Об утверждении Правил обеспечения возвратности денег собственниками квартир, нежилых помещений, связанных с ремонтом и заменой лифтов, капитальным ремонтом многоквартирного жилого дома в Ескельдинском районе Қолданыста

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 03.07.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Ескелді ауданындағы пәтерлер, тұрғын емес үй-жайлар меншік иелерінің көппәтерлі тұрғын үйде лифтілерді жөндеуге және ауыстыруға, күрделі жөндеуге байланысты ақшаны қайтаруын қамтамасыз ету қағидаларын бекіту туралы «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 10-3-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына, «Кондоминиум объектісінің ортақ мүлкіне күрделі жөндеу жүргізу тәртібін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2020 жылғы 29 сәуірдегі № 246 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20536 болып тіркелген) сәйкес Ескелді ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Ескелді ауданындағы пәтерлер, тұрғын емес үй-жайлар меншік иелерінің көппәтерлі тұрғын үйде лифтілерді жөндеуге және ауыстыруға, күрделі жөндеуге байланысты ақшаны қайтаруын қамтамасыз ету қағидалары бекітілсін.
Тармақ 2
2. «Ескелді ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы қаулының Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін оның Ескелді ауданы әкімдігінің интернет – ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін аудан әкімінің орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 7. Ескелді ауданындағы пәтерлер, тұрғын емес үй-жайлар меншік иелерінің көппәтерлі тұрғын үйде лифтілерді жөндеуге және ауыстыруға, күрделі жөндеуге байланысты ақшаны қайтаруын қамтамасыз ету қағидалары
Ескелді ауданы әкімдігі 2026 жылғы 3 шілдедегі № 153 қаулысына қосымша Ескелді ауданындағы пәтерлер, тұрғын емес үй-жайлар меншік иелерінің көппәтерлі тұрғын үйде лифтілерді жөндеуге және ауыстыруға, күрделі жөндеуге байланысты ақшаны қайтаруын қамтамасыз ету қағидалары
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Ескелді ауданындағы пәтерлер, тұрғын емес үй – жайлар меншік иелерінің көппәтерлі тұрғын үйде лифтілерді жөндеуге және ауыстыруға, күрделі жөндеуге байланысты ақшаны қайтаруын қамтамасыз ету қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасы Заңы 10-3-бабы 2 тармағының 11) тармақшасына, «Кондоминиум объектісінің ортақ мүлкіне күрделі жөндеу жүргізу тәртібін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2020 жылғы 29 сәуірдегі № 246 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20536 болып тіркелген) (бұдан әрі - Тәртіп) сәйкес әзірленді және пәтерлер мен тұрғын емес үй – жайлардың меншік иелерінің лифтілерді жөндеуге және ауыстыруға, күрделі жөндеуге байланысты ақшалай қаражатты қайтаруын қамтамасыз ету тәртібін айқындайды.
Тармақ 2
2. Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар қолданылады:
Тармақша 1
1) кондоминиум объектісін басқару – пәтерлер, тұрғын емес үй-жайлар, орынтұрақ орындары, қоймалар меншік иелерінің қауіпсіз және жайлы тұру (болу) жағдайларын қамтамасыз етуге, сондай-ақ кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін тиісінше күтіп-ұстауға, оны пайдалану тәртібін реттеуге, коммуналдық көрсетілетін қызметтерді ұсынуды ұйымдастыруға бағытталған іс-шаралар кешені;
Тармақша 2
2) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкі – дара (бөлек) меншіктегі пәтерлерден, тұрғын емес үй-жайлардан, орынтұрақ орындарынан, қоймалардан басқа, кондоминиум объектісінің бөліктері (қасбеттер, кіреберістер, вестибюльдер, холдар, дәліздер, баспалдақ марштары мен баспалдақ алаңдары, лифтілер, шатырлар, кіреберіс жерлердегі қорғауыштар (қалқалар), шатырастылар, техникалық қабаттар, жертөлелер, үйге ортақ инженерлік жүйелер мен жабдықтар, абоненттік пошта жәшіктері, көппәтерлі тұрғын үй тұрған жер учаскесі және (немесе) үй жанындағы жер учаскесі, абаттандыру элементтері және ортақ пайдаланылатын басқа да мүлік);
Тармақша 3
3) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеу – көппәтерлі тұрғын үйдің ресурсын қалпына келтіру мақсатында жүргізілетін, көппәтерлі тұрғын үйдің тозған конструкцияларын, бөлшектерін және инженерлік жабдықтарын жаңа немесе анағұрлым мықты және үнемді, жөнделетін объектілердің пайдалану көрсеткіштерін жақсартатын түрлеріне ауыстыру жөніндегі іс-шаралар мен жұмыстар кешені;
Тармақша 4
4) көппәтерлі тұрғын үй – ортақ үлестік меншік болып табылатын кондоминиум объектісінің ортақ мүлкінен және көппәтерлі тұрғын үйге іргелес жатқан жер учаскесіне не кондоминиум объектісі ортақ мүлкінің өзге де бөліктеріне дербес шығатын жерлері бар екі және одан көп пәтерлерден, тұрғын емес үй-жайлардан тұратын, біртұтас бөлінбейтін жер учаскесінде біртұтас іргетасы бар жеке тұрған ғимарат;
Тармақша 5
5) көппәтерлі тұрғын үй мүлкінің меншік иелері бірлестігі (бұдан әрі – мүліктің меншік иелері бірлестігі) – коммерциялық емес ұйым болып табылатын, бір көппәтерлі тұрғын үй пәтерлерінің, тұрғын емес үй-жайларының меншік иелері құрған, кондоминиум объектісін басқаруды жүзеге асыратын, оны күтіп-ұстауды қаржыландыратын және оның сақталуын қамтамасыз ететін заңды тұлға;
Тармақша 6
6) көппәтерлі тұрғын үй пәтерлері, тұрғын емес үй-жайлары меншік иелерінің жиналысы (бұдан әрі – жиналыс) – кондоминиум объектісін басқаруға байланысты шешімдерді ұжымдық талқылауды және (немесе) қабылдауды қамтамасыз ететін кондоминиум объектісін басқарудың жоғары органы;
Тармақша 7
7) Оператор – мамандандырылған уәкілетті ұйымы.
