О признании утратившими силу некоторых решений маслихата района Аққулы Қолданыста

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 03.07.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Аққулы аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес Аққулы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Аққулы аудандық мәслихаттың кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 2
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 3. Аққулы аудандық мәслихатының күші жойылды деп танылған кейбір шешімдерінің тізбесі
Аққулы аудандық мәслихатының 2026 жылғы 3 шілдедегі № 205/48 шешіміне қосымша Аққулы аудандық мәслихатының күші жойылды деп танылған кейбір шешімдерінің тізбесі
Тармақ 1
1. «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және Аққулы ауданының мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы» Аққулы аудандық мәслихатының 2024 жылғы 8 қаңтардағы № 65/16 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7459-14 болып тіркелген).
Тармақ 2
2. «Аққулы аудандық мәслихатының 2024 жылғы 8 қаңтардағы № 65/16 «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және Аққулы ауданының мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» Аққулы аудандық мәслихатының 2024 жылғы 22 тамыздағы № 103/21 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7594-14 болып тіркелген).
Тармақ 3
3. «Аққулы аудандық мәслихатының 2024 жылғы 8 қаңтардағы № 65/16 «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және Аққулы ауданының мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы» Аққулы аудандық мәслихатының 2024 жылғы 17 желтоқсандағы № 120/27 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7624-14 болып тіркелген).
Тармақ 4
4. «Аққулы аудандық мәслихатының 2024 жылғы 8 қаңтардағы № 65/16 «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және Аққулы ауданының мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы» Аққулы аудандық мәслихатының 2025 жылғы 14 мамырдағы № 148/32 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7664-14 болып тіркелген).