Об обращении с радиоактивными отходами Мәртебесі расталмаған
Басқа 0
Радиоактивті қалдықтармен жұмыс
істеу туралы
Тарау 1. 1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
Бап 1
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
Тармақша 1
1) қауіпсіздік тосқауылы – радионуклидтердің және (немесе) иондандырушы сәулеленудің қоршаған ортаға таралуына кедергі келтіретін радиоактивті қалдықтардың қаптамасы, радиоактивті қалдықтарды сақтау пункттерінің, радиоактивті қалдықтарды көму пункттерінің, радиоактивті қалдықтар қоймаларының, радиоактивті қалдықтардың қалдық қоймаларының инженерлік конструкциясы немесе табиғи геологиялық түзілім элементі;
Тармақша 2
2) радиоактивті қалдықтар – құрамында Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген алып қою деңгейінен жоғары радионуклидтер бар, жер қойнауынан алынған және үйінділер мен қалдық қоймаларына жинап қойылатын, одан әрі пайдаланылуы көзделмейтін материалдар мен заттар, бұйымдар мен жабдықтар, сондай-ақ тау жыныстары, кендер мен қалдықтар;
Тармақша 3
3) радиоактивті қалдықтарды кондиционерлеу – радиоактивті қалдықтарды көму үшін оларды қолайлылық өлшемшарттарына сәйкес келетін физикалық пішін мен күйге келтіру жөніндегі технологиялық операциялар;
Тармақша 4
4) радиоактивті қалдықтарды көму (бұдан әрі – көму) – радиоактивті қалдықтарды кейіннен алу ниетінсіз радиоактивті қалдықтарды көму пунктіне қауіпсіз орналастыру;
Тармақша 5
5) радиоактивті қалдықтарды көму пункті (бұдан әрі – көму пункті) – радиоактивті қалдықтарды кейіннен алу ниетінсіз оларды орналастыруға арналған радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу объектісі;
Тармақша 6
6) радиоактивті қалдықтарды көму үшін олардың қолайлылық өлшемшарттары (бұдан әрі – қолайлылық өлшемшарттары) – радиоактивті қалдықтарды көму үшін белгіленетін, олардың физикалық-химиялық қасиеттеріне қойылатын талаптар;
Тармақша 7
7) радиоактивті қалдықтарды қайта өңдеу – кейіннен қауіпсіз жұмыс істеу үшін радиоактивті қалдықтарды дезактивациялау (жойылатын радионуклидтерді бөлу) және (немесе) олардың көлемін барынша азайту және (немесе) сипаттамаларын өзгерту жөніндегі технологиялық операциялар;
Тармақша 8
8) радиоактивті қалдықтарды сақтау (бұдан әрі – сақтау) – радиоактивті қалдықтармен одан әрі жұмыс істеу үшін оларды кейіннен алу мүмкіндігін көздейтін, оларды сақтау пунктіне, сақтау қоймасына немесе қалдық қоймасына қауіпсіз орналастыру;
Тармақша 9
9) радиоактивті қалдықтарды сақтау қоймасы (бұдан әрі – сақтау қоймасы) – жобалау құжаттамасында белгіленген мерзім ішінде аралық сақтауға арналған, радиоактивті қалдықтармен одан әрі жұмыс істеу үшін оларды кейіннен алуды көздейтін радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу объектісі (оның ішінде бөлінген алаң);
Тармақша 10
10) радиоактивті қалдықтарды сақтау пункті (бұдан әрі – сақтау пункті) – радиоактивті қалдықтармен одан әрі жұмыс істеу үшін оларды кейіннен алу мүмкіндігін қамтамасыз ете отырып, жобалау құжаттамасында белгіленген мерзім ішінде оларды уақытша орналастыруға арналған радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу объектісі;
Тармақша 11
11) радиоактивті қалдықтарды түзушілер – қызметінің нәтижесінде радиоактивті қалдықтар түзілетін жеке немесе заңды тұлғалар;
Тармақша 12
12) радиоактивті қалдықтардың қалдық қоймасы (бұдан әрі – қалдық қоймасы) – минералдық шикізатты және тау-кен жұмыстарын (қалдықтар мен үйінділерді) қайта өңдеу кезінде пайда болатын радиоактивті қалдықтармен одан әрі жұмыс істеу үшін оларды кейіннен алу мүмкіндігімен ұзақ уақыт орналастыруға арналған радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу объектісі;
Тармақша 13
13) радиоактивті қалдықтардың ықтимал қауіптілік кезеңі – радиоактивті қалдықтардың үлестік активтілігі радиациялық бақылау талап етілмейтін көрсеткіштерге дейін төмендейтін уақыт кезеңі;
Тармақша 14
14) радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу – радиоактивті қалдықтарды жинауға, қайта өңдеуге, кондиционерлеуге, тасымалдауға, сақтауға және көмуге байланысты қызмет түрлері;
Тармақша 15
15) радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу жөніндегі ұлттық оператор (бұдан әрі – ұлттық оператор) – радиоактивті қалдықтарды көму жөніндегі өкілеттіктер берілген, сондай-ақ осы Заңға сәйкес өзге де функцияларды жүзеге асыратын заңды тұлға;
Тармақша 16
16) радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу саласындағы физикалық тұрғыдан қорғау (бұдан әрі – физикалық тұрғыдан қорғау) – радиоактивті қалдықтарға және радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу объектілеріне қатысты рұқсат етілмеген әрекеттерді болғызбау мақсатында жүзеге асырылатын ұйымдастырушылық, инженерлік және техникалық шаралар жиынтығы;
Тармақша 17
17) радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу объектілері – радиоактивті қалдықтарды қайта өңдеуге, кондиционерлеуге, тасымалдауға, сақтауға және (немесе) көмуге арналған арнаулы құрылысжайлар (немесе кешендер) және өзге де инженерлік конструкциялар;
Тармақша 18
18) радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу объектісін пайдаланудан шығару – сақтау қоймалары мен көму пункттерін қоспағанда, объектіні радиациялық қауіпсіздік бойынша шектеулер белгілеуді талап етпейтін және халық пен қоршаған ортаны қорғауды қамтамасыз ететін жағдайға келтіруге бағытталған радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу объектісінің өмірлік цикл кезеңі;
Тармақша 19
19) радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу объектісінің өмірлік циклі – радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу объектісін орналастыруды, инженерлік ізденістерді, жобалауды, салуды, пайдалануға беруді, пайдалануды, пайдаланудан шығаруды (жабуды), сондай-ақ ядролық, радиациялық, ядролық физикалық және экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырылатын пайдаланудан кейінгі мониторингтеу мен бақылауды қамтитын оның өмір сүру кезеңдерінің дәйектілігі;
Тармақша 20
20) радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) – радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу саласындағы басшылықты жүзеге асыратын орталық мемлекеттік орган;
Тармақша 21
21) тарихи радиоактивті қалдықтар – ядролық мұраға жататын, 1992 жылға дейін түзілген және меншік иесі жоқ радиоактивті қалдықтар.
Бап 2
2-бап. Қазақстан Республикасының радиоактивті қалдықтармен
жұмыс істеу саласындағы заңнамасы
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу саласындағы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді, Қазақстан Республикасының Экология кодексінен, «Атом энергиясын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының Заңынан, осы Заңнан және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен, халықаралық шарттық міндеттемелерінен тұрады.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасының аумағында халықаралық шарттардың қолданылу тәртібі заңдарда айқындалады.
Бап 3
3-бап. Радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу саласындағы
объектілер мен субъектілер
Тармақ 1
1. Радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу саласындағы объектілер:
Тармақша 1
1) радиоактивті қалдықтар;
Тармақша 2
2) сақтау қоймалары;
Тармақша 3
3) қалдық қоймалары;
Тармақша 4
4) сақтау пункттері;
Тармақша 5
5) көму пункттері;
Тармақша 6
6) радиоактивті қалдықтарды қайта өңдеу және (немесе) кондиционерлеу қондырғылары;
Тармақша 7
7) радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу процесінде пайдаланылатын өзге де объектілер.
Тармақ 2
2. Радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу саласындағы субъектілер:
Тармақша 1
1) радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеуді жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар;
Тармақша 2
2) орталық мемлекеттік органдар және жергілікті мемлекеттік басқару органдары.
Бап 4
4-бап. Радиоактивті қалдықтармен жұмыс
істеу саласындағы қызмет түрлері
1. Осы Заң радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу саласындағы мынадай қызмет түрлеріне қолданылады:
Тармақша 1
1) радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу объектілерін орналастыруды, салуды, пайдалануға беруді, пайдалануды, пайдаланудан шығаруды және жабуды, сондай-ақ ядролық, радиациялық және экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырылатын пайдаланудан кейінгі мониторингтеу мен бақылауды қоса алғанда, олардың өмірлік циклінің кезеңдері;
Тармақша 2
2) радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу, сондай-ақ радиоактивті қалдықтарды беру және қабылдау;
Тармақша 3
3) ғылыми-зерттеу, жобалау, тәжірибелік-конструкторлық, инженерлік және сараптамалық жұмыстар жүргізуді, жабдықтарды дайындауды, жеткізуді және оларға техникалық қызмет көрсетуді, радиациялық бақылауды жүзеге асыруды, радиоактивті қалдықтарды физикалық тұрғыдан қорғауды қамтамасыз етуді, есепке алу мен бақылау жүргізуді, персоналды даярлауды, оқытуды және аттестаттауды қоса алғанда, радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу саласындағы жұмыстарды орындау және қызметтер көрсету, сондай-ақ ядролық және радиациялық қауіпсіздікке әсер ететін өзге де жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер;
Тармақша 4
4) радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу саласындағы өзге де қызмет түрлері.
Тарау 2. 2-тарау. РАДИОАКТИВТІ ҚАЛДЫҚТАРМЕН ЖҰМЫС ІСТЕУ
САЛАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУ
2-тарау. РАДИОАКТИВТІ ҚАЛДЫҚТАРМЕН ЖҰМЫС ІСТЕУ
САЛАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУ
Бап 5
5-бап. Радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу
саласындағы мемлекеттік реттеудің негізгі
мақсаты, міндеттері мен қағидаттары
Тармақ 1
1. Радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу саласындағы мемлекеттік реттеудің негізгі мақсаты – ядролық, радиациялық, ядролық физикалық және экологиялық қауіпсіздікті, қазіргі және болашақ ұрпақтың өмірі мен денсаулығын радиациялық әсерден қорғауды және радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу кезінде қоршаған ортаны радиоактивті ластанудан қорғауды қамтамасыз ету.
