Об установлении дифференцируемых тарифов на регулярные автомобильные перевозки пассажиров и багажа в внутрирайонном (внутрисельским) сообщении в Мунайлинском районе Қолданыста

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 01.07.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Мұнайлы ауданында жолаушылар мен багажды ауданішілік (ауылішілік) қатынастарда автомобильмен тұрақты тасымалдауға сараланатын тарифтерді белгілеу туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 37-бабына сәйкес, Қазақстан Республикасының «Автомобиль көлігі туралы» Заңының 19- бабына сәйкес Мұнайлы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Мұнайлы ауданында жолаушылар мен багажды ауданішілік (ауылішілік) қатынастарда автомобильмен тұрақты тасымалдауға сараланатын тарифтер белгіленсін.
Тармақ 2
2. «Мұнайлы аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі осы қаулының Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Қазақастан Республикасы нормативтік құқықтық актілердің эталондық бақылау банкіне енгізілуін қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Мұнайлы ауданы әкімінің осы салаға жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 5. Мұнайлы ауданында жолаушылар мен багажды ауданішілік (ауылішілік) қатынастарда автомобильмен тұрақты тасымалдауға сараланатын тарифтер
Мұнайлы ауданы әкімдігінің 2026 жылғы «1» шілдедегі № 136-қ қаулысына қосымша Мұнайлы ауданында жолаушылар мен багажды ауданішілік (ауылішілік) қатынастарда автомобильмен тұрақты тасымалдауға сараланатын тарифтер № Марш­рут ата­уы Жол ақы­сын қол­ма-қол ақ­ша­сыз тө­леу ке­зін­де, яғ­ни ин­тер­нет же­лі­сі және ұя­лы бай­ла­ныс құ­ры­л­ғы­ла­рын қо­са ал­ған­да, элек­трон­дық тө­леу жүй­е­сі ар­қы­лы Жол ақы­сын қол­ма-қол ақ­ша­мен тө­леу ке­зін­де 1 2 3 4 1 «Маң­ғы­стау-Ата­ме­кен-Маң­ғы­стау» 70 120 2 «Маң­ғы­стау-Ба­тыр-Маң­ғы­стау» 110 190 3 «Маң­ғы­стау-Ба­ян­ды-Маң­ғы­стау» 80 140 4 13А «Маң­ғы­стау-Қы­зы­л­тө­бе-Дәу­лет» 70 120 5 14 «Ба­тыр» 70 120