Об утверждении Положения о государственном учреждении «Управление финансов Алматинской области» Қолданыста
Басқа 0
«Алматы облысының қаржы басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 37-бабына және «Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі № 590 қаулысына сәйкес Алматы облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. «Алматы облысының қаржы басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы Ереже осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
Тармақ 2
2. Алматы облысы әкімдігінің 2018 жылғы 24 мамырдағы «Алматы облысының қаржы басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы» № 235 қаулысы жойылсын.
Тармақ 3
3. «Алматы облысының қаржы басқармасы» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) жоғарыда көрсетілген Ережені аумақтық уәкілетті органда мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін Эталондық бақылау банкінде жариялау үшін «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
Тармақша 3
3) осы қаулыны Алматы облысы әкімдігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 5
5. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 9. «Алматы облысының қаржы басқармасы»
мемлекеттік мекемесі туралы
ереже
Облыс әкімдігінің
2026 жылғы 3 шілдедегі
№ 161 қаулысына қосымша
«Алматы облысының қаржы басқармасы»
мемлекеттік мекемесі туралы
ереже
Тарау 1. 1 тарау. Жалпы ережелер
1 тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. «Алматы облысының қаржы басқармасы» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Басқарма) Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады және келесі функцияларды жүзеге асырады:
Тармақша 1
1) облыстық бюджетті атқару;
Тармақша 2
2) бюджеттік есепке алуды жүргізу және бюджеттік есептілікті жасау;
Тармақша 3
3) бюджеттің атқарылуына мониторинг жүргізу;
Тармақша 4
4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес облыстық коммуналдық меншікті басқару.
Тармақ 2
2. Басқарманың ведомстволары жоқ.
Тармақ 3
3. Басқарма өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және кодекстеріне, заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
Тармақ 4
4. Басқарма мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілдегі өз атауы жазылған мөрлері мен мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.
Тармақ 5
5. Басқарма азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан қатысады.
Тармақ 6
6. Басқарма Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тиісті өкілеттіктер берілген жағдайда мемлекет атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарабы болуға құқылы.
Тармақ 7
7. Басқарма өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Басқарма басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
Тармақ 8
8. Басқарманың құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
Тармақ 9
9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Индустриальная көшесі, 16/4 ғимарат, пошта индексі 040800.
Тармақ 10
10. Осы ереже Басқарманың құрылтай құжаты болып табылады.
11.Басқарманың қызметін қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
Тармақ 12
12. Басқармаға өз функциялары болып табылатын міндеттерді орындау мәні бойынша кәсіпкерлік субъектілерімен шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Егер Басқармаға заңнамалық актілермен табыс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілген жағдайда, мұндай қызметтен алынған табыстар, Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.
Тарау 2. 2. Басқарманың мақсаттары, функциялары мен өкілеттіктері.
2. Басқарманың мақсаттары, функциялары мен өкілеттіктері.
Тармақ 13
13. Мақсаттары:
Басқарманың негізгі мақсаттары:
- жергілікті бюджет қаражаттарын және облыстық коммуналдық меншікті тиімді, нәтижелі әрі ашық басқаруды қамтамасыз ету;
- бюджеттің атқарылуын және борыштық міндеттемелердің орындалуын мониторингтеу;
- Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, өз құзыреті шегінде облыс деңгейінде квазимемлекеттік сектор ұйымдарының қызметіне мониторинг жүргізу;
- Мемлекет басшысының, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік хатшысының, Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің, облыс әкімінің, оның орынбасарларының және облыс әкімі аппараты басшысының актілерінің, тапсырмаларының уақтылы және сапалы орындалуын қамтамасыз ету.
Тармақ 14
14. Өкілеттіктері:
Тармақша 1
1) құқықтары:
- мемлекеттік органдардан, бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінен, ұйымдардан және жеке тұлғалардан ақпарат сұрату және алу;
- бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің қызметін үйлестіру, әдіснамалық сүйемелдеуді жүзеге асыру;
- ведомствоаралық комиссиялар мен жұмыс топтарын құру;
- мемлекеттік органдарда және соттарда мүдделерін білдіру;
- бюджет қаражаттарын пайдалану тиімділігін бақылау және ішкі бағалау рәсімдеріне қатысу;
- коммуналдық меншікті басқару бойынша мемлекеттік басқару қатысушысының функцияларын жүзеге асыру;
- мүлікті пайдалану тиімділігіне және мемлекеттің қатысуы бар ұйымдардың қызметіне бағалау жүргізуді бастамашылық ету;
- квазимемлекеттік сектор ұйымдарынан олардың қаржы-шаруашылық қызметіне мониторинг жүргізу үшін қажетті есептілікті, мәліметтер мен материалдарды сұрату және алу;
- Қазақстан Республикасының заңнамасы талаптарына сәйкес өзге де құқықтар мен міндеттерді жүзеге асыру.
Тармақша 2
2) міндеттері:
- Белгіленген лимиттер шегінде бюджетті басқаруды қамтамасыз ету;
- Уәкілетті орган белгілеген нысандар бойынша бюджеттік есепті жүргізу және бюджеттік есептілікті жасау;
- Бюджетке түсетін салықтар мен басқа да міндетті төлемдердің сомалары туралы ақпарат алу;
- Облыс деңгейінде бюджеттің атқарылуына, борыштық міндеттемелерге және квазимемлекеттік секторға мониторинг жүргізу;
- Облыстық коммуналдық меншікті тиімді басқару;
- Мүлікті жекешелендіру, беру, есептен шығару және жалға беру рәсімдерінің ашықтығын қамтамасыз ету;
- Мемлекеттік қызмет жүйесінде тиімді кадр саясатын жүзеге асыру және адами капиталды басқару;
- Басқару аппараты бойынша жоспарлы кезеңге арналған бюджет қаражатының көлемдерімен, нәтижелілік және тиімділік көрсеткіштерімен бюджеттік бағдарламаларды жоспарлау;
- Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен құзыретіне кіретін мәселелер бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін, арыздары мен шағымдарын қарау;
- Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі жұмысты бақылауды жүзеге асыру;
- Басқарма қызметкерлерінің біліктілігін арттыруды және даярлауды жүзеге асыру;
- «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» ҚР Заңына, «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы бірыңғай талаптарды бекіту туралы» ҚР Үкіметінің қаулыларына сәйкес ақпараттық қауіпсіздіктің сыбайлас жемқорлыққа қарсы талаптарын орындау;
- Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 27 сәуірдегі № 976 Жарлығына № 4 және № 7 қосымшаларға сәйкес мемлекет Басшысының және Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі басшысының атына жіберілетін құжаттарды дайындау және орындау кезінде талаптардың сақталуын қамтамасыз ету;
- Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 24 маусымдағы №429 қаулысына сәйкес «Қызметтік бабында пайдалану» деген белгісі бар құжаттарды орындау жөніндегі талаптарды сақтау.
Тармақ 15
15. Функциялары:
Тармақ 1
1. Бюджетті басқаруды ұйымдастыру және бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің қызметін үйлестіру;
Тармақ 2
2. Бюджеттік бағдарламалар әкімшілері ұсынған төлемдер мен міндеттемелер бойынша жеке қаржыландыру жоспарларының жылдық сомаларының алдағы қаржы жылына арналған жергілікті бюджет туралы мәслихат шешімімен бекітілген сомаларға сәйкестігін тексеру және бекіту;
Тармақ 3
3. Бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің және олардың ведомстволық бағынышты мекемелерінің міндеттемелер мен төлемдер бойынша жиынтық қаржыландыру жоспарларын тексеру және олардың Қазынашылық органдарына уақтылы ұсынылуын бақылау;
Тармақ 4
4. Бюджеттік мониторинг жүргізу;
Тармақ 5
5. Жиынтық бюджеттік есепті жүргізу;
Тармақ 6
6. Ай сайынғы, тоқсан сайынғы және жылдық бюджеттік, сондай-ақ шоғырландырылған есептілікті қалыптастыру;
Тармақ 7
7. Бюджеттік бағдарламалардың нәтижелілік индикаторларының орындалуына мониторинг жүргізу;
Тармақ 8
8. Бюджеттік қаражаттың қайтарылуын және игерілмеген қалдықтардың қайтарылуын бақылауды жүзеге асыру;
Тармақ 9
9. Жергілікті атқарушы органның резервінен қаражат бөлу (немесе бөлуден бас тарту) туралы өтінішхаттарды қарау, олардың есебін жүргізу және орындалуына мониторинг жасау;
Тармақ 10
10. Мемлекеттік бағалы қағаздарды шығаруды ұйымдастыру және бюджеттік кредиттерге қызмет көрсету.