Тармақ 2
2. Радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу саласындағы мемлекеттік реттеудің негізгі міндеттері:
Тармақша 1
1) радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу саласындағы мемлекеттік басқарудың тиімді жүйесін қалыптастыру;
Тармақша 2
2) мемлекеттің радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі міндеттемелерін орындау;
Тармақша 3
3) радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу саласында тиімді басқару мен бақылауды ұйымдастыру;
Тармақша 4
4) радиоактивті қалдықтардың барлық түрлерімен жұмыс істеудің тиімді жүйесін ұйымдастыру;
Тармақша 5
5) радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу үшін пайдаланылатын алаңдарды оңтайландыру;
Тармақша 6
6) радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге байланысты ақпаратқа қолжетімділікті қамтамасыз ету;
Тармақша 7
7) радиоактивті қалдықтарды қауіпсіз сақтау мен көмуге уақтылы орналастыруды қамтамасыз ету;
Тармақша 8
8) Қазақстан Республикасының ядролық және радиациялық қауіпсіздік кепілдіктері және радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу саласындағы халықаралық міндеттемелерінің орындалуын қамтамасыз ету.
Тармақ 3
3. Радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу саласындағы мемлекеттік реттеудің негізгі қағидаттары:
Тармақша 1
1) қауіпсіздік қағидаты – персоналдың, халықтың өмірі мен денсаулығын және қоршаған ортаны қорғаудың радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеуге байланысты қызметтің барлық өзге аспектілерінен басымдығы;
Тармақша 2
2) жауаптылық қағидаты – радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу субъектілерінің радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу кезіндегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін жауаптылығы;
Тармақша 3
3) барынша азайту қағидаты – радиоактивті қалдықтардың түзілуін және жинақталуын іс жүзінде қол жеткізуге болатын ең төмен деңгейде шектеу;
Тармақша 4
4) оңтайландыру қағидаты – экономикалық және әлеуметтік факторларды ескере отырып, радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу кезінде олардың әсерін ақылға қонымды, қол жеткізуге болатын төмен деңгейге дейін азайту;
Тармақша 5
5) ұрпақтардың өзара байланысы қағидаты – қазіргі ұрпақтың радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету қажеттілігіне байланысты болашақта ауыртпалықты болашақ ұрпаққа негізсіз жүктеуден оларды қорғау;
Тармақша 6
6) радиоактивті қалдықтарды түзушінің жауаптылық қағидаты – радиоактивті қалдықтарды түзушінің Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес радиоактивті қалдықтармен қауіпсіз жұмыс істеу, оларды сақтау және көму жөніндегі жұмыстарды қаржыландыруды қамтамасыз ету міндеті.
Бап 6
6-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің
радиоактивті қалдықтармен жұмыс
істеу саласындағы құзыреті
Қазақстан Республикасының Үкіметі радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу саласында:
Тармақша 1
1) радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын әзірлейді және олардың жүзеге асырылуын ұйымдастырады;
Тармақша 2
2) радиоактивті қалдықтарды көму пункттерін орналастыру ауданы және оларды салу туралы шешім қабылдайды;
Тармақша 3
3) тарихи радиоактивті қалдықтарды сақтау пунктін көму пунктіне ауыстыру туралы шешім қабылдайды;
Тармақша 4
4) көму пункттерін мерзімінен бұрын жабу немесе жабу туралы шешім қабылдайды;
Тармақша 5
5) көму пункттерін орналастыру алаңын таңдау қағидаларын бекітеді;
Тармақша 6
6) өзіне Қазақстан Республикасының Конституциясымен, осы Заңмен, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарымен және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерімен жүктелген өзге де функцияларды орындайды.
Бап 7
7-бап. Мемлекеттік органдардың радиоактивті
қалдықтармен жұмыс істеу саласындағы
құзыреті
Тармақ 1
1. Уәкілетті орган радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу саласындағы өз құзыреті шегінде:
Тармақша 1
1) стратегиялық, реттеушілік, іске асыру және бақылап-қадағалау функцияларын жүзеге асырады;
Тармақша 2
2) мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатының Қазақстан Республикасының Президенті айқындаған негізгі бағыттары және мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық саясатының, оның қорғаныс қабілетінің, қауіпсіздігінің, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етудің Қазақстан Республикасының Үкіметі әзірлеген негізгі бағыттары негізінде және оларды орындау үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастырады;
Тармақша 3
3) осы Заңда белгіленген негізгі мақсатқа, міндеттер мен қағидаттарға сәйкес радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу саласындағы нормативтік құқықтық актілерді, техникалық регламенттерді, нормативтік-техникалық құжаттарды әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 4
4) ұлттық операторды айқындайды және ол туралы ережені бекітеді;
Тармақша 5
5) ұлттық оператордың қызметін қаржыландыру тәртібін, тетігі мен көздерін айқындайды;
Тармақша 6
6) радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу саласындағы халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырады;
Тармақша 7
7) Қазақстан Республикасының Үкіметіне:
көму пункттерін орналастыру ауданы және оларды салу;
тарихи радиоактивті қалдықтарды сақтау пунктін көму пунктіне ауыстыру;
көму пункттерін мерзімінен бұрын жабу немесе жабу туралы ұсыныстар енгізеді;
Тармақша 8
8) радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу саласында салааралық үйлестіруді жүзеге асырады;
Тармақша 9
9) қолайлылық өлшемшарттарын әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 10
10) радиоактивті қалдықтарды есепке алу мен бақылау қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 11
11) қалдық қоймаларын, сақтау пункттерін немесе көму пункттерін орналастыру, салу, пайдалану, пайдаланудан шығару немесе жабу кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі қағидаларды әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 12
12) жинау, тасымалдау, сақтау және көму қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 13
13) сақтау пункттерінің және көму пункттерінің қауіпсіздігін талдау жөніндегі есептерді дайындау мен ұсыну қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 14
14) радиоактивті қалдықтарды тасымалдауды қоса алғанда, радиоактивті қалдықтарды және олармен жұмыс істеу объектілерін физикалық тұрғыдан қорғау қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 15
15) радиоактивті қалдықтарды көмуге беру қағидалары мен көму қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 16
16) көму пункттерін орналастыру алаңын таңдау қағидаларын әзірлейді;
Тармақша 17
17) жабылған көму пункттерін мониторингтеу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 18
18) радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеуге байланысты қызметті мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асырады;
Тармақша 19
19) радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу объектілерінің кадастрын жүргізеді;
Тармақша 20
20) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың персоналын аттестаттаудан өткізеді;
Тармақша 21
21) осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге нормативтік құқықтық актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Тармақ 2
2. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган Қазақстан Республикасының экология заңнамасында белгіленген құзыреті шегінде:
Тармақша 1
1) радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу объектілерін Қазақстан Республикасының экология заңнамасында көзделген жағдайларда және тәртіппен мемлекеттік экологиялық сараптау мен экологиялық бағалауды ұйымдастырады және жүргізеді;
Тармақша 2
2) радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу объектілеріне қатысты экологиялық рұқсаттар береді;
Тармақша 3
3) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген құзыреті шегінде халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган:
Тармақша 1
1) радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу саласындағы санитариялық қағидалар талаптарының, гигиеналық нормативтердің сақталуын мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық бақылау мен қадағалауды ұйымдастырады және жүзеге асырады;
Тармақша 2
2) осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамасында көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Бап 8
8-бап. Жергілікті атқарушы органдардың
радиоактивті қалдықтармен жұмыс
істеу саласындағы құзыреті
Жергілікті атқарушы органдар Қазақстан Республикасының радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу саласындағы заңнамасында белгіленген құзыреті шегінде:
Тармақша 1
1) мемлекеттік органдарды және (немесе) олардың ведомстволық бағынысты ұйымдарын тарта отырып, жабылған көму пункттерін мониторингтеу қағидаларына сәйкес жабылған көму пункттерінің мониторингін жүргізуді жүзеге асырады;
Тармақша 2
2) радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу объектілерінде радиациялық қауіпсіздікті және қоршаған ортаны қорғауды қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларды іске асыруға қатысады;
Тармақша 3
3) радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу объектілерін орналастыру, салу, пайдалану және жабу мәселелері бойынша қоғамдық талқылауларды және халықты хабардар етуді ұйымдастырады;
Тармақша 4
4) тарихи радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу, радиациялық ластануды жою, сондай-ақ ядролық мұра объектілерінің қауіпсіздігін және оларды оңалтуды қамтамасыз ету жөніндегі жұмысты ұйымдастырады;
Тармақша 5
5) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңдарымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Бап 9
9-бап. Радиоактивті қалдықтармен жұмыс
істеу саласындағы қызметті
лицензиялау
Тармақ 1
1. Радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу саласындағы қызметті лицензиялау Қазақстан Республикасының атом энергиясын пайдалану саласындағы заңнамасына, сондай-ақ Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Тармақ 2
2. Радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу саласындағы қызметті лицензиялауды атом энергиясын пайдалану саласындағы уәкілетті орган жүзеге асырады.
Бап 10
10-бап. Радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеуге
байланысты қызметті мемлекеттік
бақылау мен қадағалау
Радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалау Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне және «Атом энергиясын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады.
Бап 11
11-бап. Радиоактивті қалдықтарды мемлекеттік
есепке алу және бақылау
Тармақ 1
1. Радиоактивті қалдықтар осы Заңға, Қазақстан Республикасының атом энергиясын пайдалану саласындағы заңнамасына сәйкес мемлекеттік есепке алынуы және бақылануы тиіс.
Тармақ 2
2. Радиоактивті қалдықтарды мемлекеттік есепке алу және бақылау олардың түзілуін, жинақталуын, сақталуын, қайта өңделуін, тасымалдануы мен көмілуін жүйелі және анық есепке алуды қамтамасыз ету, олардың бақылаусыз айналымының алдын алу, сондай-ақ ядролық, радиациялық, ядролық физикалық және экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында жүргізіледі.
Тармақ 3
3. Радиоактивті қалдықтарды мемлекеттік есепке алу және бақылау:
Тармақша 1
1) радиоактивті қалдықтар тізілімін жүргізуді;
Тармақша 2
2) радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу объектілерінің кадастрын жүргізуді қамтиды.
