Миссионерлік қызметтегі шетелдік азаматтарды есептік тіркеуге алу туралы Қолданыста

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 06.01.2005. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Миссионерлік қызметтегі шетелдік азаматтарды есептік тіркеуге алу туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N№148 "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы"» Заңына сәйкес, "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 28 қаңтардағы N№136 қаулысына толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 17 шілдедегі N№702 қаулысын жүзеге асыру мақсаттарында миссионерлік қызметтегі шетелдік азаматтарды есептік тіркеуге алу үшін Ақмола облысының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Облыс аумағында миссионерлік қызметпен айналысатын шетелдік азаматтарды есептік тіркеуге алу құзыреті Ақмола облысының ішкі саясат департаментіне жүктелсін.
Тармақ 2
2. Ақмола облысында миссионерлік қызметті жүзеге асыратын шетелдік азаматты есепке алуды тіркеу туралы Куәлік бланкісінің берілген нысаны бекітілсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулы Ақмола облысының әдiлет департаментінде мемлекеттiк тіркеуден өткеннен кейін күшіне енеді.
Басқа 4
Ақмола облысы әкімдігінің 2005 жылғы 06.01 N а-1/1 қаулысымен бекітілді Ақмола облысында миссинерлік қызметті жүзеге асыратын шетелдік азаматты есепке алуды тіркеу туралы ________ КУӘЛІК ___________________________________________________________________ (миссионердің аты, әкесінің аты, тегі) ___________________________________________________________________ (төлқұжат номері, азаматтық) ___________________________________________________________________ (діни сенімі, қай діни бірлестікке жатады) ___________________________________________________________________ (қызметін жүзеге асыру рұқсат етілген аумақ) Осы куәлік __________________ дейін заңды (мерзімі) Ескерту:  Осы куәліктің күші жүретін мерзімі аяқталысымен миссионер оның мерзімін заң арқылы белгіленген тәртіппен ұзартуға міндетті облыс аумағынан кетуі тиіс, олай болмаған жағдайда ол заң арқылы белгіленген тәртіп бойынша облыс аумағынан шығарылып жіберіледі. Ақмола облысы ішкі саясат департаментінің директоры ________________________________ А.Ә.Т. Көкшетау қаласы « » _______________200_ ж /берілген күні/