Об утверждении Правил осуществления акционерным обществом «Фонд проблемных кредитов» видов деятельности, а также требований к приобретаемым (приобретенным) им активам и правам требования Қолданыста

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 09.07.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Проблемалық кредиттер қоры» акционерлік қоғамының қызмет түрлерін жүзеге асыруы қағидаларын, сондай-ақ ол сатып алатын (сатып алған) активтер мен талап ету құқықтарына қойылатын талаптарды бекіту туралы «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 132-бабының 1-тармағының екінші бөлігіне сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған:
Тармақша 1
1) «Проблемалық кредиттер қоры» акционерлік қоғамының қызмет түрлерін жүзеге асыруы қағидалары;
Тармақша 2
2) «Проблемалық кредиттер қоры» акционерлік қоғамы сатып алатын (сатып алған) активтер мен талап ету құқықтарына қойылатын талаптар бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 1. «Проблемалық кредиттер қоры» акционерлік қоғамының қызмет түрлерін жүзеге асыруы қағидалары
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы « » № қаулысымен бекітілген «Проблемалық кредиттер қоры» акционерлік қоғамының қызмет түрлерін жүзеге асыруы қағидалары
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы «Проблемалық кредиттер қоры» акционерлік қоғамының қызмет түрлерін жүзеге асыруы қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Заң) 132-бабының 1-тармағының екінші бөлігін іске асыру үшін әзірленген және «Проблемалық кредиттер қоры» акционерлік қоғамының (бұдан әрі – Қор) Заңның 132-бабының 1-тармағында көзделген қызмет түрлерін жүзеге асыруының тәртібін айқындайды.
Тармақ 2
2. Қор қызметін Заңда және осы Қағидаларда белгіленген өкілеттіктер шегінде мынадай қызмет түрлерін жүзеге асырады:
Тармақша 1
1) жарғылық капиталды қалыптастыру үшін акциялар, сондай-ақ өз қызметін қаржыландыру үшін облигациялар шығару;
Тармақша 2
2) өзінің орналастырылған акциялары мен облигацияларын сатып алу;
Тармақша 3
3) банктердің және (немесе) бұрын банк болған заңды тұлғалардың активтерін, құқықтарын (талаптарын) сатып алу туралы шешім қабылдау мақсатында олардың сапасын бағалау;
Тармақша 4
4) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінен және банктерден күмәнді және үмітсіз активтерді, өзге де құқықтарды (талаптарды) және активтерді иемдену, оларды басқару, оның ішінде сенімгерлік басқаруға беру, оларды иелену және (немесе) өткізу арқылы басқару; Құқықтар (талаптар) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінен Қорға өткен жағдайда мұндай өтуге қарыз алушының, кепіл берушінің, кепілдік берушінің және өзге де тұлғалардың келісімі талап етілмейді;
Тармақша 5
5) банктер шығарған акцияларды және (немесе) облигацияларды бағалау;
Тармақша 6
6) заңды тұлғалардың, оның ішінде құқықтары (талаптары) банктерден және (немесе) бұрын банк болған заңды тұлғалардан сатып алынған заңды тұлғалардың акцияларын және (немесе) жарғылық капиталға қатысу үлестерін иемдену, оларды басқару, оның ішінде сенімгерлік басқаруға беру, оларды иелену және (немесе) өткізу арқылы басқару;
Тармақша 7
7) банктер шығарған акцияларды және (немесе) облигацияларды иемдену, оларды басқару, оның ішінде сенімгерлік басқаруға беру және (немесе) оларды өткізу арқылы басқару;
Тармақша 8
8) банктерден және (немесе) бұрын банк болған заңды тұлғалардан сатып алынған және (немесе) алынған мүлікті мүліктік жалдауға (жалға) беру немесе осындай мүлікті уақытша өтеулі пайдаланудың өзге нысанын, оны сенімгерлік басқаруға беруді пайдалану;
Тармақша 9
9) банктерден және (немесе) бұрын банк болған заңды тұлғалардан сатып алынған құқықтарды (талаптарды) және басқа да активтерді секьюритилендіру бойынша операциялар;
Тармақша 10
10) күмәнді және үмітсіз активтерді иемдену ұйым құру (сатып алу);
Тармақша 11
11) бұрын банк болған заңды тұлғалардан құқықтарды (талаптарды) және (немесе) акциялар мен жарғылық капиталға қатысу үлестерін қоса алғанда, өзге де активтерді иемдену, оларды басқару, оның ішінде сенімгерлік басқаруға беру және (немесе) оларды өткізу арқылы басқару. Егер осы тармақшаның бірінші бөлігінде көзделген мәміле нәтижесінде Қор активтері мөлшерінің он және одан да көп пайызы сомасына мүлік сатып алынса, онда мұндай мәмілені жасасу туралы шешімді Қордың акционері қабылдайды. Егер осы тармақшаның бірінші бөлігінде көзделген мәміле нәтижесінде кредитордың құқықтары (талаптары) өтетін болса, мұндай өтуге қарыз алушының, кепіл берушінің, кепілдік берушінің және өзге де тұлғалардың келісімі талап етілмейді. Жаңа кредитордың жеке басы борышкер үшін елеулі маңызы жоқ деп танылады;
Тармақша 12
12) бағалы қағаздарды және өзге де қаржы құралдарын иемдену, сондай-ақ ақшаны екінші деңгейдегі банктерге, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне банктік шот және банктік салым шарттары талаптарымен орналастыру;
Тармақша 13
13) ақылылық, мерзімділік және қайтарымдылық шарттарымен банктерді және (немесе) бұрын банк болған заңды тұлғаларды қаржыландыру;
Тармақша 14
14) стрестік активтерді басқару жөніндегі еншілес ұйымдардың көрсетілетін қызметтерін иемдену;
Тармақша 15
15) Қазақстан Республикасының Үкіметі және (немесе) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі әзірлеген және бекіткен арнайы бағдарламаларды іске асыру;
Тармақша 16
16) активтер, оның ішінде құқықтар (талаптар) бойынша берешекті қайта құрылымдауды жүргізу, негізгі борышты және (немесе) сыйақыны, комиссияларды, тұрақсыздық айыбын (айыппұлдарды, өсімпұлдарды), өзге де берешекті толық немесе ішінара есептен шығару және (немесе) олардың күшін жою, активтерді басқару және оларды өткізу, көрсетілген әрекеттер салдарынан туындауы ықтимал залалдарды мойындау;
Тармақша 17
17) банктерден және (немесе) бұрын банк болған заңды тұлғалардан сатып алынған және (немесе) алынған құқықтарды (талаптарды) өтеу есебіне қабылданған және халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес актив ретінде ескерілетін мүлікті өткізу және (немесе) мүліктік жалдауға (жалға) немесе сенімгерлік басқаруға беру;
Тармақша 18
18) орындалуы тоқтатылған міндеттемелерді ішінара немесе толық есептен шығару (кешіру);
Тармақша 19
19) банктік қарыз шарты бойынша міндеттемені орындау мерзімі қатарынан күнтізбелік тоқсан күннен асып кеткен банктік қарыздар бойынша берешекті өндіріп алу үшін коллекторлық агенттіктерді тарту, сондай-ақ Заңның 61-бабының 9-тармағына және 62-бабының 2-тармағына сәйкес төлем талабын қою арқылы қарыз алушының банктік шоттарындағы ақшаға даусыз тәртіппен өндіріп алуды қолдану.
Тарау 2. 2-тарау. Активтерді сатып алу тәртібі
2-тарау. Активтерді сатып алу тәртібі
Тармақ 3
3. Осы Қағидаларды қолдану мақсатында активтер деп заңды тұлғалардың мүлкі, акциялары және (немесе) жарғылық капиталындағы қатысу үлестері, Қор сатып алатын (сатып алған) кредиттер/қарыздар бойынша талап құқықтары танылады.