Тармақ 4
4. Радиоактивті қалдықтарды мемлекеттік есепке алу және бақылау жүйесінің қызметін ұйымдастыруды және қамтамасыз етуді уәкілетті орган жүзеге асырады.
Тармақ 5
5. Радиоактивті қалдықтар тізілімін жүргізуді уәкілетті орган жүзеге асырады.
Тармақ 6
6. Радиоактивті қалдықтар тізілімін жүргізудің тәртібін және радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу объектілерінің кадастрын жүргізудің тәртібін уәкілетті орган айқындайды.
Тармақ 7
7. Радиоактивті қалдықтарды бастапқы есепке алуды радиоактивті қалдықтарды түзушілер жүзеге асырады.
Радиоактивті қалдықтарды түзушіні айқындау мүмкін болмаған жағдайда, жергілікті атқарушы органдар бастапқы есепке алуды олардың орналасқан жері бойынша жүзеге асырады.
Бап 12
12-бап. Радиоактивті қалдықтарды сыныптау
Тармақ 1
1. Радиоактивті қалдықтарды сыныптау олардың шығу тегі, агрегаттық күйі, үлестік активтілігі (концентрациясы), радиоактивті қалдықтардағы радионуклидтердің, сондай-ақ олардағы ядролық материалдардың жартылай ыдырау кезеңі негізінде жүзеге асырылады.
Тармақ 2
2. Радиоактивті қалдықтар агрегаттық күйі бойынша қатты, сұйық және газ тәрізді радиоактивті қалдықтар болып бөлінеді.
Тармақ 3
3. Радиоактивті қалдықтар үлестік активтілігінің (концентрациясының) деңгейі бойынша активтілігі өте төмен, активтілігі төмен, активтілігі орташа және активтілігі жоғары радиоактивті қалдықтар болып бөлінеді.
Тармақ 4
4. Радиоактивті қалдықтардағы радионуклидтердің жартылай ыдырау кезеңі бойынша олар өте қысқа өмір сүретін, қысқа өмір сүретін және ұзақ өмір сүретін радиоактивті қалдықтар болып бөлінеді.
Тармақ 5
5. Құрамында ядролық материалдардың болуына қарай радиоактивті қалдықтар құрамында ядролық материалдар бар және құрамында ядролық материалдар жоқ радиоактивті қалдықтар болып бөлінеді.
Тармақ 6
6. Радиоактивті қалдықтарды сыныптау өлшемшарттары мен тәртібін уәкілетті орган бекітеді. Радиоактивті қалдықтарды сыныптау олармен жұмыс істеу тәртібін анықтау, қайта өңдеу, сақтау және (немесе) көму технологияларын таңдау кезінде пайдаланылады.
Бап 13
13-бап. Ядролық материалдарды, радиоактивті заттарды
радиоактивті қалдықтар санатына ауыстыру
Тармақ 1
1. Ядролық материалдарды және (немесе) радиоактивті заттарды радиоактивті қалдықтар санатына ауыстыруды уәкілетті органмен келісу бойынша олардың меншік иелері жүзеге асырады.
Тармақ 2
2. Ядролық материалдарды және (немесе) радиоактивті заттарды радиоактивті қалдықтар санатына ауыстыру:
Тармақша 1
1) арнаулы ұйымдастыру-техникалық іс-шараларын жүргізбей, ядролық материалдарды, радиоактивті заттарды алу мақсатында радиоактивті қалдықтарды сақтауға, қайта өңдеуге және кондиционерлеуге берілген радиоактивті қалдықтарды технологиялық процеске кейіннен қайтаруды болдырмау;
Тармақша 2
2) оларды одан әрі мақсатына қарай пайдаланудың мүмкін еместігін немесе орынсыздығын растайтын өлшеулер мен есептеулер жүргізу;
Тармақша 3
3) радиоактивті қалдықтарды есепке алу және бақылау қағидаларына сәйкес радиоактивті қалдықтарды мемлекеттік есепке қою өлшемшарттарын орындау шарттарының жиынтығы орындалған кезде жүзеге асырылады.
Тармақ 3
3. Ядролық материалдарды және (немесе) радиоактивті заттарды радиоактивті қалдықтар санатына ауыстыру тәртібін уәкілетті орган айқындайды.
Бап 14
14-бап. Радиоактивті қалдықтармен жұмыс
істеу объектілерін санаттарға бөлу
Тармақ 1
1. Радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу объектілерін санаттарға бөлу Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген сыныптамаға сәйкес айқындалатын радиоактивті қалдықтардың сипаттамаларын ескере отырып, барынша ықтимал радиациялық авария кезінде олардың халық, персонал және қоршаған орта үшін ықтимал радиациялық қауіптілік деңгейі бойынша жүзеге асырылады.
Тармақ 2
2. Ықтимал радиациялық қауіптілік деңгейі бойынша радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу объектілері:
Тармақша 1
1) 1-санаттағы объектілер – авария болған жағдайда санитариялық-қорғау аймағынан тыс жерде халыққа және қоршаған ортаға радиациялық әсері болуы мүмкін;
Тармақша 2
2) 2-санаттағы объектілер – авария болған жағдайда радиациялық әсері санитариялық-қорғау аймағының аумағымен шектелетін;
Тармақша 3
3) 3-санаттағы объектілер – авария болған жағдайда радиациялық әсері объектінің орналасқан алаңымен шектелетін;
Тармақша 4
4) 4-санаттағы объектілер – авария болған жағдайда радиациялық әсері радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу жөніндегі жұмыстар жүзеге асырылатын үй-жайлармен немесе жұмыс аймағымен шектелетін, әсері олардың шегінен шықпайтын объектілер болып бөлінеді.
Тармақ 3
3. Жұмыс істеп тұрған объектілер үшін санаттарды объектінің меншік иесі белгілейді және уәкілетті органмен және халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның аумақтық бөлімшелерімен келісіледі.
Тармақ 4
4. Радиоактивті қалдықтармен жұмыс істейтін жаңа объектілер үшін санаттар Қазақстан Республикасының атом энергиясын пайдалану саласындағы заңнамасына және барынша жоғары радиациялық авариялар сценарийін қамтитын жобалау құжаттамасын талдау негізінде радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкес жобалау кезеңінде белгіленеді.
Тарау 3. 3-тарау. РАДИОАКТИВТІ ҚАЛДЫҚТАРМЕН ЖҰМЫС ІСТЕУ САЛАСЫНДАҒЫ ҚЫЗМЕТТІ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ ШАРТТАРЫ МЕН ТӘРТІБІ
3-тарау. РАДИОАКТИВТІ ҚАЛДЫҚТАРМЕН ЖҰМЫС ІСТЕУ САЛАСЫНДАҒЫ ҚЫЗМЕТТІ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ ШАРТТАРЫ МЕН ТӘРТІБІ
Бап 15
15-бап. Радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу
саласындағы қызметті жүзеге асырудың
жалпы шарттары
Тармақ 1
1. Радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу саласындағы қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалардың атом энергиясын пайдалану саласындағы тиісті қызмет түріне арналған лицензиясы болуға міндетті.
Тармақ 2
2. Радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу объектілерін пайдаланатын не радиоактивті қалдықтармен операцияларды жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар:
Тармақша 1
1) радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу кезінде және радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу объектілерінде ядролық, радиациялық, ядролық физикалық, экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге;
Тармақша 2
2) радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу объектілерін құрудың, пайдаланудың және пайдаланудан шығарудың (жабудың) барлық кезеңінде сапаны қамтамасыз ету бағдарламаларын әзірлеуге, енгізуге және қолдауға;
Тармақша 3
3) радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу объектілерінің қауіпсіздігіне бағалау жүргізуге;
Тармақша 4
4) авариялардың алдын алу және олардың персонал, халық және қоршаған орта үшін салдарын азайту жөніндегі шараларды әзірлеуге және іске асыруға;
Тармақша 5
5) радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу объектілерінде аварияларды оқшаулау және олардың салдарын жою жөніндегі шараларды әзірлеуге және іске асыруға;
Тармақша 6
6) Қазақстан Республикасының радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу саласындағы заңнамасының талаптарына сәйкес радиоактивті қалдықтарды есепке алуды және бақылауды жүзеге асыруға;
Тармақша 7
7) персоналды оқытуды, қолдауды және олардың біліктілігін арттыруды қамтамасыз етуге;
Тармақша 8
8) радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу объектілерін пайдаланудан шығару (жабу) және авариялардың салдарын жою үшін қажетті қаржы қаражатының қалыптастырылуын және болуын қамтамасыз етуге міндетті.
Бап 16
16-бап. Радиоактивті қалдықтарды түзушілер
Тармақ 1
1. Радиоактивті қалдықтарды түзушілер:
Тармақша 1
1) құрамында радионуклидтер бар материалдарды, заттарды, жабдықтар мен бұйымдарды одан әрі пайдалану мүмкіндігін бағалауды жүзеге асыруға және оларды одан әрі пайдалану мүмкін болмаған жағдайда радиоактивті қалдықтарға жатқызу өлшемшарттарына сәйкес мұндай материалдарды радиоактивті қалдықтарға жатқызуға;
Тармақша 2
2) радиоактивті қалдықтарды көму үшін ұлттық операторға бергенге дейін олармен қауіпсіз жұмыс істеуді қамтамасыз етуге;
Тармақша 3
3) уәкілетті орган бекітетін қолайлылық өлшемшарттарына сәйкес радиоактивті қалдықтарды көму үшін қолайлы күйге келтіруді қамтамасыз етуге;
Тармақша 4
4) радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу жөніндегі, сондай-ақ оларды көму үшін ұлттық операторға беру жөніндегі жұмыстарды қаржыландыруға;
Тармақша 5
5) радиоактивті қалдықтарды сәйкестендіру, есепке алу және қолайлылық өлшемшарттарына сәйкестігін растау үшін қажетті толық ақпаратты бере отырып, оларды ұлттық операторға беруге міндетті.
Тармақ 2
2. Радиоактивті қалдықтарды түзушілер радиоактивті қалдықтарды ұлттық операторға бергенге дейін олармен қауіпсіз жұмыс істеуді қамтамасыз етуге жауапты болады.
