О введении журнала посещения и проверок должностными лицами Күшін жойған

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 17.11.1998. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Лауазымды адамдардың келу-тексеру журналын енгізу туралы 📌 Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы әкімінің 09.03.2004 № 11 шешімімен. Қазақстан Республикасы Президентінің "Азаматтар мен заңды тұлғалардың кәсіпкерлік қызмет еркіндігіне құқығын қорғау туралы" 1998 жылғы 27 сәуірдегі Жарлығын жүзеге асыру және шағын кәсіпкерлік субъектілерін негізсіз тексеруге жол бермеу мақсатында ШЕШІМ ЕТЕМІН:
Тармақ 1
1. Облыс аумағында «Лауазымды адамдардың келу-тексеру журналы» енгізілсін.
Тармақ 2
2. Мемлекеттік бақылаушы органдардың өкілдеріне тексеру жүргізген кезде журналға жазып отыру міндеттелсін.
Тармақ 3
3. Шағын кәсіпкерлік субъектілеріндегі және жеке кәсіпкерлердегі журналдар толтырылмаса тексеру жүргізуге жол берілмейтіндігі атап көрсетілсін.
Тармақ 4
4. Шешім баспасөзде жариялансын.