Об утверждении Правил аккредитации журналистов (представителей средств массовой информации) при Министерстве юстиции Республики Казахстан Қолданыста

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 01.07.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі жанындағы журналистерді (бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерін) аккредиттеу қағидаларын бекіту туралы «Масс-медиа туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 28-бабының 1-тармағына және Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің 2024 жылғы 20 тамыздағы № 367-НҚ бұйрығымен бекітілген Журналистерді (бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерін) аккредиттеудің үлгілік қағидаларына (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2024 жылғы 21 тамызда № 34967 болып тіркелді) сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі жанындағы журналистерді (бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерін) аккредиттеу қағидалары бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Қоғаммен байланыс департаменті:
Тармақша 1
1) осы бұйрық бекітілген күннен бастап күнтізбелік бес күн ішінде оны ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне енгізу үшін «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына электрондық нысанда қазақ және орыс тілдерінде жіберуді;
Тармақша 2
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Аппарат басшысына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі жанындағы журналистерді (бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерін) аккредиттеу қағидалары
Тарау 1
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі жанындағы журналистерді (бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерін) аккредиттеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Масс-медиа туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 28-бабының 1-тармағына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің 2024 жылғы 20 тамыздағы № 367-НҚ бұйрығымен бекітілген (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2024 жылғы 21 тамызда № 34967 болып тіркелді) Журналистерді (бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерін) аккредиттеудің үлгілік қағидаларына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) жанындағы бұқаралық ақпарат құралдарының журналистерін (бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерін) аккредиттеу тәртібін айқындайды.
Тармақ 2
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
Тармақша 1
1) аккредиттеудің оңайлатылған тәртібі – аккредиттеу картасын беру арқылы бұқаралық ақпарат құралдарын және олардың журналистерін (бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерін) аккредиттеудің автоматтандырылған процесі;
Тармақша 2
2) бас редактор (редактор) – бұқаралық ақпарат құралының редакциясын басқаратын және бұқаралық ақпарат құралының өнімін шығаруға және таратуға тиісті өкілеттіктері бар жеке тұлға;
Тармақша 3
3) бірыңғай медиаплатформа – мемлекеттік ақпараттық саясатты іске асыруға арналған ақпараттық жүйе;
Тармақша 4
4) бұқаралық ақпарат құралы – мерзімді баспа басылымы, теле -, радиоарна, интернет-басылым;
Тармақша 5
5) бұқаралық ақпарат құралының редакциясы – бұқаралық ақпарат құралының материалдарын жинауды, әзірлеуді, шығаруды және таратуды жүзеге асыратын жеке тұлға не заңды тұлғаның құрылымдық бөлiмшесi болып табылатын шығармашылық ұжым;
Тармақша 6
6) журналисті (бұқаралық ақпарат құралдарының өкілін) аккредиттеу – журналисті тағайындау рәсімі және Министрліктің оның өкілеттігін мойындауы;
Тармақша 7
7) журналист (бұқаралық ақпарат құралдарының өкілі) – бұқаралық ақпарат құралының редакциясымен еңбек немесе өзге де шарттық қатынастар негізінде бұқаралық ақпарат құралы үшін хабарлар мен материалдарды жинау, өңдеу және әзірлеу қызметін жүзеге асыратын жеке тұлға;
Тармақша 8
8) іс-шара регламенті – Министрлік өткізетін іс-шараны жүргізу тәртібін айқындайтын құжат.
Тармақ 3
3. Журналистерді (бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерін) аккредиттеу Министрліктің қызметі туралы жұртшылықты кеңінен және жедел хабардар ету мақсатында жүзеге асырылады.
Тарау 2
2-тарау. Журналистерді (бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерін) аккредиттеу тәртібі
Тармақ 1
1-параграф. Журналистерді (бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерін) тұрақты аккредиттеу
Тармақ 4
4. Журналистерді (бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерін) тұрақты аккредиттеу Министрліктің жанында оның орналасқан жеріне және аккредиттелетін журналистердің (бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерінің) тұрақты тұратын жеріне қарамастан жүргізіледі.
