Об утверждении Правил проведения промежуточного государственного контроля в организациях образования Республики Казахстан Күшін жойған
Басқа 0
Қазақстан Республикасының білім беру ұйымдарында мемлекеттік аралық бақылауды ұйымдастыру және өткізу ережесін бекіту туралы
"Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН :
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы білім беру ұйымдарында мемлекеттік аралық бақылауды ұйымдастыру және өткізу ережесі бекітілсін.
Тармақ 2
2. Білім және ғылым саласындағы қадағалау және аттестаттау комитеті (Б.Әбдірәсілов) осы бұйрықты белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуге ұсынсын, кейіннен бұқаралық ақпарат құралдарында жарияласын.
Тармақ 3
3. Осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткен күнінен бастап күшіне енеді.
Тармақ 4
4. Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілер Бюллетенінде № 21-24, 924-бетте басылған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2795 нөмірімен тіркелген, "Қазақстан Республикасының жоғары кәсіби білім беру ұйымдарында білім алушыларды аралық аттестаттауды ұйымдастыру мен өткізу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2004 жылғы 31 наурыздағы № 264 бұйрығының күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 5
5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау бірінші вице-министр Г.Гамарникке жүктелсін.
Басқа 6. Қазақстан Республикасының білім беру ұйымдарында мемлекеттік аралық бақылауды ұйымдастыру және өткізу ережесі
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2004 жылғы 24 желтоқсандағы
№ 1056 бұйрығына қосымша
Қазақстан Республикасының білім беру ұйымдарында мемлекеттік аралық бақылауды ұйымдастыру және өткізу ережесі
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Қазақстан Республикасы білім беру ұйымдарында мемлекеттік аралық бақылауды ұйымдастыру және өткізу ережесі (бұдан әрі - Ереже) "Білім туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 11 қазандағы № 1459 Жарлығымен бекітілген "Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын " іске асыру мақсатында әзірленді.
Тармақ 2
2. Ереже тиісті деңгейлердегі және сатылардағы білім беру бағдарламаларын білім алушылардың меңгеруі сапасын мемлекеттік аралық бақылауды (МАБ) өткізу тәртібін белгілейді.
Тармақ 3
3. Ереженің күші меншік нысандары мен ведомстволық бағыныстылығына қарамастан білім беру ұйымдарына жүреді.
Тармақ 4
4. Білім беру ұйымдарындағы МАБ-тың міндеттері:
Тармақша 1
1) білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалауын жүзеге асыру;
Тармақша 2
2) оқу процесін ұйымдастырудың тиімділігін бағалау;
Тармақша 3
3) білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын жетілдіру жөнінде ұсыныстарды пысықтау;
Тармақша 4
4) білім беру ұйымдары көрсететін білім беру қызметінің сапасын салыстырмалы талдауды жүргізу.
Тарау 2. 2. Жалпы орта білім беретін білім беру ұйымдарында МАБ-ты өткізу
2. Жалпы орта білім беретін білім беру ұйымдарында МАБ-ты өткізу
Тармақ 5
5. МАБ білім алушылардың тиісті сатының білім беру бағдарламалары мазмұнын меңгеруін тексеру мақсатында жалпы орта білім беретін білім беру ұйымдарында бастауыш (4-сынып) және негізгі (9-сынып) саты аяқталған соң жүзеге асырылады.
Тармақ 6
6. Жалпы орта білімнің бастауыш (4-сынып) негізгі (9-сынып) сатысында МАБ оқушылар оқитын білім беру ұйымдары базасында өткізіледі.
Тармақ 7
7. МАБ-ты ұйымдастыру және өткізу жөніндегі жұмыстарды үйлестіру мақсатында әрбір жалпы орта білім беретін ұйымдарда мемлекеттік комиссиялар (МК) құрылады. МК құрамына облыстық (қалалық) білім басқармалары (департаменттері) немесе аудандық (қалалық) білім бөлімдері, ата-ана қоғамы, мектеп педагогтері өкілдері, сондай-ақ білікті педагогтер арасынан тағайындалатын хатшы кіреді.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің (бұдан әрі - Министрлік) уәкілеттік өкілдері МАБ-ты өткізудің бекітілген тәртібінің және оның технологияларын сақталуын жүзеге асырады.
Тармақ 8
8. МК-ның төрағасы болып білім беру ұйымының басшысы тағайындалады.
МК туралы ережені Министрлік бекітеді.
МК-ның құрамы МАБ-ты өткізуден кемінде 1 ай бұрын МАБ-ты өткізу кезеңіне облыстық білім басқармасы (департаменті) басшысының бұйрығымен бекітіледі.
Тармақ 9
9. МАБ Білім беру мен тестілеудің мемлекеттік стандарттарының ұлттық орталығы (ББТМСҰО) әзірлеген технология бойынша тестілеу нысанында, сонымен бірге Министрлік бекіткен жазу тапсырмалары бойынша өткізіледі.
МАБ-ты өткізу технологиясын Министрлік бекітеді және Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитетімен келісіледі.
Тармақ 10
10. Тест тапсырмаларын жалпы білім беретін пәндер бағдарламалары негізінде ББТМСҰО әзірлейді, олардың мазмұны аталған бағдарламаның шеңберінен шықпауы керек.
Тармақ 11
11. 9-сыныптарда МАБ-ты тапсыру үшiн орыс тiлiнде оқытатын мектептердiң оқушылары үшiн - қазақ тiлi, қазақ тiлiнде оқытатын мектептердiң оқушылары үшiн - орыс тiлi мiндеттi болып табылады.
МАБ өткiзiлетiн басқа да оқу пәндерiнiң тiзбесiн, сондай-ақ мектептердiң, МАБ рәсiмнен өткiзiлетiн оқушылардың тiзiмдерiн жыл сайын министрлiк белгiлейдi.
Тармақ 12
12. МАБ жалпы орта білім берудің бастауыш (4-сынып) және негізгі (9-сынып) сатысында ағымдағы жылы 20 ақпан 20 наурыз кезеңінде өткізіледі.
Тармақ 13
13. МАБ-ты өткізу үшін әр тестілеу пәніне 45 минут беріледі.
Тармақ 14
14. Әр пән бойынша тест тапсырмаларының саны оқытудың бастауыш сатысында - 20, негізгі сатыда - 30.
Тармақ 15
15. МАБ-тың нәтижесінде әрбір дұрыс жауап 1 баллмен бағаланады.
Тармақ 16
16. МАБ-тың нәтижелері білім алушылардың назарына ол аяқталғаннан кейінгі бір апта ішінде жеткізіледі.
Тармақ 17
17. Оқушылардың білім жетістіктері МАБ-ты тапсыру нәтижелері, егер ол Министрлік белгілеген өту деңгейден кем болмайтын баллдар санын жинаса, "игерді" деген белгімен бағаланады.
Тармақ 18
18. МАБ-тан өтпеген білім алушыларының саны Министрлік белгілеген санды шегінен асқан жалпы орта білім ұйымдары кезектен тыс мемлекеттік аттестаттауға жатады.
Тарау 3. 3. Жоғары кәсіптік білім беретін білім беру ұйымдарында МАБ-ты өткізу
3. Жоғары кәсіптік білім беретін білім беру ұйымдарында МАБ-ты өткізу
Тармақ 19
19. МАБ білім алушылардың жоғары кәсіптік білімнің мемлекеттік жалпыға міндетті білім стандартының (бұдан әрі - МЖМБС) әлеуметтік-гуманитарлық, жаратылыстану-ғылыми және жалпы бейімді пәндер циклдарына кіретін жекелеген пәндерді меңгеруін тексеру мақсатында жоғары кәсіптік білім беретін білім беру ұйымдарында екінші курсты бітіргеннен кейін (медициналықта - үшінші курсты бітіргеннен кейін) жүзеге асырылады.
Тармақ 20
20. МАБ жоғары орындары нысаны мен ведомстволық бағыныстығына қарамастан барлық оқыту нысандарында білім алушы студенттер үшін өткізіледі.
Жоғары кәсіптік білім алу үшін жеделдетіп оқыту мерзімде қысқартылған білім беру бағдарламалары бойынша жоғары оқу орындарында білім алушы студенттер және өнер мамандықтары бойынша білім алушылар МАБ рәсімінен өтпейді.
Тармақ 21
21. Даярлау бағыты топтарының мамандықтардың тізбесін және пәндердің тізбесін, сондай-ақ МАБ-тың тест тапсырмаларын білім алу нысандары бойынша Министрлік бекітеді.
Тармақ 22
22. МАБ-ты өткізу үшін даярлау бағытын (мамандықтарды) ескере отырып үлгі оқу бағдарламалары негізінде МЖМБС-ның міндетті компоненттері пәндері бойынша әзірленген тест тапсырмалары қолданылады.