Тармақ 4
4. Сатып алынатын активтердің тізімін қалыптастыру мақсатында Қор әлеуетті сатушы ұсынған активтер жөніндегі мәліметтерге Қор сатып алатын активтер мен талап ету құқықтарына қойылатын талаптарға сәйкестігі тұрғысынан алдын ала талдау жүргізеді.
Тармақ 5
5. Қор алдын ала талдауды банктер және (немесе) бұрын банк болған заңды тұлғалар ұсынатын ақпарат, сондай-ақ мемлекеттік органдардың, сот және атқарушылық іс жүргізудің деректері, бағалау есептері, бухгалтерлік және қаржылық есептілік және сатып алынатын актив туралы мәліметтерді қамтитын ақпараттың қолжетімді көздері негізінде оларды сатып алу туралы шешім қабылданғанға дейін жүзеге асырады.
Тармақ 6
6. Ұсынылған активтер жоғарыда көрсетілген талаптарға сәйкес келсе, Қор активтерге кешенді сараптама жүргізеді, бұл олардың заңды мәртебесін, қаржылық-экономикалық жай-күйін және оларды одан әрі өндіріп алу, өткізу және (немесе) басқару мүмкіндігіне әсерін тигізетін тәуекелдерді талдаудың кешенді рәсімін білдіреді.
Тармақ 7
7. Активтерді кешенді сараптау шеңберінде Қор мыналарды жүзеге асырады:
Тармақша 1
1) активтердің (құқықтардың (талаптардың) құрамын, құрылымын және сипаттамаларын, оның ішінде олардың құқықтық табиғатын, түзілу негізін және жарамдылығын талдау;
Тармақша 2
2) кредиттік шарттарды, қамтамасыз ету, құқықтарды (талаптарды) басқаға беру шарттарын және өзге де байланысты құжаттарды қоса алғанда, құқық белгілейтін және растайтын құжаттарды тексеру;
Тармақша 3
3) кепілді, кепілдікті, кепілгерлікті және қамтамасыз етудің өзге де тәсілдерін қоса алғанда, міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз етудің бар-жоғын, түрін және жеткіліктілігін бағалау, оның ішінде кепіл нысаналарын көзбен шолып тексеру;
Тармақша 4
4) қамтамасыз етудің/мүліктің нақты жай-күйін, оның сақталуын, өтімділігін және өндіріп алуды қолдану мүмкіндігін талдау;
Тармақша 5
5) кепіл болып табылатын мүлікке меншік құқығын ресімдеудің және кепіл ұстаушының құқықтарын ресімдеудің дұрыстығына талдау жүргізу;
Тармақша 6
6) кепілге берілетін мүліктің құқық белгілейтін, сәйкестендіру құжаттарына талдау жүргізу;
Тармақша 7
7) қарыз алушы (бірлесіп қарыз алушы, кепіл беруші, кепілдік беруші, кепілгер) бойынша теріс ақпараттың бар-жоғын, қарыз алушы (бірлесіп қарыз алушы) бизнесінің ашықтығын талдау;
Тармақша 8
8) жосықсыз контрагенттермен не құқыққа қарсы іс-әрекет фактілеріне (белгілеріне) байланысты мәмілелердің алдын алу мақсатында активтерге қатысты ресми және өзге де ақпаратты жинау, өңдеу және талдау;
Тармақша 9
9) борышкерлердің қаржылық жай-күйін, кредиттік тарихын, берешек құрылымы мен кіріс көздерін талдауды қоса алғанда, олардың төлем қабілеттілігін бағалау;
Тармақша 10
10) сот дауларын, атқарушылық іс жүргізуді, банкроттық рәсімдерді және активтерге байланысты өзге де құқықтық тәуекелдерді талдау;
Тармақша 11
11) құқықтарды (талаптарды) өндіріп алу, өткізу немесе басқаға беру мүмкіндігіне әсерін тигізетін ауыртпалықтарды, шектеулерді және өзге де факторларды анықтау;
Тармақша 12
12) активтерді иемденуге және кейіннен басқаруға байланысты операциялық, құқықтық, кредиттік және нарықтық тәуекелдерді талдау.
Тармақ 8
8. Қор заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысу үлесі түріндегі активтерді сатып алған жағдайда кешенді сараптама жүргізген кезде Қор қосымша мыналарды жүзеге асырады:
Тармақша 1
1) құрылтай құжаттарын, қатысу және соңғы бенефициарлық иелерінің құрылымын талдау;
Тармақша 2
2) шектеулердің, ауыртпалықтардың, кепілдердің, тыйым салудың және үшінші тұлғалардың өзге де құқықтарының бар-жоғын тексеруді қоса алғанда, қатысу үлестерінің құқықтық мәртебесін тексеру;
Тармақша 3
3) салықтық міндеттемелерді және әлеуетті салықтық тәуекелдерді бағалау;
Тармақша 4
4) шешім қабылдау жүйесін, үлестес тұлғалар мен мүдделер қақтығысының туындау тәуекелдерінің бар-жоғын талдауды қоса алғанда, корпоративтік басқаруды талдау.
Тармақ 9
9. Активтерді кешенді сараптау нәтижелері бойынша қорытынды қалыптастырылады, онда мыналар қамтылады:
Тармақша 1
1) сатып алынатын активтердің сипаттамасы;
Тармақша 2
2) активтердің сапасы мен өтімділігі туралы тұжырымдар;
Тармақша 3
3) тәуекелдерді бағалау;
Тармақша 4
4) өндіріп алу және (немесе) өткізу тиімділігінің болжамы;
Тармақша 5
5) сатып алудың орындылығы не сатып алудан бас тарту туралы ұсыным.
Тармақ 10
10. Қажет болған жағдайда Қор жекелеген талдау түрлерін жүргізу үшін қажетті тәуелсіз бағалаушыларды, консультанттар мен мамандарды тартады.
Тармақ 11
11. Активтерді кешенді сараптау қорытындысы Қордың уәкілетті органының активтерді сатып алу туралы мәселені қарауына негіз болады.
Тармақ 12
12. Сатып алынатын активтердің нарықтық құнына бағалау жүргізудегі міндет тараптардың келісімі бойынша айқындалады. Мүлікті қамтамасыз ету ретінде Қорға өндірістік мүліктік кешен, жабдық немесе технологиялық желілер, аяқталмаған құрылыс объектілері түріндегі мүлік ұсынылған жағдайда, бағалау қызметінің субъектісіне және ол қолданатын бағалау рәсімдеріне кепіл нысаналарын кешенді зерттеу бойынша талаптар қойылады, оның ішінде түгендеу және (немесе) инспекция жүргізу, және (немесе) техникалық аудит (зерттеп-қарау), және (немесе) технологиялық аудит жөніндегі іс-шаралар қамтылады.
Тармақ 13
13. Сатып алу туралы шешімді Қордың жарғысымен анықталған өкілеттік шегінде Қордың уәкілетті органы кешенді сараптаманың және Қазақстан Республикасының бағалау қызметі туралы заңнамасына сәйкес жасалған активтерді бағалау туралы есептің нәтижелерін ескере отырып қабылдайды.
Тармақ 14
14. Активтер мен құқықтарды (талаптарды) иемдену құқықтарды (талаптарды) басқаға беру немесе сатып алу-сату мәмілелері шеңберінде жүзеге асырылып, активтердің құрамы, көлемі және құны айқындалады.
Тармақ 15
15. Қордың жалғыз акционері Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінен, банктерден және бұрын банк болған заңды тұлғалардан, өзге де тұлғалардан активтерді сатып алу туралы шешім қабылдаған жағдайда активтерді сатып алу тәртібі жоғарыда көрсетілген шешімнің шарттарын ескере отырып, осы Қағидаларға сәйкес жүзеге асырылады.
Тарау 3. 3-тарау. Сатып алынған активтерді басқару тәртібі
3-тарау. Сатып алынған активтерді басқару тәртібі
Тармақ 16
16. Активтерді басқару деп активтерді өндіріп алуға, өткізуге және олардың инвестициялық тартымдылығын арттыруға бағытталған шаралар жиынтығы танылады.
Тармақ 17
17. Басқару мынадай тәсілдермен жүзеге асырылады:
Тармақша 1
1) сатып алынған талап ету құқықтары бойынша берешекті өндіріп алу;
Тармақша 2
2) активтер, оның ішінде құқықтар (талаптар) бойынша берешекті қайта құрылымдау, негізгі борышты және (немесе) сыйақыны, комиссияны, тұрақсыздық айыбын (айыппұлдар, өсімпұлдар), өзге де берешекті толық немесе ішінара есептен шығару және (немесе) олардың күшін жою, көрсетілген әрекеттер нәтижесінде туындайтын ықтимал залалдарды тану;
Тармақша 3
3) мүліктік жалдау (жалға беру);
Тармақша 4
4) активтерді сату;
Тармақша 5
5) сенімгерлік басқаруға беру;
Тармақша 6
6) талап ету құқықтарын сатып алушыға (инвесторға) беру;
Тармақша 7
7) банктік қарыз шарты бойынша міндеттемені орындау мерзімі қатарынан күнтізбелік тоқсан күннен асып кеткен банктік қарыздар бойынша берешекті өндіріп алу үшін коллекторлық агенттіктерді тарту, сондай-ақ Заңның 61-бабының 9-тармағына және 62-бабының 2-тармағына сәйкес төлем талабын қою арқылы қарыз алушының банктік шоттарындағы ақшаға даусыз тәртіппен өндіріп алуды қолдану;
Тармақша 8
8) консервациялау;
Тармақша 9
9) Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін өзге де тәсілдер.
Тармақ 1. 1-параграф. Сатып алынған талап ету құқықтары бойынша берешекті өндіріп алу
1-параграф. Сатып алынған талап ету құқықтары бойынша берешекті өндіріп алу
Тармақ 18
18. Қор сатып алған құқықтар (талаптар) бойынша берешекті өндіріп алу және кепілге қойылған мүлікке өндіріп алуды қолдану сот тәртібімен жүзеге асырылады. Берешекті сотқа дейін реттеу үшін Қор орын алған берешекті өтеуді талап етіп хат жіберу арқылы борышкердің, кепіл берушінің, кепілдік берушінің, кепілгердің және өзге де міндетті адамдардың міндеттемелерді ерікті түрде орындауына бағытталған шаралар қабылдайды. Берешекті сотқа дейінгі тәртіппен реттеу мүмкін болмаған жағдайда Қор берешекті өндіріп алу және (немесе) кепілге қойылған мүлікке өндіріп алуды қолдану туралы талап арызбен (өтінішпен) сотқа жүгінеді.
Тармақ 19
19. Кепілге қойылған мүлікке өндіріп алуды қолдану Қор сатып алған құқықтар (талаптар) бойынша міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету ретінде берілген мүлікке қатысты жүзеге асырылады, оған жылжымалы және жылжымайтын мүлік, мүліктік құқықтар, ақша, бағалы қағаздар және кепіл нысанасы болып табылатын өзге де мүлік жатады. Кепілге қойылған мүлікке өндіріп алу қолданылғанда Қор кепіл нысанасының құқықтық мәртебесіне, ауыртпалықтардың, тыйымдардың, шектеулердің және кепіл мүлкін өткізу мүмкіндігіне әсерін тигізетін өзге де мән-жайлардың бар-жоғына талдау жүргізеді.
Тармақ 20
20. Сот актісі заңды күшіне енгеннен кейін Қор атқарушылық құжатты алып, оны мәжбүрлеп орындату үшін сот орындаушысына жібереді.
Тармақ 21
21. Қор өз пайдасына қозғалған атқарушылық іс жүргізулер бойынша өндіріп алушының «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген барлық құқықтары мен міндеттерін пайдаланады.
Тармақ 22
22. Атқарушылық іс жүргізу шеңберінде кепілге қойылған мүлікті өткізу Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.
Тармақ 2. 2-параграф. Борышкерлердің берешегін қайта құрылымдау
2-параграф. Борышкерлердің берешегін қайта құрылымдау
Тармақ 23
23. Берешектің қайтарылуын қамтамасыз ету және (немесе) берешектің қайтарылмау тәуекелін азайту мақсатында Қор сатып алынған активтер бойынша берешекті қайта құрылымдауды жүзеге асырады.
Тармақ 24
24. Берешекті қайта құрылымдау деп борышкердің қаржы-шаруашылық қызметін, оның төлем қабілеттілігін, қамтамасыз ету сапасын және берешекті өтеу перспективаларын талдау негізінде әзірленетін, борышкердің төлем қабілеттілігін қалпына келтіруге, борыштық жүктемені төмендетуге және Қор алдындағы міндеттемелердің барынша мүмкін болатын орындалуын қамтамасыз етуге бағытталған шаралар кешені танылады.
Тармақ 25
25. Қайта құрылымдау туралы мәселені қарау борышкердің жазбаша өтініші негізінде жүзеге асырылады, онда Қор алдындағы міндеттемелерді орындау бойынша ұсыныстар қамтылады.
Тармақ 26
26. Қайта құрылымдау туралы мәселені қарау шеңберінде Қор борышкердің қызметіне талдау жүргізеді, оған мыналар кіреді:
Тармақша 1
1) борышкердің қаржылық және мүліктік жағдайын зерделеу;
Тармақша 2
2) қаржылық, салықтық және өзге де есептілікті талдау;
Тармақша 3
3) ақша легінің қозғалысын, кірістер мен шығыстар құрылымын талдау;
Тармақша 4
4) борышкердің төлем қабілеттілігін және оның қаржылық орнықтылығын қалпына келтіру перспективаларын бағалау;
Тармақша 5
5) кредиттік тарихты және мерзімі өткен берешектің туындау себептерін талдау;
Тармақша 6
6) борышкердің келісімшарттық базасын және ағымдағы шаруашылық қызметін талдау;
Тармақша 7
7) сот дауларының, атқарушылық іс жүргізудің, оңалту, банкроттық немесе тарату рәсімдерінің бар-жоғын тексеру;
Тармақша 8
8) міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз етуді, оның ішінде кепіл мүлкін, кепілдіктерді, кепілгерлікті және қамтамасыз етудің өзге де тәсілдерін талдау;
Тармақша 9
9) мүліктің өтімділігі мен нарықтық құнын бағалау;
Тармақша 10
10) борышкердің қосымша активтерін және берешекті өтеудің өзге де көздерін анықтау;
Тармақша 11
11) қайта құрылымдауға байланысты құқықтық, қаржылық, операциялық және нарықтық тәуекелдерді талдау.
Тармақ 27
27. Қайта құрылымдауды жүргізу мақсатында Қор мыналарды жүзеге асырады:
Тармақша 1
1) міндеттеме валютасын өзгерту;
Тармақша 2
2) берешекті өтеу мерзімдерін, тәртібін және графигін өзгерту;
Тармақша 3
3) төлемді кейінге қалдыруды, бөліп төлеуді, жеңілдікті кезеңді не икемді төлем графигін ұсыну;
Тармақша 4
4) негізгі борышты, сыйақыны және өзге де төлемдерді өтеу тәртібі мен кезектілігін өзгерту;
Тармақша 5
5) сыйақы мөлшерлемесін және (немесе) оны есептеу тәртібін өзгерту;
Тармақша 6
6) негізгі борышты, сыйақыны, комиссияларды, тұрақсыздық айыбын (айыппұлдарды, өсімпұлдарды) және өзге де берешекті толық немесе ішінара есептен шығару, олардың күшін жою, оларды есептеуді тоқтата тұру не қайта есептеу, көрсетілген әрекет нәтижесінде туындайтын залалдарды тану;
Тармақша 7
7) берешекті қайта қаржыландыру;
Тармақша 8
8) борышкер немесе үшінші тұлғалар беретін мүлікті қоса алғанда, өтемақыны қабылдау;
Тармақша 9
9) Қордың келісімімен борышты үшінші тұлғаға аудару;
Тармақша 10
10) қосымша кепілдіктерді, кепілгерлікті және қамтамасыз етуді тарту;
Тармақша 11
11) берешекті өтеу мақсатында борышкердің мүлкінің бір бөлігін өткізу;
Тармақша 12
12) құқықтарды (талаптарды) сату және (немесе) басқаға беру;
Тармақша 13
13) секьюритилендіру;
Тармақша 14
14) борышкердің қаржы-шаруашылық қызметін басқаруға қатысу;
Тармақша 15
15) қайта құрылымдаудың аралас нысандарын және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де қаржылық сауықтыру тетіктерін қолдану.