Тармақша 11
11) Облыстық коммуналдық меншікті басқару, мүлікті қорғау жөніндегі іс-шараларды қабылдау, мемлекеттік мүлік тізілімінің жүргізілуін бақылау;
Тармақша 12
12) Облыстық коммуналдық мүлікті облыстық заңды тұлғаларға бекітіп беру, сондай-ақ жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқарудың бір деңгейінен екіншісіне өткізу;
Тармақша 13
13) Мемлекеттік мүлікті мемлекеттік меншіктің бір түрінен екіншісіне беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру;
Тармақша 14
14) Облыстық коммуналдық мүлікті жекешелендіруді ұйымдастыру, құжаттарды дайындау, сату - сатып алу шарттарын жасасу және олардың талаптарының сақталуын бақылау;
Тармақша 15
15) Облыстық коммуналдық мүлікті сенімгерлік басқаруға және мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру, міндеттемелердің орындалуын бақылау;
Тармақша 16
16) Облыстық коммуналдық мүлікті мемлекеттік заңды тұлғаларға уақытша өтеусіз пайдалануға беру шарттарын жасасу;
Тармақша 17
17) Жеке тұлғалардан және мемлекеттік емес заңды тұлғалардан сыйға тарту шарты бойынша мемлекет меншігіне мүлікке құқықтарды қабылдау рәсімін қамтамасыз ету;
Тармақша 18
18) Облыстық мемлекеттік мекемелердің негізгі құралдарын есептен шығаруға келісім беру;
Тармақша 19
19) Мемлекеттік мүлікті, оның ішінде мемлекеттік кәсіпорындар мен мемлекеттің қатысуы бар заңды тұлғаларды басқарудың тиімділігіне мониторинг жүргізу;
Тармақша 20
20) Облыстық коммуналдық кәсіпорындардың, мемлекеттің қатысуы бар заңды тұлғалардың даму жоспарлары мен олардың орындалуы туралы есептерді, сондай-ақ мемлекеттік басқару органдары ұсынатын даму жоспарларын іске асыру мониторингінің нәтижелері туралы есептерді ұсынуын бақылау;
Тармақша 21
21) Құзыреті шегінде мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларына қатысу;
Тармақша 22
22) Ұйымдастырушы ретінде Басқарманың мемлекеттік сатып алуларын жүзеге асыру;
Тармақша 23
23) Сыбайлас жемқорлыққа қарсы бақылау талаптарының орындалуын қамтамасыз ету;
Тармақша 24
24) Ақпараттық қауіпсіздік саласындағы саясатты іске асыру;
Тармақша 25
25) Таралуы шектеулі қызметтік ақпаратқа қойылатын талаптардың орындалуын және онымен жұмыс істеуді қамтамасыз ету.
Тарау 3. 3. Мемлекеттік органның бірінші басшысының
мәртебесі мен өкілеттіктері
3. Мемлекеттік органның бірінші басшысының
мәртебесі мен өкілеттіктері
Тармақ 16
16. Басқармаға басшылықты Басқармаға жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.
Тармақ 17
17. Басқарманың бірінші басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады.
Тармақ 18
18. Басқарманың бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасарлары болады.
Тармақ 19
19. Басқарманың бірінші басшысының өкілеттіктері:
- өз орынбасарларының және Басқарманың құрылымдық бөлімшелері басшыларының міндеттері мен өкілеттіктерін айқындайды;
- Басқарма қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
- заңнамада белгіленген тәртіппен Басқарма қызметкерлерін көтермелейді және тәртіптік жазалар қолданады;
- бөлімдердің жоспарларын, бағдарламаларын, ережелерін бекіту, қызметкерлердің лауазымдық нұсқаулықтары мен еңбек демалысы кестелерін бекітеді;
- өз құзыреті шегінде бұйрықтар шығарады, нұсқаулар береді, қызметтік құжаттарға қол қояды;
- комиссиялардың отырыстарына қатысады;
- өзінің орынбасарлары мен басқарма қызметкерлерінің қызметін қолданыстағы заңнамаға сәйкес бағалайды;
- бюджет, мемлекеттік мүлік, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет және ақпараттық қауіпсіздік саласындағы заңнаманың орындалуын қамтамасыз етеді;
- мемлекеттік органдарда және өзге де ұйымдарда Басқарманың мүдделерін білдіреді;
- Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Басқарманың бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.
Тармақ 20
20. Басқарманың алқалы органдары жоқ.
Тарау 4. 4. Басқарманың мүлкі
4. Басқарманың мүлкі
Тармақ 21
21. Басқарма мүлікті жедел басқару құқығын иеленеді, пайдаланады және оған билік етеді.
Тармақ 22
22. Басқармаға бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
Тармақ 23
23. Егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, Басқарма өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетінше иеліктен шығаруға немесе өзгеше жолмен оны пайдалануға құқығы жоқ.
Тарау 5. 5. Басқарманы қайта ұйымдастыру және тарату
5. Басқарманы қайта ұйымдастыру және тарату
Тармақ 24
24. Басқарманы қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
«Алматы облысының қаржы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің қармағындағы ұйымдардың тізбесі:
Тармақ 1
1. «Алматы облысының коммуналдық мүлкімен жұмыс істеу дирекциясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.