О переименовании улиц Ащыбулакского сельского округа Қолданыста

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 20.05.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Ащыбұлақ ауылдық округінің көшелерін қайта атау туралы «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабының 4) тармақшасына сәйкес, Ащыбұлақ ауылдық округі халқының пікірін ескере отырып және 2026 жылғы 29 сәуірдегі облыстық ономастикалық комиссиясының қорытындысы негізінде, Ащыбұлақ ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. Ащыбұлақ ауылдық округінің келесі көшелері қайта аталсын:
Тармақша 1
1) М.Түймебаев ауылындағы:«Атауы жоқ» көше – «Құлымбаев Шолпанқұл» көшесіне, «Атауы жоқ» көше - «Амандаев Абу» көшесіне, «Атауы жоқ» көше -«Сембаев Жәкіш» көшесіне, «Озерная» көшесі – «Балқаш» көшесіне, «Первомайская» көшесі – «Бурабай» көшесіне;
Тармақша 2
2) Көкқайнар ауылындағы:«Новобережная» көшесі – «Ордабасы» көшесіне,«Молодежная» көшесі – «Хантау» көшесіне, «Цветочная» көшесі – «Жерұйық» көшесіне, «Банная» көшесі – «Омбы» көшесіне;
Тармақша 3
3) Төле би ауылындағы: «Набережная» көшесі – «Киелібұлақ» көшесіне;
Тармақ 2
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
Тармақ 3
3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.