Тармақ 28
28. Мүлікті бағалауды жүргізу, бағалау туралы есептерді тексеру, борышкердің қаржылық жай-күйін талдау және басқа да іс-шаралар үшін Қор тәуелсіз бағалаушыларды, аудиторлық ұйымдарды, ал қажет болған жағдайда – консультанттарды және өзге де мамандарды тартады.
Тармақ 29
29. Қайта құрылымдау туралы шешімді Қордың уәкілетті органы жүргізілген талдау нәтижелерін, тәуекел деңгейін, қамтамасыз ету сапасын, борышкердің қаржылық жай-күйін және тиісті шараларды қолданудың экономикалық орындылығын ескере отырып қабылдайды.
Тармақ 30
30. Қор борышкердің қайта құрылымдау талаптарын орындауына мониторинг жүргізеді, оның ішінде төлем тәртібін, борышкердің қаржылық жай-күйін, кепіл мүлкінің жай-күйін, ковенанттардың және қайта құрылымдаудың өзге де талаптарының сақталуын бақылайды.
Тармақ 31
31. Борышкер қайта құрылымдау талаптарын бұзған жағдайда Қор берешекті өндіріп алу, қамтамасыз етуді өткізу, сот органдарына жүгіну шараларын және Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында көзделген өзге де шараларды қолданады.
Тармақ 32
32. Қор халықаралық қаржылық есептілік стандарттары мен Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасына сәйкес берешекті қайта құрылымдау, міндеттемелерді есептен шығару және (немесе) тоқтату, активтерді өткізу, құқықтарды (талаптарды) басқаға беру, сондай-ақ берешекті реттеудің өзге де шараларын қолдану нәтижесінде туындайтын ықтимал залалдарды тануды жүзеге асырады.
Тармақ 33
33. Қор орындалуы тоқтатылған Қор алдындағы міндеттемелер бойынша берешекті ішінара немесе толық есептен шығарады (кешіреді), бұл ретте өндіріп алу шараларының бәрі қолданылуы шарт.
Тармақ 34
34. Міндеттемелер бойынша берешекті есептен шығаруға (кешіруге) мыналар негіз болады:
Тармақша 1
1) атқарушылық іс жүргізудің тоқтатылуы;
Тармақша 2
2) заңды тұлғалардың немесе дара кәсіпкерлердің банкроттық рәсімінің аяқталуы;
Тармақша 3
3) жеке тұлғалардың соттан тыс немесе сот банкроттығы рәсімдерінің аяқталуы;
Тармақша 4
4) борышкер қайтыс болып, мұрагерлік мүліктің болмауы не талап қоюға болатын мұрагерлердің болмауы;
Тармақша 5
5) заңды күшіне енген, одан әрі өндіріп алу мүмкіндігін жоққа шығаратын сот актісінің болуы.
Тармақ 35
35. Берешекті есептен шығару туралы мәселені қарау мыналардың негізінде жүзеге асырылады:
Тармақша 1
1) банкроттықты басқарушының қорытынды есебін және тарату теңгерімін бекіту туралы сот ұйғарымы;
Тармақша 2
2) қаржы басқарушысының қорытынды есебін бекіту туралы сот ұйғарымы;
Тармақша 3
3) соттан тыс банкроттық рәсімін аяқтау туралы мемлекеттік кірістер органының шешімі;
Тармақша 4
4) атқарушылық іс жүргізуді тоқтату туралы сот орындаушысының қаулысы;
Тармақша 5
5) қайтыс болу туралы куәлік немесе қайтыс болуды мемлекеттік тіркеу туралы хабарлама және мұрагерлік істің жоқтығын растайтын мәлімет;
Тармақша 6
6) заңды күшіне енген, одан әрі өндіріп алу мүмкіндігін жоққа шығаратын сот актісі.
Тармақ 36
36. Берешекті ішінара немесе толық есептен шығару туралы шешімді Қордың уәкілетті органы қабылдап, Қордың ішкі құжаттарына сәйкес есептен шығарылатын берешек мөлшерін айқындайды.
Тармақ 37
37. Берешек ішінара есептен шығарылған жағдайда Қор берешектің қалған бөлігін өндіріп алу құқығын сақтайды.
Тармақ 38
38. Есептен шығарылған берешек туралы мәліметтер Қордың ішкі есебінде көрсетілуге тиіс.
Тармақ 3. 3-параграф. Мүліктік жалдау (жалға беру)
3-параграф. Мүліктік жалдау (жалға беру)
Тармақ 39
39. Қор банктерден және (немесе) бұрын банк болған заңды тұлғалардан сатып алынған және (немесе) алынған мүлікті мүліктік жалдауға (жалға) береді.
Тармақ 40
40. Мүліктік жалдау (жалға беру) төлемінің мөлшері нарықтық жағдайларды, мүліктің орналасқан жерін, техникалық жай-күйін, оны пайдалану мүмкіндігін және пайдалану құнына әсер ететін өзге де факторларды ескере отырып айқындалады. Мүліктік жалдау (жалға беру) құнын айқындау мақсатында Қор ашық дереккөздер, осыған ұқсас объектілер туралы мәліметтер және өзге де қолжетімді ақпарат негізінде нарыққа талдау жүргізеді. Талдау нәтижелері бойынша жалдау төлемінің ең төменгі шекті мәндері белгіленеді. Күрделі немесе ағымдағы жөндеу жүргізу не мүлікке инвестиция салу қажеттігіне байланысты жағдайларда жалдау төлемінің мөлшері Қордың уәкілетті органының шешімі негізінде ең төменгі шекті мәннен төмен болып белгіленеді.
Тармақ 41
41. Әлеуетті жалға алушыларды тарту мақсатында Қор мүлік туралы ақпаратты Қордың интернет-ресурсына, мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталына және (немесе) бұқаралық ақпарат құралдарына орналастыруды қамтамасыз етіп, оны беру шарттарын, өтінім қабылдау мерзімдерін және жалдау төлемінің мөлшерін көрсетеді. Түскен өтінімдерді Қор белгіленген талаптарға сәйкестігі тұрғысынан қарайды. Бірнеше өтінім болған жағдайда анағұрлым тиімді шарт ұсынған тұлғаға, ал шарттар тең болған жағдайда бірінші болып тиісті өтінім берген тұлғаға артықшылық беріледі.
Тармақ 42
42. Мүлікті беру мүліктік жалдау (жалға беру) шарты немесе қабылдау-тапсыру актісі бойынша жалдау шарты негізінде жүзеге асырылады, онда мүліктің техникалық жай-күйі, оның сипаттамалары, жиынтықтылығы, ақауларының бар-жоғы және өзге де елеулі мәліметтер тіркеледі.
Тармақ 43
43. Жалға алушының өтініші бойынша Қор жалға алушы шарт бойынша міндеттемелерді тиісінше орындаған жағдайда мүліктік жалдау (жалға алу) мерзімін ұзарту туралы шешім қабылдауға құқылы.
Тармақ 44
44. Мүлікті қосалқы жалға беруге, егер мүліктік жалдау (жалға алу) шартында өзгеше көзделмесе, Қордың алдын ала жазбаша келісімімен ғана жол беріледі.