Тармақ 5
5. Журналистерді (бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерін) тұрақты аккредиттеу бір жыл мерзімге жүзеге асырылады.
Тармақ 6
6. Министрлік өзінің интернет-ресурсында журналистерді (бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерін) қазақ және орыс тілдерінде тұрақты аккредиттеуді жүргізуге өтініштерді қабылдаудың басталғаны туралы хабарландыруды орналастырады.
Тармақ 7
7. Министрлік жанында өз журналистерін (бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерін) аккредиттеуге ниет білдірген бұқаралық ақпарат құралдары он жұмыс күні ішінде осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша журналистерді (бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерін) тұрақты аккредиттеу туралы өтінішті аккредиттелетін журналистердің (бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін (жеке басын сәйкестендіру үшін талап етіледі) және аккредиттелетін журналистің (бұқаралық ақпарат құралдары өкілінің) «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес дербес деректерді пайдалануға келісімін қоса бере отырып, бас редактордың және (немесе) бұқаралық ақпарат құралының меншік иесінің қолымен ұсынады.
Тармақ 8
8. Тұрақты аккредиттеу туралы өтінішті қарау мерзімі - осы Қағидалардың 7-тармағында көзделген құжаттарды қабылдау аяқталған күннен бастап үш жұмыс күні.
Тармақ 9
9. Министрлік өтінішті қарау қорытындылары бойынша өтініш берушілерді мынадай шешімдердің бірі туралы:
Тармақша 1
1) аккредиттеу туралы;
Тармақша 2
2) аккредиттеуден бас тарту туралы жазбаша және (немесе) электрондық түрде хабардар етеді.
Тармақ 10
10. Аккредиттелген журналист (бұқаралық ақпарат құралдарының өкілі) мына:
Тармақша 1
1) оның Министрліктен алынған ақпаратты оның атынан аккредиттеуге тиісті өтініш келіп түскен бұқаралық ақпарат құралдарында ғана жинау және тарату;
Тармақша 2
2) Министрлігі жүргізетін іс-шаралар регламентінің сақтау;
Тармақша 3
3) аса маңызды мемлекеттік объектілер мен стратегиялық объектілердің өткізу және объектішілік режимін сақтау талаптарын сақтайды.
Тармақ 11
11. Министрлік өткізілетін іс-шараның регламентін бекітеді.
Тармақ 12
12. Тұрақты аккредиттеуден бас тартуға:
Тармақша 1
1) бұқаралық ақпарат құралының өнімін таратуды не бұқаралық ақпарат құралын шығаруды тоқтата тұру не тоқтату туралы заңды күшіне енген сот шешімінің болуы;
Тармақша 2
2) осы Қағидалардың 7-тармағында көзделген құжаттарды ұсынбау;
Тармақша 3
3) тізілімде есепке қойылған бұқаралық ақпарат құралдарының болмауы негіз болып табылады. Тұрақты аккредиттеуден заңсыз бас тартуға журналист (бұқаралық ақпарат құралының өкілі) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен шағымдануы мүмкін.
Тармақ 13
13. Журналисті (бұқаралық ақпарат құралының өкілін) тұрақты аккредиттеуден айыру үшін:
Тармақша 1
1) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша себептерін көрсете отырып, бұқаралық ақпарат құралының бас редакторының және (немесе) бұқаралық ақпарат құралының меншік иесінің журналисті (бұқаралық ақпарат құралының өкілін) аккредиттеуден айыру туралы өтініші;
Тармақша 2
2) журналист (бұқаралық ақпарат құралының өкілі) таратқан Министрліктің іскерлік беделіне нұқсан келтіретін мәліметтерді шындыққа сәйкес келмейді деп тану туралы заңды күшіне енген сот шешімінің болуы;
Тармақша 3
3) бұқаралық ақпарат құралының өнімін таратуды не бұқаралық ақпарат құралын шығаруды тоқтата тұру не тоқтату туралы заңды күшіне енген сот шешімінің болуы;
Тармақша 4
4) осы Қағидалардың 10-тармағында белгіленген талаптарды екі және одан да көп рет бұзу негіз болып табылады.
