Об установлении публичного сервитута Қолданыста

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 15.06.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қауымдық сервитут белгілеу туралы Қазақстан Республикасының Жер кодексіне, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес, және Біржан сал ауданы әкімдігі жанындағы жер беру комиссиясының 2026 жылғы 12 маусымдағы № 13 шешімінің, «AGI Ltd.» жеке компаниясының 2026 жылғы 1 маусымдағы шектеулі жер пайдалану құқығын беру туралы өтінішінің (қауымдық сервитут) негізінде Біржан сал ауданының әкiмдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
Тармақ 1
1. Енбекшілдер ауылдық округінің әкімшілік шекараларында орналасқан «AGI Ltd.» жеке компаниясына жалпы ауданы 834,4 га, жер учаскелеріне алып қоймай, 2031 жылғы 23 желтоқсанға дейін мерзімге, қатты пайдалы қазбаларды барлауға үшін, жария сервитут белгіленсін.
Тармақ 2
2. «AGI Ltd.» жеке компаниясына шығындарды өтеу мен жерлерді нысаналы мақсаты бойынша пайдалануға жарамды күйге келтіру бойынша міндеттемелерді, көрсетілген жұмыстардың орындары мен жүргізу мерзімдерін, сондай-ақ басқа да шарттарды анықтаумен жер учаскелерін меншік иесімен (жер пайдаланушылармен) шарт жасасын.
Тармақ 3
3. «AGI Ltd.» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі қатты пайдалы қазбаларды барлауға үшін жер учаскелерін пайдалану кезінде, Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтасын.
Тармақ 4
4. Біржан сал ауданының «Жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі жер-есепке алу құжаттамасына тиісті өзгерістер енгізсін.
Тармақ 5
5. Осы қаулының орындалуын бақылау Біржан сал ауданы әкімінің орынбасары Е.Т. Сабыровқа жүктелсін.
Тармақ 6
6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және қолданысқа енгізіледі.