О внесении изменений в административно-территориальное устройство района Ақсуат области Абай Қолданыста

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 22.06.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Абай облысы Ақсуат ауданының әкімшілік - аумақтық құрылысына өзгерістер енгізу туралы «Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 2-бабының 3-тармағына, 8-бабына, 11-бабының 3) тармақшасына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 4) тармақшасына, 27-бабының 2-тармағына, «Ақсуат ауданының әкімшілік-аумақтық құрылысына өзгерістер енгізу туралы» бірлескен Абай облысының Ақсуат ауданы әкімдігінің 2025 жылғы 16 шілдедегі № 269 қаулысына және Абай облысының Ақсуат ауданы мәслихатының 2025 жылғы 16 шілдедегі № 30/9-VIII шешіміне сәйкес, Абай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Абай облысының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Абай облысы Ақсуат ауданының әкімшілік-аумақтық құрылысына келесі өзгерістер енгізілсін: есептік деректерден жоя отырып, Құмқол ауылдық округінің Қарғыба ауылы таратылып, оның аумағы Ақсуат ауылдық округінің Ақсуат ауылының әкімшілік құрамына енгізілсін.
Тармақ 2
2. Осы бірлескен Абай облысы әкімдігінің қаулысы және Абай облысы мәслихатының шешімі алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.