Об утверждении Положения о государственном учреждении «Управление строительства Атырауской области» Қолданыста
Басқа 0
«Атырау облысы Құрылыс басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 27, 37-баптарына, «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 17-бабына сәйкес Атырау облысы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес «Атырау облысы Құрылыс басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы Ереже бекітілсін.
Тармақ 2
2. «Атырау облысы Құрылыс басқармасы» мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын шараларды алсын.
Тармақ 3
3. «Атырау облысы Құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы» Атырау облысы әкімдігінің 2023 жылғы 15 тамыздағы № 152 қаулысының күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 4
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Атырау облысы әкімінің жетешілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 5
5. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Басқа 6. «Атырау облысы Құрылыс басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы Ереже
Атырау облысы әкімдігінің
2026 жылғы «30» маусымдағы
№ 123 қаулысына қосымша
Атырау облысы әкімдігінің
2026 жылғы «30» мауымдағы
№ 123 қаулысымен бекітілген
«Атырау облысы Құрылыс басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы Ереже
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Атырау облысы Құрылыс басқармасы (бұдан әрі – Басқарма) Атырау облысы аумағында өз құзыреті шегінде құрылыс қызметін реттеу функцияларын орындауға арналған уәкілеттік мемлекеттік орган болып табылады.
Тармақ 2
2. Басқарма өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
Тармақ 3
3. Басқарма мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, оның мөрлері мен айырым белгілері (бар болса), оның мемлекеттік тілде атауы бар мөрі және мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қазынашылық комитетінің Атырау облысы бойынша Қазынашылық департаменті» мемлекеттік мекемесінде шоттары бар.
Тармақ 4
4. Басқарма азаматтық-құқықтық қатынастарды өз атынан жасайды.
Тармақ 5
5. Басқарма Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілеттік берілген жағдайда ол мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.
Тармақ 6
6. Басқарма өз құзыретіндегі мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Басқарма басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен рәсімделетін шешімдер қабылдайды.
Тармақ 7
7. Басқарманың құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
Тармақ 8
8. Басқарманың орналасқан жері: 060010, Атырау облысы, Атырау қаласы, Әйтеке би көшесі, 77 үй.
Тармақ 9
9. Осы ереже Басқарманың құрылтай құжаты болып табылады.
Тармақ 10
10. Басқарманың қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзегеасырылады.
Тармақ 11
11. Басқармаға өз функциялары болып табылатын міндеттерді орындаутұрғысынан кәсіпкерлік субъектілерімен шарттық қатынас жасауға тыйымсалынады.
Егер Басқармаға заңнамалық актілермен кіріс әкелетін қызметті жүзегеасыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен түскен кірістер мемлекеттікбюджет кірісіне жіберіледі.
Тарау 2. 2. Басқарманың мақсаттары мен өкілеттіктері
2. Басқарманың мақсаттары мен өкілеттіктері
Тармақ 12
12. Мақсаты:
Тармақша 1
1) ведомстволық бағыныстағы аумақта құрылыс саясатын жүргізу;
Тармақша 2
2) құрылыс қызметі саласындағы мемлекеттік, қоғамдық мүдделерді қорғау;
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерімен белгіленген өкілеттіктер шегінде құрылыс қызметі саласындағы өзге де міндеттерді жүзеге асыру.
Тармақ 13
13. Өкілеттіктері:
Тармақша 1
1) құқықтары:
басқармаға жүктелген тапсырмаларды орындау үшін өз құзіреті шегіндеведомстволық бағынысты аумақта орналасқан тиісті статистика органдарынан,ұйымдардан, мекемелерден, кәсіпорындардан меншік иелігіне қарамастан,оның құзіретіне жататын ақпараттарды, сондай-ақ жоспарлы есеп деректерібойынша мәселелерді сұратуға және алуға;
құрылыс объектілеріне, құрылыс материалдарын, бұйымдары мен құрылымдарын шығаратын көсіпорындар мен ұйымдарға баруға;
шетелдермен ғылыми-техникалық және экономикалық ынтымақтастықты жүзеге асыруға қатысу және өз құзыреті шегінде жәрдем көрсету;
басқарма құзыретіне қатысты мәселелерді шешу үшін облыс әкімі және облыстық мәслихаттың қарауына ұсыныстар енгізуге;
облыс әкімдігінің және әкімнің жобаларын дайындауға қатысуға;
өз құзыреті шегінде мекеменің құқығы мен мүддесін қорғау бойыншасотқа жүгінуге;
Қазақстан Республикасының Заңдарына және ҚазақстанРеспубликасының нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес құқықтарды жүзегеасыруға құқылы.
