Об утверждении Положения о государственном учреждении «Управление архитектуры и градостроительства Атырауской области» Қолданыста

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 30.06.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Атырау облысы Сәулет және қала құрылысы басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 27, 37-баптарына, «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 17-бабына сәйкес Атырау облысы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес «Атырау облысы Сәулет және қала құрылысы басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы Ереже бекітілсін.
Тармақ 2
2. «Атырау облысы Сәулет және қала құрылысы басқармасы» мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын шараларды алсын. 3. Осы қаулының орындалуын бақылау Атырау облысы әкімінің жетешілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Басқа 4. «Атырау облысы Сәулет және қала құрылысы басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ЕРЕЖЕ
Атырау облысы әкімдігінің 2026 жылғы «30» маусымдағы № 124 қаулысына қосымша Атырау облысы әкімдігінің 2026 жылғы «30» маусымдағы № 124 қаулысымен бекітілген «Атырау облысы Сәулет және қала құрылысы басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ЕРЕЖЕ
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Атырау облысы Сәулет және қала құрылысы басқармасы (бұдан әрі - Басқарма) Атырау облысында сәулет және қала құрылысы саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
Тармақ 2
2. Басқарма өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
Тармақ 3
3. Басқарма мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, оның рәміздері мен айырым белгілері (бар болса), Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрлері және атауы қазақ және орыс тілдерінде жазылған мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.
Тармақ 4
4. Басқарма азаматтық-құқықтық қатынастарды өз атынан жасайды.
Тармақ 5
5. Басқарма Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілеттік берілген жағдайда ол мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.
Тармақ 6
6. Басқарма өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Басқарма басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
Тармақ 7
7. Басқарманың құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.
Тармақ 8
8. Басқарманың орналасқан жері: 060010, Атырау облысы, Атырау қаласы, Әйтеке би көшесі, 77 үй.
Тармақ 9
9. Осы ереже Басқарманың құрылтай құжаты болып табылады.
Тармақ 10
10. Басқарманың қызметiн қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жергiлiктi бюджеттен жүзеге асырылады.
Тармақ 11
11. Басқармаға кәсіпкерлік субъектілерімен өкілеттіктері болып табылатын міндеттерді Басқарманың орындау тұрғысынан шарттық қарым-қатынас жасауға тыйым салынады. Егер Басқармаға заңнамалық актілермен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кіріс, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі.
Тарау 2. 2. Басқарманың мақсаттары мен өкілеттіктері
2. Басқарманың мақсаттары мен өкілеттіктері
Тармақ 12
12. Мақсаттары:
Тармақша 1
1) сәулет және қала құрылысы қызметі саласында мемлекеттік саясаттың жүзеге асырылуын, сәулет және қала құрылысы қызметі туралы заңнама нормаларының, заңнамада белгіленген тәртіппен бекітілген облыс аумағын қала құрылысы игеру кезінде мемлекеттік нормативтер мен өзге жобалық құжаттамалардың сақталуын қамтамасыз етеді;
Тармақша 2
2) Сәулет және қала құрылысы саласында мемлекеттік саясатты іске асыру; өңірдің сәулет-қала құрылысы саласының бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету; жер учаскелерін пайдалану кезінде қала құрылысы талаптарын қамтамасыз ету; азаматтарға толыққанды тіршілік ететін қолайлы ортаны қалыптастыру;
Тармақша 3
3) қала құрылысы, сәулет-құрылыс және өзге де жобалау (жобалау-сметалық) құжаттаманы белгіленген тәртіппен әзірлеу, келісу, сараптамадан өткізу және бекіту.
Тармақ 13
13. Өкілеттіктері:
Тармақша 1
1) құқықтары: өз құзыреті шегінде орындалуға міндетті құқықтық актілер қабылдауға; тиісті ұйымдардан, мемлекеттік органдардан, кәсіпорындардан және басқалардан ақпараттар мен құжаттарды сұратуға және алуға; қолданыстағы заңнамалық актілерде және осы Ереженің функцияларында көзделген басқа да құқықтарды жүзеге асыруға құқығы бар;
Тармақша 2
2) міндеттері: ҚазақстанРеспубликасыныңКонституциясы мен заңнамасынсақтау; Басқармағажүктелгенфункциялардыңжүзегеасырылуынқамтамасызету; Басқармағакеліптүскеншағымдар мен өтініштердіқарау; ҚазақстанРеспубликасыныңзаңнамасыменқарастырылғанөзге де міндеттер.