Тармақ 14
14. Министрлік негіздемені анықтаған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде осы Қағидалардың 13-тармағында көзделген себептерді көрсете отырып, журналисті (бұқаралық ақпарат құралдарының өкілінің) аккредиттеуден айырғаны туралы бұқаралық ақпарат құралын хабардар етеді.
Тармақ 15
15. Журналистерді (бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерін) тұрақты аккредиттеуден айыру алты ай мерзімге жүзеге асырылады.
Тармақ 16
16. Журналистерді (бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерін) бірыңғай медиаплатформа арқылы аккредиттеудің оңайлатылған тәртібі қолданылған жағдайда аккредиттеу карталары Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің 2024 жылғы 20 тамыздағы № 367-НҚ бұйрығымен бекітілген (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2024 жылғы 21 тамызда № 34967 болып тіркелген) Журналистерді (бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерін) аккредиттеудің үлгілік қағидаларында айқындалған тәртіппен беріледі.
Тармақ 2
2-параграф. Журналистерді (бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерін) уақытша аккредиттеу
Тармақ 17
17. Уақытша аккредиттеу журналистерге Министрліктің нақты іс-шарасын жария ету үшін қажетті мерзімге беріледі және тиісті іс-шара өткізілгенге дейін бір жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі.
Тармақ 18
18. Уақытша аккредиттеуді алу үшін бұқаралық ақпарат құралдары осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша журналистерді (бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерін) уақытша аккредиттеу туралы өтінішті аккредиттелетін журналистердің (бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін (жеке басын сәйкестендіру үшін талап етіледі) және аккредиттелетін журналистің (бұқаралық ақпарат құралдары өкілінің) «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес дербес деректерді пайдалануға келісімін қоса бере отырып, бұқаралық ақпарат құралының бас редакторының және (немесе) меншік иесінің қолымен ұсынады
Тармақ 19
19. Министрлік уақытша аккредиттеу туралы өтінішті қарау қорытындылары бойынша өтініш берушілерді мынадай шешімдердің бірі туралы:
Тармақша 1
1) аккредиттеу туралы;
Тармақша 2
2) аккредиттеуден бас тарту туралы жазбаша және (немесе) электрондық түрде хабардар етеді.
Тармақ 20
20. Уақытша аккредиттелген журналист (бұқаралық ақпарат құралдарының өкілі) мына:
Тармақша 1
1) оның Министрліктен алынған ақпаратты оның атынан аккредиттеуге тиісті өтініш келіп түскен бұқаралық ақпарат құралдарында ғана жинау және тарату;
Тармақша 2
2) Министрлік өткізетін іс-шаралар регламентінің сақтау;
Тармақша 3
3) аса маңызды мемлекеттік объектілер мен стратегиялық объектілердің өткізу және объектішілік режимін сақтау талаптарын сақтайды.
Тармақ 21
21. Уақытша аккредиттеуден бас тартуға:
Тармақша 1
1) бұқаралық ақпарат құралының өнімін таратуды не бұқаралық ақпарат құралын шығаруды тоқтата тұру не тоқтату туралы заңды күшіне енген сот шешімінің болуы;
Тармақша 2
2) осы Қағидалардың 18-тармағында көзделген құжаттарды ұсынбау;
Тармақша 3
3) тізілімде есепке қойылған бұқаралық ақпарат құралдарының болмауы негіз болып табылады.