Тармақша 2
2) міндеттері:
құрылыс қызметі туралы заңнама нормаларын, мемлекеттік нормативтердің және белгіленген тәртіппен бекітілген құрылыс құжаттамасын сақталуын қамтамасыз ету;
республикалық және жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын объектілер құрылысын ұйымдастыру;
өз құзыреті шегінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі жұмыстарды жүзеге асырады;
Тармақ 14
14. Функциялары:
Тармақша 1
1)облыстық коммуналдық меншiк объектiлерi мен облыстық маңызы бар, әлеуметтiк-мәдени мақсаттағы объектілерді салу, реконструкциялау және жөндеу бойынша тапсырысшы болу;
Тармақша 2
2)құрылыс саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;
Тармақша 3
3)мемлекеттік сараптама және мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау органдарымен өзара іс-қимыл жасау;
Тармақша 4
4)мемлекеттік бюджет есебінен қаржыландырылатын объектілер бойынша конкурстық рәсімдерді ұйымдастыру;
Тармақша 5
5)сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында инжинирингтік қызметтер (авторлық және техникалық қадағалау) көрсетуді ұйымдастыру;
Тармақша 6
6)тапсырысшысы Басқарма болып табылатын мемлекеттік бюджет және әлеуметтік инвестиция есебінен салынған нысандарды қабылдау және пайдалануға беру;
Тармақша 7
7)аудандық және қалалық құрылыс органдарының қызметін үйлестіру;
Тармақша 8
8)жергілікті бюджеттен, республикалық бюджеттен бөлінетін кредиттер, нысаналы трансферттер, сондай-ақ инвесторлар қаражаты есебінен қаржыландырылатын инвестициялық жобаларды іске асыруды қамтамасыз ету;
Тармақша 9
9)құрылыс саласына қатысты арыздар мен шағымдарды уақытылы қарауды қамтамасыз ету;
Тармақша 10
10)жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.
Тарау 3. 3. Басқарма басшысының мәртебесі, өкілеттіктері
3. Басқарма басшысының мәртебесі, өкілеттіктері
Тармақ 15
15. Басқарманы басқаруды басшы жүзеге асырады, ол Басқармаға жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына дербес жауапты болады.
Тармақ 16
16. Басқарманың басшысын облыс әкімі қызметке тағайындалады және лауазымнан босатылады.
Тармақ 17
17. Басқарма басшысы Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасарлары болады.
Тармақ 18
18. Басқарма басшысының өкілеттіктері:
Тармақша 1
1) басқарманың қызметіне басшылық етеді, барлық мемлекеттік органдар мен басқа ұйымдарда басқарма атынан сөйлейді;
Тармақша 2
2) өзінің орынбасарлары мен Басқарма қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттіктерін анықтайды;
Тармақша 3
3) басқарма басшының орынбасарларын, бөлімдердің басшыларын, бас мамандарды, мемлекеттік қызметші болып табылмайтын қызметкерлерді қызметке тағайындайды және қызметтен босатады, марапаттайды және оларға тәртіптік жаза қолданады;
Тармақша 4
4) Басқарманың құрылымдық бөлімшелері туралы ережелерді бекітеді;
Тармақша 5
5) Басқармада сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жасауға бағытталған тиісті шараларды қабылдайды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралардың қабылдануы үшін дербес жауапты болады;
Тармақша 6
6) өз құзыреті шегінде бұйрықтар шығарып, өзінің құзыретіне жататын басқа да мәселелер бойынша шешімдер қабылдайды;
Тармақ 19
19. Басқарма басшысы өз орынбасарларының өкілеттігін қолданыстағы заңнамаға сәйкес айқындайды.
Тарау 4. 4. Басқарманың мүлкі
4. Басқарманың мүлкі
Тармақ 20
20. Басқарма заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.
Басқарма мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
Тармақ 21
21. Басқармаға бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
Тармақ 22
22. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Басқарма өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне берілген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
Тарау 5. 5. Басқарманы қайта ұйымдастыру және тарату
5. Басқарманы қайта ұйымдастыру және тарату
Тармақ 23
23. Басқарманы қайта ұйымдастыру және тарату, осы Ережеге өзгерістер мен толықтырулар енгізу Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.