Об установлении публичного сервитута Қолданыста
Басқа 0
Қауымдық сервитут
белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының Жер кодексіне, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес, және Біржан сал ауданы әкімдігі жанындағы жер беру комиссиясының 2026 жылғы 29 сәуірдегі № 9 шешімінің, «ДробСортКамень Inc» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің 2026 жылғы 21 мамырдағы шектеулі жер пайдалану құқығын беру туралы өтінішінің (қауымдық сервитут) негізінде Біржан сал ауданының әкiмдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
Тармақ 1
1. Уәлихан ауылдық округінің әкімшілік шекараларында орналасқан «ДробСортКамень Inc» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне жалпы ауданы 355,6 га, жер учаскесін алып қоймай, 2028 жылғы 27 қарашаға дейін мерзімге, қатты пайдалы қазбаларды барлауға үшін, жария сервитут белгіленсін.
Тармақ 2
2. «ДробСортКамень Inc» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне шығындарды өтеу мен жерлерді нысаналы мақсаты бойынша пайдалануға жарамды күйге келтіру бойынша міндеттемелерді, көрсетілген жұмыстардың орындары мен жүргізу мерзімдерін, сондай-ақ басқа да шарттарды анықтаумен жер учаскесін меншік иесімен (жер пайдаланушымен) шарт жасасын.
Тармақ 3
3. «ДробСортКамень Inc» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі қатты пайдалы қазбаларды барлауға үшін жер учаскесін пайдалану кезінде, Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтасын.
Тармақ 4
4. Біржан сал ауданының «Жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі жер-есепке алу құжаттамасына тиісті өзгерістер енгізсін.
Тармақ 5
5. Осы қаулының орындалуын бақылау Біржан сал ауданы әкімінің орынбасары Е.Т. Сабыровқа жүктелсін.
Тармақ 6
6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және қолданысқа енгізіледі.