Тармақ 3
3. Қызметін тоқтатқан кезде радиоактивті қалдықтарды түзушілер:
Тармақша 1
1) қызметін тоқтату ниеті туралы уәкілетті органды хабардар етуге;
Тармақша 2
2) барлық қолда бар радиоактивті қалдықтарды Қазақстан Республикасының радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу саласындағы заңнамасында белгіленген тәртіппен сақтау және (немесе) көму пункттеріне беруге;
Тармақша 3
3) жабдықтарды, ғимараттарды, құрылысжайлар мен коммуникацияларды дезактивациялау, аумақты рекультивациялау және қоршаған ортаны қалпына келтіру жөніндегі жұмыстарды жүргізуге міндетті.
Бап 17
17-бап. Радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу
жөніндегі ұлттық оператор
Тармақ 1
1. Ұлттық оператордың:
Тармақша 1
1) «Семей ядролық қауіпсіздік аймағы туралы» Қазақстан Республикасының Заңында және осы Заңда көзделген жағдайларды қоспағанда, көму пункттерінің өмірлік циклінің барлық кезеңіне байланысты қызметті жүзеге асыруға және Қазақстан Республикасының аумағында көму жөніндегі жұмыстарды орындауға;
Тармақша 2
2) мемлекеттік меншіктегі не Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мемлекеттік меншікке беруге жататын ядролық мұра объектілерін жою және (немесе) консервациялау жөніндегі жұмыстарды орындауға;
Тармақша 3
3) «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінде, осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында көзделген жағдайларда уранды өндіру мен қайта өңдеу салдарын жою, сондай-ақ осындай қызметтің нәтижесінде радиоактивті материалдармен ластанған объектілер мен құрылысжайларды консервациялау жөніндегі жұмыстарды орындауға айрықша құқығы бар.
Тармақ 2
2. Осы баптың 1-тармағының 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген жұмыстарды орындау кезінде жобалау құжаттамасына сәйкес қоршаған ортаны қалпына келтіруге, радиациялық қатерді азайтуға және халық пен аумақтардың радиациялық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған рекультивациялық іс-шаралар жүргізіледі.
Тармақ 3
3. Ұлттық оператор мынадай функцияларды жүзеге асырады:
Тармақша 1
1) сақтауға және (немесе) көмуге қабылданған радиоактивті қалдықтармен қауіпсіз жұмыс істеуді қамтамасыз етеді;
Тармақша 2
2) өзіне сақтауға және (немесе) көмуге берілетін радиоактивті қалдықтардың мәлімделген деректерге және қолайлылық өлшемшарттарына сәйкестігін айқындайды;
Тармақша 3
3) өзінің қарамағындағы радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу объектілерін қауіпсіз пайдалануды қамтамасыз етеді;
Тармақша 4
4) өзінің қарамағындағы көму пункттерін пайдалануды, оларға техникалық қызмет көрсетуді, оларды реконструкциялауды, жабуды және пайдаланудан кейінгі мониторингтеуді жүзеге асырады;
Тармақша 5
5) өз қызметі шегінде радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу сапасын қамтамасыз ету бағдарламаларын әзірлейді және іске асырады;
Тармақша 6
6) инфрақұрылымды дамыту жөніндегі уәкілетті органға радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу бойынша ұсыныстар енгізеді;
Тармақша 7
7) радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу объектілерін орналастыру және пайдалану қауіпсіздігіне байланысты ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды жүргізеді;
Тармақша 8
8) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен радиоактивті қалдықтарды өтеулі негізде сақтауға және (немесе) көмуге қабылдайды;
Тармақша 9
9) көму пункттері орналасқан аумақты радиациялық бақылауды және мониторингтеуді қамтамасыз етеді;
Тармақша 10
10) өзінің қарамағындағы көму пункттері орналасқан аумақтардағы радиациялық ахуал туралы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мемлекеттік органдар мен халықтың хабардар болуын қамтамасыз етеді;
Тармақша 11
11) қоршаған ортаны қалпына келтіруге және халық пен аумақтардың радиациялық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған рекультивациялық іс-шаралар жүргізуді қоса алғанда, ядролық мұра объектілері қызметінің салдарын жою жөніндегі жұмыстарды жүзеге асырады;
Тармақша 12
12) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де қызмет түрлерін жүзеге асырады.
Тармақ 4
4. Ұлттық оператордың:
Тармақша 1
1) радиоактивті қалдықтарды түзушілерден және радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу саласындағы жұмыстарды орындайтын ұйымдардан өзіне жүктелген функцияларды орындау үшін қажетті және жеткілікті көлемде ақпарат сұратуға және алуға;
Тармақша 2
2) уәкілетті органға радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу саласындағы қауіпсіздік жөніндегі нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізуге;
Тармақша 3
3) өз құзыреті шегінде радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу жөніндегі жұмыстарды орындауға және қызметтер көрсетуге шарттар жасасуға;
Тармақша 4
4) радиоактивті қалдықтардың қолайлылық өлшемшарттарына сәйкес келмейтіні анықталған жағдайда оларды көмуге қабылдаудан бас тартуға;
Тармақша 5
5) атом энергиясын пайдалану саласында тиісті лицензиялары бар мамандандырылған ұйымдарды жекелеген жұмыстарды орындауға тартуға;
Тармақша 6
6) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес осы Заңда белгіленген мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізу үшін қажетті өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқығы бар.
Бап 18
18-бап. Радиоактивті қалдықтарды ұлттық операторға
көму үшін беру тәртібі
Тармақ 1
1. Радиоактивті қалдықтарды ұлттық операторға беру уәкілетті орган белгілеген тәртіппен жүзеге асырылады.
Тармақ 2
2. Радиоактивті қалдықтар қолайлылық өлшемшарттарына сәйкестігі расталғаннан кейін және радиоактивті қалдықтарды қабылдап алу-беру актісіне қол қойылған кезден бастап ұлттық оператордың меншігіне өтеді.
Тармақ 3
3. Радиоактивті қалдықтарды ұлттық операторға берер алдында радиоактивті қалдықтарды түзуші не ол іске тартатын, атом энергиясын пайдалану саласында тиісті лицензиясы бар мамандандырылған ұйым радиоактивті қалдықтарды кондиционерлеуді жүзеге асырады.
Тармақ 4
4. Иесіз радиоактивті қалдықтарды беру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Тармақ 5
5. Иесіз радиоактивті қалдықтарды көмуге орналастыру Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда және тәртіппен бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
Бап 19
19-бап. Радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу
жөніндегі қызметті қаржыландыру
Тармақ 1
1. Радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу жөніндегі қызметті қаржыландыруды радиоактивті қалдықтарды түзушілер не олардың құқықтық мирасқорлары өз қаражаты есебінен жүзеге асырады.
Тармақ 2
2. Ұлттық оператордың қызметін қаржыландыру:
Тармақша 1
1) радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу бойынша көрсетілетін қызметтер, орындалатын жұмыстар үшін сыйақылар;
Тармақша 2
2) жер қойнауын пайдаланушылар ғылыми-зерттеу, тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды және (немесе) жер қойнауын пайдаланудың салдарын жоюды қаржыландыру ретінде бөлетін қаражат;
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес бюджет қаражаты;
Тармақша 4
4) Қазақстан Республикасының заңдарында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен жүзеге асырылады.
Тармақ 3
3. Радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу жөніндегі қызметті қаржыландыру мынадай жағдайларда:
Тармақша 1
1) республикалық немесе коммуналдық меншіктегі ұйымдарда түзілетін және (немесе) жинақталған радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу;
Тармақша 2
2) иесіз, пайдаланылып болған, жабылған радионуклидті көздермен және (немесе) иесіз, жинақталған радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу;
Тармақша 3
3) республикалық немесе коммуналдық меншіктегі және (немесе) меншік иесі белгіленбеген тарихи радиоактивті қалдықтармен және тарихи радиациялық ластану объектілерімен жұмыс істеу;
Тармақша 4
4) республикалық немесе коммуналдық меншіктегі радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу объектілерін пайдаланудан шығару;
Тармақша 5
5) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу жөніндегі өзге де қызметті жүзеге асыру кезінде бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
Бап 20
20-бап. Авариялық әзірлік және ден қою
Тармақ 1
1. Радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу саласындағы қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар Қазақстан Республикасының атом энергиясын пайдалану саласындағы заңнамасына және Қазақстан Республикасының азаматтық қорғау туралы заңнамасына сәйкес авариялық әзірлік және ден қою жоспарларын әзірлеуге, бекітуге және жаңартылған күйде ұстауға міндетті.
Авариялық әзірлік және ден қою жоспарлары радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу объектісінің радиациялық қауіптілік санатын ескеруге, оқыс оқиғалар мен авариялар кезіндегі іс-қимыл тәртібін, олардың салдарын жою және персоналға, халыққа және қоршаған ортаға радиациялық әсерді барынша азайту жөніндегі шараларды қамтуға тиіс.
Тармақ 2
2. Радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу саласындағы қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу кезінде авариялық әзірлік және ден қою жөніндегі іс-шаралардың орындалуын қамтамасыз етуге міндетті.
Тармақ 3
3. Радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу саласындағы қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар уәкілетті орган айқындаған тәртіппен авариялық әзірлік және ден қою жоспарлары бойынша іс-қимылдарды пысықтауға бағытталған персоналды оқытуды, жаттығулар мен оқу-жаттығу сабақтарын өткізуге міндетті.
Тармақ 4
4. Авария жағдайында радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу саласындағы қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар оны оқшаулау жөніндегі шараларды дереу қабылдауға, уәкілетті орган мен азаматтық қорғау органдарын хабардар етуге, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де іс-қимылдарды орындауға міндетті.
Бап 21
21-бап. Радиоактивті қалдықтарды және радиоактивті қалдықтармен
жұмыс істеу объектілерін физикалық тұрғыдан қорғау
Тармақ 1
1. Жеке және заңды тұлғалар радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеген кезде оларды физикалық тұрғыдан қорғауды қамтамасыз етеді.
Тармақ 2
2. Радиоактивті қалдықтарды және радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу объектілерін физикалық тұрғыдан қорғауды қамтамасыз ету осындай объектілердің өмірлік циклінің барлық кезеңінде, сондай-ақ оларды тасымалдауды қоса алғанда, радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу кезінде жүзеге асырылады.
Тармақ 3
3. Радиоактивті қалдықтарды және радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу объектілерін физикалық тұрғыдан қорғауды қамтамасыз ету мақсатында ұйымдық құрылым құру, ішкі құжаттарды әзірлеу, физикалық тұрғыдан қорғаудың инженерлік және техникалық құралдарымен жарақтандыру жүзеге асырылады, сондай-ақ рұқсатсыз әрекеттерден қорғау үшін күзет және ден қою күштерінің болуы қамтамасыз етіледі.
Бап 22
22-бап. Радиоактивті қалдықтарды елге әкелу және
елден әкету шарттары
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасында түзілген және қайта өңдеу үшін Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге жіберілген радиоактивті қалдықтарды қайта өңдеу немесе кондиционерлеу нәтижесінде түзілген радиоактивті қалдықтарды қайтару жағдайларын қоспағанда, радиоактивті қалдықтарды сақтау, қайта өңдеу, кондиционерлеу немесе көму үшін Қазақстан Республикасына әкелуге тыйым салынады.
Тармақ 2
2. Егер Қазақстан Республикасының халықаралық шартында көзделген болса, Қазақстан Республикасынан шетелге жіберілген, пайдаланылып болған ядролық отынды қайта өңдеу кезінде түзілген радиоактивті қалдықтарды Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге рұқсат етіледі.
Тармақ 3
3. Радиоактивті қалдықтарды Қазақстан Республикасынан әкетуге Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында көзделген жағдайларда және тәртіппен ғана жол беріледі.
Тармақ 4
4. Радиоактивті қалдықтарды әкелу және әкету тәртібі Қазақстан Республикасының заңнамасында және Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында айқындалады.
Бап 23
23-бап. Радиоактивті қалдықтардың трансшекаралық
орнын ауыстыру
Тармақ 1
1. Радиоактивті қалдықтардың трансшекаралық орнын ауыстыру Қазақстан Республикасының заңнамасына және Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес жүзеге асырылады.
Тармақ 2
2. Радиоактивті қалдықтардың трансшекаралық орнын ауыстыруға мынадай шарттар сақталған:
Тармақша 1
1) алдын ала жазбаша хабарламаның болуы және межелі мемлекеттің келісімі алынған;
Тармақша 2
2) транзит мемлекеттерінің аумағы арқылы орнын ауыстыру кезінде олардың келісімі алынған;
Тармақша 3
3) уәкілетті органмен келісу бойынша орнын ауыстыру жүзеге асырылған;
Тармақша 4
4) қаптамаларға, көлік құралдарына, маршруттарға және тасымалдау шарттарына қойылатын талаптарды қоса алғанда, радиоактивті қалдықтарды қауіпсіз тасымалдауға арналған халықаралық шарттардың талаптары сақталған кезде жол беріледі.
Тармақ 3
3. Пайдаланылып болған ядролық отынды немесе радиоактивті қалдықтарды сақтау немесе көму үшін оңтүстік ендіктің 60 градусынан оңтүстікке қарай межелі жерге жөнелтуге тыйым салынады.
Тармақ 4
4. Радиоактивті қалдықтардың трансшекаралық орын ауыстыру тәртібін уәкілетті орган айқындайды.
Бап 24
24-бап. Радиоактивті қалдықтарды, сондай-ақ радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу объектілерін тіркеу
Тармақ 1
1. Радиоактивті қалдықтарды және радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу объектілерін тіркеу радиоактивті қалдықтар тізіліміне және радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу объектілерінің кадастрына құжатталған ақпаратты енгізуді және жаңартуды қамтиды.
Тармақ 2
2. Радиоактивті қалдықтарды және радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу объектілерін тіркеу радиоактивті қалдықтарды есепке алудың мемлекеттік жүйесін қалыптастыру, жүргізу және оның жұмыс істеуі мақсатында жүзеге асырылады.
Тармақ 3
3. Радиоактивті қалдықтар тізіліміне радиоактивті қалдықтардың сипаттамаларын, санын, орналастыру орнын қоса алғанда, олар туралы құжатталған мәліметтер, сондай-ақ бастапқы есепке алу деректері негізінде радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу субъектілері туралы мәліметтер енгізіледі.
Тармақ 4
4. Радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу объектілерінің кадастрына оны жүргізу тәртібіне сәйкес радиоактивті қалдықтарды көму пункттері, сақтау қоймалары, қалдық қоймалары, сақтау пункттері, қайта өңдеу және (немесе) кондиционерлеу қондырғылары туралы құжатталған мәліметтер енгізіледі.
Тармақ 5
5. Қолайлылық өлшемшарттарына сәйкес келтірілген радиоактивті қалдықтарға радиоактивті қалдықтардың паспорты жасалады.
Осы Заңда көзделген жағдайларды қоспағанда, радиоактивті қалдықтардың әрбір қаптамасына радиоактивті қалдықтардың паспортын оларды кондиционерлеуді жүзеге асырған ұйым жасайды.
Радиоактивті қалдықтар паспортының мазмұнына, нысанына және оны жасау тәртібіне қойылатын талаптарды уәкілетті орган бекітеді.
Тармақ 6
6. Радиоактивті қалдықтардың тізілімін, радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу объектілерінің кадастрын және радиоактивті қалдықтардың паспортын сақтау Қазақстан Республикасының Ұлттық архив қоры және мұрағаттар туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Тарау 4. 4-тарау. РАДИОАКТИВТІ ҚАЛДЫҚТАРМЕН ЖҰМЫС ІСТЕУ
4-тарау. РАДИОАКТИВТІ ҚАЛДЫҚТАРМЕН ЖҰМЫС ІСТЕУ
Бап 25
25-бап. Радиоактивті қалдықтарды жинау, қайта өңдеу,
кондиционерлеу
Тармақ 1
1. Радиоактивті қалдықтарды жинау, қайта өңдеу және кондиционерлеу оларды тасымалдау, сақтау және (немесе) көму үшін белгіленген қолайлылық өлшемшарттарына сәйкес келетін пішін мен күйге келтіру мақсатында жүзеге асырылады.
Радиоактивті қалдықтар түзілген сәттен бастап олардың бақылаусыз жинақталуын және таралуын болдырмауды қамтамасыз ететін тәртіппен жиналуға жатады.
Тармақ 2
2. Радиоактивті қалдықтарды жинау, қайта өңдеу және кондиционерлеу халық пен қоршаған ортаны радиациялық қорғауды қамтамасыз ететін технологиялар мен әдістер қолданыла отырып, олардың сыныпталуы мен сипаттамалары ескеріле отырып жүзеге асырылады.
Тармақ 3
3. Радиоактивті қалдықтарды жинау, өңдеу және кондиционерлеу кезінде:
Тармақша 1
1) радиациялық бақылау;
Тармақша 2
2) радиоактивті қалдықтарды есепке алу және бақылау;
Тармақша 3
3) радионуклидтердің қоршаған ортаға таралуын болғызбау;
Тармақша 4
4) қайталама радиоактивті қалдықтардың түзілуін және олардың көлемін барынша азайту;
Тармақша 5
5) авариялық жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі шаралар;
Тармақша 6
6) радиоактивті қалдықтарды физикалық тұрғыдан қорғау қамтамасыз етіледі.
Тармақ 4
4. Радиоактивті қалдықтардың тасымалдауға, сақтауға және (немесе) көмуге арналған қаптамалары уәкілетті орган белгілеген қауіпсіздік және ұзақ мерзімді орнықтылық талаптарына сәйкес келуге тиіс және міндетті түрде паспорттауға жатады.
Тармақ 5
5. Радиоактивті қалдықтарды жинау, қайта өңдеу және кондиционерлеу жөніндегі технологиялық операциялар сапаны қамтамасыз ету бағдарламаларына сәйкес жүзеге асырылады.
Бап 26
26-бап. Радиоактивті қалдықтарды сақтау
Тармақ 1
1. Радиоактивті қалдықтарды сақтау радиоактивтілік деңгейін төмендету үшін оларды технологиялық ұстау, сондай-ақ кейіннен қайта өңдеу, кондиционерлеу, тасымалдау немесе көму үшін жинақтау мақсатында жүзеге асырылады.
Тармақ 2
2. Сақтау радиоактивті қалдықтардың сипаттамаларына және жобалық шешімдерге байланысты уақытша немесе ұзақ сақтау түрінде жүзеге асырылуы мүмкін.
Тармақ 3
3. Сақтау мерзімі мен шарттары олардың сыныпталуы ескеріле отырып, жобалау құжаттамасында айқындалады және бүкіл сақтау кезеңі ішінде персоналдың, халықтың және қоршаған ортаның қауіпсіздігін қамтамасыз етуге тиіс. Көрсетілген мерзімді ұзартуға уәкілетті органмен келісілген қауіпсіздік негіздемесі болған және жобалау құжаттамасына және (немесе) лицензияның қолданылу шарттарына тиісті өзгерістер енгізілген кезде ғана жол беріледі.
Тармақ 4
4. Қоймаларда, сақтау пункттерінде және қалдық қоймаларында ғана сақтауға жол беріледі.
Тармақ 5
5. Қауіпсіз сақталуын және кейіннен олармен жұмыс істеу мүмкіндігін қамтамасыз ететін пішін мен күйге келтірілген радиоактивті қалдықтар сақтауға жатады.
Тармақ 6
6. Сақтау кезінде:
Тармақша 1
1) тұрақты радиациялық мониторинг;
Тармақша 2
2) қауіпсіздік жүйелерінің жай-күйін бақылау;
Тармақша 3
3) радиоактивті қалдықтарды есепке алу және бақылау;
Тармақша 4
4) авариялық жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі шаралар;
Тармақша 5
5) физикалық тұрғыдан қорғау;
Тармақша 6
6) өздігінен болатын тізбекті ядролық реакциялардың орын алу мүмкіндігін болдырмау және шамадан тыс жылу бөлінуін болғызбау;
Тармақша 7
7) биологиялық, химиялық және өзге де қатерлерді есепке алу және бағалау қамтамасыз етіледі.
Тармақ 7
7. Сақтау радиоактивті қалдықтарды кейіннен алудың, қайта өңдеудің, тасымалдаудың немесе көмудің техникалық мүмкіндігін қамтамасыз етуге тиіс.
Тармақ 8
8. Радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу саласындағы қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар сақтау қауіпсіздігін қамтамасыз етуге жауапты болады.
Тармақ 9
9. Сақтау радиоактивті қалдықтарды көмуді алмастыру ретінде пайдаланылмауға тиіс.
Бап 27
27-бап. Радиоактивті қалдықтарды тасымалдау
Тармақ 1
1. Радиоактивті қалдықтарды тасымалдауды атом энергиясын пайдалану саласындағы уәкілетті орган берген тиісті лицензиялары бар жеке немесе заңды тұлғалар жүзеге асыра алады.
Тармақ 2
2. Радиоактивті қалдықтарды тасымалдау қаптамаларға (көлік контейнерлеріне), таңбалауға, көлік құралдарына, маршруттарға, физикалық тұрғыдан қорғауды және радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қойылатын талаптарды қоса алғанда, уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінің талаптарын сақтай отырып жүргізіледі.
Тармақ 3
3. Радиоактивті қалдықтарды әуе, теміржол, су немесе автомобиль көлігімен тасымалдау шарттары мен режимі Қазақстан Республикасының тиісті қызметтерімен келісіледі.
Тармақ 4
4. Жүк жөнелтуші, тасымалдаушы және жүк алушы радиоактивті қалдықтарды тасымалдау кезінде ядролық, радиациялық қауіпсіздікті және физикалық тұрғыдан қорғауды қамтамасыз етуге, сондай-ақ оқыс оқиғалар мен аварияларды болғызбау, оқшаулау және олардың салдарын барынша азайту жөніндегі шараларды орындауға міндетті.
Тармақ 5
5. Радиоактивті қалдықтарды тасымалдау кезінде жол-көлік оқиғасы салдарынан радиациялық авария туындаған жағдайда, егер тасымалдау туралы келісімде өзгеше көзделмесе, оны жою үшін жауапкершілік, сондай-ақ персоналды, халықты, қоршаған табиғи ортаны және материалдық құндылықтарды қорғау жүк жөнелтушіге жүктеледі.
Бап 28
28-бап. Радиоактивті қалдықтарды көму
Тармақ 1
1. Көму радиоактивті қалдықтарды кейіннен алу ниетінсіз олардың халыққа және қоршаған ортаға әсерін болдырмайтын ұзақ мерзімді оқшаулауды қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырылады.
Тармақ 2
2. Көму пункттерінде ғана көмуге жол беріледі.
Тармақ 3
3. Көму пункттері радиоактивті қалдықтардың ықтимал қауіптілігінің бүкіл кезеңіне оларды оқшаулауды қамтамасыз ететін қауіпсіздік тосқауылдарының жүйесі негізінде радиоактивті қалдықтарды оқшаулауды қамтамасыз етуге тиіс.
Тармақ 4
4. Белгіленген қолайлылық өлшемшарттарына сәйкес келетін пішін мен күйге келтірілген радиоактивті қалдықтар көмуге жатады.
Тармақ 5
5. Көму кезінде мыналар:
Тармақша 1
1) радиациялық мониторинг;
Тармақша 2
2) қауіпсіздік тосқауылдарының жай-күйін бақылау;
Тармақша 3
3) радиоактивті қалдықтарды есепке алу және бақылау;
Тармақша 4
4) авариялық жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі шаралар;
Тармақша 5
5) көму пункттерін физикалық тұрғыдан қорғау;
Тармақша 6
6) өздігінен болатын тізбекті ядролық реакциялардың орын алуын және шамадан тыс жылу бөлінуін болдырмау;
Тармақша 7
7) көмілген радиоактивті қалдықтардың орны, конструкциясы мен құрамы туралы құжаттаманы жүргізу және сақтау қамтамасыз етіледі.
Тармақ 6
6. Көму пункті жабылғаннан кейін оның жай-күйін жобалау құжаттамасында және лицензияның қолданылу шарттарында белгіленген көлемде ұзақ мерзімді бақылау және мониторингтеу жөніндегі шаралар қамтамасыз етіледі.
Тармақ 7
7. Көму радиоактивті қалдықтардың түзілуін және олардың көмуге жататын көлемін барынша азайту қажеттігі ескеріле отырып жүзеге асырылады.
Бап 29
29-бап. Тарихи радиоактивті қалдықтармен және
ядролық мұра объектілерімен жұмыс істеу
Тармақ 1
1. Ядролық мұра объектілерінің, сондай-ақ шекараларында ядролық мұра объектілері анықталған жер учаскелерінің және өзге де объектілердің меншік иелері мен өзге де заңды иеленушілері өз құқықтары мен міндеттері шегінде радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, мұндай объектілерге рұқсатсыз кіруге жол бермеу жөнінде шаралар қабылдауға, қажетті ақпарат беруге және осындай объектілерді зерттеп-қарауды, жай-күйін бағалауды, есепке алуды, оңалтуды, жоюды және (немесе) консервациялауды жүргізу үшін қолжетімділікті қамтамасыз етуге міндетті.
Тармақ 2
2. Ядролық мұра объектілерін анықтау, есепке алу, бағалау және жою Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптары ескеріле отырып жүзеге асырылады.
Тармақ 3
3. Тарихи радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу, сондай-ақ ядролық мұра объектілерін анықтау, зерттеп-қарау, олардың жай-күйін бағалау, есепке алу, оңалту, жою және (немесе) консервациялау қағидаларын уәкілетті орган бекітеді.
Бап 30
30-бап. Уранды өндіру және қайта өңдеу кезінде
түзілетін радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу
Тармақ 1
1. Уран саласындағы ұлттық компания жерасты ұңғымалық сілтісіздендіру тәсілімен уранды өндіру және қайта өңдеу кезінде және осындай қызметтің салдарын жою кезінде түзілетін радиоактивті ластанған топырақ түріндегі активтілігі төмен радиоактивті қалдықтарды жер бетіне жақын көму пункттерінде көмуді жүзеге асыруға, сондай-ақ осындай пункттердің өмірлік циклінің кезеңдеріне байланысты қызметті жүзеге асыруға құқылы.
Тармақ 2
2. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген жұмыстарды акцияларының немесе қатысу үлестерінің тоқсан және одан да көп пайызы уран саласындағы ұлттық компанияға тікелей немесе жанама түрде тиесілі заңды тұлға осындай заңды тұлғада атом энергиясын пайдалану саласындағы уәкілетті орган берген тиісті лицензиясы болған кезде орындай алады.
Тармақ 3
3. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген жер бетіне жақын көму пункттерінің қауіпсіздігі үшін олар жабылғаннан кейінгі кезеңді қоса алғанда, олардың өмірлік циклінің кезеңдеріне байланысты жұмыстарды орындау кезінде уран саласындағы ұлттық компания не осы баптың 2-тармағында көрсетілген заңды тұлға жауапты болады.
Тарау 5. 5-тарау. РАДИОАКТИВТІ ҚАЛДЫҚТАРМЕН ЖҰМЫС ІСТЕУ
ОБЪЕКТІЛЕРІНІҢ ӨМІРЛІК ЦИКЛІ
5-тарау. РАДИОАКТИВТІ ҚАЛДЫҚТАРМЕН ЖҰМЫС ІСТЕУ
ОБЪЕКТІЛЕРІНІҢ ӨМІРЛІК ЦИКЛІ
Бап 31
31-бап. Радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу объектілерін
орналастыру ауданы және оларды салу туралы шешімдер
Тармақ 1
1. Көму пункттерін орналастыру ауданы туралы шешімді, көму пункттерін салу туралы шешімді аумағында көму пункттерін салу жоспарланып отырған жергілікті өкілді органдар келіскен кезде Қазақстан Республикасының Үкіметі мыналарды:
Тармақша 1
1) радиоактивті қалдықтармен қауіпсіз жұмыс істеуді қамтамасыз етудің қажеттілігін;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасының радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу саласындағы заңнамасының талаптарына жауап беретін көму пункттерін орналастыру үшін қажетті жағдайлардың бар-жоғын;
Тармақша 3
3) жақын орналасқан азаматтық және әскери объектілер тарапынан көму пункттері үшін қауіпсіздікке төнетін қатердің жоқтығын;
Тармақша 4
4) Қазақстан Республикасының экология заңнамасында белгіленген талаптарды;
Тармақша 5
5) өңірдің өнеркәсіптік, ауыл шаруашылығы және әлеуметтік дамуы үшін көрсетілген пункттерді орналастырудың ықтимал әлеуметтік және экономикалық салдарын ескере отырып қабылдайды.
Тармақ 2
2. Радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу саласындағы қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар радиоактивті қалдықтарды сақтау пункттерін, қалдық қоймаларын және қайта өңдеу қондырғыларын орналастыру және (немесе) салу туралы шешімді уәкілетті органмен және жергілікті атқарушы органдармен келісу бойынша қабылдайды.
Тармақ 3
3. Атом энергиясын пайдалану объектілерінің құрамына кіретін радиоактивті қалдықтар қоймаларын ұйымдардың (кәсіпорындардың) өнеркәсіптік алаңдары шегінде орналастыру туралы шешімдер уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес қабылданады.
Тармақ 4
4. Радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу объектілерін орналастыру және салу туралы шешімдер Қазақстан Республикасының атом энергиясын пайдалану саласындағы, Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнамасына және Қазақстан Республикасының экология заңнамасына сәйкес қабылданады.
Бап 32
32-бап. Радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу объектілерін орналастыру
Тармақ 1
1. Радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу объектілерін орналастыру орнын таңдау осы Заңға сәйкес айқындалған, радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу объектілерін орналастыру ауданы шегінде жүзеге асырылады.
Тармақ 2
2. Радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу объектілерін орналастыру Қазақстан Республикасының жер заңнамасына, Қазақстан Республикасының экология заңнамасына және Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Тармақ 3
3. Радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу объектілерін:
Тармақша 1
1) тұрғын үй құрылысы аумақтары шегінде;
Тармақша 2
2) ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда;
Тармақша 3
3) сумен жабдықтау көздерін санитариялық қорғау аймақтарында;
Тармақша 4
4) қауіпті геологиялық және гидрогеологиялық процестер аймақтарында және орналастыру қауіпсіздігін қамтамасыз етпейтін өзге де аумақтарда;
Тармақша 5
5) сынақ полигондарында және қару-жараққа, әскери техникаға және өзге де зақымдау құралдарына сынақтар жүргізу орындарында орналастыруға жол берілмейді.
Тармақ 4
4. Радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу объектілерін орналастыру кезінде мыналар:
Тармақша 1
1) сыртқы табиғи құбылыстар мен процестердің радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу объектісіне әсері;
Тармақша 2
2) сыртқы техногендік процестердің радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу объектісіне әсері;
Тармақша 3
3) радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу объектісінің халыққа және қоршаған ортаға әсері ескеріледі.
Тармақ 5
5. Радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу объектілерін орналастыру үшін жер учаскесін таңдау кезінде геологиялық ортаның сипаттамалары, оның ішінде:
Тармақша 1
1) гидрогеологиялық жағдайлар;
Тармақша 2
2) жерасты суларының жинақталу тереңдігі;
Тармақша 3
3) тау жыныстарының сорбциялық қасиеттері;
Тармақша 4
4) радионуклидтердің таралуына ықпал ететін белсенді тектоникалық бұзылулардың және өзге де факторлардың болмауы ескеріледі.
Тармақ 6
6. Уәкілетті орган радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу объектісін орналастыру үшін таңдалған орынның ядролық және радиациялық қауіпсіздік талаптарына сәйкестігін бағалайды, объектіні орналастыру қауіпсіздігі негіздемесінің материалдарына сараптама жүргізеді және қорытынды береді. Уәкілетті органның оң қорытындысы болмаған кезде радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу объектілерін орналастыруға жол берілмейді.
Тармақ 7
7. Көму пунктін орналастыру орнын таңдауды негіздеу үшін оның қауіпсіздігіне салыстырмалы талдау жүргізе отырып, көму пункттерін орналастыру орындарының баламалы нұсқалары міндетті түрде қаралуға тиіс.
Тармақ 8
8. Көму пунктін орналастыру орны туралы шешім қабылданғанға дейін Қазақстан Республикасының жер заңнамасында белгіленген тәртіппен инженерлік іздестірулерді, қоршаған ортаға әсерді бағалауды және өзге де зерттеулерді жүргізу үшін жерді резервке қоюға жол беріледі.
Тармақ 9
9. Радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу объектілерін орналастыру орнын таңдау нәтижелері объектіні орналастыру қауіпсіздігінің негіздемесі туралы есеп түрінде ресімделеді және ол уәкілетті органмен келісілуге тиіс.
Бап 33
33-бап. Радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу объектілерін
жобалау және салу
Тармақ 1
1. Радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу объектілерін жобалау және салу Қазақстан Республикасының экология заңнамасының, Қазақстан Республикасының атом энергиясын пайдалану, денсаулық сақтау саласындағы, сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнамасының және осы Заңның талаптарына сәйкес олармен жұмыс істеу үшін радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу объектісі салынатын радиоактивті қалдықтардың сипаттамалары ескеріле отырып жүзеге асырылады.
Тармақ 2
2. Жобалау құжаттамасында мыналар қамтылуға тиіс:
Тармақша 1
1) қауіпсіздік негіздемелерін растайтын шешімдер;
Тармақша 2
2) радиоактивті қалдықтардың түзілу көздері және радиациялық әсердің өзге де көздері туралы мәліметтер, олардың сандық және сапалық сипаттамалары;
Тармақша 3
3) объектінің ұйымдық құрылымының және өндірістік радиациялық бақылау жүйесінің сипаттамалары;
Тармақша 4
4) халықтың маңызды топтарына әсерін бағалауды қоса алғанда, халыққа дозалық жүктемелердің есептемелері.
Тармақ 3
3. Жобалау құжаттамасында мыналар айқындалады:
Тармақша 1
1) сақтау және (немесе) көму тәсілдері мен мерзімдері;
Тармақша 2
2) объект қабылдайтын радиоактивті қалдықтардың рұқсат етілген көлемдері мен сипаттамалары;
Тармақша 3
3) қауіпсіздік тосқауылдарына қойылатын талаптар.
Тармақ 4
4. Радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу объектілерін жобалау олардың кейіннен пайдаланудан шығарылуы ескеріле отырып, ал көму пункттері үшін оларды кейіннен жабу, пайдаланудан кейінгі мониторингтеу және бақылау ескеріле отырып жүзеге асырылады.
Тармақ 5
5. Қалдық қоймаларының, сақтау пункттерінің және көму пункттерінің жобалау құжаттамасында бүлінген жерлерді қалпына келтіру жөніндегі іс-шаралар көзделуге тиіс.
Тармақ 6
6. Жобалау құжаттамасы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мемлекеттік экологиялық және санитариялық-эпидемиологиялық сараптамалар жасалуға тиіс.
Тармақ 7
7. Радиоактивті қалдықтарды қайта өңдеу қондырғыларын жобалау ядролық, радиациялық, өрт және өнеркәсіптік қауіпсіздіктің қамтамасыз етілуі, радиоактивті қалдықтардың түзілуінің барынша азайтылуы және радиоактивті заттардың бақылаусыз таралуын болғызбау ескеріле отырып жүзеге асырылады.
Тармақ 8
8. Жобалық шешімдер радиоактивті қалдықтарды оқшаулауды және олардың халық пен қоршаған ортаға әсерін болғызбауды қамтамасыз ететін қауіпсіздік тосқауылдары жүйесін көздеуге тиіс.
Тармақ 9
9. Жобалық шешімдер радионуклидтердің радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу объектісінен тысқары таралуын болғызбауды қамтамасыз етуге тиіс.
Тармақ 10
10. Объектінің қауіпсіздігіне әсер етуге қабілетті факторлар анықталған жағдайда оларды өтеуге және қатерлерді азайтуға бағытталған инженерлік және техникалық шаралар көзделуге тиіс.
Тармақ 11
11. Радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу объектілерін салу құрылыс-монтаждау және іске қосу-баптау жұмыстарын орындауды, жобалық шешімдерді іске асыруды, инженерлік қауіпсіздік тосқауылдары мен қауіпсіздік жүйелерінің жобалау құжаттамасына сәйкестігін тексеруді қамтиды.
Тармақ 12
12. Радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу объектілерінің айналасында шекаралары Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы заңнамасына сәйкес айқындалатын санитариялық-қорғау аймағы белгіленеді.
Тармақ 13
13. Радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу объектілерін салуды тиісті лицензиялары бар ұйымдар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырады.
Тармақ 14
14. Радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу объектілерін салу кезінде:
Тармақша 1
1) бекітілген жобалау құжаттамасына сәйкес жұмыстардың орындалуы;
Тармақша 2
2) сапаны қамтамасыз ету бағдарламаларының сақталуы;
Тармақша 3
3) атқарушылық құжаттаманы жүргізу және жобалық шешімдердің барлық өзгерістерін тіркеп-белгілеу;
Тармақша 4
4) инженерлік қауіпсіздік тосқауылдарының, материалдар мен конструктивтік элементтердің сапасын бақылау қамтамасыз етіледі.
Тармақ 15
15. Уәкілетті орган радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу объектілерін салу кезінде ядролық және радиациялық қауіпсіздік талаптарының сақталуын мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асырады.
Тармақ 16
16. Радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу объектілерін салу салынған радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу объектісінің жобалау құжаттамасына және нормативтік құқықтық актілердің талаптарына сәйкестігі туралы қорытындыны ресімдей отырып, қабылдап алу іс-шараларын жүргізумен аяқталады.
Тармақ 17
17. Радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу объектісінің қауіпсіздігіне әсер ететін жобалау шешімдеріндегі өзгерістер уәкілетті органмен міндетті түрде келісілуге жатады.
Тармақ 18
18. Көму пунктінің жобалау құжаттамасында қауіпсіздікті бағалау, мониторингтеу нәтижелері және Қазақстан Республикасы заңнамасы талаптарының өзгерістері ескеріле отырып, пайдалану барысында нақтылануы тиіс көму пунктін жабу, пайдаланудан кейінгі мониторингтеу және бақылау жөніндегі алдын ала шешімдер болуға тиіс.
Бап 34
34-бап. Радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу объектілерін
пайдалануға беру және пайдалану
Тармақ 1
1. Радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу объектілерін пайдалануға беру және пайдалану тиісті лицензия және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген құжаттар болған кезде жүзеге асырылады.
Тармақ 2
2. Радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу объектісін пайдалануға беру алдында мыналарды:
Тармақша 1
1) қауіпсіздік жүйелеріне, инженерлік қауіпсіздік тосқауылдарына және технологиялық жабдықтарға сынақтар;
Тармақша 2
2) радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу объектісін бақылау мақсатында сынамалау;
Тармақша 3
3) уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген көлемде радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу объектісінің қауіпсіз пайдалануға дайындығын растау жөніндегі іс-шараларды жүргізу қамтамасыз етіледі.
Тармақ 3
3. Мыналар болған кезде радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу объектісін пайдалануға беруге жол беріледі:
Тармақша 1
1) радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу объектісінің пайдалануға дайындығы туралы уәкілетті органның оң қорытындысы;
Тармақша 2
2) бекітілген пайдалану регламенттері, сапаны қамтамасыз ету бағдарламалары және радиациялық, ядролық, техникалық және экологиялық қауіпсіздік жөніндегі құжаттар;
Тармақша 3
3) атом энергиясын пайдалану саласындағы заңнамада белгіленген тәртіппен жұмысқа жіберілген, даярланған және аттестатталған персонал;
Тармақша 4
4) инспекциялар мен қабылдау сынақтарының нәтижелері бойынша анықталған, жойылған ескертулер.
Тармақ 4
4. Радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу объектілерін пайдалану бекітілген пайдалану регламенттеріне, сапаны қамтамасыз ету бағдарламаларына және радиациялық, ядролық, техникалық және экологиялық қауіпсіздік жөніндегі құжаттарға сәйкес жүзеге асырылады.
Тармақ 5
5. Радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу объектілерін пайдалану кезінде:
Тармақша 1
1) радиациялық бақылау;
Тармақша 2
2) инженерлік қауіпсіздік тосқауылдарының жай-күйін бақылау;
Тармақша 3
3) радиоактивті заттардың ағып кетуін және шығарылуын болғызбау;
Тармақша 4
4) объектінің жай-күйін есепке алу және мониторингтеу;
Тармақша 5
5) қауіпсіздікті мерзімді бағалауды жүргізу қамтамасыз етіледі.
Тармақ 6
6. Радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу объектілерін пайдалану кезеңінде радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу объектісінің Қазақстан Республикасы заңнамасының, нормативтік құқықтық актілердің және жобалау құжаттамасының талаптарына сәйкестігін растау мақсатында қауіпсіздікті мерзімді бағалау және экологиялық бағалау жүргізіледі.
