Об утверждении тарифов на сбор, транспортировку и захоронение твердых бытовых отходов в городе Сарани и поселке Актас Қолданыста

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 09.07.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Саран қаласында және Ақтас кентінде тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, тасымалдауға және көмуге арналған тарифтерді бекіту туралы Қазақстан Республикасы Экология кодексінің 365-бабының 3) тармақшасына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына, «Халық үшін қатты тұрмыстық қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифті есептеу әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2021 жылғы 14 қыркүйектегі № 377 бұйрығына сәйкес, Саран қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Саран қаласында және Ақтас кентінде тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, тасымалдауға және көмуге арналған тарифтер бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қарағанды облысы Саран қалалық мәслихатының «Саран қаласы және Ақтас кенті бойынша халық үшін қатты тұрмыстық қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтерді бекіту туралы» 2023 жылғы 27 маусымдағы № 38 (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде №6444-09 болып тіркелген) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 3
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 1. Саран қаласында және Ақтас кентінде тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, тасымалдауға және көмуге арналған тарифтер
Саран қалалық мәслихатының 2026 жылғы «9» шілдеден № 311 шешімінің қосымша Саран қаласында және Ақтас кентінде тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, тасымалдауға және көмуге арналған тарифтер № Атауы есеп айырысу бірлігі Теңге (қосымша құн салығынсыз) 1 Абаттандырылған үй иеліктері 1 тұрғынға айына 423 2 Абаттандырылмаған үй иеліктері 1 тұрғынға айына 576 3 Бірлікке жылдық тариф (көлемі) 1 м3 3656