Тармақ 45
45. Қор шарттардың орындалуына мониторинг жүргізеді, оның ішінде мүліктің пайдаланылуын, төлемдердің уақтылы жүргізілуін, мүліктің сақталуын жасалған шарттардың талаптарында көзделген міндеттемелердің орындалуын бақылайды.
Тармақ 4. 4-параграф. Активтерді сату
4-параграф. Активтерді сату
Тармақ 46
46. Қор халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасына сәйкес активтер ретінде есепке алынатын, банктерден және (немесе) бұрын банк болған заңды тұлғалардан сатып алынған және (немесе) алынған құқықтарды (талаптарды) өтеу есебіне қабылданған мүлікті сатуды жүзеге асырады.
Тармақ 47
47. Мүлікті сатуға мүлікті ұстау мен оған қызмет көрсетудің экономикалық орынсыздығы, мүліктің ағымдағы жоғары өтімділігі және қолайлы нарықтық конъюнктура негіз болады.
Тармақ 48
48. Мүлікті сатуға Қордың уәкілетті органының шешімі негізінде мүліктің техникалық жай-күйін, пайдалану мүмкіндігін, күтіп-ұстауға болжамды шығыстарды, тәуекелдерді бағалауды және экономикалық орындылықты ескере отырып жүзеге асырылады.
Тармақ 49
49. Мүлікті сату оның бастапқы бағасы негізінде жүзеге асырылады, ол Қазақстан Республикасындағы бағалау қызметі туралы заңнамаға сәйкес айқындалатын теңгерімдік немесе бағалау құнының қайсысы жоғары болса, соған сәйкес белгіленеді.
Тармақ 50
50. Мүлікті сату мынадай тәсілдермен жүзеге асырылады:
Тармақша 1
1) аукцион нысанындағы электрондық сауда-саттық (бағаны көтеру және төмендету арқылы);
Тармақша 2
2) тендер нысанындағы электрондық сауда-саттық;
Тармақша 3
3) тікелей атаулы өткізу;
Тармақша 4
4) айырбас (айырбас шарты), Қор компаниялары тобы ішіндегі айырбасты қоспағанда;
Тармақша 5
5) талап ету құқықтарын басқаға қайта беру;
Тармақша 6
6) активтерді қор биржасында өткізу.
Тармақ 51
51. Активтерді сату Қордың уәкілетті органы бекіткен ішкі құжатта белгіленген тәртіппен алғашқы, бастапқы және ең төменгі баға, сондай-ақ сауда-саттық өткізудің өзге де шарттары қолданылып кезең-кезеңімен жүзеге асырылады, Қордың интернет-ресурсында, мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталында және (немесе) бұқаралық ақпарат құралдарында сатылатын мүлік туралы ақпарат алдын ала орналастырылады.
Тармақ 52
52. Жеке тұрған ғимарат, құрылысжай немесе аяқталмаған құрылыс объектісі болып табылатын жылжымайтын мүлікті сатқанда оны тиісті жер учаскесімен бірге мүліктік кешен ретінде сатуға жол беріледі. Кіріктірілген үй-жайларда орналасқан жылжымайтын мүлікті сатқанда жер учаскесіне құқық бөлу мәселелері Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес шешіледі. Жер учаскесінің және онда орналасқан мүліктің құны бөлек бағалануға тиіс.
Тармақ 53
53. Мүлікті сату тәсілі, мерзімдері мен шарттары, оның ішінде төлеу тәртібі туралы шешімді Қордың уәкілетті органы Қордың жарғысында белгіленген өкілеттіктер шегінде қабылдайды.
Тармақ 54
54. Активті сату мүмкін болмаған жағдайда Қор оны мемлекеттік меншікке беру мәселесін Қазақстан Республикасының мемлекеттік мүлік туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен қарайды.
Тармақ 55
55. Заңды тұлғалардың акцияларын және (немесе) жарғылық капиталдарындағы қатысу үлестері сатылғанда Қазақстан Республикасының заңнамасының немесе тиісті заңды тұлға тіркелген елдің заңнамасының талаптары сақталады.
Тармақ 5. 5-параграф. Сенімгерлік басқаруға беру
5-параграф. Сенімгерлік басқаруға беру
Тармақ 56
56. Қор мүлікті өзінің ішкі құжаттарына сәйкес Қордың уәкілетті органының шешімі негізінде сенімгерлік басқаруға береді.
Тармақ 57
57. Сенімгерлік басқарушы ретінде жеке немесе заңды тұлғалар әрекет етеді. Сенімгерлік басқару шарты бойынша пайда алушы Қор болып табылады.
Тармақ 58
58. Сенімгерлік басқару шартында мүлікті пайдалану талаптары, басқару тәртібі, сенімгерлік басқарудың қолданылу мерзімі, мүліктің сақталуын қамтамасыз ету, сенімгерлік басқарушының жауапкершілігі мен сыйақысының мөлшері көзделеді.
Тармақ 59
59. Сенімгерлік басқаруды жүзеге асыру кезінде сенімгерлік басқарушы шеккен расталған шығыстары өтеледі. Сенімгерлік басқарушы Қорға өзінің қызметі туралы есепті сенімгерлік басқару шартында белгіленген мерзімдерде және тәртіппен ұсынады.
Тармақ 6. 6-параграф. Талап ету құқықтарын сатып алушыға (инвесторға) беру
6-параграф. Талап ету құқықтарын сатып алушыға (инвесторға) беру
Тармақ 60
60. Құқықтарды (талаптарды) сатып алушыға (инвесторға) беру Қор тарапынан ақша қаражатын қайтару, проблемалық активтер деңгейін төмендету, залалды азайту және сатып алынған құқықтарды (талаптарды) басқару тиімділігін арттыру мақсатында жүзеге асырылады.
Тармақ 61
61. Құқықтарды (талаптарды) басқаға беру Қордың жарғысында айқындалған өкілеттіктер шегіндегі Қордың уәкілетті органының шешімі негізінде жүзеге асырылады.
Тармақ 62
62. Банктік қарыз шарттары, кредиттік шарттар, қамтамасыз ету шарттары және өзге де міндеттемелер бойынша құқықтар (талаптар), оның ішінде кепілмен, кепілдікпен, кепілгерлікпен және міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз етудің басқа тәсілдерімен қамтамасыз етілген құқықтар басқаға беру нысанасы болады.
Тармақ 63
63. Құқықтарды (талаптарды) сатып алушыға (инвесторға) беру талап ету құқығын беру (цессия) шарты немесе сату-сатып алу шарты негізінде жүзеге асырылады.
Тармақ 64
64. Құқықтар (талаптар) берілген сәттен бастап сатып алушыға (инвесторға) міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ететін құқықтарды қоса алғанда, кредитордың құқықтары, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында немесе шарт талаптарында өзгеше белгіленбесе, сол сәттегі көлемде және шарттарда ауысады.
Тармақ 65
65. Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда борышкердің, кепіл берушінің, кепілдік берушінің, кепілгердің және өзге де адамдардың құқықтарды (талаптарды) беруге келісімі талап етілмейді.
Тармақ 7. 7-параграф. Банктік қарыздар бойынша өндіріп алу және талап ету құқықтарын басқаға беру үшін коллекторлық агенттіктерді тарту және қарыз алушының банктік шоттарындағы ақшаны даусыз тәртіппен өндіріп алуды қолдану
7-параграф. Банктік қарыздар бойынша өндіріп алу және талап ету құқықтарын басқаға беру үшін коллекторлық агенттіктерді тарту және қарыз алушының банктік шоттарындағы ақшаны даусыз тәртіппен өндіріп алуды қолдану
Тармақ 66
66. Қор банктік қарыз шарты бойынша міндеттемені орындау мерзімі қатарынан күнтізбелік тоқсан күннен асып кеткен банктік қарыздар бойынша берешекті өндіріп алу және талап ету құқықтарын басқаға беру үшін коллекторлық агенттіктерді тартады.
