Об утверждении форм решений органа государственных доходов об ограничении доступа к интернет-ресурсам и (или) интернет-площадке и о снятии ограничения доступа к интернет-ресурсам и (или) интернет-площадке Қолданыста

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 23.06.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Интернет-ресурстарға және (немесе) интернет-алаңға қолжетімділікті шектеу және интернет-ресурстарға және (немесе) интернет-алаңға қолжетімділікті шектеуді алып тастау туралы мемлекеттік кірістер органының шешімдерінің нысандарын бекіту туралы Қазақстан Республикасының Салық кодексінің 49-бабының 3-тармағы және 89-бабының 1, 2, 3, 5 және 6-тармақтарына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Мемлекеттік кірістер органының мынадай шешімдерінің нысандары бекітілсін:
Тармақша 1
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес интернет-ресурстарға және (немесе) интернет-алаңға қолжетімділікті шектеу туралы шешімнің нысаны;
Тармақша 2
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес интернет-ресурстарға және (немесе) интернет-алаңға қолжетімділікті шектеуді алып тастау туралы шешімнің нысаны.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықтың қазақ және орыс тілдеріндегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;
Тармақша 2
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жариялған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі
Басқа 1. Интернет-ресурстарға және (немесе) интернет-алаңға қолжетімділікті шектеу туралы мемлекеттік кірістер органының ШЕШІМІ
Қазақстан Реcпубликасының Қаржы министрі 2026 жылғы 23 маусымдағы № 428 бұйрығына 1-қосымша нысан Интернет-ресурстарға және (немесе) интернет-алаңға қолжетімділікті шектеу туралы мемлекеттік кірістер органының ШЕШІМІ «____» __________ 20___жыл № _______ Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті Төрағасы (Төраға орынбасары) атынан ____________________________________________________________________ тегі, аты, әкесінің аты (егер жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе) (бұдан әрі – Аты-жөні) ____________________________________________________________________ шетелдік компанияның атауы (егер бар болса) көрсетіледі салық органында тіркеу есебіне қою туралы «____» ____________ 20___ жылғы №____ хабарлама камералдық бақылау нәтижесінде анықталған алшақтықтар туралы «____» ____________ 20____ жылғы №____ хабарламаның талаптарын орындалмауына байланысты Қазақстан Республикасының Салық кодексінің 49-бабының 3-тармағы және 89-бабының 1-4 тармақтарына сәйкес, ШЕШІМ ЕТЕМІН:
Тармақ 1
1. Интернет-ресурстарға және (немесе) интернет-алаңға қолжетімділікті шектеу енгізілсін _______________________________________________________________________________ (интернет-ресурс және (немесе) интернет-алаңның атауы, домендік аты көрсетіледі) _______________________________________________________________________________ (шетелдік компанияның атауы (бар болса))
Тармақ 2
2. Осы шешім масс-медиа саласындағы уәкілетті органға интернет-ресурстарға және (немесе) интернет-алаңға қолжетімділікті шектеу туралы тиісті шаралар қабылдау үшін жолдансын.
Тармақ 3
3. Масс-медиа саласындағы уәкілетті орган Қазақстан Республикасының аумағында интернет-алаң арқылы қызмет жүргізетін шетелдік компанияның интернет-ресурстарға және интеренет-алаңға қолжетімділікті шектеу туралы Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің шешімі келіп түскен күннен кейінгі үш жұмыс күні ішінде шектеу енгізу жөніндегі шараларды қабылдайды. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінің Төрағасы (Төраға орынбасары) __________ Аты-жөні қолы
Басқа 2. Интернет-ресурстарға және (немесе) интернет-алаңға қолжетімділікті шектеуді жою туралы мемлекеттік кірістер органының ШЕШІМІ
Қазақстан Реcпубликасының Қаржы министрі 2026 жылғы 23 маусымдағы № 428 бұйрығына 2-қосымша нысан Интернет-ресурстарға және (немесе) интернет-алаңға қолжетімділікті шектеуді жою туралы мемлекеттік кірістер органының ШЕШІМІ «___» __________ 20____жыл № _______ Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Төрағасы (Төраға орынбасары) атынан _______________________________ _______________________________________________________________________________ тегі, аты, әкесінің аты (егер бар болған жағдайда) (бұдан әрі – Аты-жөні) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінің «_____» _____________ 20___ жылғы №_____ шешімімен шетелдік компанияның Қазақстан Республикасының аумағында интернет-алаң арқылы қызметін жүзеге асыруына байланысты енгізілген интернет-ресурстарға және (немесе) интернет-алаңға қолжетімділікті шектеудің себептері жойылуына байланысты және Қазақстан Республикасының Салық кодексінің 49-бабының 3-тармағына және 89-бабының 5 және 6 тармақтарына сәйкес, ШЕШІМ ЕТЕМІН:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінің «____» _________ 20_____ жылғы №____ шешімімен енгізілген интернет-ресурстарға қолжетімділікті шектеу күші жойылсын: _____________________________________________________________________________________ (интернет-ресурс және (немесе) интернет-алаңның атауы, домендік аты көрсетіледі) _____________________________________________________________________________________ (шетелдік компанияның атауы (бар болса))
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті осы интернет-ресурстарға және (немесе) интернет-алаңға қолжетімділікті шектеуді жою туралы шешімді масс-медиа саласындағы уәкілетті органға шешім қабылданған күннен кейінгі 3 (үш) жұмыс күні ішінде жолдасын.
Тармақ 3
3. Масс-медиа саласындағы уәкілетті орган Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті осы шешім келіп түскен күннен кейінгі 3 (үш) жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының аумағында интернет-алаң арқылы қызметін жүзеге асыратын шетелдік компанияның интернет-ресурсына және (немесе) интернет-алаңына қолжетімділікті шектеуді жою бойынша тиісті шараларды қабылдайды. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінің Төрағасы (Төраға орынбасары) __________ Аты-жөні қолы