Тармақ 14
14. Функциялары:
Тармақша 1
1) сәулетжәнеқалақұрылысықұрылыссаласындағымемлекеттіксаясаттыіскеасыру;
Тармақша 2
2) облыстардың, аудандардыңаумақтарын қала құрылысына жоспарлаудың кешенді схемасын, облыс аумағындағы елді мекендердің белгіленген тәртіппен бекітілген бас жоспарларын іске асыру жөніндегі қызметті үйлестіру;
Тармақша 3
3) кейіннен Қазақстан Республикасының Үкіметіне бекітуге ұсыну үшін халқының есептік саны бір жүз мың тұрғыннан асатын облыстық маңызы бар қаланың бас жоспарының жобасын облыстық мәслихатқа келісу үшін енгізу;
Тармақша 4
4) облыстық мәслихатпен келісілген, халқының есептік саны бір жүз мың тұрғыннан асатын облыстық маңызы бар қалалардың бас жоспарларын әзірлеуді және Қазақстан Республикасының Үкіметіне бекіту үшін ұсынудыұйымдастыру;
Тармақша 5
5) екі және одан көп облыстың аумақтарын (не олардың бөліктерін), агломерацияны аумақты дамытудың өңіраралық схемаларының жобаларын келісу;
Тармақша 6
6) халқының есептік саны бір жүз мыңнан тұрғыннан асатын облыстық маңызы бар қалалардың бас жоспарларының жобаларын келісу;
Тармақша 7
7) аумақта жоспарланып отырған құрылыс салу не өзге де қала құрылысы өзгерістері туралы халыққа хабар береді;
Тармақша 8
8) кешенді қала құрылысы сараптамасынан өткен қала құрылысы жобаларын бақылау және іске асыру;
Тармақша 9
9) облыстық маңызы бар құрылыс объектілерін сүру туралы актілерді есепке алуды және тіркеуді жүргізу;
Тармақша 10
10) облыс аумағында мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы мен қадағалуын жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың жұмысына жәрдем көрсету;
Тармақша 11
11) мемлекеттік қала құрылысы кадастрының автоматтандырылған цифрлық жүйесін толықтыру, сондай-ақ оны мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде пайдалану үшін ақпарат және (немесе) мәліметтер енгізу;
Тармақша 12
12) жер учаскелерін бөліп беру және олардың нысаналы мақсаттарын өзгерту бойынша ай сайынғы есептерді сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті органға ұсыну;
Тармақша 13
13) халықаралық және республикалық деңгейдегі жарыстарды өткізуге арналған спорт құрылысжайларын жобалауға арналған техникалық ерекшелік пен техникалық тапсырманы аккредиттелген ұлттық спорт федерацияларымен келісу;
Тармақша 14
14) жобалау құжаттамасының сапасын қадағалауды ұйымдастыру және жүзеге асыру;
Тармақша 15
15) жергілікті бюджет, сондай-ақ жергілікті бюджеттік инвестициялық жобаны қаржыландыруға бөлінген республикалық бюджет қаражаты есебінен қаржыландыратын жобалау алдындағы құжаттаманы және құрылыс жобасын қарау және бекіту;
Тармақша 16
16) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың арсеналдары, базалары мен қоймалалары жанындағы тыйым салынған аймақ пен тыйым салынған аудан аумақтарының шекараларын келісу;
Тармақша 17
17) облыстың бас сәулетшісіне қойылатын біліктілік талаптарын сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті органға келісу үшін енгізу;
Тармақша 18
18) мемлекеттік органдармен олардың құзіретіне жататын мәселелер бойынша өзара іс-қимылды және ынтымақтастықты жүзеге асыру;
Тармақша 19
19) «Мекенжай тiркелiмi» ақпараттық жүйесiн жүргiзудi және толықтыруды қамтамасыз ету;
Тармақша 20
20) тұрғын үй құрылысы объектілерін пайдалануға беру іс-шараларын үйлестіруді жүзеге асыру, бюджет және бюджеттен тыс қаражат есебінен іске асырылатын жобалар бойынша, сондай-ақ өңірдегі тұрғын үйді пайдалануға беру жөніндегі жоспарлы көрсеткіштердің орындалуына мониторинг жүргізу;
Тармақша 21
21) объектілер мен олардың кешендерін салуға(реконструкциялауға, реставрациялауға, кеңейтуге, техникалық қайта жарақтандыруға, жаңғыртуға) жобалау - сметалық құжаттаманы әзірлеу жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру және жүргізу;
Тармақша 22
22) кешенді ведомстводан тыс сараптаманы өткізу үшін мемлекеттік нормативтік талаптарға сәйкес әзірленген жобалау-сметалық құжаттама бойынша құжаттардың толық топтамасын ұсыну;
Тармақша 23
23) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.
Тарау 3. 3. Басқарма басшысының мәртебесі, өкілеттіктері
3. Басқарма басшысының мәртебесі, өкілеттіктері
Тармақ 15
15. Басқарманы басқаруды басшы жүзеге асырады, ол Басқармаға жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына дербес жауапты болады.
Тармақ 16
16. Басқарманың басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалады және лауазымнан босатылады.
Тармақ 17
17. Басқарма басшысының өкілеттіктері:
Тармақша 1
1) Басқарманың жұмысына басшылық жасайды және оған жүктелген міндеттердің орындалуын қамтамасыз етеді;
Тармақша 2
2) мемлекеттік органдар, сот пен басқа да ұйымдарда Басқарманың мүддесін білдіреді;
Тармақша 3
3) Басқарма қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттіктерін анықтайды;
Тармақша 4
4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Басқарманың қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
Тармақша 5
5) Басқарманың құрылымдық бөлімшелері туралы ережелерді бекітеді;
Тармақша 6
6) заңнамада белгіленген тәртіппен Басқарма қызметкерлерін көтермелейді және оларға тәртіптік жазалар қолданады;
Тармақша 7
7) Басқармада сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жасауға бағытталған тиісті шараларды қабылдайды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралардың қабылдануы үшін дербес жауапты болады;
Тармақша 8
8) өз құзыреті шегінде бұйрықтар шығарып, өзінің құзыретіне жататын басқа да мәселелер бойынша шешімдер қабылдайды;
Тармақша 9
9) Заңнамаға сәйкес Басқарма мемлекеттік басқару органы болып табылатын мемлекеттік мекемелер басшыларын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады. Басқарма басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.
Тарау 4. 4. Басқарманың мүлкі
4. Басқарманың мүлкі
Тармақ 18
18. Басқарма заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін. Басқарма мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
Тармақ 19
19. Басқармаға бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
Тармақ 20
20. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Басқарма өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне берілген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
Тарау 5. 5. Басқарманы қайта ұйымдастыру және тарату
5. Басқарманы қайта ұйымдастыру және тарату
Тармақ 21
21. Басқарманы қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.