Тармақ 67
67. Берешекті коллекторлық агенттікке өндіріп алуға беру туралы шешімді Қордың уәкілетті органы берешектің мөлшерін, мерзімі өткен күндердің ұзақтығын, бұрын қабылданған өндіріп алу шараларының нәтижелерін ескере отырып қабылдайды.
Тармақ 68
68. Берешекті коллекторлық агенттікке беру шарт негізінде жүзеге асырылады.
Тармақ 69
69. Шарт жасалғаннан кейін Қор өндіріп алуды жүзеге асыру үшін қажетті құжаттарды, берешек туралы мәліметтерді және өзге де ақпаратты беруді қамтамасыз етеді.
Тармақ 70
70. Қор тартылған коллекторлық агенттіктің шарт бойынша міндеттемелерді орындауын мониторингтеуді, оның ішінде берешекті өндіріп алу бойынша қабылданған шаралардың толықтығы мен нәтижелілігін талдауды, сондай-ақ көрсетілген қызметтердің нәтижелерін бағалауды жүзеге асырады.
Тармақ 71
71. Қор Заңның 61-бабының 9-тармағында және 62-бабының 2-тармағында көзделген тәртіппен және шарттарда төлем талабын ұсыну арқылы қарыз алушының банк шоттарындағы ақшаны даусыз тәртіппен өндіріп алуды қолданады. Төлем талабы банктік қарыз шарты, банктік шот шарты немесе қарыз алушының ақшаны акцептсіз алып қоюға берген өзге де келісімі болған жағдайда ұсынылады. Даусыз тәртіппен өндіріп алуды қолдану борышкердің берешек сомасы шегінде жүзеге асырылады, оған негізгі борыш, сыйақы (мүдде), тұрақсыздық айыбы (айыппұлдар, өсімпұлдар) және шартта көзделген өзге де төлемдер кіреді.
Тармақ 8. 8-параграф. Консервациялау
8-параграф. Консервациялау
Тармақ 72
72. Мүлікті консервациялау – мүліктің сақталуын қамтамасыз етуге, оның бұзылуының, зақымдануының, заңсыз пайдаланылуының алдын алуға және оны күтіп-ұстау шығыстарын азайтуға бағытталған ұйымдастырушылық, техникалық, пайдаланушылық және өзге де шаралар кешені болып табылады.
Тармақ 73
73. Мүлікті консервациялауды Қор оны одан әрі күтіп ұстау және қызмет көрсету экономикалық тұрғыдан орынсыз болған, оны тиімді пайдалану мүмкіндігі болмаған, залалға шығу тәуекелі туындаған немесе мүліктің техникалық жай-күйі нашарлаған жағдайларда жүзеге асырылады.
Тармақ 74
74. Мүлікті консервациялау туралы шешімді Қордың уәкілетті органы мүліктің техникалық жай-күйін, оны күтіп ұстауға болжамды шығыстарды, зақымдану, жоғалу не құнының төмендеу тәуекелдерінің бар-жоғын ескере отырып қабылдайды.
Тармақ 75
75. Мүлікті консервациялау шеңберінде Қор мынадай іс-шараларды жүзеге асырады:
Тармақша 1
1) мүліктің физикалық сақталуын қамтамасыз ету шараларын қабылдау;
Тармақша 2
2) ыстық және суық сумен жабдықтауды, кәрізді, газбен жабдықтауды, электрмен жабдықтауды, телефон байланысын, Интернетті, кабельдік телевизияны, домофонды және өзге де коммуналдық және пайдалану қызметтерін ажырату;
Тармақша 3
3) мүлікті пайдалануды тоқтата тұру;
Тармақша 4
4) өрт қауіпсіздігін, санитариялық және техникалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету шараларын жүргізу;
Тармақша 5
5) оны күтіп-ұстау шығыстарын азайтуға бағытталған өзге де іс-шаралар.
Тарау 4. 4-тарау. Қаржы құралдарымен қызмет
4-тарау. Қаржы құралдарымен қызмет
Тармақ 76
76. Қор «Акционерлік қоғамдар туралы» және «Бағалы қағаздар нарығы туралы» Қазақстан Республикасының заңдары мен бағалы қағаздар нарығы саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейтін уәкілетті мемлекеттік органның нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес жарғылық капиталды қалыптастыру үшін акциялар, сондай-ақ өз қызметін қаржыландыру үшін облигациялар шығарады.
Тармақ 77
77. Орналастырылған акциялар мен облигацияларды сатып алуды Қор оларды кейіннен сату үшін немесе Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар туралы заңнамасына сәйкес өзге де мақсаттар үшін акционердің келісімімен жүзеге асырады.
Тармақ 78
78. Банктер шығарған акциялар және (немесе) облигациялар Қазақстан Республикасының бағалау қызметі туралы заңнамасына сәйкес олардың әділ (нарықтық) құнын айқындау, сондай-ақ инвестициялық тартымдылық пен тәуекел деңгейін бағалау үшін бағаланады. Бағалау нәтижелері қаржылық есептілікті қалыптастыру кезінде бухгалтерлік есепте, сондай-ақ капитал тарту, біріктіру және қамту жағдайларында қолданылады.
Тармақ 79
79. Қор банктерден және (немесе) бұрын банк болған заңды тұлғалардан сатып алынған құқықтарды (талаптарды) және өзге де активтерді «Жобалық қаржыландыру және секьюритилендіру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес секьюритилендіру операцияларын жүзеге асырады.
Тармақ 80
80. Бағалы қағаздарды және өзге де қаржы құралдарын сатып алу, сондай-ақ ақшаны екінші деңгейдегі банктерде және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде банктік шот және банктік салым шарттары негізінде орналастыру Қордың уәкілетті органының шешімі негізінде жүзеге асырылады.
Тарау 5. 5-тарау. Жекелеген қызмет түрлерін жүзеге асырудың және арнайы бағдарламаларды іске асырудың ерекшеліктері
5-тарау. Жекелеген қызмет түрлерін жүзеге асырудың және арнайы бағдарламаларды іске асырудың ерекшеліктері
Тармақ 81
81. Қор шартты қаржыландыруды жүзеге асырады – Қордың екінші деңгейдегі банкке банктік салым шартының не қаржыландыру талаптарын міндетті түрде орындауды көздейтін өзге де құралдардың талаптарымен банкте ақша орналастыру түрінде қаржы ресурстарын беруі. Қор шартты қаржыландыру талаптары бұзылған жағдайда қаражатты мерзімінен бұрын қайтаруды талап етеді.
Тармақ 82
82. Қор негізгі қызметі күмәнді және үмітсіз активтерді иемдену, басқару, өндіріп алу, қайта құрылымдау, өткізу және өзге де сүйемелдеу болып табылатын ұйымдарды құрады не сатып алады.
Тармақ 83
83. Мұндай ұйым құруды оның орындылығына талдау жүргізілгеннен кейін Қор жүзеге асырады, талдауда Қордың жалғыз акционерінің шешімі негізінде активтерді басқару тиімділігін, тәуекелдерді, ұйымның жұмыс істеуіне жұмсалатын шығындарды және ұйымның қызметіне әсер етуі мүмкін өзге де мән-жайларды бағалау қамтылады.
Тармақ 84
84. Мұндай ұйымды иемденуді Қор активтерді, тәуекелдерді және ұйымның жұмыс істеуіне жұмсалатын шығындарды басқару тиімділігін бағалауды қамтитын сатып алудың орындылығына талдау жүргізілгеннен кейін, сондай-ақ құрылтай құжаттарын, қаржылық жай-күйін, активтер мен міндеттемелер құрылымын, ауыртпалықтардың, сот дауларының және ұйымның қызметіне ықпал етуге қабілетті өзге де мән-жайлардың бар-жоғын талдауды көздейтін кешенді тексеру жүргізілгеннен кейін Қордың уәкілетті органының шешімі негізінде жүзеге асырады
Тармақ 85
85. Қор мұндай ұйымды оның жарғылық капиталына қатысу, басқару органдарын қалыптастыру және ұйым жарғысында белгіленген өкілеттіктер шегінде негізгі шешімдерді қабылдау арқылы басқаруды қамтамасыз етеді.
