Об определении видов и порядка ведения учета, поощрения граждан, участвующих в профилактике правонарушений в Жанакорганском районе Қолданыста
Басқа 0
Жаңақорған ауданында құқық бұзушылық профилактикасына қатысатын азаматтарды есепке алуды жүргізу, оларды көтермелеу
түрлері мен тәртібін айқындау туралы
«Құқық бұзушылық профилактикасы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабына сәйкес Жаңақорған ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Жаңақорған ауданында құқық бұзушылық профилактикасына қатысатын азаматтарды есепке алуды жүргізу, оларды көтермелеу түрлері мен тәртібі осы қаулының қосымшасына сәйкес айқындалсын.
Тармақ 2
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Жаңақорған ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ» «Қазақстан Республикасы Ішкі
істер министрлігі Қызылорда
облысының полиция департаменті
Жаңақорған ауданының полиция
бөлімі» мемлекеттік мекемесімен
Басқа 4. Жаңақорған ауданында құқық бұзушылық профилактикасына қатысатын азаматтарды есепке алуды жүргізу, оларды көтермелеу түрлері мен тәртібі
Жаңақорған ауданы әкімдігінің
2026 жылғы «08» шілдедегі
№ 102 қаулысына қосымша
Жаңақорған ауданында құқық бұзушылық профилактикасына қатысатын азаматтарды есепке алуды жүргізу, оларды көтермелеу түрлері мен тәртібі
Тарау 1. 1. Көтермелеудің түрлері
1. Көтермелеудің түрлері
Тармақ 1
1. Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлері:
Тармақша 1
1) алғыс жариялау;
Тармақша 2
2) грамотамен марапаттау;
Тармақша 3
3) ақшалай сыйақы беру;
Тармақша 4
4) Білім беру және біліктілікті арттыру бағдарламалары бойынша оқуға жіберу;
Тармақша 5
5) Ұйымдарға, кәсіпорындарға көтермелеу туралы ұсынымдарды жолдау;
Тармақша 6
6) Құқық бұзушылық профилактикасына елеулі үлес қосқан адамдарды мемлекеттік наградамен марапаттау және оларға құрметті атақ беру туралы ұсыныстар енгізу;
Тарау 2. 2. Есепке алуды жүргізу және көтермелеудің тәртібі
2. Есепке алуды жүргізу және көтермелеудің тәртібі
Тармақ 2
2. Қылмыстың алдын алуға және жолын кесуге жәрдемдескен қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеу мәселелерiн Жаңақорған ауданы әкімдігімен құрылатын қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеу жөніндегі аудандық комиссия (бұдан әрі - Комиссия) қарайды.
Тармақ 3
3. Қылмыстың алдын алуға және жолын кесуге, қоғамдық тәртiптi қорғауға, қоғамдық қауiпсiздiктi қамтамасыз етуге белсендi қатысатын азаматтарды көтермелеу жөнiндегi ұсыныстарды Комиссияға қарауға «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министірлігі Қызылорда облысының полиция департаментi Жаңақорған ауданының полиция бөлімі» мемлекеттiк мекемесi (бұдан әрi – Полиция бөлімі) енгiзедi.
Тармақ 4
4. «Жаңақорған ауданы әкімдігі белгіленген заң нормаларына сай құқық бұзушылық профилактикасына қатысатын азаматтарды есепке алуды жүргізеді.
Тармақ 5
5. Комиссияның құрамына аудандық жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдарының, полиция бөлімінің өкiлдерi енгiзiледi.
Тармақ 6
6. Комиссия қабылдаған шешiм – көтермелеу үшiн, ал комиссия қабылдаған шешiмге сәйкес полиция бөлімі бастығының бұйрығы - көтермелеуге ақы төлеу үшiн негiз болып табылады.
Тармақ 7
7. Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысқан азаматтарға көтермелеу шараларын полиция бөлімі салтанатты жағдайда жүзеге асырады.
Тарау 3. 3. Ақшалай сыйақының мөлшері
3. Ақшалай сыйақының мөлшері
Тармақ 8
8. Ақшалай сыйақының мөлшерiн комиссия қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге көтермеленетiн адамның қосқан үлесiн және ол немесе оның қатысуымен жолы кесiлген құқыққа қарсы әрекеттiң нәтижесiнде келтiрiлуi мүмкiн залалдың көлемiн ескере отырып белгiлейдi және ол, әдетте, 10 есе айлық есептiк көрсеткiштен аспайды.
Тармақ 9
9. Ақшалай сыйақыны төлеудi көтермелеуге ұсыныс енгiзген полиция бөлімі облыстық бюджет қаражаты есебiнен жүргiзедi