Об установлении публичного сервитута товариществу с ограниченной ответственностью «Мобайл Телеком-Сервис» Қолданыста

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 29.06.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Мобайл Телеком-Сервис» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне қауымдық сервитут белгілеу туралы «Мобайл Телеком - Сервис» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің өтінішін қарап, Қазақстан Республикасының Жер Кодексінің 17, 69 баптарына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31, 37 бабына сәйкес Қазығұрт аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. «Мобайл Телеком-Сервис» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне талшықты-оптикалық байланыс желісін жүргізу және пайдалану мақсатында Қазығұрт ауданы, Шарбұлақ ауылы округі аумағында орналасқан барлығы 0,064 гектар жайылым жер учаскесіне 10 (он) жыл мерзімге қауымдық сервитут белгіленсін.
Тармақ 2
2. «Қазығұрт аудандық жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап күнтізбелік бес жұмыс күн ішінде оның орыс және қазақ тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасынының Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорынның Жамбыл облысы бойынша филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикалық нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;
Тармақша 2
2) осы қаулының ресми жарияланғанынан кейін оның Қазығұрт ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары М.Аширбаевқа жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.