Об утверждении перечня коммунального имущества, не закрепленного за коммунальными юридическими лицами Қолданыста

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 07.07.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Коммуналдық заңды тұлғаларға бекітілмеген коммуналдық мүліктің тізбесін бекіту туралы «Қазақстан Республикасы астанасының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңы 8-бабының 1) тармақшасына сәйкес Астана қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Коммуналдық заңды тұлғаларға бекітілмеген коммуналдық мүліктің тізбесі осы қаулыға қосымшаға сәйкес бекітілсін.
Тармақ 2
2. «Астана қаласының Активтер және мемлекеттік сатып алу басқармасы» мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
Тармақ 3
3. «Астана қаласының Активтер және мемлекеттік сатып алу басқармасы» мемлекеттік мекемесінің басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
Тармақша 1
1) осы қаулыны Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне бес жұмыс күн ішінде жолдауды;
Тармақша 2
2) осы қаулыны Астана қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулының орындалуын бақылау «Астана қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің басшысына жүктелсін.
Тармақ 5
5. Осы қаулы 2026 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі.
Басқа 0. Коммуналдық заңды тұлғаларға бекітілмеген мүліктің тізбесі
Астана қаласы әкімдігінің 2026 жылғы «7» шілдедегі № 501-2316 қаулысына қосымша Коммуналдық заңды тұлғаларға бекітілмеген мүліктің тізбесі Р/с № Мүліктің атауы Саны Техникалық сипаттамалары 1 2 3 4 1. Кәбілдік кәріз - Кәбілдік кәріз, Астана қаласы, Ж. Нәжімеденов көшесі, Тәуелсіздік даңғылынан Қ. Қуанышбаев көшесіне дейін орналасқан, құдықтар саны – 13 дана, арналар саны – әрқайсысы 747 м болатын 12 дана, арналардың жалпы ұзындығы – 8 964 м 2. Кәбілдік кәріз - Кәбілдік кәріз, Астана қаласы, Тәуелсіздік даңғылы, Р. Қошқарбаев даңғылынан Ш. Қалдаяқов көшесіне дейін орналасқан, құдықтар саны – 25 дана, арналар саны – әрқайсысы 1 233 м болатын 8 дана, арналардың жалпы ұзындығы – 9 864 м 3. Кәбілдік кәріз - Кәбілдік кәріз, Астана қаласы, Бөгенбай батыр даңғылы, К. Күмісбеков көшесінен Сарыарқа даңғылына дейін орналасқан, құдықтар саны – 8 дана, арналар саны – әрқайсысы 359 м болатын 20 дана, арналардың жалпы ұзындығы – 7 180 м 1 2 3 4 4. Кәбілдік кәріз - «Сарыбұлақ өзенінің арнасын тазарту және абаттандыру (1-кезек, Есіл өзенінен Тілендиев даңғылына дейін)» нысанына арналған кәбілдік кәріз, Астана қаласы, Ш. Қосшығұлұлы көшесінен Н. Тілендиев даңғылына дейін орналасқан, құдықтар саны – 11 дана, арналар саны – әрқайсысы 626 м болатын 2 дана, арналардың жалпы ұзындығы – 1 252 м 5. Кәбілдік кәріз - Мәңгілік Ел даңғылы (бұрынғы Н. Гастелло көшесі) бойындағы кәбілдік кәріз, Астана қаласы, Сығанақ көшесінен Ұлы Дала даңғылына дейін орналасқан, құдықтар саны – 33 дана, арналар саны – әрқайсысы 2 488 м болатын 12 дана, арналардың жалпы ұзындығы – 29 856 м 6. Кәбілдік кәріз - Алматы көшесі (коллектор) бойындағы кәбілдік кәріз, Қабанбай батыр даңғылынан Сауран көшесіне дейін орналасқан, құдықтар саны – 12 дана, арналар саны – 1 дана (936 м), арналардың жалпы ұзындығы – 936 м 7. Кәбілдік кәріз - Кәбілдік кәріз, Астана қаласы, Депутаттық қалашықта, Манас көшесінің шығыс жағында, 1-кезек, құдықтар саны – 121 дана, арналар саны – әрқайсысы 5 206 м болатын 2 дана, арналардың жалпы ұзындығы – 10 412 м 8. Кәбілдік кәріз - Кәбілдік кәріз, Астана қаласы, Депутаттық қалашық, Манас көшесінің шығыс жағында, 2-кезек, құдықтар саны – 244 дана, арналар саны – әрқайсысы 9 187,87 м болатын 2 дана, арналардың жалпы ұзындығы – 18 375,74 м ____________________________________