Тармақ 7
7. Пайдалану мерзімі ұзақ мерзімге есептелген радиоактивті қалдықтарды сақтау пункттері, қалдық қоймалары және көму пункттері үшін уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген көлемде және кезеңділікпен ұзақ мерзімді қауіпсіздікті бағалау орындалады.
Тармақ 8
8. Қауіпсіздікті мерзімді бағалау және экологиялық бағалау нәтижелері бойынша анықталған сәйкессіздіктерді жоюға және радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу объектісін одан әрі қауіпсіз пайдалануды қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар әзірленеді және іске асырылады.
Тармақ 9
9. Радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу объектісін пайдалану кезінде радиациялық немесе өзге де авария туындаған жағдайда радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу саласындағы қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар оның салдарын оқшаулау және жою жөніндегі шараларды дереу қабылдайды және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мемлекеттік органдарды хабардар етеді.
Тармақ 10
10. Радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу саласындағы қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар қабылдау сынақтарының материалдарын, қауіпсіздік жүйелерінің дайындығы туралы есептерді және объектіні пайдалануға рұқсат беру туралы құжаттарды қоса алғанда, уәкілетті орган белгілеген тәртіппен радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу объектісін пайдалануға беруді құжаттамалық ресімдеуді қамтамасыз етеді.
Тармақ 11
11. Радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу объектілерін пайдалану жобалау құжаттамасында және лицензия шарттарында белгіленген параметрлер мен шектеулер шегінде жүзеге асырылады.
Бап 35
35-бап. Радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу объектілерін пайдаланудан шығару және радиоактивті қалдықтарды көму пункттерін жабу
Тармақ 1
1. Көму пункттерін қоспағанда, радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу объектісін пайдаланудан шығару туралы шешімді уәкілетті органды хабардар ете отырып, радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу саласындағы қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар қабылдайды.
Тармақ 2
2. Радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу объектілерін пайдаланудан шығаруды атом энергиясын пайдалану саласындағы уәкілетті орган берген тиісті лицензиясы бар жеке және заңды тұлғалар жүзеге асырады.
Тармақ 3
3. Радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу объектілерін пайдаланудан шығару кезінде түзілген радиоактивті қалдықтардың халыққа және қоршаған ортаға әсерін болдырмау бойынша жұмыстар жүргізіледі.
Тармақ 4
4. Радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу объектілерін пайдаланудан шығару Қазақстан Республикасының радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу саласындағы заңнамасына сәйкес әзірленген және уәкілетті органмен келісілген пайдаланудан шығару жоспары негізінде жүзеге асырылады.
Тармақ 5
5. Радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу объектісін пайдаланудан шығару аяқталған соң пайдаланудан шығаруды жүзеге асырған тұлға пайдаланудан шығару жөніндегі жұмыстардың аяқталғаны туралы актіні ресімдейді.
Көрсетілген құжатта орындалған жұмыстар, түзілген радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу, радиациялық бақылау нәтижелері, радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу объектісінің және оны орналастыру алаңының қол жеткізілген түпкілікті жай-күйі туралы мәліметтер, сондай-ақ осындай жай-күйдің радиациялық қауіпсіздік талаптарына сәйкестігін растау қамтылуға тиіс.
Жұмыстардың аяқталғаны туралы акт радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу объектісін пайдаланудан шығарудың аяқталғаны туралы қорытынды алу үшін уәкілетті органға жіберіледі.
Тармақ 6
6. Көму пунктін жабу туралы шешімді халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы және қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органдармен келісілген уәкілетті органның ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі қабылдайды.
Тармақ 7
7. Көму пунктін жабудың алдын ала жоспары объектіні жобалау сатысында әзірленеді және мониторинг нәтижелері, қауіпсіздік талаптарының өзгерістері, технологиялық шешімдер және жұмыстардың құнын бағалау ескеріле отырып, пайдалану барысында нақтыланады.
Тармақ 8
8. Көму пунктін жабу жоспары Қазақстан Республикасының радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу саласындағы заңнамасына сәйкес әзірленеді және уәкілетті органмен келісуге жатады.
Тармақ 9
9. Көму пункті жабылғаннан кейін көму пунктіне жауапты заңды тұлғалар немесе ұлттық оператор оны пайдаланудан кейінгі радиациялық мониторингтеуді жүзеге асырады және жабу жоспарына сәйкес рұқсатсыз кіруді болғызбау жөніндегі шараларды қабылдайды.
Тармақ 10
10. Пайдаланудан кейінгі мониторингтеу кезеңі аяқталған соң, жабылған көму пунктінің ұзақ мерзімді қауіпсіздігін қамтамасыз ету жауапкершілігі аумағында объект орналасқан жергілікті атқарушы органға өтеді.
Тармақ 11
11. Көму пунктіне жауапты заңды тұлғалар немесе ұлттық оператор көмілген қалдықтардың құрамы мен көлемі, инженерлік қауіпсіздік тосқауылдары туралы мәліметтерді, жабу туралы есептерді және пайдаланудан кейінгі мониторингтеу материалдарын қоса алғанда, көму пунктін сипаттайтын құжаттаманың сақталуын қамтамасыз етеді.
Тармақ 12
12. Пайдаланудан шығарылған радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу объектісін не жабылған көму пунктін сипаттайтын құжаттама, оның ішінде оның түпкілікті жай-күйі және оны орналастыру алаңы, радиоактивті қалдықтардың құрамы мен көлемі, қауіпсіздік тосқауылдары, радиациялық бақылау, жабу және пайдаланудан кейінгі мониторингтеу нәтижелері туралы мәліметтер уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен сақтауға және беруге жатады.
Тарау 6. 6-тарау. ЖЕКЕ ЖӘНЕ ЗАҢДЫ ТҰЛҒАЛАРДЫҢ РАДИОАКТИВТІ ҚАЛДЫҚТАРМЕН ЖҰМЫС ІСТЕУ САЛАСЫНДАҒЫ
ҚҰҚЫҚТАРЫ
6-тарау. ЖЕКЕ ЖӘНЕ ЗАҢДЫ ТҰЛҒАЛАРДЫҢ РАДИОАКТИВТІ ҚАЛДЫҚТАРМЕН ЖҰМЫС ІСТЕУ САЛАСЫНДАҒЫ
ҚҰҚЫҚТАРЫ
Бап 36
36-бап. Жеке және заңды тұлғалардың радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу саласындағы құқықтары
Жеке және заңды тұлғалардың радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу саласында:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес радиоактивті қалдықтар сақталатын не көмілген немесе олармен жұмыс істеу жүзеге асырылатын аудандағы радиациялық жағдай туралы толық және анық ақпарат, оның ішінде радиациялық авариялар туралы ақпарат алуға;
Тармақша 2
2) мемлекеттік органдардың, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, лауазымды адамдар мен мемлекеттік қызметшілердің әрекеттерінің (әрекетсіздігінің) және шешімдерінің заңдылығына дау айту үшін, сондай-ақ Қазақстан Республикасының радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу саласындағы заңнамасы талаптарының сақталмауы салдарынан бұзылған мүліктік және мүліктік емес игіліктер мен құқықтарды қорғау үшін сотқа жүгінуге;
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқығы бар.
Бап 37
37-бап. Қоғамдық бірлестіктердің және өзге де коммерциялық емес
ұйымдардың радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеуге
байланысты мәселелерді шешу кезіндегі құқықтары
Қоғамдық бірлестіктер мен өзге де коммерциялық емес ұйымдардың осы Заңның 36-бабында көзделген құқықтардан басқа, мыналарға:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда көму пункттерін салу туралы шешімдер қабылдау кезінде қоғамдық тыңдауларға, талқылауларға қатысуға;
Тармақша 2
2) радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу объектілеріне байланысты ықтимал радиациялық қатерлер туралы жұртшылықты хабардар етуге және оларға консультация беруге де құқығы бар.
Тарау 7. 7-тарау. РАДИОАКТИВТІ ҚАЛДЫҚТАРМЕН ЖҰМЫС ІСТЕУ САЛАСЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ
7-тарау. РАДИОАКТИВТІ ҚАЛДЫҚТАРМЕН ЖҰМЫС ІСТЕУ САЛАСЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ
Бап 38
38-бап. Радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу саласындағы
халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырудың мақсаты мен
құқықтық негізі
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасы радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу саласындағы қызметті жүзеге асыратын басқа мемлекеттермен, халықаралық ұйымдармен және ғылыми мекемелермен өзара көмек көрсету және тәжірибе алмасу мақсатында радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу саласындағы халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырады.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы халықаралық шарттарының нормалары радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу саласындағы халықаралық ынтымақтастықтың құқықтық негізі болады.
Бап 39
39-бап. Радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу саласындағы
халықаралық ынтымақтастық
Радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу саласындағы халықаралық ынтымақтастық:
Тармақша 1
1) радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеудің тиімді ұлттық жүйесін құру және дамыту кезінде халықаралық тәжірибені пайдалану;
Тармақша 2
2) радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу саласында бірлескен ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар жүргізу, сондай-ақ олардың түзілу көлемін азайтуға және олармен жұмыс істеу қауіпсіздігін арттыруға бағытталған технологияларды әзірлеу;
Тармақша 3
3) терең геологиялық формацияларда активтілігі жоғары радиоактивті қалдықтарды көму жағдайларын зерделеу үшін радиоэкологиялық мониторингтің халықаралық ғылыми-ақпараттық орталықтарын, жерасты зертханаларын, сондай-ақ көрсетілген саладағы өзге де халықаралық жобаларды құруға және олардың қызметіне қатысу;
Тармақша 4
4) Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес радиоактивті заттардың ықтимал трансшекаралық тасымалдануы жағдайларын қоса алғанда, радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу кезіндегі оқыс оқиғалар туралы ақпарат алмасу;
Тармақша 5
5) Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу кезіндегі оқыс оқиғалар салдарынан туындаған радиоактивті ластанудың салдарын болғызбау, оқшаулау немесе барынша азайту үшін халықаралық көмек көрсету және алу бағыттары бойынша жүзеге асырылады.
Тарау 8. 8-тарау. ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР
8-тарау. ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР
Бап 40
40-бап. Радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу саласындағы заңнаманы бұзғаны үшін жауаптылық
Қазақстан Республикасының радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу саласындағы заңнамасын бұзу Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылыққа алып келеді.
Бап 41
41-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібі
Осы Заң алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.