Об утверждении Положения о государственном учреждении "Отдел экономики и финансов города Риддера" Қолданыста
Басқа 0
«Риддер қаласының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы
Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 40-бабы 2-тармағына, «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 124-бабына, «Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі №590 қаулысына сәйкес, Риддер қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. «Риддер қаласының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы ереже осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
Тармақ 2
2. «Риддер қаласының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы» Риддер қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 8 желтоқсандағы № 1026 қаулысы жойылсын.
Тармақ 3
3. «Риддер қаласының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген шараларды қабылдауды қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Риддер қаласы әкімінің орынбасары Б.А. Акужановқа жүктелсін.
Тармақ 5
5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 6. «Риддер қаласының экономика және қаржы бөлімі»
мемлекеттік мекемесі туралы
ереже
Риддер қаласы әкімдігінің
2026 жылғы «___»_____
№ ____ қаулысына қосымша
«Риддер қаласының экономика және қаржы бөлімі»
мемлекеттік мекемесі туралы
ереже
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. «Риддер қаласының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі мәтін бойынша - мемлекеттік мекеме) Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады, өз құзыреті шегінде стратегиялық, экономикалық, бюджеттік жоспарлау және қалалық бюджетті атқару, бухгалтерлік, бюджеттік есепті және қалалық бюджеттің атқарылуы бойынша бюджеттік есептілікті жүргізу, шоғырландырылған қаржылық есептілікті жасау, Риддер қаласы аумағында коммуналдық меншікті басқару саласындағы функцияларды жүзеге асырады.
Тармақ 2
2. Мемлекеттік мекеменің ведомстволары жоқ.
3.Мемлекеттік мекеме өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
Тармақ 4
4. Мемлекеттік мекеме мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.
Тармақ 5
5. Мемлекеттік мекеме азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
Тармақ 6
6. Мемлекеттік мекеме егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
Тармақ 7
7. Мемлекеттік мекеме өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамасында белгіленген тәртіппен Бөлім басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдерді қабылдайды.
Тармақ 8
8. Мемлекеттік мекеменің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
Тармақ 9
9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: индексі 071300, Қазақстан Республикасы, Шығыс Қазақстан облысы, Риддер қаласы, К. Семенова көшесі, 19.
Тармақ 10
10. Осы Ереже мемлекеттік мекеменің құрылтай құжаты болып табылады.
Тармақ 11
11. Мемлекеттік мекеменің қызметін қаржыландыру Риддер қаласының жергілікті бюджетінен жүзеге асырылады.
Тармақ 12
12. Мемлекеттік мекемеге кәсіпкерлік субъектілерімен Бөлімнің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Тарау 2. 2-тарау. Мемлекеттік мекеменің міндеттері, функциялары мен өкілеттіктері
2-тарау. Мемлекеттік мекеменің міндеттері, функциялары мен өкілеттіктері
Тармақ 13
13. Мемлекеттік мекеменің міндеттері:
Тармақша 1
1) стратегиялық, экономикалық және бюджеттік жоспарлау саласында мемлекеттік басқаруды жүзеге асыру, қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуының басым бағыттарын іске асыру, қалалық бюджеттің атқарылуын қамтамасыз ету, қалалық коммуналдық меншікті тиімді басқару;
Тармақша 2
2) әлеуметтік-экономикалық саясаттың негізгі бағыттарын әзірлеу және қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуының мониторингін жүзеге асыру;
Тармақша 3
3) қолданыстағы заңнамаға сәйкес кірістер мен шығыстарды экономикалық негізделген жоспарлау негізінде алдағы қаржы жылына және үш жылдық кезеңге арналған қалалық (жергілікті) бюджет жобасын әзірлеу және оның орындалуын ұйымдастыру;
Тармақша 4
4) бюджеттік есепке алуды жүргізу, берешектің жай-күйі туралы шоғырландырылған қаржылық есептілікті жасау және ұсыну;
Тармақша 5
5) қалалық коммуналдық меншікті басқару.