Тарау 2. 2-тарау. Ескелді ауданындағы көппәтерлі тұрғын үйді жөндеуге және ауыстыруға, күрделі жөндеуге байланысты пәтерлердің, тұрғын емес үй–жайлардың меншік иелерінің ақшаны қайтаруын қамтамасыз ету тәртібі
2-тарау. Ескелді ауданындағы көппәтерлі тұрғын үйді жөндеуге және ауыстыруға, күрделі жөндеуге байланысты пәтерлердің, тұрғын емес үй–жайлардың меншік иелерінің ақшаны қайтаруын қамтамасыз ету тәртібі
Тармақ 3
3. «Ескелді ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – бюджеттік бағдарлама әкімшісі) Тәртіпке сәйкес оператор арқылы жергілікті бюджетте қаражат болған кезде пәтерлердің, тұрғын емес үй – жайлардың меншік иелерінің қаражатты қайтаруын қамтамасыз ету шартымен көппәтерлі тұрғын үйлерді күрделі жөндеуді және лифтілерді жөндеуді (ауыстыруды) ұйымдастыруды және қаржыландыруды жүзеге асырады.
Тармақ 4
4. Жүргізілген күрделі жөндеу, лифттерді жөндеу (ауыстыр) үшін қаражатты қайтару сомасын есептеу (бұдан әрі – сомасын есептеу) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкіндегі олардың үлесіне сәйкес пәтерлердің, тұрғын емес үй – жайлардың техникалық сипаттамалары негізінде айқындалады.
Тармақ 5
5. Сомасын есептеу Тәртіптің қосымшасына сәйкес ресімделеді және жиналыс хаттамасының міндетті бөлігі ретінде тігіледі, нөмірленеді.
Тармақ 6
6. Көппәтерлі тұрғын үйдің кіреберістерінің біріндегі лифтіні ауыстыруды (жөндеуді) ұйымдастыру және қаржыландыру пәтерлер мен тұрғын емес үй – жайлардың меншік иелерінің қаражатты қайтаруын қамтамасыз ету шартымен бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылған кезінде көппәтерлі тұрғын үйдің осы кіреберісіндегі пәтерлердің, тұрғын емес үй – жайлардың меншік иелері көппәтерлі тұрғын үйдің осы кіреберсіндегі пәтерлердің, тұрғын емес үй – жайлардың меншік иелерінің жалпы санының үштен екісінен астамының келісімі болған кезде тиісті хаттаманы ресімдей отырып, көппәтерлі тұрғын үйдің осы кіреберсіндегі лифтіні ауыстыру (жөндеу) туралы шешім қабылдайды. Лифтіні ауыстыру (жөндеу) бойынша шығыстарды төлеуді көппәтерлі тұрғын үйдің осы кіреберісіндегі пәтерлердің, тұрғын емес үй – жайлардың меншік иелері жүзеге асырады.
Тармақ 7
7. Пәтерлердің, тұрғын емес үй – жайлардың меншік иелері орындалған жұмыстарды қабылдау актісіне қол қойғаннан кейін бюджет қаражатының, оның ішінде бюджеттік кредит түрінде бөлінген соманың толық өтелуін қамтамасыз етеді. Бюджет қаражатын, оның ішінде бюджеттік кредит түрінде бөлінген қаражатты қайтаруды пәтерлердің, тұрғын емес үй – жайлардың меншік иелері жиналыс хаттамасына сәйкес соманы толық өтеу жолымен қамтамасыз етеді.
Тармақ 8
8. Оператор меншік иелерінен алынған қайтарымды қаражатты қайтарымдылықты қамтамасыз ете отырып, күрделі жөндеу мен басқа кондоминиум объектілеріндегі лифттерді ауыстыруға пайдаланады.
Тармақ 9
9. Оператор мемлекеттік бюджет есебінен бөлінген, оның ішінде бюджеттік кредит түрінде бөлінген қаражаттың қайтарылуына мониторинг жүргізуді және бақылауды қамтамасыз етеді.
Тармақ 10
10. Оператор мүлік иелері бірлестігінің төрағасы немесе кондоминиум объектісін басқарушы субъект ұсынған жиналыс хаттамасы, сомасын есептеу, сондай-ақ Тәртіпке сәйкес қол қойылған атқарылған жұмыстар актісі негізінде күрделі жөндеу, лифтіні жөндеу (ауыстыру) жұмыстары бойынша қаражат сомаларының қайтару кестесін коммуналдық қызметтер бойынша бірыңғай төлем құжатты қалыптастыру мен жеткізуді жүзеге асыратын ұйымға әр пәтерлер тұрғын емес үй – жайлардың меншік иесі бойынша ай сайын береді.