Об утверждении Правил ведения реестра заключенных контрактов на недропользование по урану Мәртебесі расталмаған
Басқа 0
Уран бойынша жер қойнауын пайдалануға жасалған
келісімшарттардың тізілімін жүргізу қағидаларын бекіту туралы
«Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі 35-бабының 6-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Уран бойынша жер қойнауын пайдалануға жасалған келісімшарттардың тізілімін жүргізу қағидалары бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасының Атом энергиясы жөніндегі агенттігінің (бұдан әрі – Агенттік) Атом өнеркәсібі және жер қойнауын пайдалану департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Агенттіктің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;
Тармақша 3
3) осы бұйрықты мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Агенттіктің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Агенттік Төрағасының орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 0
Қазақстан Республикасының
Атом энергиясы жөніндегі
агенттігінің төрағасы
2026 жылғы 2 шілдедегі
№ 72-н/қ бұйрығымен
бекітілген
Уран бойынша жер қойнауын пайдалануға жасалған келісімшарттардың тізілімін жүргізу қағидалары
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Уран бойынша жер қойнауын пайдалануға жасалған келісімшарттардың тізілімін жүргізу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі 35-бабының 6-тармағына сәйкес әзірленді және уран бойынша жер қойнауын пайдалануға жасалған келісімшарттар тізілімін жүргізу тәртібін айқындайды (бұдан әрі - Тізілім).
Тармақ 2
2. Осы Қағидаларда пайдаланылатын ұғымдар мен анықтамалар Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасына сәйкес қолданылады.
Тарау 2. 2-тарау. Уран бойынша жер қойнауын пайдалануға жасалған келісімшарттар тізілімін жүргізу тәртібі
2-тарау. Уран бойынша жер қойнауын пайдалануға жасалған келісімшарттар тізілімін жүргізу тәртібі
Тармақ 3
3. Тізілімді осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша қағаз жеткізгіште құзыретті орган жүргізеді.
Тармақ 4
4. Уран бойынша жер қойнауын пайдалануға жасалған келісімшарт (оған толықтыру) туралы мәліметтер құзыретті орган оған қол қойған күннен кейінгі 2 жұмыс күнінен кешіктірілмей Тізілімге енгізілуге тиіс.
Тармақ 5
5. Уран бойынша жер қойнауын пайдалануға жасалған келісімшарттың қолданылуын тоқтату туралы мәліметтер ол тоқтатылған күннен кейінгі 2 жұмыс күнінен кешіктірілмей Тізілімге енгізіледі.
Басқа 1. Уран бойынша жер қойнауын пайдалануға жасалған келісімшарттар тізілімі
Уран бойынша
жер қойнауын пайдалануға
жасалған келісімшарттардың
тізілімін жүргізу қағидаларына
қосымша
Нысан
Уран бойынша жер қойнауын пайдалануға жасалған келісімшарттар тізілімі
№
Жер қойнауын пайдаланушының атауы
Жер қойнауын пайдаланушының деректемелері (тұратын жері, мемлекеттік тиесілігін көрсету, заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркеу туралы мәліметтер)
Жер қойнауын пайдалануға жасалған келісімшартты, оған толықтыруды қарау мәні
Жер қойнауын пайдалануға жасалған келісімшарт, толықтыру жасасуға негіз болған хаттаманың №, күні
Жер қойнауын пайдалануға жасалған келісімшарттың, оған толықтырудың атауы
Жер қойнауын пайдалануға жасалған келісімшарттың, оған толықтыруды жасасу №, келісілген күні
1
2
3
4
5
6
7
Кестенің жалғасы:
Жер қойнауын пайдалану бойынша операциялар түрі
Жер қойнауы учаскесінің шегі
Әкімшілік-аумақтық бірлік
Жер қойнауын пайдалануға келісімшарттың қолданылуы тоқталғаны туралы мәліметтер
8
9
10
11