Об установлении публичного сервитута Қолданыста

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 30.06.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Жер учаскеге жария сервитут белгілеу туралы Қазақстан Республикасының Жер Кодексіне, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы» Заңына сәйкес, 2026 жылғы 12 маусымдағы № ЗТ-2026-02514083 «GoldenBelt» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктернің өтінішін қарастырып, Балқаш қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. «GoldenBelt» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне Балқаш қаласының аумағында орналасқан болжамды ауданы 1409,7305 гектар жер учаскесінде жер пайдаланушылардан жер учаскелерін алып қоймай, 6 жыл мерзімге қатты пайдалы қазбаларды барлауға арналған жария сервитут белгіленсін.
Тармақ 2
2. «Балқаш қаласының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Балқаш қаласы әкімінің орынбасары Руслан Косемгалиулы Сыздыковқа жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.