Об объявлении чрезвычайной ситуации природного характера местного масштаба на территории Байганинского района Актюбинской области Қолданыста

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 09.07.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Ақтөбе облысы Байғанин ауданы аумағында жергiлiктi ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялау туралы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» Заңының 33 бабының 1 тармағының 13) тармақшасына, Қазақстан Республикасының «Азаматтық қорғау туралы» Заңының 48 бабына және 50 бабының 2 тармағының 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің м.а. 2023 жылғы 10 мамырдағы № 240 «Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың сыныптамасын белгілеу туралы» бұйрығына сәйкес және 2026 жылғы 9 шілдедегі Байғанин аудандық төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөнiндегi комиссиясының кезектен тыс шұғыл отырысының № 4 хаттамасы негiзiнде, Байғанин ауданының әкiмі ШЕШIМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Қауіпті метеорологиялық құбылыстың (қатты жел) салдарынан тіршілікті қамтамасыз ету нысандарының бүлінуіне және халықтың өміріне қауіп төнуіне байланысты Ақтөбе облысы Байғанин ауданы аумағында жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялансын.
Тармақ 2
2. Төтенше жағдайды жою басшысы болып Байғанин ауданы әкiмiнiң орынбасары Раушанов Рүстем Аманжолұлы тағайындалсын және осы шешiмнен туындайтын тиiстi iс-шараларды жүргiзу тапсырылсын.
Тармақ 3
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
Тармақ 4
4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2026 жылғы 9 шілдеден бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады.