің міндетін атқарушының 2024 жылғы 22 шiлдедегi № 435/НҚ (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 34790 болып тіркелген) бұйрығының күшi жойылды деп танылсын.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер комитеті Қазақстан Республикасында заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
Тармақша 3
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтер ұсынуды қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 5
5. Осы бұйрық 2026 жылғы 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.
Басқа 0. «Цифрлық үкімет» веб-порталының мазмұнына, жүргізілуіне және цифрлық деректермен және цифрлық жазбалармен ақпараттық толықтырылуына қойылатын талаптар
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі 2026 жылғы 1 шілдедегі № 369/НҚ Бұйрығымен бекітілген «Цифрлық үкімет» веб-порталының мазмұнына, жүргізілуіне және цифрлық деректермен және цифрлық жазбалармен ақпараттық толықтырылуына қойылатын талаптар
Тарау 1. 1-тарау. Порталдың мазмұнына және жүргізілуіне қойылатын талаптар
1-тарау. Порталдың мазмұнына және жүргізілуіне қойылатын талаптар
Тармақ 1
1. Порталдың мазмұнына мынадай қойылатын талаптар белгіленеді:
Тармақша 1
1) мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы толық әрі анық ақпараттың болуы;
Тармақша 2
2) ұсынылатын ақпараттың уақтылы өзектендіріліп отыруы;
Тармақша 3
3) ақпараттың қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде орналастырылуы;
Тармақша 4
4) ақпараттың пайдаланушылардың қабылдауы мен пайдалануына қолжетімді болуы.
Тармақ 2
2. Порталды жүргізілуіне мынадай қойылатын талаптар белгіленеді:
Тармақша 1
1) порталдың тәулік бойы үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету;
Тармақша 2
2) анықталған техникалық ақауларды уақтылы жою;
Тармақша 3
3) порталдың цифрлық деректері мен цифрлық жазбаларын Қазақстан Республикасының киберқауіпсіздік, дербес деректер және оларды қорғау туралы заңнамасының талаптарына сәйкес қорғауды қамтамасыз ету.
Тарау 2. 2-тарау. Порталды цифрлық деректермен ақпараттық толықтыруға қойылатын талаптар
2-тарау. Порталды цифрлық деректермен ақпараттық толықтыруға қойылатын талаптар
Тармақ 3
3. Порталды цифрлық деректермен ақпараттық толықтыру кезінде мынадай талаптар белгіленеді:
Тармақша 1
1) цифрлық деректердің анықтығы мен өзектілігі;
Тармақша 2
2) мәтіндік материалдар құжат (Document – .doc), кеңейтілетін белгілеу тілі (Extensible Markup Language – .xml), презентация (PowerPoint Presentation – .ppt), тасымалданатын құжат пішімі (Portable Document Format – .pdf), байытылған мәтін пішімі (Rich Text Format – .rtf) форматтарында ұсынылады, ал графикалық материалдар мен фотосуреттер цифрлық түрде біріккен фотографиялық сарапшылар тобының форматы (Joint Photographic Experts Group – .jpeg) және графикалық алмасу форматы (Graphics Interchange Format – .gif) форматтарында ұсынылады.
Тарау 3. 3-тарау. Порталды цифрлық жазбалармен ақпараттық толықтыруға қойылатын талаптар
3-тарау. Порталды цифрлық жазбалармен ақпараттық толықтыруға қойылатын талаптар
Тармақ 4
4. Порталды цифрлық жазбалармен ақпараттық толықтыру кезінде мынадай талаптар белгіленеді:
Тармақша 1
1) цифрлық жазбалардың анықтығы мен өзектілігі;
Тармақша 2
2) ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында нормативтік құқықтық актілер жобалары туралы ақпарат, оларға қоса салыстырмалы кестелер (қолданыстағы нормативтік құқықтық актіге өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілген жағдайда) және түсіндірме жазбалар орналастырылуы;
Тармақша 3
3) ашық бюджеттердің интернет-порталында бюджеттік есептілік және мемлекеттік аудит нәтижелері туралы ақпарат орналастырылуы;
Тармақша 4
4) мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін бағалау интернет-порталында Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының бағалау парақтары туралы ақпарат орналастырылуы.