Тармақ 86
86. Қордың уәкілетті органының шешімі негізінде Қор банктерді және (немесе) бұрын банк болған заңды тұлғаларды ақылылық, мерзімділік және қайтарымдылық талаптарымен қаржыландыруды жүзеге асырады, бұл ретте қаржы алушының қаржылық жағдайы, Қор алдындағы міндеттемелерін орындау көздері, қаржы беруге байланысты қаржылық, құқықтық және өзге де тәуекелдер, сондай-ақ ол бойынша кепілмен қамтамасыз етудің жеткіліктілігі ескеріледі.
Тармақ 87
87. Қаржыландыру шарт негізінде жүзеге асырылады, онда қаржыландыру мөлшері, қайтару мерзімі, сыйақы мөлшері, міндеттемелерді орындау тәртібі, қамтамасыз ету талаптары және қаржыландыру шарттарын бұзғаны үшін жауапкершілік шаралары көзделеді.
Тармақ 88
88. Қаржыландыру қолданылатын кезеңде Қор ұсынылған қамтамасыз етудің нақты жай-күйімен қоса қаражаттың мақсатқа сай пайдаланылуына, қаржы алушының қаржылық жай-күйіне, шарт бойынша оның міндеттемелерінің орындалуына мониторингті жүзеге асырады.
Тармақ 89
89. Қаржыландыру талаптары бұзылған жағдайда Қор Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында және шарт талаптарында көзделген тәртіппен сот тәртібімен де, соттан тыс тәртіппен де берешекті өндіріп алу, кепілге қойылған мүлікке өндіріп алуды қолдану, міндеттемелерді қайта құрылымдау шараларын немесе өзге де шараларды қолданады.
Тармақ 90
90. Стресс-активтерді басқару жөніндегі еншілес ұйымдардың көрсетілетін қызметтерін иемденуді Қор өз меншігіндегі активтерді сүйемелдеу, мониторингтеу, өндіріп алу, қайта құрылымдау, өткізу және өзге де басқаруды қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырылады.
Тармақ 91
91. Еншілес ұйымдардың көрсетілетін қызметтерін сатып алу Қордың уәкілетті органының шешімі негізінде активтердің сипаты, мамандандырылған сүйемелдеудің қажеттігі, активтерді басқару жөніндегі жоспарланған іс-шаралардың көлемі, сондай-ақ еншілес ұйымды тартудың экономикалық орындылығы ескеріліп жүзеге асырылады.
Тармақ 92
92. Еншілес ұйымдар борышкерлердің қаржылық жай-күйін мониторингтеу, берешекті өндіріп алу рәсімдерін сүйемелдеу, борышкерлермен өзара іс-қимыл жасау, мүліктің сақталуын қамтамасыз ету, сот және атқарушылық рәсімдерді сүйемелдеу, мүлікті өткізуді ұйымдастыру, активтерді талдау мен бағалауды жүргізу, сондай-ақ стресс-активтерді басқару тиімділігін арттыруға бағытталған өзге де іс-шараларды орындау бойынша қызметтер көрсетеді.
Тармақ 93
93. Еншілес ұйымдардың көрсетілетін қызметтерін сатып алу көрсетілетін қызметтердің тізбесін, оларды көрсету мерзімдерін, тараптардың өзара іс-қимыл жасау тәртібін, көрсетілетін қызметтердің құнын және көрсетілген қызметтердің нәтижелерін бағалау талаптары көзделетін шартпен ресімделеді.
Тармақ 94
94. Қор Қазақстан Республикасының Үкіметі және (немесе) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі әзірлеп, бекіткен арнайы бағдарламаларды іске асыруды жүзеге асырады.
Тармақ 95
95. Арнайы бағдарламаларды Қор тиісті бағдарламалық құжаттарда көзделген талаптарға, мақсаттар мен тетіктерге сәйкес жүзеге асырады және олар қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз ету, активтердің сапасын жақсарту, қаржы нарығына қатысушылардың төлем қабілеттілігін қалпына келтіру, сондай-ақ активтерді басқару тиімділігін арттыру міндеттеріне қол жеткізуге бағытталған.
Тармақ 96
96. Арнайы бағдарламаларды іске асыру шарттарына қарай Қор мыналарды жүзеге асырады:
Тармақша 1
1) арнайы бағдарламаларда көзделген активтер мен құқықтарды (талаптарды) сатып алуға, басқаруға, қайта құрылымдауға және (немесе) өткізуге қатысу;
Тармақша 2
2) қаржыландыру, қолдау шараларын ұсыну не арнайы бағдарламалардың талаптарында көзделген өзге де қатысу нысандары;
Тармақша 3
3) активтердің сапасын жақсарту жөніндегі іс-шараларды іске асыру, оның ішінде берешекті қайта құрылымдау, міндеттемелерді реттеу және тәуекелдерді төмендету;
Тармақша 4
4) арнайы бағдарламаларға қатысушылардың оның талаптарын орындауын мониторингтеу және бақылау;
Тармақша 5
5) уәкілетті органдар белгілеген тәртіппен арнайы бағдарламаларды іске асыру барысы мен нәтижелері туралы есептілікті дайындау.
Тармақ 97
97. Арнайы бағдарламаларды іске асыру Қордың уәкілетті органдарының шешімі негізінде және тиісті бағдарламаларда белгіленген тәртіпке, шарттарға және шектеулерге сәйкес жүзеге асырылады.
Тармақ 98
98. Қор арнайы бағдарламалар шеңберінде пайдаланылатын ресурстардың мақсатқа сай әрі тиімді жұмсалуын қамтамасыз етеді.
Тармақ 99
99. Активтердің құнын арттыру, олардың неғұрлым тиімді пайдаланылуын қамтамасыз ету, инвестициялық тартымдылығын арттыру және қосымша табыс алу мақсатында Қор Қордың жарғысына және ішкі құжаттарына сәйкес инвестициялық жобаларды іске асыруға қатысады.
Тармақ 100
100. Инвестициялық жобаларды іске асыру мынадай мақсаттарда жүзеге асырылады:
Тармақша 1
1) активтердің нарықтық құнын арттыру;
Тармақша 2
2) мүлікті шаруашылық айналымға тарту;
Тармақша 3
3) мүліктің сақталуын және тиімді пайдаланылуын қамтамасыз ету;
Тармақша 4
4) аяқталмаған құрылыс объектілерін аяқтау;
Тармақша 5
5) мүліктің техникалық жай-күйін жаңғырту, реконструкциялау, қалпына келтіру немесе жақсарту;
Тармақша 6
6) объектілердің инфрақұрылымын дамыту;
Тармақша 7
7) активтерді пайдаланудан кіріс алу;
Тармақша 8
8) мүлікті күтіп ұстауға жұмсалатын шығыстарды азайту;
Тармақша 9
9) активтерді басқарудың өзге де экономикалық негізделген мақсаттарына қол жеткізу.
Тармақ 101
101. Инвестициялық жобаны қарау кезінде Қор мынадай талдау жүргізеді:
Тармақша 1
1) мүліктің техникалық жай-күйі;
Тармақша 2
2) мүліктің құқықтық мәртебесі және шектеулердің не ауыртпалықтардың бар-жоғы;
Тармақша 3
3) активтің нарықтық құны және инвестициялық тартымдылығы; 4) жобаны іске асыруға арналған болжамды шығындар;
Тармақша 5
5) күтілетін экономикалық әсері мен өтелу мерзімі;
Тармақша 6
6) жобаны іске асыру тәуекелдері және оларды азайту мүмкіндіктері.
Тармақ 102
102. Инвестициялық жобаларды іске асыру туралы ақпарат әлеуетті инвесторларды тарту және рәсімдердің ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында Қордың интернет-ресурсында, мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталында және өзге де ашық дереккөздерде орналастырылады. Инвестициялық жобаларды іске асыру шарттары, оның ішінде қаржыландыру тәртібі, шығыстарды, кірістер мен тәуекелдерді бөлу, инвестиция көлемі, жобаны іске асыру мерзімдері, тараптардың құқықтары мен міндеттері шартта айқындалады.