Тармақ 14
14. Мемлекеттік мекеменің функциялары:
Тармақша 1
1) өңірді дамытудың негізгі бағыттарын, мақсаттары мен міндеттерін қалыптастырады;
Тармақша 2
2) Шығыс Қазақстан облысының әлеуметтік-экономикалық даму болжамын және бюджеттік параметрлерін әзірлеуге қатысады;
Тармақша 3
3) өз құзыреті шегінде қалалық даму бағдарламаларын әзірлеуге және іске асыруды қамтамасыз етуге қатысады;
Тармақша 4
4) бюджетті жоспарлауды ұйымдастырады және бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің қызметін үйлестіреді;
Тармақша 5
5) бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік бағдарламаларының паспорттарын қарайды, қорытындыларды қалыптастырады және бюджет комиссиясының қарауына енгізеді;
Тармақша 6
6) бюджет комиссиясының жұмысын ұйымдастырады;
Тармақша 7
7) үш жылдық кезеңге арналған қалалық бюджеттің жобасын әзірлеуді жүзеге асырады және қалалық мәслихатқа бекітуге жібереді;
Тармақша 8
8) қаржы жылына арналған Риддер қаласының барлық бюджеттік мекемелері бойынша қаржыландырудың бекітілген, нақтыланған жылдық жоспарын талдауды жүзеге асырады;
Тармақша 9
9) жергілікті инвестициялық жобалардың іске асырылу мониторингін жүзеге асырады;
Тармақша 10
10) қалалық бюджеттің атқарылуы жөніндегі жұмысты ұйымдастырады;
Тармақша 11
11) бюджетке түсетін түсімдердің күтілетін көлемін және жоспарланған кезеңге арналған шығыстардың атқарылуын, қолма-қол ақша профициті (тапшылығы) мен оны жабу көздерін айқындау жөніндегі процесс болып табылатын қолма-қол ақша легінің болжамын жасайды;
Тармақша 12
12) міндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарын, түсімдердің және төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарларын жасайды және бекітеді;
Тармақша 13
13) бюджет қаражаты есебінен берілген бюджеттік кредиттерді тіркеуді, олардың есебін және мониторингін жүзеге асырады;
Тармақша 14
14) бюджеттің атқарылу көрсеткіштерін тұрақты және жүйелі жинақтау, қадағалау және талдау арқылы бюджеттік мониторингті жүзеге асырады;
Тармақша 15
15) даму бюджетінің, инвестициялық жобалардың игерілу барысына мониторинг жүргізеді;
Тармақша 16
16) коммуналдық мүлікті басқаруды талдауды және бағалауды жүзеге асырады;
Тармақша 17
17) бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджетті атқару жөніндегі қызметін үйлестіреді;
Тармақша 18
18) бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері бекітетін мемлекеттік мекеменің тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден түсетін, оның иелігінде қалатын ақша түсімдері мен шығыстарының жиынтық жоспарын келіседі;
Тармақша 19
19) бюджет ақшасын басқарады;
Тармақша 20
20) қала бюджетінің қолма-қол ақшаның бақылау шоттарында ақша қозғалысына мониторинг жүргізеді;
Тармақша 21
21) қалалық бюджетті атқару бойынша бюджеттік есеп пен есептілікті жүргізуді қамтамасыз етеді;
Тармақша 22
22) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қала әкімдігінің резервінен қаражат бөлу туралы өтінішхаттарды қарайды;
Тармақша 23
23) бюджеттік ақшаны басқару бойынша қалалық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдар қызметінің тиімділігін жыл сайынғы бағалауды жүзеге асырады;
Тармақша 24
24) өз құзыреті шегінде мемлекеттік мүлікті басқару саласындағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді;
Тармақша 25
25) өз құзыреті шегінде қалалық коммуналдық мүлікті басқарады;
Тармақша 26
26) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Тармақ 15
15. Мемлекеттік мекеменің құқықтары мен өкілеттіктері:
Тармақша 1
1) мемлекеттік мекеменің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша ұсыныстарды қала басшылығының қарауына енгізу;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген құзыреті шеңберінде мемлекеттік мекеменің қызметіне қатысты мәселелерді қарау және бірлесіп әзірлеу үшін қаланың жергілікті атқарушы органдарының басқа бөлімдерінің қызметкерлерін тарту;
Тармақша 3
3) мемлекеттік мекеменің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша белгіленген тәртіппен кеңестер өткізуге бастамашылық ету;
Тармақша 4
4) өз функцияларын орындау үшін өзге мемлекеттік органдардан, лауазымды тұлғалардан, ұйымдардан және олардың басшыларынан, азаматтардан Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген құзырет шегінде қажетті ақпаратты сұрау;
Тармақша 5
5) мемлекеттік мекеменің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша консультациялар беру;
Тармақша 6
6) заңды және жеке тұлғалар бұл туралы ресми сұранымы болған жағдайда өз құзыреті шегінде және заңнама шеңберінде қажетті материалдар мен ақпарат беру;
Тармақша 7
7) мемлекеттік мекеменің құзыретіне кіретін өзге де міндеттерді орындау.
