Об утверждении Правил доставки (эвакуации), организации учета и временного хранения автомобильного транспортного средства, судна, в том числе маломерного судна, задержанного на основании, предусмотренном законодательством Республики Казахстан об административных правонарушениях, на специальных площадках или стоянках, создаваемых по решению местных исполнительных органов и находящихся в коммунальной собственности Қолданыста
Басқа 0
Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасында көзделген негізде, жергілікті атқарушы органдардың шешімі бойынша құрылатын және коммуналдық меншіктегі арнаулы алаңдарда немесе тұрақтарда ұсталған автомобиль көлік құралын, кемені, оның ішінде шағын көлемді кемені жеткізу (эвакуациялау), есепке алуды және уақытша сақтауды ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 6-бабы 6-1-тармағына сәйкес Жетісу облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасында көзделген негізде, жергілікті атқарушы органдардың шешімі бойынша құрылатын және коммуналдық меншіктегі арнаулы алаңдарда немесе тұрақтарда ұсталған автомобиль көлік құралын, кемені, оның ішінде шағын көлемді кемені жеткізу (эвакуациялау), есепке алуды және уақытша сақтауды ұйымдастыру қағидалары осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.
Тармақ 2
2. «Жетісу облыстық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің басшысы заңнамада белгіленген тәртіпте:
Тармақша 1
1) осы шешімді «Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі» республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы шешімді ресми жарияланғаннан кейін Жетісу облыстық мәслихатының интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 6. Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасында көзделген негізде, жергілікті атқарушы органдардың шешімі бойынша құрылатын және коммуналдық меншіктегі арнаулы алаңдарда немесе тұрақтарда ұсталған автомобиль көлік құралын, кемені, оның ішінде шағын көлемді кемені жеткізу (эвакуациялау), есепке алуды және уақытша сақтауды ұйымдастыру қағидалары
Жетісу облыстық мәслихаты
2026 жылғы 2 шілдедегі
№ 38-239
Шешіміне қосымша
Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасында көзделген негізде, жергілікті атқарушы органдардың шешімі бойынша құрылатын және коммуналдық меншіктегі арнаулы алаңдарда немесе тұрақтарда ұсталған автомобиль көлік құралын, кемені, оның ішінде шағын көлемді кемені жеткізу (эвакуациялау), есепке алуды және уақытша сақтауды ұйымдастыру қағидалары
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасында көзделген негізде, жергілікті атқарушы органдардың шешімі бойынша құрылатын және коммуналдық меншіктегі арнаулы алаңдарда немесе тұрақтарда ұсталған автомобиль көлік құралын, кемені, оның ішінде шағын көлемді кемені жеткізу (эвакуациялау), есепке алуды және уақытша сақтауды ұйымдастыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 6-1-тармағына сәйкес әзірленді.
Тармақ 2
2. Осы Қағидалар Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасында көзделген негізде, жергілікті атқарушы органдардың шешімі бойынша құрылатын және коммуналдық меншіктегі арнаулы алаңдарда немесе тұрақтарда ұсталған автомобиль көлік құралын, кемені, оның ішінде шағын көлемді кемені жеткізу (эвакуациялау), есепке алуды және уақытша сақтауды ұйымдастыру тәртібін айқындайды.
Тарау 2. 2-тарау. Автомобиль көлік құралын, кемені, оның ішінде шағын көлемді кемені жеткізу (эвакуациялау), есепке алуды ұйымдастыру және уақытша сақтау тәртібі
2-тарау. Автомобиль көлік құралын, кемені, оның ішінде шағын көлемді кемені жеткізу (эвакуациялау), есепке алуды ұйымдастыру және уақытша сақтау тәртібі
Тармақ 3
3. Автомобиль көлік құралын, кемені, оның ішінде шағын көлемді кемені жеткізуді (эвакуациялауды) «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінің 797-бабының екінші бөлігінде көзделген уәкілетті лауазымды тұлғалар ұстап қалу себептері жойылғанға дейін жергілікті атқарушы органдардың шешімі бойынша құрылатын және коммуналдық меншіктегі арнаулы алаңдарда немесе тұрақтарда орналастыру арқылы жүзеге асырады.
Тармақ 4
4. Автомобиль көлік құралын, кемені, оның ішінде шағын көлемді кемені жеткізу (эвакуациялау) автомобиль көлік құралын (эвакуаторды), кемені немесе шағын көлемді кемені пайдалану арқылы жүзеге асырылады.
Тармақ 5
5. Автомобиль көлік құралын, кемені, оның ішінде шағын көлемді жеткізу (эвакуациялау) алдында уәкілетті тұлға автомобиль көлік құралының, кеменің, оның ішінде шағын көлемді кеменің физикалық (нақты) жай-күйіне тексеру жүргізіп, барысы мен нәтижелерін тіркеудің бейнежазба құралдарын пайдалана отырып, оның жай-күйін қабылдау-беру актісінде тіркейді.
Тармақ 6
6. Жеткізілген (эвакуацияланған) автомобиль көлік құралын, кемені, оның ішінде шағын көлемді кемені есепке алуды ұйымдастыру:
жеткізу (эвакуациялау) күні мен уақытын; көлік құралының маркасын және мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісін (бар болған жағдайда); ұстап қалу себептерін; жеткізуді (эвакуациялауды) жүзеге асырған уәкілетті тұлға туралы мәліметтерін; автомобиль көлік құралының, кеменің, оның ішінде шағын көлемді кеменің физикалық (нақты) жай-күйі туралы мәліметтерін тіркеу арқылы жүзеге асырылады.
Тармақ 6-1
6-1. Жеткізілген (эвакуацияланған) автомобиль көлік құралын, кемені, оның ішінде шағын көлемді кемені есепке алу қағаз және (немесе) электрондық түрде жүзеге асырылады.
Тармақ 7
7. Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасында көзделген негіздер бойынша ұсталған автомобиль көлік құралдары, кемелер, оның ішінде шағын көлемді кемелер жергілікті атқарушы органдардың шешімі бойынша құрылатын және коммуналдық меншіктегі арнайы алаңдарда немесе тұрақтарда уақытша сақтауға жатады.
Тармақ 8
8. Арнайы алаңға немесе тұраққа автомобиль көлік құралын, кемені, оның ішінде шағын көлемді кемені қабылдауды жүзеге асыратын тұлға қарап тексеруді жүргізеді және қабылдау-беру актісінде көрсетілген физикалық (нақты) жай-күйін растайды.
Тармақ 9
9. Автомобиль көлік құралының, кеменің, оның ішінде шағын көлемді кеменің қабылдау-беру актісінде көрсетілмеген не қолданылған ғылыми-техникалық тіркеу құралдарының нәтижелерінде болмаған зақымданулары анықталған жағдайда, нақты жай-күйдің анықталған сәйкессіздіктері туралы мәліметтер қабылдау-беру актісіне қосымша енгізіледі.
Тармақ 10
10. Автомобиль көлік құралын, кемені, оның ішінде шағын көлемді кемені арнайы алаңдарда немесе тұрақтарда уақытша сақтауды ұйымдастыру Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген шарттарды сақтай отырып жүзеге асырылады.
Тармақ 11
11. Жергілікті атқарушы органдардың шешімі бойынша құрылатын және коммуналдық меншіктегі арнайы алаңдарды немесе тұрақтарды ұстау және пайдалану жергілікті бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.