О признании утратившими силу некоторых решений Успенского районного маслихата Қолданыста
Басқа 0
Успен аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы
«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабының 1-тармағына сәйкес Успен аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Успен аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 2
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Успен аудандық мәслихатының тұрақты комиссияларына жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 4. Успен аудандық мәслихатының күші жойылды деп танылған кейбір шешімдерінің тізбесі
Успен аудандық
мәслихатының 2026 жылғы
26 маусымдағы № 235/53
шешіміне қосымша
Успен аудандық мәслихатының күші жойылды деп танылған кейбір шешімдерінің тізбесі
Тармақ 1
1. «Успен ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» Успен аудандық мәслихатының 2023 жылғы 21 желтоқсандағы № 70/12 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7455-14 болып тіркелген).
Тармақ 2
2. «Успен аудандық мәслихатының 2023 жылғы 21 желтоқсандағы № 70/12 «Успен ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы» Успен аудандық мәслихатының 2024 жылғы 13 қыркүйектегі № 115/22 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7598-14 болып тіркелген).
Тармақ 3
3. «Успен аудандық мәслихатының 2023 жылғы 21 желтоқсандағы № 70/12 «Успен ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы» Успен аудандық мәслихатының 2025 жылғы 30 сәуірдегі № 156/32 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7662-14 болып тіркелген).