Басқа 1
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі жанындағы журналистерді (бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерін) аккредиттеу қағидаларына 1-қосымша Нысан __________________________ кімге (аккредиттеуші ұйымның атауы) __________________ кімнен (бұқаралық ақпарат құралдарының атауы) Журналисті (бұқаралық ақпарат құралдарының өкілін) тұрақты аккредиттеу туралы ӨТІНІШ Сізден журналист (бұқаралық ақпарат құралдарының өкілі) _______________________________________________________________ (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), телефон, факс нөмірі, электрондық мекенжайы) аккредиттеуді сұраймын. Бұқаралық ақпарат құралы туралы мәліметтер: 1) бұқаралық ақпарат құралының атауы:_______________________________; 2) бұқаралық ақпарат құралының заңды мекенжайы (жеке тұлғалар үшін) және орналасқан жері (заңды тұлғалар үшін):______________________________________; 3) телефондардың, факстардың нөмірлері, бұқаралық ақпарат құралының электрондық мекенжайы:___________________________________________________ Қоса беріліп отырған құжаттар: 1) аккредиттелетін журналистің (бұқаралық ақпарат құралдары өкілінің) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі. 2) аккредиттелетін журналистің (бұқаралық ақпарат құралдары өкілінің) «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес дербес деректерді пайдалануға келісімі. Өтініште көрсетілген журналист (бұқаралық ақпарат құралдарының өкілі) ___________________________________________жұмыскері екенін растаймын. (бұқаралық ақпарат құралының атауы)
Басқа 2
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі жанындағы журналистерді (бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерін) аккредиттеу қағидаларына 2-қосымша Нысан ______________________ кімге (аккредиттеуші ұйымның атауы) _______________________ кімнен (бұқаралық ақпарат құралының атауы) Журналисті (бұқаралық ақпарат құралдарының өкілін) аккредиттеуден айыру туралы ӨТІНІШ Сізден журналист (бұқаралық ақпарат құралдарының өкілі) _______________________________ аккредиттеуден айыруыңызды сұраймын (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) Бұқаралық ақпарат құралы туралы мәліметтер: 1) бұқаралық ақпарат құралының атауы:_____________________________; 2) бұқаралық ақпарат құралының заңды мекенжайы (жеке тұлғалар үшін) және орналасқан жері (заңды тұлғалар үшін): ___________________________________; 3) бұқаралық ақпарат құралының телефондары, факс нөмірлері, электрондық мекенжайы: _________________________________________________________ (бұқаралық ақпарат құралының бас редакторының және (немесе) меншік иесінің қолы) 20__жылғы "___" ________
Басқа 3
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі жанындағы журналистерді (бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерін) аккредиттеу қағидаларына 3-қосымша Нысан _________________________ кімге (аккредиттеуші ұйымның атауы) __________________ кімнен (бұқаралық ақпарат құралдарының атауы) Журналисті (бұқаралық ақпарат құралдарының өкілін) уақытша аккредиттеу туралы ӨТІНІШ Сізден журналист (бұқаралық ақпарат құралдарының өкілі) _______________________________________________________________ (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), телефон, факс нөмірі, электрондық мекенжайы) уақытша аккредиттеуді сұраймын. Бұқаралық ақпарат құралы туралы мәліметтер: 1) бұқаралық ақпарат құралының атауы:_______________________________; 2) бұқаралық ақпарат құралының заңды мекенжайы (жеке тұлғалар үшін) және орналасқан жері (заңды тұлғалар үшін): _____________________________________; 3) бұқаралық ақпарат құралының телефондары, факс нөмірлері, электрондық мекенжайы:_______________________________________________. Қоса беріліп отырған құжаттар: 1) аккредиттелетін журналистің (бұқаралық ақпарат құралдары өкілінің) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі. 2) аккредиттелетін журналистің (бұқаралық ақпарат құралдары өкілінің) «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес дербес деректерді пайдалануға келісімі. Өтініште көрсетілген журналист (бұқаралық ақпарат құралдарының өкілі) ____________________________________________ жұмыскері екенін растаймын. (бұқаралық ақпарат құралының атауы) (бұқаралық ақпарат құралының бас редакторының және (немесе) меншік иесінің қолы) 20__жылғы "___" _________