Об установлении норматива отчисления части чистого дохода по городу Сарани Қолданыста
Басқа 0
Саран қаласының таза табысының бір бөлігін
аудару нормативін белгілеу туралы
Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 56-бабының 2-тармағына, «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 140-бабының 2-тармағына сәйкес Саран қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Әлеуметтік салада қызметін жүзеге асыратын Саран қаласының коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындарының таза табысының бір бөлігін аудару нормативі таза табыс сомасының 50 пайызы мөлшерінде белгіленсін.
Тармақ 2
2. «Саран қаласының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қаулының қазақ және орыс тілдеріндегі көшірмелерін Қазақстан Республикасы нормативтік-құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу және жариялау үшін электронды түрде жолдасын;
Тармақша 2
2) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін оны Саран қаласы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастырсын.
Тармақ 3
3. «Саран қаласының коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындарының таза кірісін аудару нормативін бекіту туралы» Саран қаласы әкімдігінің 2017 жылғы 23 қарашадағы № 45/06 қаулысының күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 4
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Саран қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 5
5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.