Тарау 3. 3-тарау. «Риддер қаласының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі басшысының мәртебесі мен өкілеттіктері
3-тарау. «Риддер қаласының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі басшысының мәртебесі мен өкілеттіктері
Тармақ 16
16. Мемлекеттік мекемеге басшылықты мемлекеттік мекемеге жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.
Тармақ 17
17. Мемлекеттік мекеменің бірінші басшысын Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Риддер қаласының әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
Тармақ 18
18. Мемлекеттік мекеме басшысының өкілеттігі:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасының заңнамасында және осы Ережеде айқындалатын өз құзыретіне сәйкес мемлекеттік мекеме қызметінің мәселелерін шешеді;
Тармақша 2
2) заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік мекеменің қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
Тармақша 3
3) заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік мекеменің қызметкерлерін көтермелеуді жүзеге асырады және оларға тәртіптік жаза қолданады;
Тармақша 4
4) мемлекеттік мекеме қызметінің мәселелерін Қазақстан Республикасының заңнамасында және осы ережеде айқындалатын оның құзыретіне сәйкес шешеді;
Тармақша 5
5) өз құзыреті шегінде бұйрықтар шығарады, нұсқаулар береді, қызметтік құжаттамаға қол қояды;
Тармақша 6
6) мемлекеттік мекеме қызметкерлерінің лауазымдық нұсқаулықтарын бекітеді;
Тармақша 7
7) мемлекеттік органдарда, басқа ұйымдарда мемлекеттік мекеменің мүдделерін білдіреді;
Тармақша 8
8) Риддер қаласы әкімдігінің қаулысымен бекітілген штат санының лимиті мен құрылымы шегінде мемлекеттік мекеменің штат кестесін бекітеді;
Тармақша 9
9) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөнінде қажетті шаралар қабылдайды және бұл үшін дербес жауапты болады;
Тармақша 10
10) ерлер мен әйелдердің тәжірибесіне, қабілеттері мен кәсіби даярлығына сәйкес олардың мемлекеттік қызметке тең қол жеткізуін қамтамасыз етеді;
Тармақша 11
11) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттікті жүзеге асырады;
Мемлекеттік мекеменің басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін орындауды Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.
Тарау 4. 4-тарау. Мемлекеттік мекеменің мүлкі
4-тарау. Мемлекеттік мекеменің мүлкі
Тармақ 19
19. Мемлекеттік мекеменің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін.
Мемлекеттік мекеменің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
Тармақ 20
20. Мемлекеттік мекемеге бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
Тармақ 21
21. Егер заңнамада және осы Ережеде өзгеше көзделмесе, мемлекеттік мекеменің өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
Тарау 5. 5-тарау. Мемлекеттік мекемені қайта ұйымдастыру және тарату
5-тарау. Мемлекеттік мекемені қайта ұйымдастыру және тарату
Тармақ 22
22. Мемлекеттік мекемені қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.