Тармақ 23
23. Тест тапсырмалары Сараптама кеңесінде МЖМБС-ға сәйкестігіне сараптамадан өтеді. Сараптама кеңесі туралы ережені және оның құрамын Министрлік бекітеді.
Тармақ 24
24. Министрлік республика өңірлері бойынша базасында МАБ өтетін жоғары оқу орындарының тізбесін (бұдан әрі - базалық жоғары оқу орны) белгілейді, ол білім беру ұйымдарының назарына МАБ-ты өткізуден кемінде бір ай бұрын жеткізіледі.
Тармақ 25
25. Жергілікті жерлерде МАБ-ты өткізу жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру және үйлестіруді мемлекеттік комиссия жүзеге асырады.
Әрбір базалық жоғары оқу орнында апелляциялық комиссия құрылады.
Мемлекеттік және апелляциялық комиссиялардың қызметі туралы ережелерді, мемлекеттік комиссияның құрамы мен апелляциялық комиссиялардың төрағаларын Министрлік бекітеді.
Тармақ 26
26. МАБ МБСТҰО әзірлеген технология бойынша кешенді тестілеу нысанында (бұдан әрі - тестілеу) өткізіледі.
Тармақ 27
27. Студенттерді тестілеу 15-30 маусым аралығында өткізіледі.
Тармақ 28
28. Тестілеу қазақ немесе орыс немесе ағылшын тілдерінде өткізіледі.
Тармақ 29
29. Тестілеудің нәтижелері тестілеуге қатысқан студенттердің назарына ол аяқталғаннан кейінгі 24 сағат ішінде жеткізіледі.
Тармақ 30
30. Студентке тестілеудің нәтижелері негізінде сертификат беріледі. Сертификат қатаң есептіліктегі құжат болып табылады, оның үлгісін Министрлік бекітеді. Сертификат студенттiң жеке iсiнде сақталады.
Тармақ 31
31. Тестілеу нәтижелерімен келіспеген студент апелляцияға бере алады.
Апелляцияға арыз тестілеудің қорытындысы хабарланғаннан кейін апелляциялық комиссияға келесі күннің сағат 13-ке дейін беріледі.
Арызды апелляция бергеннен кейін бір тәулік ішінде апелляциялық комиссия қарайды.
Тармақ 32
32. МАБ-ты тапсыру нәтижелері "сынақтан өтті", "сынақтан өтпеді" деген белгімен бағаланады.
Eгep медициналық мамандықтар бойынша шектi деңгей жалпы тест тапсырмаларының 50 % дұрыс жауаптарына, барлық қалған даярлау бағыттары мен мамандықтар бойынша 35 %-ға тең болса тестiлеудiң нәтижесi бойынша студент сынақ бағасын алады
МАБ қорытындысы бойынша МК анықтама жазады, оған топтар бойынша емтихандық тізімдеме қоса тіркеледі. Анықтаманың көшiрмесi МАБ аяқталғаннан кейiн 10 күн iшiнде Министрлiкке ұсынылады.
Емтихандық тізімдеме негізінде МАБ бойынша сынақтан өту туралы белгіні студенттің сынақ кітапшасына факультет деканы (институттың директоры) қояды.
Тармақ 33
33. Студент тестілеуге келмеген жағдайда оның емтихандық тізімдемесіне "келген жоқ" деген белгі қойылады.
Тармақ 34
34. МАБ-тан өтпеген студенттер базалық жоғары оқу орындарында МАБ-тан қайта өтуге құқылы.
Қайта тестілеуге МАБ-тан сынақ ала алмаған, ауырып қалуы немесе өзге де дәлелді себептермен тестілеуге келмеген тиісті растайтын құжаттамасы бар студенттер қатыса алады.
Білім алушыларды қайта тестілеу бір рет Министрлік белгілеген мерзімде өтеді.
Тармақ 35
35. МАБ-ты екінші рет тапсырмаған мемлекеттік білім гранттары мен кредиттеріне иегер студенттер мемлекеттік білім гранты мен кредиті бойынша оқуды жалғастыру құқығынан айырылады және ақылы негізде қайта оқу курсына қала алады.
Тармақ 36
36. МАБ-тан қайта өтпеген ақылы бөлімнің студенттері ақылы негізде қайта оқу курсына қала алады.
Тармақ 37
37. МАБ-тың негiзгi рәсiмдерiнiң нәтижелерi бойынша 7 % оқушылары 25 % және одан да көп мамандықтар бойынша шектi деңгейден өте алмаған бiлiм беру ұйымдары кезектен тыс мемлекеттiк аттестаттауға жатады.