Тармақ 103
103. Қордың уәкілетті органының шешімі бойынша инвестициялық жобаларды іске асыру инвесторларды, құрылыс салушыларды, мердігерлерді, басқарушы компанияларды және өзге де тұлғаларды тиісті шарттарда айқындалған талаппен тарту арқылы жүзеге асырылады.
Тармақ 104
104. Тараптар қабылданған міндеттемелерді толық орындағанға және тиісті инвестициялық жобада көзделген іс-шаралар аяқталғанға дейін Қор инвестициялық жобалардың іске асырылуын бақылау мен мониторингтеуді жүргізеді. _______________________
Басқа 2. «Проблемалық кредиттер қоры» акционерлік қоғамы сатып алатын (сатып алған) активтер мен талап ету құқықтарына қойылатын талаптар
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы « » № қаулысымен бекітілген «Проблемалық кредиттер қоры» акционерлік қоғамы сатып алатын (сатып алған) активтер мен талап ету құқықтарына қойылатын талаптар
Тармақ 1
1. Осы «Проблемалық кредиттер қоры» акционерлік қоғамы сатып алатын (сатып алған) активтер мен талап ету құқықтарына қойылатын талаптар (бұдан әрі – талаптар) «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Заң) 132-бабының 1-тармағының екінші бөлігін іске асыру мақсатында әзірленген және «Проблемалық кредиттер қоры» акционерлік қоғамының (бұдан әрі – Қор) иемдену (иемделген) активтер мен талап ету құқықтарына қойылатын талаптарды айқындайды.
Тармақ 2
2. Осы талаптарда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
Тармақша 1
1) активтер – мүлік, акциялар және (немесе) заңды тұлғалардың капиталына қатысу үлестері, Қор иемдену (иемделген) кредиттер/қарыздар бойынша талап ету құқықтары;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасының тәуелсіз рейтингі – халықаралық рейтинг агенттіктері Қазақстан Республикасына тағайындаған рейтингтер;
Тармақша 3
3) қарыз алушылар тобы – кредиттік желілер шеңберінде берілген кредиттер, қарыздар бойынша бір мезгілде осы топта қарыз алушылардың акционерлері немесе қатысушылары не қосалқы қарыз алушылары, кепіл берушілері, кепілгерлері болып табылатын қарыз алушы – заңды және (немесе) жеке тұлғалар тобы;
Тармақша 4
4) талап ету құқықтары – Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінен, екінші деңгейдегі банктерден (бұдан әрі – банктер) және бұрын банк болған заңды тұлғалардан иемдену (иемделген) кредиттер, қарыздар бойынша талап ету құқықтары.
Тармақ 3
3. Қор талап ету құқықтарын мұндай кредиттер мынадай өлшемшарттарға сәйкес болған жағдайда сатып алады:
Тармақша 1
1) негізгі борышы және (немесе) есептелген сыйақылары бойынша күнтізбелік тоқсан күннен аса мерзімі өткен берешегі бар және (немесе) кемінде 3 (үш) рет қайта құрылымданған және (немесе) төлемдерін 1 (бір) жылдан аса кейінге қалдырған және (немесе) банктер күмәнді және үмітсіз активтерді басқару жөніндегі ұйымдар болып табылатын еншілес ұйымдарға берілген (оның ішінде қарыз алушылар тобына берілген) кредиттер;
Тармақша 2
2) кредиттер мемлекет қатысатын заңды тұлғаларды қоспағанда, қарыз алушыларға және (немесе) қарыз алушылар тобына берілген;
Тармақша 3
3) осы талаптардың 4-тармағының 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген кепіл түрлерін қоспағанда, мүлік кепілімен, оның ішінде Қазақстан Республикасының резидент-эмитенттері шығарған және «Қазақстан қор биржасы» акционерлік қоғамының (KASE) немесе «Astana International Exchange» акционерлік қоғамының (AIX) ресми тізіміне енгізілген бағалы қағаздармен, сондай-ақ кредиттік рейтингі Қазақстан Республикасының тәуелсіз рейтингіне сәйкес келетін немесе одан асатын Қазақстан Республикасының бейрезидент-эмитенттері шығарған бағалы қағаздармен қамтамасыз етілген кредиттер бойынша міндеттемелер;
Тармақша 4
4) қарыз алушының (кепіл берушінің) негізгі қызметінің түрі мыналарға: орман және балық шаруашылығына; сумен қамтуға, кәріз жүйелеріне, қалдықтарды жинау және бөлуді бақылауға; қаржы және сақтандыру қызметіне; ғылыми және техникалық қызметке; бұрынғы аумақтық ұйымдар мен органдар қызметіне; мемлекеттік басқаруға және қорғанысқа, міндетті әлеуметтік қамсыздандыруға жатпайды. Осы тармақтың ережелері: Қор 2017 жылғы 31 желтоқсанға дейін бұрын банк болған заңды тұлғалардан иемделген активтер мен талап ету құқықтары бойынша мәмілелер жасасқан; Қор Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімдерімен мақұлданған мәмілелер жасасқан; Қор банктің мөлшерлес борышын Қорға бір мезгілде аудара отырып, банктің талаптары мен активтерінің құқықтарын иемделген (басқаға беру жолымен); Қор Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінен талап ету құқықтарын иемделген жағдайларға қолданылмайды.
Тармақ 4
4. Қор Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінен, банктерден, бұрын банк болған заңды тұлғалардан активтерді, оның ішінде талап ету құқықтарын:
Тармақша 1
1) егер қарыз алушыға (кепіл берушіге) қатысты ерікті тарату, оңалту немесе банкроттық рәсімдері жүргізілген;
Тармақша 2
2) егер Қазақстан Республикасының тәуелсіз рейтингіне сәйкес келетін немесе одан асатын кредиттік рейтингі бар Қазақстан Республикасының бейрезидент-эмитенттері шығарған бағалы қағаздарды қоспағанда, Қазақстан Республикасының шегінен тыс жердегі, ал Қор сатып алған күмәнді және үмітсіз активтерді иемденуге сатып алушыға (инвесторға), оның ішінде төлемді кейінге қалдыру талаптарымен бірмезгілде сатқан жағдайда Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің аумақтарынан тыс жердегі мүлік және мүліктік құқық не Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес азаматтық айналымда шектелген мүлік кепіл мәні болып табылған;
Тармақша 3
3) егер қарыз бойынша жалғыз кепіл нысанасы: компьютерлік жабдық пен техника; айналымдағы тауарлар; болашақта түсетін мүлік; жиһаз заттары; авторлық құқықтар; лицензиялар; патенттер; жалдау құқығы; тауар белгісіне арналған құқық; үшінші тұлғалардың кепілдіктері мен кепілгерліктері болған жағдайларды қоспағанда, сатып алады. Осы тармақтың ережелері: Қор 2017 жылғы 31 желтоқсанға дейін бұрын банк болған заңды тұлғалардан иемделген активтер мен талап ету құқықтары бойынша мәмілелер жасасқан; Қор Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімдерімен мақұлданған мәмілелер жасасқан; Қор банктің мөлшерлес борышын Қорға бір мезгілде аудара отырып, банктің талаптары мен активтерінің құқықтарын иемделген (басқаға беру жолымен) жағдайларға қолданылмайды.
Тармақ 5
5. Қамтамасыз етудің жалпы кепілдік құнындағы жекелеген кепіл нысанасы құнының үлесіне қойылатын талаптар Қордың ішкі құжаттарында көзделеді.
Тармақ 6
6. Иемделетін (иемделген) активтер мен талап ету құқықтарына қойылатын қосымша талаптар мен шектеулер Қордың ішкі құжаттарына сәйкес Қор тарапынан белгіленеді. _______________________________