О внесении изменений в некоторые приказы Қолданыста
Басқа 0
Кейбір бұйрықтарға өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. «Ұлттық фильмдер деп танылуға үмітті киножобаларды шығару бойынша мемлекеттік қаржылық қолдау көрсету үшін оларды іріктеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің міндетін атқарушының 2019 жылғы 15 наурыздағы № 64 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18405 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ұлттық фильмдер деп танылуға үмітті киножобаларды шығару бойынша мемлекеттік қаржылық қолдау көрсету үшін оларды іріктеу қағидаларында:
көрсетілген Қағидаларға 2-қосымшада:
ұлттық фильмдер деп танылуға үмітті киножобаларды іріктеуге қатысуға өтініш нысанында:
«Шығаруды қаржыландыру көздері» кестесінің орыс тіліндегі мәтінге өзгеріс енгізілді, мемлекеттік тілдегі мәтін өзгермейді.
Тармақ 2
2. «Қазақстан Республикасының аумағына әкелінетін балалар анимациялық фильмдері мен отбасымен көруге арналған фильмдерді қазақ тілінде дубляждау үшін іріктеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2023 жылғы 10 наурыздағы № 72 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32044 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының аумағына əкелінетін балалар анимациялық фильмдері мен отбасымен көруге арналған фильмдерді қазақ тілінде дубляждау үшін іріктеу қағидаларында:
көрсетілген Қағидаларға қосымшада:
Қазақстан Республикасының аумағына əкелінетін балалар анимациялық фильмдері мен отбасымен көруге арналған фильмдерді қазақ тілінде дубляждау үшін іріктеуге қатысуға өтінім нысанында:
«Қаржы жоспары» кестесінің орыс тіліндегі мәтінге өзгеріс енгізілді, мемлекеттік тілдегі мәтін өзгермейді.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Мәдениет комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.